Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 08:15, курсовая работа
Негізінен Құнды (бағалы) қағаз – экономиканың несие-қаржы саласының бөлінбес элементі болып табылып, тауарлы өнім қағидасына негізделеді.
Қазақстанда құнды (бағалы) қағаздар базарының пайда болуына, жеке меншік, жекешелендіру және мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлендіру және қоғамдық қатынастардың қайта құрылуын, мемлекеттік қаржыландыру саясатының түбегейлі өзгеруіне байланысты пайда болды. Қазіргі кезде кейбір салаларды қаржыландыруда бюджеттегі жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін мемлекет ақша белгілерін ауыстырмай-ақ, мемлекеттік қысқа мерзімдік вексельдер секілді мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асырады.
Кіріспе..................................................................................................3
І-тарау. Бағалы қағаздардың жалпы сипаттамасы
Бағалы қағаздардың құқықтық таным тұрғысындағы түсінігі мен мәні ............................5
1.2 Бағалы қағаздарды классификациялау түрлері және олардың жіктелуі ...............................................
ІІ-тарау. ҚР заңнамасы бойынша бағалы қағаздардың құқықтық реттелуі
2.1. Бағалы қағаздарды реттейтін құқықтық нормалар және оларды жүзеге асыру тәсілдері ...................... 45
2.2. Қолданыстағы бағалы қағаздар нарығын реттеу ...............................................................48
2.3. Бағалы қағаздар заңнамасын жетілдіру мәселелері ................................................................................ 50
Қорытынды:......................................................................................55
Қолданылған әдебиеттер.................................................................58
“Бағалы қағаздар рыногы туралы” Заңның 28-бабына сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы заңмен реттеледі. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитентінің жарғылық капиталын қалыптастыру үшін шығарылады немесе заемдық қаржыны тарту мақсатында да қолданылады, ал олардың эмиссияларының тәртібі “Бағалы қағаздар рыногы туралы” Заңмен реттеледі.
Бағалы қағаздар жөніндегі қазіргі қолданылып жүрген заңдар құжатталмаған бағалы қағаздар ұғымына сәйкестендірілген. Азаматтық кодекстің 135-бабында құжатталмаған бағалы қағаздардың мүліктік құқықтарының бірнеше түрі келтірілген. Құжатталмаған құнды қағаздар шын мәнінде бағалы қағаздың мазмұнын куәландыратын мүліктік құқық болып есептеледі. Ондай бағалы қағаздармен құқықтық қатынасқа түскен кезде оның тізімдегі жазбаға енгізілу жарамды бола береді.
1.2.Бағалы қағаздардың түрлері
Қазақстан Республикасының
“Бағалы қағаздар рыногы туралы”
заңы бағалы қағаздардың шығу мен
айналымға түсуіне қатысты
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы бағалы қағаздардың түрлері бірі акция болып табылады.
Акция түсінігінің айқындаудың көптеген нұсқасы бар. Соның ішінде нақтылыққа жақын Азаматтық кодекстің 139-бабында, бекітілген түсініктеме. Онда, акцияның акционерлік қоғамының бір бөлігі салынғанын куәландыратын бағалы қағаз екенін көрсетілген. Сонымен қатар, өз ұстаушысының (акционердің) акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденттер түрінде алуына, акционерлік қоғамның істерін басқаруға, қатысуға және ол таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігіне құқығын куәландыратын бағалы қағаз акция деп танылады.
Акция акционерлік қоғамның мүшесін куәландыратын бағалы қағаз болып табылады. Сондықтан да кез-кезген жағдайда акционер акционерлік қоғамнан акция беруін талап етуге құқылы болуы керек. Бұл құқық барлық елдердің заңдарында көзделген (тек Ресейдегі акционерлік қоғам туралы Ережеде «Акционер құқығың деген бөлім енгізілмеген).
Акция өз ұстаушысына (акционерге) мынадай құқықтар бере алады:
Мұнда жеңілдетілген акция дауыс беру құқығынан айырады. Алайда, кез-келген жағдайда акионерлік қоғамның байланысымен есеп берудің басқа да нысандарымен танысуға құқығы бар.
