Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 12:42, курсовая работа
Рента шарты тарихының дамуы мына жағдаймен қызықты болып келеді: 1922 жылғы Азаматтык кодексте рента және оның түрлері жайлы айтылмаған. Бірақта осындай келісімдер тәжірибе жүзінде жасалынатын. Аса кең таралушылық мұндай шарттар 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде және ол аяқталғаннан кейін алды. Ол түсінікті, өйткені сол кезде көпшілік үшін рента түріндегі ұстауды беру күн көрудің басты көзіне айналды, ең алдымен, мүгедектер, асыраушысын жоғалтқан тұлғалар, зейнеткерлер және тағы басқалар үшін. Сот тәжірибесі сондай жағдайлармен кездескен болатын.
Кіріспе 3
1.Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы бойынша рента шартының құқықтық сипаттамасы 5
Рента және өмір бойы асырауда ұстау шартының жалпы ережелері 5
Рента шартының ерекшелігі 11
Қазақстан Республикасындағы рента шартының түрлері 12
Тұрақты рента шарты 12
Ғұмырлық рента шарты 15
Өмір бойы асырауда ұстау шарты 17
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі 21
а) егер олар мүлік иегері болса және мүлік олармен (рентаға берілсе;
ә) тұрақты рентаны алушы мұрагерлік салдарынан құқықтық мирасқор болса;
б) тұрақты рента азаматтар пайдасына басқа бір тұлғамең шарт арқылы қарастырылса, яғни үшінші тұлға пайдасына жасалған шарт орын алса
Азаматтарды көсіпкер ретінде тіркеу олардың тұрақты ренталық төлемдерді алуы үшін кедергі болмайды, себебі бұндай жағдайларда азамат өзіне жататын жалпы құқық қабілеттілікке негізделіп рента қатынастарында да қатыса береді [10,221 бет.].
Тұрақты рента алушы ретінде егер бұл олардың мақсатына және қызметіне сай келсе коммерциялық емес ұйымдар да әрекет ете алады. Бірақ Қазақстан Республикасында тұрақты рента алушы болып мемлекеттік мекемелер келмейді, себебі олар мемлекеттік бюджеттен тыс көздерден қаржыландырылуы мүмкін емес. Барлық жеке меншікке негізделген бола алады. Ренталық төлемдер ретінде ақшаны алу коммерциялық емес ұйымдарға олар құрылған мақсаттардағы қандай да болсын қызметті жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Ренталық төлемдер есебінен қаржыландырылуға тиым тікелей жарғыларда қарастырылуы мүмкін, бірақ та оларды тәжірибелі (нақты) бекіту ақыл ойға сыйыса бермейді.
Коммерциялық емес заңды тұлғаларда олардың пайдасына өзге тұлғалармен орнатылған тұрақты рентаның алушылары бола алады.
Коммерциялық емес ұйымдардың пайдасындағы рентаны алушылардың катары өзгеріп тұруы мүмкін.
ҚР АК 523-бабының 2-тармағына сәйкес олардың құқықтары заңды тұлғалар қайта құрылуы нәтижесіндегі құқықтық мирасқорлық арқылы өтуі (ауысуы) мүмкін. Яғни, егер екі жеке меншік мекеме біріккен болса және с.с., онда олардың біреуінің тұрақты рентаны алуға құқығы жанадан пайда болған коммерциялық емес заңды тұлғаға ауысады. Алайда, қайта құру нәтижесінде коммерциялық заңды түлға болса, онда рентаны төлеу тоқтатылады. Сол сияқты мүра иесіз қалатын болса, рента бойынша мемлекет пайдасына (тарапына) қүқықтық мирасқорлық орын алмайды. Түрақты рентаны алуға құқық өзге (жеке немесе заңды) тұлғаға ішінара сингулярлық мирасқорлық негізінде талап етуді беру арқылы ауысуы мүмкін. Егерде талал етуді беруге тиым немесе оны төлеушімен келістіру талабы тұрақты рента шартының өзінде ұсталмаса, онда талап етуді беру рента төлеушісі келісімінсіз де жүзеге асырылуы мүмкін [11,21 бет.].
