Рента шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 12:42, курсовая работа

Краткое описание

Рента шарты тарихының дамуы мына жағдаймен қызықты болып келеді: 1922 жылғы Азаматтык кодексте рента және оның түрлері жайлы айтылмаған. Бірақта осындай келісімдер тәжірибе жүзінде жасалынатын. Аса кең таралушылық мұндай шарттар 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде және ол аяқталғаннан кейін алды. Ол түсінікті, өйткені сол кезде көпшілік үшін рента түріндегі ұстауды беру күн көрудің басты көзіне айналды, ең алдымен, мүгедектер, асыраушысын жоғалтқан тұлғалар, зейнеткерлер және тағы басқалар үшін. Сот тәжірибесі сондай жағдайлармен кездескен болатын.

Содержание

Кіріспе 3

1.Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы бойынша рента шартының құқықтық сипаттамасы 5
Рента және өмір бойы асырауда ұстау шартының жалпы ережелері 5
Рента шартының ерекшелігі 11

Қазақстан Республикасындағы рента шартының түрлері 12
Тұрақты рента шарты 12
Ғұмырлық рента шарты 15
Өмір бойы асырауда ұстау шарты 17
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі 21

Прикрепленные файлы: 1 файл

Рента шарты курстық жұмыс.doc

— 165.50 Кб (Скачать документ)

 

 

2. 3 Өмір бойы асырауда ұстау шарты

 

 

