ҚР заңнамасы бойынша бағалы қағаздардың құқықтық реттелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 08:15, курсовая работа

Краткое описание

Негізінен Құнды (бағалы) қағаз – экономиканың несие-қаржы саласының бөлінбес элементі болып табылып, тауарлы өнім қағидасына негізделеді.
Қазақстанда құнды (бағалы) қағаздар базарының пайда болуына, жеке меншік, жекешелендіру және мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлендіру және қоғамдық қатынастардың қайта құрылуын, мемлекеттік қаржыландыру саясатының түбегейлі өзгеруіне байланысты пайда болды. Қазіргі кезде кейбір салаларды қаржыландыруда бюджеттегі жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін мемлекет ақша белгілерін ауыстырмай-ақ, мемлекеттік қысқа мерзімдік вексельдер секілді мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асырады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................3

І-тарау. Бағалы қағаздардың жалпы сипаттамасы

Бағалы қағаздардың құқықтық таным тұрғысындағы түсінігі мен мәні ............................5
1.2 Бағалы қағаздарды классификациялау түрлері және олардың жіктелуі ...............................................
ІІ-тарау. ҚР заңнамасы бойынша бағалы қағаздардың құқықтық реттелуі
2.1. Бағалы қағаздарды реттейтін құқықтық нормалар және оларды жүзеге асыру тәсілдері ...................... 45
2.2. Қолданыстағы бағалы қағаздар нарығын реттеу ...............................................................48
2.3. Бағалы қағаздар заңнамасын жетілдіру мәселелері ................................................................................ 50




Қорытынды:......................................................................................55
Қолданылған әдебиеттер.................................................................58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бағалы.қағаздар.doc

— 320.50 Кб (Скачать документ)

Облигация иемденушісі  корпорацияға несие беруші болып  табылады. ал облигация корпорацияны несиелеудің куәлігі. Өз кезегінде, акционер де корпорацияны меншіктеушінің бірі. Акция сол меншіктеудің куәлігі тәрізді.Облигация иемденушісіне сыйақы (мүдде) төленеді. Оның мөлшері алдын ала бекітіледі және нақты анықталады. Бұл бағалы қағаз өзінде көрсетілген белгілі бір анықталған уақыт аралығында ғана кіріс түсіреді. Облигация бойынша сыйақы (мүдде) басқа өтелетін дивиденттерден бұрын төленеді. Корпорацияның сыйақыны (мүддені) уақытында төлей алмау оның банкрот деп танылуына тең. Акционер де дивидент түрінде төлем алады. Бірақ дивиденттің мөлшері тіркелмейді және ол арнаулы уақытта төленбейді. Егер корпорация дивидент төлеу туралы хабарламаса, демек, төлегісі келмесе, онда акционер корпорацияға қарсы ешқандай шара қолдана алмайды.

Басқа несие беруші сияқты, облигация иесінің дауыс беру құқығы жоқ. Ол акционерлер жиналысына, сонымен қатар, корпопрация басқаруға да қатыспайды. Оған керісінше акция иесінің корпорацияның мүліктік мүддесін қорғауда шешуші дауыс құқығы бар.

Облигация бойынша сыйақы (мүдде) корпорацияның шығынына жатады. Ол салық төлейтін пайдадан төленеді. Ал дивидент салық төленгеннен қалған корпорацияның таза пайдасынан өтеледі.

Облигация бойынша мезгіл-мезгіл төленетін сыйақы түріндегі пайда  купонға алмастырылады. Купон деп  облигациядан қиылып алынатын талонды  айтады. Онда сыйақы (мүдде) мөлшері  көрсетілген. Төленген сыйақының орынына  облигациядан купонды қиып алады. Бұндай сыйақы төлеудің түрін “купондарды қырқу” деп атайды. Облигацияда бірсыпыра элементтер көрсетіледі: номиналы, купондық мөлшер, өтеу туралы нұсқау, эмиссия шарты, қамтамасыз етілуі, рейтингі.

Номиналы деп облигацияның бетінде көрсетілген ақша соммасын айтады. Оны облигация иесі өтелу мерзімі келгенде алады. /8/

Купондық мөлшер –  жыл сайын эмитент төлейтін облигацияның номинал құнына байланысты келісілген сыйақы (мүдде) – төлем. Жыл сайынғы  купондық мөлшер бөлініп төленуі  мүмкін, мысалы, жарты жылда бір рет немесе тоқсан сайын бір рет. Әлбетте, төлем мына интервалмен орындалады: қаңтар – шілде, ақпан – тамыз, наурыз - қыркүйек, сәуір - қазан, мамыр - қараша, маусым – желтоқсан. Одан басқа айдың жұлдыздарында айнаға түскен сәуледей қайталанады. Мысалы, 5 қаңтар – 5 шілде, 20 наурыз – 20 қыркүйек және с.с.

