Рента шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2014 в 12:42, курсовая работа

Краткое описание

Рента шарты тарихының дамуы мына жағдаймен қызықты болып келеді: 1922 жылғы Азаматтык кодексте рента және оның түрлері жайлы айтылмаған. Бірақта осындай келісімдер тәжірибе жүзінде жасалынатын. Аса кең таралушылық мұндай шарттар 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде және ол аяқталғаннан кейін алды. Ол түсінікті, өйткені сол кезде көпшілік үшін рента түріндегі ұстауды беру күн көрудің басты көзіне айналды, ең алдымен, мүгедектер, асыраушысын жоғалтқан тұлғалар, зейнеткерлер және тағы басқалар үшін. Сот тәжірибесі сондай жағдайлармен кездескен болатын.

Содержание

Кіріспе 3

1.Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы бойынша рента шартының құқықтық сипаттамасы 5
Рента және өмір бойы асырауда ұстау шартының жалпы ережелері 5
Рента шартының ерекшелігі 11

Қазақстан Республикасындағы рента шартының түрлері 12
Тұрақты рента шарты 12
Ғұмырлық рента шарты 15
Өмір бойы асырауда ұстау шарты 17
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі 21

Прикрепленные файлы: 1 файл

Рента шарты курстық жұмыс.doc

— 165.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

 

Кіріспе                                                                                                        3                                        

 

1.Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы бойынша рента шартының құқықтық сипаттамасы                                    5                                  

    1. Рента және өмір бойы асырауда ұстау шартының жалпы ережелері                                                                                      5  
    2. Рента шартының ерекшелігі                                               11
 
  1. Қазақстан Республикасындағы рента шартының түрлері        12
    1. Тұрақты рента шарты                                                                 12
    2. Ғұмырлық рента шарты                                                              15
    3. Өмір бойы асырауда ұстау шарты                                              17

Қорытынды                                                                                             20 

Қолданылған әдебиеттер тізімі                                                            21

 
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Рента шарты құқық саласындағы  азаматтық-құқықтық реттеудің алатын орны ерекше. Осы шарт құқықтық сипаты бар нормативтік заңдармен, актілермен және нормалармен бекітілуі тиіс.

Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексінің 28 тармағы рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарына арналған.

Рента шарты тарихының дамуы  мына жағдаймен қызықты болып  келеді: 1922 жылғы Азаматтык кодексте рента және оның түрлері жайлы айтылмаған. Бірақта осындай келісімдер тәжірибе жүзінде жасалынатын. Аса кең таралушылық мұндай шарттар 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы   кезінде және ол аяқталғаннан кейін алды. Ол түсінікті, өйткені сол кезде көпшілік үшін рента түріндегі ұстауды беру күн көрудің басты көзіне айналды, ең алдымен, мүгедектер, асыраушысын жоғалтқан тұлғалар, зейнеткерлер және тағы басқалар үшін. Сот тәжірибесі сондай жағдайлармен кездескен болатын.

Бұның бәрі 1963 ж. Қазақ ССР Азаматтық  кодекста «Өмір бойы асырауда ұстау талабы негізінде үйді иеліктен шығару шарты» деген тараудың пайда болуына әкеп соқтырды. Көрсетілген тарауда «рента» термині қолданылған емес, бірақ, белгіленген шарт ранта шартының бір түрі болды.

ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында болған зейнетақы мөлшерінің тез арада өсуіне байланысты осы қатынастардың дамуының қажеттілігі болмады, және рента шарты тәжірибеде сирек қолданылды.

ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдардың  басында рента қатынастары тағы да белсенділік танытты, осы шарттарды  теріс пайдалану жағдайларының болуына байланысты, олардың қатаң құқық реттеушіліктің қажеттілігі туды.

Қазіргі уақытта Азаматтық кодекстің 28 тарауымен регламенттелген рента  - бұл мүлікті иеліктен шығарумен байланысты, кепілді табысты қамтамасыз ететін азаматтық құқықтың дербес институты.

