ҚР заңнамасы бойынша бағалы қағаздардың құқықтық реттелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 08:15, курсовая работа

Краткое описание

Негізінен Құнды (бағалы) қағаз – экономиканың несие-қаржы саласының бөлінбес элементі болып табылып, тауарлы өнім қағидасына негізделеді.
Қазақстанда құнды (бағалы) қағаздар базарының пайда болуына, жеке меншік, жекешелендіру және мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлендіру және қоғамдық қатынастардың қайта құрылуын, мемлекеттік қаржыландыру саясатының түбегейлі өзгеруіне байланысты пайда болды. Қазіргі кезде кейбір салаларды қаржыландыруда бюджеттегі жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін мемлекет ақша белгілерін ауыстырмай-ақ, мемлекеттік қысқа мерзімдік вексельдер секілді мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асырады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................3

І-тарау. Бағалы қағаздардың жалпы сипаттамасы

Бағалы қағаздардың құқықтық таным тұрғысындағы түсінігі мен мәні ............................5
1.2 Бағалы қағаздарды классификациялау түрлері және олардың жіктелуі ...............................................
ІІ-тарау. ҚР заңнамасы бойынша бағалы қағаздардың құқықтық реттелуі
2.1. Бағалы қағаздарды реттейтін құқықтық нормалар және оларды жүзеге асыру тәсілдері ...................... 45
2.2. Қолданыстағы бағалы қағаздар нарығын реттеу ...............................................................48
2.3. Бағалы қағаздар заңнамасын жетілдіру мәселелері ................................................................................ 50




Қорытынды:......................................................................................55
Қолданылған әдебиеттер.................................................................58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бағалы.қағаздар.doc

— 320.50 Кб (Скачать документ)

Атаулы коносамент –  біреуге беру арқылы жасалатын жазбалар арқылы басқа тұлғаға өте алады, осыған байланысты коносаментті құқықты ұстаушысы болып - құжатта көрсетілген тұлға болып табылады.

Ордерлік коносамент – атаулы немесе банкілік беру жазулары арқылы біреуге өте алады.

Ұсынбалы коносамент – жай беру арқылы жүзеге асады, ал бұл құжаттың құқықты ұстаушысы болып, осы қағазды ұстаушы кез-келген тұлға бола алады.

Жүктің жолда болу кезеңінде, оның бірнеше иелері ауысуы мүмкін. Коносаменттің заңды сапасына байланысты, олар банктік несие алу  үшін кепілдігі сапасына ие болып  келеді. Бұл жағдайда, егер коносаменттің бірнеше данасы түзілген болса онда банк несиені тек осы даналардың барлығын алған кезде ғана несие беріледі. Бұл іс-әрекет несие берушінің еркінсіз жүкті алу әрекетін болдырмау үшін жасалады.

 

 

ІІ-тарау. . Құнды қағаздардың құқықтық реттелуі

 

2.1. Құнды қағаздарды құқықтық реттеу әдістері.

 

Азаматтық құқықтық қатынастараға  қатысты заңдарда құнды қағаздарды ерекше тәріппен реттеудің әдістері көрсетілген. Осыған байланысты оны иеленуші субъектілердің спецификалық өкілеттіліктері мен қатынастарының теориялық тұрғыданда маңыздылығы қарастырылған. Саралау тек экономикалық түрғыдан маңызды болғанымен, негізінен заңды мағынасын шешу мақсатымыз болып табылады.Атап айтсақ;

Қазақстан Республикасының АК 130-бабының 2 тармағында былай делінген, бағалы қағаздар құқықтық ерекшеліктеріне байланысты ұсынбалы, ордерлік және атаулы болуы мүмкін. Мысалы иеленушілердің мынадай құқықтары бар: атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі, ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар бағалы қағазды ұсынушыға тиесілі болса, ордерлік бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады. Ал ол бұл құқықтарды осы Кодекстің 132-бабының 3-тармағында көзделген тәртіп бойынша берген жағдайда-басқа құқықты адамға тиесілі де болады.

Бағалы қағаздардың белгілі бір түрін атаулы, ордерлік не ұсынбалы қағаз ретінде шығару мүмкіндігіне осы Кодекспен және заң құжаттарында жол берілмейтін әдістерде заңмен қарастырылған.

Осы кодекспен және заң  құжаттарында бағалы қағаздардың әр түрінің белгілерін ұштастыратын бағалы қағаздарды шығару мүмкіндігі де көзделген.