Өтеу күні – компанияның  сатып алушыға облигацияның номиналына тең сомманы қайтарып және сыйақы төлеуді тоқтататын күнтізбектегі  күн.

Эмиссия шарты – облигация  шығару мәмілесі. Ол қарыз алушымен траст компаниясының шарты бойынша шығарылады. Траст компаниясы корпорацияның инвесторлары алдында оның кепілі болып, облигация ұстаушылардың мүддесін қорғап, эмитенттің өз міндеттемелерін орындауын қадағалап отырады. Траст компаниясы эмитенттің қаржы құжаттарын және оның инвестициялық жобасының бизнес жоспарын тексеріп, содан кейін ғана өз ризашылығын береді. Осыған байланысты эмиссия шартына траст компаниясы бірсыпыра ұсыныс енгізеді. Олардың ішінде жиі кездесетіндер мыналар: Ең аз өтімділік;Борыштың ақырғаы деңгейі; Активтерді сатуға тыйым салу;Төленетін дивидент мөлшерін шектеу;

Өтеу туралы нұсқау –бұл эмиссия шартындағы тармақ. Ол бойынша  эмитент облигацияның номиналдық құны мен сыйақы (мүдде) төлейтін арнаулы  қор құрады. Ол қор траст компаниясының бақылауында болады.

Эмиссия шартында облигацияның уақытынан бұрын кері сатып алу  бабы да болу мүмкін, яғни эмитентттің  өз облгацияларын қайтарып алу құқы. Әдетте, ондай жағдай облигация шығарылғаннан  кейінгі алтыншы жылдан басталады. Уақытынан бұрын қайта сатып алғанда облигацияның бағасы оның номиналды құнынан жоғары болады.

Облигация қамтамасыз етілген  және қамтамасыз етілмеген болып  бөлінеді. Облигациялардың қамтамасыз етілуі деп оларды шығарғанда кепілдікке корпорация активтерін немесе мүліктерін салуды айтады. Қамтамасыз етілген облигация корпорацияның негізгі активтерін талап етуге құқық беріп және сонымен бірге оның негізгі меншігінің облигацияға салынғанын көрсетеді. Егер корпорация тағайындалған мерзімде өз облигациясын өтей алмаса, онда оны ұстаушылар кепілдікті өз пайдасына сатуға құқы бар. Қамтамасыз етуге қозғалмалы, қозғалмайтын мүліктер және басқа бағалы қағаздар салынады. Осыған байланысты мынадай айырмашылықтарды атауға болады:

  • қозғалмайтын мүлікке салынған облигациялар. Оларды қамтамасыз ететін жай немесе арнаулы мүліктер (мысалы, жаңа салынған өндіріс орны);
  • басқа компаниялардың траст жағдайында сақталатын акциялары және облигацияларымен қамтамасыз етілген осы компанияның облигациялары;
  • қозғалмалы мүлікпен қамтамасыз етілген облигациялар. Оларды сенімхатпен басқа біреу иемденуіне құқылы.

Қамтамассыз етілмеген облигациялар – жалпы кепілдігі бар, басқаша айтқанда, эмитенттің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемелері. Оларды болашақтағы шаруашылық ісінен түсетін табысқа үміттеніп шығарады. Корпорация банкротқа ұшыраған жағдайда ол облигацияларды арнаулы түрде өтейді.

Облигацияның рейтингі – оларды инвестициялық сапасын  арнаулы фирмалардың бағалауы. Әлбетте, облигациялардың барлық шрығарылған  сериясы бағаланбай, тек екінші нарықта кең көлемде сұранысқа ие болатындары ғана бағаланады. АҚШ-та, мысалы “Стэндарт энд Пур” және “Мудиз инвесторс сервис” компаниялары рейтинг анықтаумен шұғылданады. “Мудиз” компаниясы облигацияны бағалауды төменгі түрде жүргізеді:

  • Ааа- өте жоғары сапа;
  • Аа-жоғары сапа;
  • А- ортадан жоғары;
  • Ваа-орта сапа;
  • Ва-алыпсатарлық элементтері бар;
  • В- инвестицияға қажет белгілері жоқ;
  • Саа- төмен сапа;
  • Са- белгілі бір мөлшерде алыпсатарлық;
  • С- ең төмен сапа;

Ең жоғары рейтингілі облигациялар “инвестициялық класты”  деп аталады. Төмен рейтингілі облигациялар “алыпсатушылық” деп есептеледі./9/

Акция сияқты облигациялардың  да номиналы және нарықтық бағасы болады. Оның номиналына байланысты процентпен көрсетілген нарықтық бағасы облигацияның курсы деп аталады. Егер нарықтық бағасы номиналынан жоғары болса, онда облигация сыйлықпен сатылады деп аталады. Егер номиналынан бағасы төмен болса онда облигацияның жаңа иесі оны дисконтпен, яғни бағасынан төмендетіп сатып алады. Облигацияның нарықтық бағасы қандай болса да, сыйақы (мүдде) оның номиналына байланысты есептеледі.