Тұрақты рентаны төлеушілері болып азаматтар (жеке тұлғалар) және осыған оларға тиым салынбаса (заңнама бойынша немесе құрылтайшы құжаттармен) коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалар келуі мүмкін.
Тұрақты рента шартының нысанасы бір жағынан рента төленуі үшін иеліктен шығармайтын мүлікті, екінші жағынан ренталық төлемдерді қамтиды. Тұра (формалды) түрде заңнама ренталық шарт нысанасы болып келе алатын мүлік тізімін (түрлерін) шектемейді, бірақ іс жүзінде ренталық шарт жылжымайтын (қозғалмайтын) мүлікке билікті жүзеге асыруға қолайлырақ болып келеді. Рента болса, ол көбінесе (жиірек) ақшалай қанағаттандыру (асырау). Ақша орнына заттай (натуралды) қанағаттандыру (асырау) берілуі мүмкін. Ол кездерде заттар беріледі, жұмыс орындалады немесе қызмет көрстіледі. Қызметтер құқыққа сәйкес болуы керек. Заттай (натуралды) қанағаттандырудың сомасы, тұрақты рента шартында көрсеткіші ақшалай сомаға сәйкес (тең) болуы керек. Аралас қанағаттандыру (асырау) мүмкін болады, яғни ол бір бөлігінде заттай, қалған бөлігін де ақшалай берілуі мүмкін.
Тұрақты рента шартына қатысты рента төлеушінің меншігіне берілетін мүліктің бағасы, ренталық төлемдердің мөлшері және тұрақты рентаны сатып алу бағасы туралы айтуға болады.
Рента шартының тәуекелге негізделгеніне байланысты оның бағасы шартты түрде анықталады, қателесулер (тұрақсыздық) орын алуы мумкін, себебі есепке мүліктік тек таза құны ғана емес, болашақта алынар деген ренталық төлемдердің көлемі де алынады. Рентаның ең төмен сомасы (мөлшері) тұрақты рента шарты бойынша қарастырылмаған. Рентаны бағаның дәстұрлі түсінігіне келтіру өте қиын. Оны анықтауға қатысты белгілі (тұрақты) көрсеткіштер (өлшемдер) қалыптасып үлгерген жоқ. Ал тауарлар, жұмыстар, қызметтер бағалары жөнінде айтатын болсақ, олар үшін нарық жағдайында баға қалыптастыру тетігі дайын, Осыны ескеріп, біз болашақта рента бағасын анықтауға (ол жөнінде қорытынды жасауға) мүмкіншілік беретін өндемелер (әдістемелер) пайда болуы керек екенін айтамыз.
Қалай болса да (қиындықтарға қарамастан) бекітілген сан тұрақты рентаның мөлшері тараптар үшін міндетті болып келеді. Мерзімді (ұзаққа созылатын) төлемдер болғасын рента инфляциядан қорғалу шарасы ретінде оны индекстеуді талап етеді. Шартпен өзгешелік қарастырылмаса, төленетін рентаның мөлшері заңнама бекіткен айлық есептеу көрсеткіштің өзгеруіне пропорционалды өзгереді.
Тұрақты рентаның төлеуші сатып алу бағасы дегеніміз бұл, оны төлеген жағдайда, алушы алдындағы міндеттемесінен босатылатын ақшалай сома. Заңи табиғаты бойынша міндеттемені тоқтатудың бір тәсілі, бас тарту төлемі ретінде бағалауға болады (ҚР АК 369-бабы). Сатып алу бағасы шартпен анықталады. Шарттың өзінде сатып алу бағасы туралы жағдайлар қарастырылмаса, сатып алу ренталық төлемдердің бір жылдық сомасына сәйкес келетін баға бойынша жүргізіледі. Рента төлеушіге тегін берілғен мүліктің сатып алу бағасы шартпен бекітілмесе, ол мүліктің құнынан және біржылдық ренталық төлемдердің сомасынан құралады.