Заңды актілер мен  құнды қағаздардың нақты біреуін  атаулы не ордерлі не ұсынбалы түрі ретінде шығаруға тыйым салынатын жағжайлар болады егерде бұл белгелі бір субьектілердің мүддесіне қатысты болса. Және де керісінше заңды актілер арқылы түрлі құнды қағаздардың белгілері бар бағалы қағаздар шығаруға рұқсат береді.

Мысалыға: қолданыстағы заң акциялардың тек атаулы құнды  қағаз түрін шығаруға, ал вексельдік, атаулы және ордерлі түрлерін шығаруға рұқсат бермейді. Өйткені вексельдің қолданылу нысаны акциядан ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

Ұсынбалы құнды қағаз  тұлға көрсетілмей жазылып орындау  жүргізуді қажет етеді. Оның мүліктік құқының иелігін, міндетті тұлғаның оны нақты ұсынушысы болып табылады. Өз құқықтарын осы құнды қағазды борышкерге ұсынған тұлғада болып есептеледі.

Атаулы құнды қағазға  деген басқа тұлғаның құқығын  беру, оның жаңа иесіне  басқа құнды  қағаз беру арқылы жүзеге асырылып  ескі құнды қағаздың заңды күші жойады.

Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар талапты (эмиссияны) жеңілдету үшін белгіленген тәртіп бойынша берілетіндігін білеміз. Бағалы қағаз бойынша құқық беруші адам осы Кодекстің 347-бабына сәйкес бұл талапты орындау үшін емес, тиісті талаптың жарамсыздығы үшін жауапты болады. Атаулы бағалы қағаз бойынша құқықтарды басқа адамға берген кезде берілетін қағаз жойылады, ал оның жаңа иесіне басқа бағалы қағаз беріледі.( АК 132-бабының 2 т. )

Мысалы: Құнды қағаздарды айналымды пайдаланғанда түрлі себептерге орай құқықтардың шектелетін кездеріде болады.Атап айтсақ атаулы құнды қағаздарды жаңа иесіне беруде, алдыңғы құнды қағаздардың иегері оны алушының алдында оның дұрыс рәсімделуіне ғана жауап беруі тиіс. Сонымен қатар акционерлік қоғамның мүшелігіне енуге жағдай жасап, қоғамның банкроттығына немесе дивиденттердің төленбеуіне жауап бермейді. Осылайша атаулы құнды қағаздар ұсынушы құнды қағаздарға қарағанда айналым әрекет қабілеттілігі күрделілеу болып келеді.

Ордерлі құнды қағазға  тоқталсақ, ол нақты тұлғаға жазылады, онда құнды қағаз арқылы орындау тек қана алғашқы тұлғаның және оның нұсқауы бойынша басқа тұлға арқылы орындалады. Бұл жерде де құнды қағазды басқа тұлғаға беру бастапқы жағдайларда көзделгендіктен оны басқа тұлғаға беруге ерекше жағдайларды көздемейді. Бұндай жағдайда тек құнды қағазға басқа тұлғаның атын жазуға болады.

 Жазбаша (жай немесе  нотариалды) түрде жасалған мәмілеге  негізделген талап етуді беру  тиісті жазбаша түрде жасауға  тиіс.

Мемлекеттік тіркеуді талап  ететін мәміле бойынша талап етуді беру осы мәмілені тіркеу үшін белгіленген тәртіп бойынша тіркелуге тиіс.

 Ордерлі бағалы  қағаз бойынша талап етуді  беру осы бағалы қағаздағы  индоссамент арқылы жасалады (АК. 132-бабының 3 т.). 

Егерде бұл құнды  қағазда көптеген қосымша жазбалар болатын болса, қажет жағдайда қосымша парақ қосып, нақты мақсаты көрсетіледі.Сонымен қатар бұл құнды қағаздардың айналым қабілеттілігі мен кепілі жоғары, өйткені кез келген алдынғы иелерінің  құнды қағазға деген құқық қабілеттілігі өз талаптарын қоя алады. Шындығында ол алдынғы иегері жаңа борышкерлердің қосымшасы ретінде, оның құқықтырын нақты орындалуына сенім береді./18/

 

 

2.2.Бағалы қағаздар рыногындағы құнды қағаздардың        құқықтық  айналымы

 