Облигацияның нарықтық бағасы, бір жағынан заемды шығару жағдайына, екінші жағынан нарықтағы  әр уақытта әртүрлі болып қалыптасатын жағдайға байланысты анықталады. Егер нарықта купондық бағасы жоғары жаңа заем пайда болса, онда ол жағдай айналымдағы облигацияларға екі түрлі әсер етеді.

Біріншіден, егер жаңа жағдайлармен шығарылған заемдар өте көп болса, онда бұрын төмен бағамен шығарылған облигациялардың курсы төмендейді. Басқаша айтқанда, олар дисконтпен сатылады. Себебі бұндай облигациялар тек номиноалы бойынша өтеледі. Ал арасындағы айырмашылық жаңм иемденушіге өте төмен кіріс түсіреді.

Екіншіден, егер жаңа облигациялар аз болса, олар номиналынан жоғары курспен (сыйлықпен) сатылады. Ол облигацияның жаңа және бұрынғы иелерінің кірісін теңестіреді.

Инвесторлардың облигациядан алатын пайдасы купондық төлеммен дисконттық айырмашылықтан түсетін кірістен (егер ондай болса) құралады.

Жай акциялар тәрізді  облигациялар да иесі ұсынушы және атаулы (тіркелетін) болып екіге бөлінеді. Иесі ұсынушы облигациялар еш жерде тіркелмейді, ол бойынша сыйақы (мүдде) ұсынушы субъектке төленеді. Ондай облигациялардың әрқашан купондық парағы болады. Сыйақы (мүдде) өсім төлейтін күні облигация иесі купонды қыйып алып, оны өтеуге тапсырады. Ал атаулы облигациялардың иесі корпорацияда тіркеуден өтеді. Сыйақы (мүдде) төлейтін күні корпорация оларға процент алу үшін чек толтырып береді.

Заемның мерзіміне қарай корпорация облигациялары: қысқа мерзімді – 1 жылдан 3 жылға;орта мерзімді – 3 жылдан 7 жылға;ұзақ мерзімді – 7 жылдан да көп жылдарға дейінгі болып үшке бөлінеді;

Корпорация облигациялары  сонымен қатар купондық кірісті  төлеу жөнінен де бөлінеді.

Біріншіден, купондық төлем мөлшері  нақты бекітілген облигациялар. Олар уақытынан бұрын қайтарылып алынуы мүмкін.

Екіншіден, купондық төлем мөлшері  өзгермелі облигациялар. Бұл типті  облигациялардың ерекшелігі – оның купондық төлем мөлшері ақша нарығындағы  негізгі төлем мөлшеріне (базовая  ставка) байланысты өзгереді. Бірақ  өзгермелі курсты облигация ұстаушы, корпорация жарғысында көрсетілгеніндей, өз мүддесін несие берушілердің ең соңында жүзеге асырады.

Үшіншіден, купоны нольге тең облигациялар; бұл типті облигациялардың айырмашылығы – олар бірінші орналасқанда номиналынан  төмен бағамен(эмиссиялық бағамен), ал өтелгенде – номиналымен сатылады. Басқа сөзбен айтқанда, облигация ұстаушы сыйақыны (мүддені) облигацияның айналым мерзімі аяқталғасын алады.

Облигациялар айырбасталатын (конвертируемые) және жай облигациялар болып та бөлінеді. Айырбасталатын облигациялар айырбасталатын артықшылықты акцияларға өте ұқсас. Олар келісімге сәйкес осы корпорацияның артықшылықты немесе жай акцияларына алмастырылуына мүмкіндігі бар. Бұл айырбасталатын акцияға инвестордың қызығушылығын арттырады. Ал жай облигациялардың бұндай құқығы жоқ.

Жоғарыдағы дәйектердің нәтижесі бойынша корпорация өз жұмысын акция  шығарумен де, сонымен қатар облигация  шығарумен де қаржыландырады. Дегенмен, акциядан гөрі, облигация шығару корпорацияға қауіпті. Себебі облигациядан пайда  түспесе де, жыл сайын корпорация облигация бойынша төлем төлеуге міндетті. Ал акция бойынша белгіленген сомманы төлеуге міндетті емес. Егер компанияның дивидент төлеуге ақшасы болмаса, ол акционердің жеке сәтсіздігі.