Өмір бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы - азамат өзіне тиесілі қозғалмайтын мүлікті сол азаматты және (немесе) ол көрсеткен үшінші бір адамды өмір бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға міндеттенген рента төлеушінің меншігіне береді. Өмір бойы асырауда ұстау қатынастарын реттеу ғұмырлық рента шартын реттейтін нормаларға негізделген (ҚР АК 535- бабы 2-тармағы). Айырықша реттеу ҚР АК 28 тармағының 4-де қарастырылған, ол нормалар өмір бойы асырауда ұстау шартын тікелей реттеуге арналған. Өмір бойы асыраумен қамтамасыз етілетіндер (асыраудағылар) болып азаматтар ғана саналады. Өмір бойы асырауда болушы тұлғалар айтылған. Бұл ҚР-ның азаматтық заңнамасында жеткілікті дәрежеде (анық) реттелмеген. Жоғарыда айтылғаңдай өмір бойы асырауда болушыларға өз мүлкін рента төлеу үшін берген тұлға, немесе ол өзі шарт бойынша көрсеткен үшінші тұлға жатады. Бұны біз қатал шектеу қылып қарастырмауымыз керек. Ғұмырлык рента шарты бойынша да сияқты шарт бойынша тұлғалардың көпшілікке (рента алушылардың) ештеңе кедергі етпейді. Өмір бойы асырауда ұстау шарты әдетте күн көру үшін өздерінің қаражаттары жоқ, жетіспейтін, қария, еңбеқке қабілетсіз адамдармен жасалады. Осының өз салдары бар. Бұрын айтылғаңдай өзге ренталық шарттарда қарым қатынастар толығынан мүлікті болып келеді, сондықтан рента төлеуші тұлғасының, ол кім екенінің, мәні болмайды. Өмір бойы асырауда ұстау шартында жағдай басқаша қалыптасады. Әдебиетте өмір бойы асырауда болып келетін адамның және асыраушының ерекше қалыптсатын, сенімгерлікке негізделетін қатынастары туралы айтылады жөне өз жағынан бізде осы кәзқарасты көздейміз. Алайда, қазіргі заман жағдайында тек қатынастардың сенімділігімен шектелуге, соған ғана сеніп тұруға болмайды. Тараптардың қатынастары құқықпен толық және жан-жақты реттелуі керек. Өмір бойы ұстаушы да (рента төлеуші) азаматты азық-тұлік- пен, тұрғын үймен, киім-кешекпен, егер керек болған жағдайда, денсаулығына қарад және тағы басқалармен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Тізіліп айтылғанның барлығы адам өмірінің жеке санасына жатады. Сондықтан адамның этикалық, діни, әдептілік, адамгершілік көзқарастары (едеттері) ескерілуі қажет. Оның ар-намысы, қадір-қасиеті құрметтелуі қажет, және тағы басқа жеке құқықтары сақталуы тиіс. Біздің бірге тұрып жатқан рента төлеушісі мен рента алушы араларында бұл жағдайда өзіндік (жеке) құқықтық қатынастар пайда болады деп айтқанымыздың себебі осында. Сондықтан өмір бойы ұстау шарты қазіргі жағдайда толығынан азаматтық құқық шартты болып келмейді (толығынан азаматтық құқық реттеуімен қамтылмайды), сондай-ақ кейбір отбасылық құқықтық реттеулерді талап етеді. Егер рента алушысы, яғни өмір бойы асырауда ұстауда болушы мен рента төлеуші арасындағы қатынастар тиісті дамыса, онда рента алушы рента төлеушінің тұлғасы ұлкен маңызға ие болады. Рента төлеушіні басқа тұлғаға рента алушының рұқсатынсыз ауыстыруға жол берілмейтіні ақылға сыйысатындай талап екенін түсінеміз. (ҚР АК 538-бабы 1-тармағы). Шарт нысанасы (заты). Өмір бойы асырауда ұстау шартының нысанасы болып қозғалмайтын мүлік, яғни асырау төлемдері жасалуы үшін берілетін мүлік тұрғын үй, пәтер, жер аумақтары және басқалары жатады. Нысананың екінші элементі асырауға қатысты біздің өз пікіріміз орын алады. Шарт бойынша асыраушы адам (рента алушы) тұрғылықты жаймен қамтамасыз етіледі. Асырау жағдайлары рента алушының тұрғын үй қүқьіқтарының барынша нашарлатпауы қажет. Бұл шартта тұру үшін берілетін түрғын үйдің мөлшеріне, оның санитарлық жағдайына, қауіпсіздігіне, жылы- туына қатысты талаптарды бекітуді қажетті қылады. Осы себеп- тен өмір бойы асырауда үстау шарты біршама түрғын үй қүқығы нормаларымен де реттелуі тиіс. Айтылғандай, тұрғын үйдегі, тағамдардағы, күтімдегі мұқтаждарды қамтумен қатар рента төлеуші материалдық жәрдем көрсетуге де міндеттелуі мүмкін. Мысалы, емделуге кездейсоқ бір шығындарды көтеруге, пошталық, телеграфтық байланыс шығындардың өтеуге және басқа мақсаттар қаражаттар жұмсалуы керек болса. Шартпен рента төлеушісі әдет-ғұрып (ырым) қызметтері үшін төлейтіні көзделуі мүмкін. Басқаша айтқанда, ол рента алушыға жақын адамды жерлеу, немесе рента алушының өзін жерлеу бойынша шығындарды өтейтіні қарастырыла алады. Шартта асыраудың жалпы көлемі (сомасы) анықталып көрсетілуі тиіс. Тараптар шартта асыраудың қандай тұрлері берілетінін көрсетіп қана қоймайды, асырауды берудің жағдайлары, әрбір асырау тұрінің сандық және сапалық корсеткіштері анықталуы мүмкін.

Заңнама асыраудың бір  айдағы ең төмен мөлшерін бекітеді. Ақшамен бағалағанда ол ең төмен  жалақының екі есе мөлшерінен кем болмауы керек.