Құнды қағаздардың айналымы туралы ереже міндеттемелерді орындауға қатысты, құнды қағаздармен куәландырылған және де жоғалған жағдайда қайта қалпына келтірумен дауласуды қарастырады. Құнды қағазбен орындау үшін қағаздың оның заңды иесінің түп нұсқасын көрсету арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, заңсыз иеленушінің қолындағы құнды қағаз бойынша құқықтар жүзеге асырылуға тиіс(133-бап 4-тарау). Бағалы қағаздың жалғандығын немесе жасандылығын байқаған құнды қағаз иесі (бұл жағдай борышкердің бұндай қағаздың заңды күшін тексеру кезінде болуы мүмкүін). Өзіне қағазды берген адамға, бағалы қағазбен куәландыруға міндеттемені лайықты орындау туралы және залалдардың орнын толтыру туралы талап қоюға құқылы(мысалы: орындауды қабылдаудағы мерзімді өткізу)/19/

. Бұндайда құнды қағазды  бұрынғы айырушының адамгершілік  қасиеттері маңызды емес, (яғни бұл жағдайда, ол өзіде оның расталған екендігін білмеуі мүмкін) өйткені бұны білген иегер, өзінің алдыңғысына тура осындай талап қою мүмкіндігінен айырылған емес.

Бағалы қағаз бойынша  орындау қосымша кепілмен ережеге  сай тек қана міндетті тұлға жауап беріп қана қоймай, сол құнды қағазды берген адам және оның индоссиялаған барлық адамдар оның заңды иесінің алдында бірге жауап береді. Сонымен қатар құнды қағаздың заңды иесінің сондай-ақ қағазбен куәландырылған міндеттемесін бағалы қағаз бойынша міндеттегендердің арасынан бір немесе бірнеше адамның орындауы туралы талабын қанағаттандырған ретте олар бағалы қағаз бойынша өздерінен бұрын міндеттенген өзге адамдарға кері талап қою (АК 133-бап 1-тармақ).

Бағалы қағаз бойынша  құқық беруші адам АК 347-бабына сәйкес бұл талапты орындау үшін емес, тиісті талаптың жарамсыздығы үшін жауапты болады (АК 132-бап 2-тармақ) жәнеде толық көлемде ордерлі құнды қағаздарды жазушыларға қолданылады (132-бап 3-тармақ - 1 абзац).

АК 133-бабының 2-тармағының күшімен, міндеттемені негізі болмауын не оның жарамсыздығын сылтауратып бағалы қағазбен куәландырылған міндеттемені орындаудан бас тартуға жол берілмейді (мысалы заемның қаржысыз болуы) осылайша құнды қағаз бойынша орындауды міндетті тұлға жүргізіп, тек реквизиттердің қажеттілігін көріп, ал оның иесі қандай негіздер бойынша берілгендігін тексермей-ақ қоюға болады. Бұндай құнды қағаздың құрамын жария мәліметтер деп атайды. Өзінің айналым қабілеттілігіне байланысты көптеген құнды қағаздар күрделі мәселелер өзінің заңды иегерлерінің заңды күшін жоғалтады. Оның атаулы құнды қағаздарға кемде кем маңызы оның арсыз әрекеті, оны осы қағазбен иегері орындауды алуы мүмкін. Жоғалған бағалы қағаз бойынша және ордерлік құнды қағаз бойынша ұсынушы құқығын қалпына келтіруді іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен сорт жүргізеді (АК 134-бап). Мұнда айтылатын “шақыртушы өндіріс” бойынша жоғалған құжаттың сотқа жоғалған құжатты жарамсыз деп танып, өз құқығын қалпына келтіру болып табылады. Сот өз тарапынан хабарландыру жасап, заңды қағаз иегеріне өз құқықтарын дәлелдеуге құқық береді. Бұндайда оның нақты иегеріде тиісті арызды сотқа беріп, құжаттың түп нұсқасын көрсету керек. Сотқа шағымданушының өтінішін қанағаттандыру мақсатында жоғалған құжатты жарамсыз деп таниды. Құнды қағазды ұстаушы құжаттарға өз құқығын уақтылы айтпаған азамат негізсіз алған иегерге талап қою құқығы сақталады. Осылайша айналымға қатысушылардың мүдделері қорғалады.