Рентаға тән белгі бұл оның мүлікті  рента төлеу үшін берген мүлік  иесінің кәсіпкерлік қызметінің байланысы жоқ екендігінде. Рента  міндеттемесі тек қана шарт негізінде  пайда болады. Рента шарты шынайылық, ақысы төленетін болады, сондай – ақ мезгілсіз (тұрақты рента) немесе рента алушының өмір ұзақтығы уақытына (ғұмырлық рента иесі өмір бойы асырауда ұстау) жасалуы мүмкін [1,101 бет.].

Рента реалдық (шынайылық) шарт, өйткені  рента алушы рента төлеушінің меншігіне қандай да бір мүліктің берілу сәтінен басталады, ал шарт талаптарына сай жақтар келіскен сәттен пайда болмайды. Егер де заңнамалық актілерге сәйкес шарт жасасу үшін мүлікті беру қажет болған жағдайда, қандай да бір мүлік берілген сәттен бастап шарт жасалды деп есептелінеді (АК 393-бабының 2 тармағы). Егер де мүлікті иеліктен шығару  туралы шарт нотариалдық куәландыруға немесе мемлекеттік тіркеуге жататын болса, онда сатып алуда меншік құқығы нотариалдық куәландыру немесе мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап пайда болады, ал шарттың нотариалдық куәландыруы да, мемлекеттік тіркеуі де керек болған жағдайда – оны (шартты) тіркеу сәтінен бастап. Жарамды болып танылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы бойынша рента шартының толық құқықтық сипаттамасын беру.

Аталған мақсатқа сәйкес, курстық жұмыстың міндеттері:

- Рента шартының мәнін ашу;

- рента және өмір бойы асырауда ұстау шартының жалпы ережелерін белгілеу;

- рента шартының ерекшелігін көрсету;

- Қазақстан Республикасындағы рента шартының түрлеріне құқықтық сипаттама беру;

- тұрақты рента шартына құқықтық сипаттама беру;

- ғұмырлық рента шартына құқықтық сипаттама беру;

- өмір бойы асырауда ұстау шартына құқықтық сипаттама беру.

Рента шарты бір жақты  шарт болып табылады. Мүлік берілгеннен  кейін жалпы тәртіп бойынша рента алушыға ешқандай міндеттеме жүктелмейді. Рента төлеуші рентаны сатып алу құқықтығына ие болады, бірақ бұл құқық негізгілердің қатарына жатпайды. Жоғарыда атап көрсеткендей рента қатынастарына сатып алу-сату, сыйға тарту шарттарының нормалары қолда-нылуы мүмкін, бірақ рента шарты рента төлеушісі үшін жоғары тәуекелді болғасын, оларды қолдану мүмкіншілігі бірталай шектеледі [2,95бет.].

Олар төлемдерін (асыраудың) нысанында, оның ең төмен мөлшерінде, мерзімдерінде көрініс табады. Сол сияқты олардың субъектілік қатары, олардағы құқықтық мирасқорлық және рентаны сатып алу құқығы, мүліктің кездейсоқ бүлінуінің немесе жойылуының ренталық қатынастарга әсері және басқасы ерекшеленеді.

Рента шарттарын жіктеудің  негіздері осымен шектелмейді. Тұрақты рента және ғүмырлық рента шарттары мүлік рента төлеушіге ақыға немесе тегін берілетініне, мүлік қозғалатын ба әлде қозғалмайтын ба, соған байланысты бөлінуі (жіктелуі) мүмкін.

Өмір бойы асырауда ұстау  шарты осы екі шарттан едәуір ерекшеленеді. Онда фидуциарлық (сенімділік) сияқты сипат айқын көрініс табады, осы сипаты азаматтық құқық шеңберінен шығып кетеді деуге болады. Біздің ойымызша, ондағы сенімділік отбасылық құқық ережелеріне де негізделуі мүмкін (бір бөлігінде).