Акцияның қатыстылығына байланысты атаулы және ұсынбалы болып
бөлінеді.
Акция – акционердің
қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын
бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның
капиталының, мүлкінің, кірісінің бір
бөлігіне заң жүзінде меншік құқын
береді. Компания қанша уақыт жұмыс
істеп тұрса, акцияда сонша уақыт қолданылад
Акцияны шығару мына жағдайларға байланысты жүргізіледі:
Сөйтіп, шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны қоғамның жарғылық капиталын құрайды. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез-келген уақытта өз қажеттілігі бойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфлияциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-бір түрі. Акция – компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі. Компания өз акциясын қайта сатып алуға құқығы бар. Бірақ бірсыпыра елдердің заңдарында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол акциясын қайта сатып алу құқығынан айырылады деген ереже бар. Дәл осы жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілетін нашарлататын жағдайларда да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады. Айналымдағы әрбір акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады.
Акция бірнеше түрге жіктеледі. Бір жағынан,бір акционерден басқа біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе; екінші жағынан корпорацияны басқаруға қатысу құқығы бойынша – жай және артықшылықты акция деп те – екіге бөлінеді. Корпорация тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.
Атаулы акция – иесі міндетті түрде корпорацияның реестрінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабында қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептелінеді.
Ұсынушыға арналған акция – иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушыға арнап шығарған акцияның жалпы саны ғана көрсетіледі.
Корпорацияларға басқару жағынан қолында атаулы акциясы бар акционерлер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың және бағалы қағаздардың қозғалысын, сонымен қатар бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануын, олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе, қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушыға арналған акцияны қолдайды. Себебі, еш жерде тіркелмеген мұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма-қол ақшаға айырбастауға болмайды, сондықтан олардың өтімділігі акционерге кейбір жағдайда қолбайлау туғызады. Акцияның осы екі түрін жүзеге асыру жолдары да әртүрлі:
Біріншіден, сату механизмі бойынша. Атаулы акцияның иесі оларды компаниядан сатып алғанын куәландыратын барлық акция санына толтырылған бір сертификат алады. Бұл акцияларды сатқанда сертификаттың сырт жағында екі жақтың қолы қойылған “индоссамент” деген белгі қойылады. Содан соң акционерлердің тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат корпорацияға жіберіледі. Содан кейін ғана акциялардың жаңа иесі акцияларға жаңа сертификат алады.
Ұсынушыға арналған акцияны сатқанда оларды бір иемденуші тікелей, яғни қолма-қол сатып алушыға береді.
Екіншіден, акцияның осы екі түрінің жаңа данасын (тиражын) иемденушілер құқын белгілеу тәртібі де әртүрлі. Бұл туралы атаулы акция иесі корпорациядан хабарландыру хат алса, ал ұсынушы акциясына бұндай механизм жүруі мүмкін емес. Өйткені ұсынушы акциясында қиып алатын купоны (талоны) болады. Соны толтырғаннан кейін корпорацияға жіберіп, өзінің меншік құқығын іске асырады.
Үшіншіден, ұсынушы акциясының акциясын номиналы өте жоғары болмайды, бірақ ол көп тиражбен шығарылады, ал атаулы акцияның номиналы әртүрлі мөлшерде бола береді.
Корпорацияның басқаруға қатынасу құқығы бойынша акциялар және артықшылықты болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқығымен, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқығы және корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар. Құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады. /3/
Әрбір жай акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Әйтседе жай акция дивидент алуға кепілдік бермейді. Себебі, дивидент корпорацияның шаруашылық нәтижесіне байланысты беріледі. Дивидент корпорацияның таза пайдасының бір бөлігі, басқаша айтқанда, дивидент төлеу пайданың салық төлегеннен қалған қалдығын бөлуге негізделген. Дивиденттің мөлшеріне күшті өзгерістердің әсер етуі кездейсоқ жайт емес.