Тұрақты рента мерзімсіз төленеді, яғни оны төлеу міндеті өз бетімен тоқтатылуы мүмкін емес. Сондықтан құқықтық мән міндеттемені орындау мерзіміне беріледі, олар болса төлемдердің мерзімділігіне тіреледі. Төлемдердің мерзімділігі шарттың өзінде анықталмаса, тұрақты рента әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталуымен төленуі керек. Сөйтіп, төлем құні жаңа басталған тоқсанның бірінші күнімен анықталады, көрсетілген (тиісті) мерзімде төлемді жасамау мерзімді өткізіп алуға әкеледі.
Рента шартының мазмұны сатып алу-сату шартының мазмұны сияқты көлемді болып келмейді. Бірақ, оның мазмұнын кеңейтіп қарауға да болады, себебі бұдан бұрын айтылғандай, рента шартының қатысушыларында (тараптарын да) сыйға тарту, сатып алу-сату шарттарыньщ қатысушыларын- дағындай құқықтар мен міндеттері пайда болады (қарастырылуы мүмкін). Рента телеушінің негізгі міндеті шартпен қарасты рылған ренталық төлемдерді тиісті мерзімдерде төлеп тұруда болып келеді. Рентаны төлеуші рентаны сатып алу арқылы оны төлеуден бас тарта алады.
Осындай жағдайда (рентаны төлеуден бас тартатын болса) рента төлеушісі өзінің бас тартатыны туралы рента төленуі тоқтатылуына дейін үш айдан кем болмайтын мерзімде рента алушысына хабарлауға міндетті. Бас тарту туралы хабарлау үшін, ұзақтау болып келетін мерзімдер, шартпен қарастырылуы мүмкін. Рента алушысы барлық тиесілі сомаларды алмайынша рента міндеттемесі тоқтатылмайды. Рентаны сатып алудың өзге тәртібі, сатып алу сомасын бөлшектеп төлеу, аралас нысаңда төлеу және т.б. шартпен қарастырылуы мүмкін.
Тұрақты рента шарты рентаны сатып алу құқығы рента алу шының өмірі бойы немесе өзге мерзім ішінде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтынын қарастыра алады. Алайда осындай шектейтін мерзім шарт жасалған сәттен отыз жылдап аспауы керек. Рента төлеушісі рентаны сатып алу құқығынан толығынан бас тартатынын бекітетін шарт (оның бөлек жағдайы) жарамсыз бо-лып келеді.
Ертерек айтылғандай, рентаны алушыда тек құқықтар болады. Ол ренталық асыраудың дер уақтылы және тиісті төленуін талап ете алады. Кейбір жағдайларда рента алушының рента төлеушіден оның рентаны сатып алғанын талап етуге құқығы пайда болады. Бұл құқықтың негіздемелеріне мыналар жатады:
1) рента төлеушінің
рента төлеу мерзімін бір
2) рента төлеушінің ренталық міндеттемені қамтамасыз ету (мүлікті кепілге беру ж.б.) бойынша, рента алушы алдындағы өзінің жауапкершілігін сақтандыру бойынша міндеттерін бүзуы;
3) рента төлеушіні төлемге қабілетсіз деп тану, немесе рент шартта қарастырылған мөлшерде және мерзімдерде төленбей тінін дәлелдейтін (көрсететін) өзге жагдайлардың пайда болуы
4) рента төленуі үшін берілген жылжымайтын мүлік ортақ меншікке айналуы немесе бірнеше тұлғалар арасында бөлінуі
5) шартпен көзделген өзге жағдайлар. Мысалы рентаның тиісті емес нысанда төлеу, тұрақ рента төленуі үшін берілген мүлікті өзге тұлғаға өтуі және басқалар [12,321 бет.].
Тізіліп айтылғандай жағдайлар болып тұрса, рента алушының біржақты әрекеттеріне байланысты төлеушінің рентаны сатып алуға қатысты (бойынша) міндеті пайда болады.
Бұл міңдет орындалмаса, рентаны алушы кепілдік нысанасына өндіріс айналдыруға немесе міндеттемелер орындалуын қамтамасыз ететін өзге тетігін қолдануға және рентаны сатып алу бағасын құрайтын өндіріп (өтетін) алуға құқылы. Рента төлеушіге жауапкершіліктің тиісті шараларын қолдануда жоққа шығарылмайды (осының мүмкіншілігі бар болып келеді).