Осы қатынастарды реттейтін міндеттелік құқық экономикалық мағынада (мәнде) меншіктің заңи мағынада меншік құқығы және өзге заттық құқықтар өтуін (ауысуын) қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығында субъектілердің тиісті қатары қатысуымен заттық құқықтық қатынастардың пайда болуына және жүзеге асуына ықпал ететін рента шарттары қарастырылған. Аталған шартттардан субъектілердің міндеттемелік құқықтары мен міндеттері де пайда болатыны сөзсіз. Бұл тарауда оларды қарауға артықшылық беріледі.

 

 

1 Қазақстан  Республикасының азаматтық заңнамасы бойынша рента шартының құқықтық сипаттамасы

 

 

1.1 Рента және өмір бойы асырауда ұстау шартының жалпы ережелері

 

 

Шарттың ұғымы рентаны  экономикалық мағынасына сәйкес меншік қатынастарының ерекше нысаны деп анықтауға болады. Олар (меншік қатынастары) өз кезегінде материалдық игіліктерді белгілі тұлғалар иеленетінімен немесе материалдық игіліктер (заттар) біреуге жататынымен сипатталады.  Ренталық қатынастарға меншіктің екінші ағымды (қозғалыс) күйі де тән болып келеді және айта кететін болсақ, ренталық қатынастардың осы күйін ескерген кезде ғана оларды анықтау қажеттілігі пайда болады.

Мүліктің қозғалысы (айналымы) көп қырлы құбылыс, ол мүлік тиесілігін түбірінен өзгерте алады немесе негізгі меншік - иесімен қатар мүліктің өзге тұлғаларға да тиесілігін бекіте алады. Бұл осы жағдайларға байланысты шартты міндеттемелік қатынастар құрылады және топтасады.

Осы қатынастарды реттейтін  міндеттелік құқық экономикалық мағынада (мәнде) меншіктің заңи мағынада меншік құқығы және өзге заттық құқықтар өтуін (ауысуын) қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығында субъектілердің тиісті қатары қатысуымен заттық құқықтық қатынастардың пайда болуына және жүзеге асуына ықпал ететін рента шарттары қарастырылған. Аталған шартттардан субъектілердің міндеттемелік құқықтары мен міндеттері де пайда болатыны сөзсіз. Бұл тарауда оларды қарауға артықшылық беріледі.

И. Грешников рентаның тұрақтанған түсінігін берген: Рента сөздің кең мағынасында (экономикалық маңызы бойынша), бұл қолайлы жағдайлар немесе қандай болса да артықшылықтардың күшінен пайда болатын табыс. Мысалы, егін шаруашылығында, табысты өңделетін жер учаскелері құнарлы топырағын және орналасқан жерін пайдаланып табыс табады  [3,57бет.].

Жылжымайтын мүліктің, кәсіпорындардың иелері үшін ренталық табысты алудың шарты болып жылжымайтын мүлік объектілердің және көсіпорындардың қасиеттері келеді.

Рента қарым-қатынастарын реттейтін әмбебап нормалар Қазақстан Республикасы заңнамасында түңғыш рет қабылданғасын (күшіне енгізілгесін) пайда болды. Онда рентаға (рента шартына 517-539 баптар арналған. Жалпы ережелерді реттейтін нормалардан басқа олар тұрақты рентаны, ғұмырлық рентаны, өмір бойы асырауда ұстауды реттейтін нормаларды да қамтиды. Ал бұрынғы заңнамада тек өмір асырауды қарастыратын тұрғын үйді сату шарты ғана бекітілген еді.

Рента шарты бойынша  бір тарап (рента алушы) екінші тарап тың (рента төлеушіге) меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші рента алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны ұстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл рента төлеп отыруға міндеттелген.

Рента шарты мүлікті  иелікген шығаруға арналған шарттардың бірі. Мүлік рента төлеуші меншігіне  өтеді және бір уақтылы мүліктің кездейсоқ жойылуы немесе бүлінуі  қаупі оны күтіп ұстау ауыртпалығы да оған ауысады (оның мойнында болады). Сөйтіп, рента шартының мазмұнында басқа сату сатып-алу, сыйға тарту т.б. шартгармен ұқсастықтары бар.