Қазіргі кезеңде бұндай өндірісті Азаматтық іс-жүргізу  кодексі реттеп отырады. Бірақ та АК 134-бабымен ордерлік қағаздарға өзінің қолдану саласы кеңейді. Осыған сәйкес Азаматтық іс-жүргузі заңнамасына тиісті өзгерістер енгізуді қажет етеді. Енді құнды қағаздарды көрсетілетін құқықтардың ерекшеліктеріне тоқталып өтейік: құқықтардың көрсетілуіне негіз ретінде “Құнды қағаздар және биржа қорлары” туралы жарлықтың 8-19 баптарындағы атаулы құнды қағаздар эмитенті бойынша жоғарғы басқару органының шешімі болып табылады.

Құнды қағазда көрсетілген  құқықтар кәдімгі реестрде немесе компьютерде  бекітілуі мүмкін/20/  

 

2.3.Құнды  (бағалы) қағаздар заңнамасындағы

кейбір мәселелер

 

Құнды қағаздар базарына нормативтік құқықтық қорының жасақталуы, қатысушыларға бәріне бірдей ережелерге сай басты мақсатқа бағыну – инвесторлардың мүдделерін қорғау және құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттердің алдын алу. Инвесторлар осы уақытқа дейін құнды қағаздар базарының толық көлемде қорғалмаған қатысушысы болып табылады.

Қазақстан Республикасы “Бағалы қағаздар рыногы туралы”  Заңы және АК-те құнды қағаздар базарын  реттеуші негізгі нормативтік акті болып табылады. Бұл заңның талабы бойынша кез-келген заңда көрсетілген құнды қағаздар міндетті тіркеуді қажет ету.

Бағалы қағаздар рыногы туралы заң эмиссиялық бағалы қағаздардың  және өзгеде қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуі процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің құрылуы мен қызметі ерекшеліктерін реттейді, бағалы қағаздар рыногының қауіпсіз, ашық түрде және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, инвесторлар мен бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын, бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының адал бәсекесін қорғау мақсатында бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалау тәртібін айқындайды. /21/

Бағалы қағаздар рыногының  объектілері:Мыналар;

  1. Қазақстан Республикасы резиденттерінің - ұйымдарының шығаруын осы заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган тіркелген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
  2. Қазақстан Республикасының резиденттері емес ұйымдардың шығаруын уәкілетті орган тіркеген немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналысқа жіберілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар;
  3. Қазақстан Республикасы резиденттерінің ұйымдарының шығаруы шет мемлекеттің заңдарына сәйкес тіркелген және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналысқа жіберілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
  4. халықаралық қары ұйымдарының шығаруын уәкілетті орган тіркеген немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналысқа жіберілген эмиссиялық бағалы қағаздары;
  5. мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;
  6. туынды бағалы қағаздар және згеде қаржы құралдары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының объектілері болып табылады.

Эмиссиялық бағалы қағаздардың түрлері Азаматтық кодекспен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалады. Ал бағалы қағаздар рыногының субъектілері болып заңда көрсетілген мына субьектілер табылады:

-Жеке және институционалдық  инвесторлар, эмитенттер, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және өзін-өзі реттейтін ұйымдар бағалы қағаздар рыногының субъектілері болып табылады.

-Жеке инвесторлар  эмиссиялық бағалы қағаздарға  инвестицияны дербес немесе брокерлік-диллерлік қызметті немесе инвестициялық портфельді  басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары көрсететін қызметті пайдалана отырып жүзеге асырады.

-Институционалдық инвесторлар  инвестицияны, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, инветициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары көрсететін қызметті пайдалана отырып, жүзеге асырады. 

-Қазақстан Республикасының  резиденті егер оның бұрын  шығарған эмиссиялық бағалы қағаздары  қызметін Қазақстан Республикасының  аумағында жүзеге асыратын қор  биржасының тізіміне енгізілген  жағдайда, шет мемлекттің аумағында  эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыруды жүзеге асыруға құқылы./22/

    Сонымен қатар  заң эмиссиялық қағаздар шығаруды  мемлекеттік тіркеу тізілімінің  тәртібі төмендегідей;

  1. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізудің талаптары мен тәртібі уәкілетті органның норма<span class="dash041e_0441_043d_043e_0432_043d_043e_0439_0020_0442_0435_043a_0441_0442_0020_0441_0020_043e_0442_0441_0442_0443_043f_04

Информация о работе ҚР заңнамасы бойынша бағалы қағаздардың құқықтық реттелуі