Шарттың мазмұнына рентаға мүлік ақыға немесе тегін берілді ме сол елеулі әсерін тигізеді. Мысалы, мүліктің кездейсоқ бұлінуіне немесе жойылуына байланысты құқықтар мен міндет терге. Егер мүлік тегін (ақысыз) берілсе мүліктің кездейсоқ жойылуының немесе бұлінуінің қаупі (тәуекелі) толығынан рента төлеушіде болып келеді. Бұл орын алғанда (осындай жағдай- да), ол өзіне қолайлы болып келетін жағдайлар бойынша келісіп, рентаны тезірек сатып алуы керек. Басқа амал рентаны алушы борышты кешіргенінде болады (ҚР АК 373-бал).
Мүлік рентаға ақыға берілсе және мүлік кездейсоқ жойылса немесе бұлінсе, осымен байланысты тәуекел тараптар араларында үлестіріледі. Рента төлеуші рента төлеуді тоқтатуы немесе оны төлеу жағдайларын өзгертуді талап ете алады. Біздің көзқарасымыз бойынша рента ұзақ мерзім төленсе, яғни рентаны алушы едәуір табыс тауып үлгерсе, онда ренталық телемдерді тоқ- татуға болады. Керісінше, ренталық қатынастар аз уақыт тұрмыс етсе, рента алушының мүдделері оған ішінара өтеу жасалуын талап етеді, сондықтан ренталық төлемдер тоқтатылмай тек азайтылуы мүмкін. Өзге де мәселе шешімдерін табуға болады, мысалы, төлемдер сомасы бірден емес, бірте-бірте азайтылуы мүмкін. Барлығын ұйымды көндіретін шешім екі жақты келісім негізінде, өзара пайдалы жағдайлар бойынша рентаны сатып алу.
2.2 Ғүмырлык рента шарты
Бұл шарттың құқықтық реттеуіне назар аударсақ, оған ҚР АК 28 тарауы барлық жалпы ережелері қолданымды болып келетінін айта аламыз. Бір қарағанда тұрақ ты рента шарты және ғұмырлық рента шарты ұқсас болады. Жақынырақ қарастырғанда олар элементтерінің әртұрлі ерекшеліктері бар екені анықталады. Олардың сыртқы ұқсастығы жалпы мәні бар нормалар әсерінің салдары болып келеді. Ғұмырлық рента алушы ретінде бірнеше субъектілер бола алады. Ғұмырлык рента алушылар егер шартта өзгеше көзделмесе бірдей тең құқылы болады (олардың ұлестері тең). Ғұмырлық рентаны алушылардың біреуі қайтыс болса, онда оның рентаны алу құқығындағы, шартлен өзгешелік қарастырылмаса, артында тірі қалған рента алушыларына өтеді (ауысады). Рента алушылардың соңғысы қайтыс болғанда рентаны төлеуге қатысты міндеттеме толығынан тоқтатылады. Шартты жасасу сәтінде қайтыс болған азамат пайдасына рентаны (оны алу қүқығын) орнататын шарт жарамсыз болып келеді. Осы себептен ғұмырлық рента міндеттемесі олардың орындалуы жеке несие беруші үшін арналған міндеттемелерге жатады (ҚР АК 376-бап 2-т).
Жоғарыда көрсетілген құқықтық мирасқорлықты қоспаған да әмбебап мирасқорлық болсын, талап етуді беру тәртібіндегі мирасқорлық болсын рента алушы тарабы үшін мүмкін.
Рента төлеушілері болып қандай да болсын тұлғалар келе алады. Олар үшін міндеттеменің жеке мінезі болмайды. Әмбебап немесе сингулярлық мирасқорлық тәртібінде рентаны төлеу бойынша міндет қандай да болсын жеке және заңды тұлғаларға ауыса алады.