Рента шартының ерекшелігі-мүлік  төлемақы төленіп, не болмаса төленбей берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 519-бабы бойынша осыған қарап сатып алу, сату шарты (25-тарау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі) немесе сыйға тарту шарты (ҚР АК 27-тарау) туралы ережелер қолданылады. Бұл осы шарттың (міндеттеменің) мән ісіне қайшы болмауы керек. Аталган екі шарт нормаларының қолданбауы тікелей рентаға қатысты нормалармен қарастырылуы мүмкін.

Біздің көзқарасымыз бойынша, рентаның тағы да бір нақты  ерекшелігі рента төлеуші рента  алушыға (мүліктің алғашқы иесіне) мүліктің жетіспеушілігі, бұзылғандығы туралы сатып алу-сату шарты бойынша сияқты толық көлемде келіспеушілік айтуға құқығы болмайды. Рента қатынастарының мәнісі оларға сатып алу-сату қтынастары үшін белгіленген нормаларды ба- рынша абайлы және жағдайды ескеріп қолдануды талап етеді. Рента нысанасы (заты) оны рента төлеушісіне берген кезде өзге тұлғалардың құқықтарымен ауырланғаны негізінен орын алмауы керек (осыған жол беруге болмайды). Себебі бұл шарт орындалуына кедергі жасайды. Сатып алу-сату шартына қарағанда рента шарты бойынша рента алушының мүдделіктері өзгеше. Оның мүлікте ауыртпалығы болмауына өз мүдделігі бар болып келеді. Егер ауыртпалықтар сонда да анықталса, осы рента шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттеріне әсер етеді. Рентада сыйға тарту шартынан да айырмашылығы бар. Бірақ заңнама арқылы айырмашылықтар мәселесі реттелмеген. Сондықтан біз белгілеп (анықтап) отырған сұрақтарға көзқарас-тар әртурлі болуы мүмкін. Рента шарты экономикалық ренталық қатынастарды тек жартылай қамтиды. ҚР Азаматтық кодексінің нормалары ранта-меншік иесі туралы үйреншікті болып келетін көзқарасты жоққа шығарады (біз нақты рента шарты туралы айтып келеміз). Рента алушыда тек кейбір жағдайларда ғана мүлікті кейін қайтаруға талап етуге міндеттемелік құқығы бар болады [4,78бет.].

Аталған құқық барлық рента шарттарында пайда бола бермейді. Тек ғұмырлық рента төленуі үшін пәтер, тұрғын үй және өзге де мүлік иеліктен тегін шығарылса және рента төлеушісі рента жағдайларын елеулі бұзса бұл міндеттемелік құқық пайда болады (ҚР АК 533-бабы 2-тармақ). Осыған қатысты экономиқалық мағынада бәрібір бұрынғы меншік иесі өз мүмкін-шіліктерін сақтай береді деген қарсылықты айтуға болады. Алайда меншік құқығы заңды түрде өзге субъектіге рәсімделетін болғасын бұл дәлелдеуіміз (есептеуіміз) тұрақсыз болып шығады. Рента төлеушісі өзіне меншіктің ауыртпалықтарын жүктеуге келісуі үшін салмақты себептер қажет. Жаңа меншік иесі рентаны (табысты) алғашқы меншік иесімен бөлісуге мәжбүр болғанын қарамастан, ол ұтыста да болады. Жаңа меншік иесі өз бетімен де ранта болып шығады.

Экономикалық ренталық қатынастар мүлікті жалдау (аренда) шартымен де нәтижелі қамтылуы мүмкін. Мүліктің жоғарылау саналық сипаттамалары немесе өзге ерекшелікгері, мысалы ғимарат орналасқан жер, қосымша шығынданусыз жоғары табыс табуға мүмкіншілік береді (аренда шарттарын жасасу негізінде). Бірақ заңгер рента шартына көсіпкерлік емес қатынастарды реттейтін ретінде қарайтынын ұмытпауымыз керек (ҚР АК 523-6. 1-т., 530 б. 1-т.), рента (рента шарты) осы себептен кәсіпкерлікпен беретін құқықтық нысан болып бағалануы мүмкін.

Информация о работе Рента шарты