Екінші жағынан, облигация шығару корпорацияға қауіпті болғанымен ол өте арзан. Ұзақ мерзім бойы төленген дивиденттер соммасы жыл сайын төленген сыйақы (мүдде) соммасынан әлде қайда көп болады деп ұйғарылады. Инвесторлар көзқарасы бойынша акция шығару қауіптірек, демек облигация – тиімді. Сондықтан тәуекелмен қосымша шығын шығарып алған акциялар жоғары пайда түсіруіне көзі жетпесе оларды сатып алмайды. Сонымен, егер компания бағалы қағаздардың екң түрін қатар шығарса, онда акционерлдерге төлейтін төлем, облигация иелеріне төлейтін төлемнен жоғары болады деген болжамға байланысты.

Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа  да коммерциялық қызмет көрсету кезінде  өндіруші – жабдықтаушы көбіне қаржы  қорының жетіспеуі сияқты жағдайларға  душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейнге қалдырады. Демек өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі – вексель пайда болады.

Вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол – бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші иемденушіге береді. Вексельдің мәні – несиеге алған белгілі бір сомманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерден өтеу үшін тауар сатып алушыны (вексель берушіні) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі. /10/

Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие-қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні – тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге, саудалық қарым-қатынастар тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы – ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей-ақ вексель сатып алушыны немесе оны тауар сатып алу үшін, ия болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Әлбетте, вексельді банк сатып алады.

Қазақстан Республикасының “Бағалы  қағаздар рыногы туралы” Заңы   “Толық өкілетті орган” - Қазақстан  Ұлттық Банкі, инвесторлар құқығы, эмитенттерге талаптар және еңбастысы бағалы қағаздардың  өзін таныта білген түрлерінің тізімі қарастырылған. Заң күшін жойған Президенттің “Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы” жарлығынан айырмашылығы, жаңа Заңда вексель бағалы қағаздар тізіміне енгізілмеген.

Өйткені, “Қазақстан Республикасындағы  вексель айналымы туралы” Заң қабылданды, оның мазмұнында вексель бір жақты ақшалай міндеттемесі бар қатаң белгіленген нысандағы төлем құжаты ретінде тану ұсынылған.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 сәуірдегі “Вексель айналымы туралы”  Заңға сәйкес, еніп отырған бұл айналымға жай және аударымды вексельдер қатысады. Олар бойынша талап ету құқығын беру, олармен байланысты вексельді міндеттемелер мен операцияларды орындау, сондай-ақ есеп кеңселерінде вексель операциялар жүргізу және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің вексельдерді қайта есепке алу мәселелері қарастырылған.

Қазақстан Республикасында айналымына байланысты қатынастар Женевадағы вексельдік конвенциясынан шығатын вексельдік құқық нормаларына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының басқа  заң актілері арқылы реттеліп отырады.

Вексельдер вексель берушінің  ешқандай шарт қойылмаған міндеттемелерін (жай вексель) не вексельде көрсетілген  өзге төлеушінің (аударымды вексель) вексельде көзделген мерзімі  келген кезде вексель иесіне белгілі  бір сомманы төлеуін куәландыратын бағалы қағаз болып танылады.

Вексельдік міндеттемелер  тек ақша түрінде ғана кездеседі. Сату – сатып алу, сондай-ақ қысқа  мерзімге инвестициялау объектісі  болатын вексель бағалы қағаздың ерекше түрі сапасына жатады. Құрылымдық түрі мен нысанына қарай вексель  жай және аударымды болып бөлінеді.

Жай вексель – вексель  берушінің ешқандай шарт қойылмаған міндеттемелер төлем мерзімі  келген кезде вексель иесіне белгілі  бір соммада төлеу болып табылады.

Аударымды вексель(трата) – вексел берушіні (трассанттың) төлеушіге (трассатқа) ешқандай шартсыз жазбаша көрсетілген вексель ұсынушыға белгілі бір соммадағы ақшаны төлеу мазмұнындағы ақшалай құжат болап табылады, яғни вексельде көрсетілген тұлғаға не ол көрсеткен адамға белгіленген мерзімде немесе талабы бойынша белгілі бір сомманы төлеу. Осылайша, траст бойынша төлеушілер дегеніміз – жай вексельдегі секілді вексель иесі емес, ал басқа, акцепт анықтала аударымды вексельді өз мерзімінде төлеуге міндеттеме алған тұлға болып шығады. /11/

Информация о работе ҚР заңнамасы бойынша бағалы қағаздардың құқықтық реттелуі