Асыраудың колемі туралы дау дамай туындаса, ол сот тәртібінде шешілуге жатады. Тараптардың езінің дауды ерікті реттеуі де жоққа шығарылмайды. Сот, дауды шешкен кезде, шарттың жағдайлары нақты болмаса, немесе бір біріне қайшы болса, басшылыққа адалдық, әділеттілік, парасаттылық талаптарын алуы керек. Шартпен өмір бойы асырауды заттай беруді мезгіл мезгілді ақшалай төлемдермен ауыстыру қарастырыла алады. Ақырында (осының нөтижесінде) өмір бойы асырауда ұстау шарты ғұмырлық рента шартына айналады. Бірақ, рентаның ең төмен мөлшеріне қатысты талаптар сақтала береді. Міндеттеменің осылайша жаңғыртылуына (өзгеруіне) тек рента алушының келісімі бойынша және тек оның мүддесінде ғана жол беруге болады. Шарттың мерзімі асырауды алушының өмірінің ұзақтылығымен шектеледі. Төлемдердің мезгілдігін анықтау үшін ҚР АК 532-бабы қарастырған ережелер қолданымды болып келеді. Ғұмырлық рента шарты бойынша рента төлеушісі көбінесе құрамасында бірнеше бөлшегі   бар асырауды жүзеге асыруға міндеттеледі. Тиісінше рента төлеуші оның тұр түріне «сапасын» және беріудің өзге жағдайларын қамтамасыз етуі керек. Рента төлеушіде оған өмір бойы асырауды қамтамасыз ету үшін берілген мүлікті иеліктен шығаруга, келісе салуға және мүлікке өзге жолмен билік етуге құқығы бар, бірақ осының барлығына рента алушының алдын ала келісімі қажет. Сондықтан, біз рента алушы өз мүлкіне заттық құқықтардың (шектелген көлемде) сақтап қалатынын айта аламыз. Бұл құқықты өмір бойы асырауда болып келетін тұлғаның бұрынғы мүлкіне шектеулі заттық құқық ретінде анықтауға болады. Бұдан бұрын айтылғандай, рента алушының заттық құқығы өзіне берілген тұрғын үйге (жайға) пайда болады. Өмір бойы асырауды берген кезенде рентаны төлеуші peнта төлеу үшін берілген мүліктің құны табиғи тозу құнынан асып төмендемеуіне қажетті шараларды қолдануы қажет. Сондықтан, рентаны алушыға өмір бойы асырауда ұстау шартының осындай жағдайы сақталғанын (немесе сақталмағанын) бақылау (байқау) құқығы беріледі деген ақылға сыйымды. Рента төлеушінің бұл міндетін бұзғаны шартты елеулі бұзушылық болып бағалану керек. Өзінің міндеттемелерін рентаны төлеуші елеулі бұзған реттерде рентаны алушы өзіне оның өмір бойы асырауды қамтамасыз етуі үшін берген мүлкін қайтаруды талап ете алады. Рент алушының басқа құқығы, осындай бұзушылықтар орын алса рентаны сатып алу бағасын төлеуді талап етуде болып келеді Рентаны сатып алу жағдайлары ҚР АК 528-бабына сәйкес анықталады (ҚР АК 539-бап 2-тармақ). Өмір бойы асырауды алатын тұлға өзге рента шарттары бойынша рентаны алушыларға қарағанда артықшылық жағдайында болып келеді. Рентаны сатып алған кезде рентаны төлеуші рента алушыны асырау үшін жұмсалған шығындардың өтелуін (сатып алу бағасының есебіне жатқызылуын) талап ете алмайды. Заңнамадағы осы шешім, рента (өмір бойы асырауда ұстау) шарты рентаны сатып алу жолымен тоқтатылатын реттерге қатысты, соның заңды негіздеріне мұқият қарауды талап етеді. Барлық орын алған жағдайлар (фактілер) да бағалануы қажет. Бұны жасамаса, онда рента алушының тарапынан құқықтарын теріс пиғылмен пайдалануына жол берілуі мүмкін [15,51 бет.].

 

Қорытынды

 

 

Рента қарым-қатынастарын реттейтін әмбебап нормалар Қазақстан  Республикасы заңнамасында түңғыш рет қабылданғасын (күшіне енгізілгесін) пайда болды. Онда рентаға (рента шартына 517-539 баптар арналған. Жалпы ережелерді реттейтін нормалардан басқа олар тұрақты рентаны, ғұмырлық рентаны, өмір бойы асырауда ұстауды реттейтін нормаларды да қамтиды. Ал бұрынғы заңнамада тек өмір асырауды қарастыратын тұрғын үйді сату шарты ғана бекітілген еді.

Рента шарты бойынша  бір тарап (рента алушы) екінші тарап  тың (рента төлеушіге) меншігіне  мүлік береді, ал рента төлеуші  рента алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны ұстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл рента төлеп отыруға міндеттелген.