Ғұмырлық рента шартының пәні болып әрбір қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер жатады (азаматтық айналымнан алып тасталған мүліктерді қоспағанда). Екінші құрама бұл ренталық төлемдер пәні (нысанасына) қатысты ғұмырлық рента шартының тұрақты рента шартына қарағанда тағы да бір елеулі айырмашылығы бар. Ол бойынша рента натуралды (заттай) нысанда төленуі мүмкін емес, ол тек ақшалай төленеді. Ғұмырлық рента шартта қарастырылатын, рента алушысына оның өмір бойы мерзімді (мезгіл мезгілімен) төленіп тұратын ақшалай сома ретінде анықталады. Ғұмырлық рентаның мөлшері шарттың міндетті жағдайларына жатады. Ол Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша бекітілген ең томен жалақының мөлшерінен кем болмауы керек, бұл міндетті талап ҚР АК 531-бабы 2 тармағымен бекітілген [13,21 бет.]..
Рентаның мақсатты пайдалануы тікелей заңмен қарастырылмаған. Бірақ, егер біз ҚР АК 532-бабымен қарастырылға ғұмырлық рентаны төлеудің мерзімдерін басшылыққа алатын болсақ, біз заңнама ғұмырлық рента жеке тұтынуға арналғаны қарастыратынын түсіне аламыз. Тұрақты рентадан айырмашылығы ғұмырлық рента ай сайынғы төлемдер түрінде әрбір кезекті ай аяқталғасын төленіп тұрады. Шартпен ғұмырлық рентаны төлеудің өзге мерзімдері қарастырылуы мүмкін. Ғұмырлық рентаны жеке тұтынуы болжанылатын болғасын, оларға (төлемдерге) азаматты асырауға арналған сомаларды индекстеу туралы ережені (ҚР АК 283-бабы) таратуға болар еді.
Рента төлеуші рента төлемдерін уақтылы мерзімде төлеуге міндетті. Шартта көрсетілгендей тұрақты рента шарты нан ерекше айырмашылығы рента алушылар өмір бойына тө лейді.
Рента алушы рента төлеуші рента төлемдерін жасаудың шартта көзделген жағдайларын бұзса рентаны сатып алуды талап ете алады. Ғұмырлық рентаны сатып алу тәртібі тұрақты рентаны сатып алумен бірдей болып келеді (ҚР АК 528-бабы). Заң ның бір кемістігі, онда ғұмырлық рента шартын елеулі бұзу не болып келетіні анықталмаған. Жоғарыда қарастырылған және тұрақты рента алушысына оны сатып алуды талап ету құқығын беретін жағдайларды жатқызу керек. Бірақ ғұмырлық рента ерек шелігін ескерсек, онда рента алушыға рента сатып алынуын талап ету құқығын беретін, рентаны төлемеу мерзімі, тұрақты рента шартына қарағанда едәуір қысқа болу керек екенін айта аламыз.
Егер ғұмырлық рента төлеу үшін мүлік тегін берілсе, ол мүлік қозғалатын қозғалмайтын болғанына байланыссыз рента алушы рентаны төлеуші шартты бұзса мүлік қайтарылуын талап ете алады. Мүліктің құны рентаны сатып алу елеулі құнына есепке жатқызылады. ҚР АК 533-бабы 2-тармағының бұл нормасы ғұмырлық рентаны алушының жағдайын тұрақты рента алушының жағдайына қарағанда жақсартады. Осымен қатар рентаны төлеуші шартты елеулі бүзған жағдайда рента алушыда өз мүлкіне қатысты ерекше заттық құқықтар пайда болатынын айта аламыз.
Рента төлеушісі үшін
мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бү-
лінуіне қатысты қатаңырақ тала
Әрине, неше тұрлі даулы жағдайларда бола алады. Мысалы, рента төлеушісі рента алушының кінәсі барлығын болжауы мүмкін (зат берілген кезде оның кемістіктері болды, немесе оны пайдалану тәртібі ескертілмеді деп). Рента алушының кінәсі болып тұрса тараптардың құқықтары мен міндеттері өзгереді. Тәуекел (қауіп) салдарынан рента төлеушісі бір бөлігінде боса тылуы керек.