Рента шарты мүлікті  иелікген шығаруға арналған шарттардың бірі. Мүлік рента төлеуші меншігіне өтеді және бір уақтылы мүліктің кездейсоқ жойылуы немесе бүлінуі қаупі оны күтіп ұстау ауыртпалығы да оған ауысады (оның мойнында болады). Сөйтіп, рента шартының мазмұнында басқа сату сатып-алу, сыйға тарту т.б. шартгармен ұқсастықтары бар.

Рента шартының ерекшелігі мүлік төлемақы төленіп, не болмаса төленбей берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 519-бабы бойынша осыған қарап сатып алу, сату шарты (25-тарау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі) немесе сыйға тарту шарты (ҚР АК 27-тарау) туралы ережелер қолданылады. Бұл осы шарттың (міндеттеменің) мән ісіне қайшы болмауы керек. Аталган екі шарт нормаларының қолданбауы тікелей рентаға қатысты нормалармен қарастырылуы мүмкін.

Біздің көзқарасымыз бойынша, рентаның тағы да бір нақты ерекшелігі рента төлеуші рента алушыға (мүліктің алғашқы иесіне) мүліктің жетіспеушілігі, бұзылғандығы туралы сатып алу-сату шарты бойынша сияқты толық көлемде келіспеушілік айтуға құқығы болмайды.  Рента қатынастарының мәнісі оларға сатып алу-сату қтынастары үшін белгіленген нормаларды ба- рынша абайлы және жағдайды ескеріп қолдануды талап етеді. Рента нысанасы (заты) оны рента төлеушісіне берген кезде өзге тұлғалардың құқықтарымен ауырланғаны негізінен орын алмауы керек (осыған жол беруге болмайды). Себебі бұл шарт орындалуына кедергі жасайды. Сатып алу-сату шартына қарағанда рента шарты бойынша рента алушының мүдделіктері өзгеше. Оның мүлікте ауыртпалығы болмауына өз мүдделігі бар болып келеді. Егер ауыртпалықтар сонда да анықталса, осы рента шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттеріне әсер етеді. Рентада сыйға тарту шартынан да айырмашылығы бар. Бірақ заңнама арқылы айырмашылықтар мәселесі реттелмеген.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

1. Гражданское право. Учебник. Часть II/ под. Ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого. Проспект, 1997 -ІЗбб.

2. Хейфец Ф.С. Недействительность сделок по российскому гражданскому праву. М.: Юрист, 1999.

3. Покровский Б.В. Рента - новый институт в проекте особенности части Гражданского кодекса. Материалы семинара. Алматы. Адилет. Пресс 4996. 4386.

4. Гражданское право Республики Казахстан, учебное пособие, Алматы, «Данекер», 1999.

5. Гражданское право, учебник для ВУЗов под редакцией М.К.Сулейменова, Ю.Р. Басина.  Алматы- 2000.

6. Покровский И.А. «Основные проблемы гражданского права». Москва «Статус»- 2001.

7. Гражданское право.  Учебник под редакцией А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого.  Москва  «Проспект»- 2001.

8. Ансон В.,  Договорное право. – М., Бек, 1994.

9. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право: общие положения. -  М.  Проспект- 1997.

10. Сулейменов М.К. Договор как основание возникновения относительных правоотношений в народном хозяйстве. В сб. гражданское право и экономика. -  М.: ИГП АН СССР, 1995.

11. Хохлов С.А. Рента и пожизненное содержание с иждивением //Гражданский кодекс РК. Часть вторая. Текст, комментарии, алфавитно – предметный указатель. /Под ред. О.М. Козырь, А.Л. Маковского, С.А. Хохлова. - М., 1996. – 320с.

12. Токарева К.Н. Договор ренты: Проблемы теории и практики. Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата юридических наук. - Казань, 2006. –214с.

13. Ем В.С. Договор ренты /В.С. Ем //Законодательство. – 1999. - № 5. – с. 213

14. Цыбуленко З. Рента и пожизненное содержание с иждивением /З. Цыбуленко //Российская юстиция. – 1997. - № 7. – с. 224

15. Леонова Г.Б. Договор пожизненного содержания с иждивением /Г.Б. Леонова //Законодательство. - 1999. - № 8. – с. 145

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Рента шарты