Жай акцияны меншіктенушілердің өкілеттіліктері мыналар:
1. Директорлар кеңесін
сайлауға дауыс беруге және
сол кеңеске өзі сайлануға
құқықлы. Директоратқа
Директорлар кеңесі корпорация атынан бұқаралық ақпараттар құралдарына хабарлама береді. Ол жыл сайын өтетін жиналысқа мына мәселлерді қояды: корпорацияның жылдық есебін; жылдық баллансты және таза пайданы бөлу жобасын дайындайды.
Директорлар корпорацияны басқаруды ұйымдастыруға, менеджерлерді жұмысқа қабылдауға және шығаруға, сыйлық белгілеуге жауап береді. Өйткені олар капитал құрамының өзгеруін қадағалап, корпорация табысын бөлумен де шұғылданады. Табысты бөлу – бұл корпорация меншігін оның акционерлері арасында дивидент ретінде үйлестіру деген ұғым. Бұл туралы директорлар кеңесі хабарлап тұрады, ол компанияның міндеті болып табылады.
Директорлар кеңесінің басты мақсаты – менеджерлердің өз міндетін орындауын қадағалау. Менеджерлердің міндетіне төмендегілер жатады: міндетіне бойсұну, яғни өзінің өкілдік шеңберінде қызмет істеу; адал ниеттілік міндеті; корпорацияға адалдық міндеті. Ондай адалдық мүдделерді таластыруға, директорларға қарыз беруге, корпорацияның мүмкіндіктерін өз пайдасына қолдануға және онымен бәсекелесуге жол бермейді.
2. Дивидент алу құқығы.
Дивидент мөлшері
Қолма-қол төленетін дивиденттер баланстың активі мен пассивін және қолма-қол ақша қаражатының қозғалыс ведомосын тексергеннен кейін ғана жүзеге асырады. Дивидент дұрыс төленбеген жағдайда, корпорация жауап беруге міндетті. Сонымен бірге, дивидент акционер табысының тек бір ғана бөлігі. Оның екінші бөлігі акция бағасының өзгеруіне байланысты қалыптасады.
3. Жай акция бойынша меншік құқын басқаға беру. Өзінің үлестік құқығын акционер акциясын ия сатып, ия сыйға беріп, ия өсиетке қалдырып жүзеге асырады. Сонымен бірге акция кепілдікке де, яғни банктен несие алғанда да, қолданылады.
4. Корпорациядағы акционерлердің
мүліктік мүддесін қорғауға
5. Корпорацияның қаржылық есебін тексеру құқы, мысалы, акционерлердің реестрін тексеру. Жылма-жыл корпорация президенті әрбір акционерге хат жіберуі тиіс. Акционер баланстың активі мен пассивін, салық ведомосын бақылау жүргізуі мүмкін.
6. Шектеулі міндет құқығы. Басқаша айтқанда, корпорация банкротқа ұшырағанда акция сатып алуға шығарған акционердің ақшасын қайтаруға ешкім кепілдік бермейді.
7. Корпорация жабылған кезде оның активтерінің бір бөлігін алу құқы, яғни жабылу дивиденттің алу құқығы.
Корпорацияның өз міндеттерін өтеу тәртібі бойынша, ең алдымен корпорация мемлекеттің және адвокаттардың, содан соң белгілі бір тәртіппен өзіне несие берушілердің, ал ең соңында артықшылықты акция иелерінің және жай акция иелерінің талабын орындайды.
Директорлар кеңесі, жоғарыда айтып кеткеніміздей, корпорация акционерлерінің жылма-жыл өтетін жиналысында сайланады. Дауыс берудің екі әдісі бар. Тікелей дауыс беру – жай көп дауыс алу деген ұғым. Ол әрбір акционердің қолындағы акция санына тең дауыс беру. Сонымен қатар, дауыс беруде сенімхатты да пайдалануға болады. Акционерлердің жиналысында біреудің акциясы негізінде басқа біреу сенімхатпен дауыс беруіне өкілеттілік алады.
Әрбір корпорация “А” және “Б” сериялы жай акцияларды шығара алады(егер ол оның жарғысына қарсы болмаса). Әлбетте, “А” сериялы акция корпорация құрылтайшыларына, яғни оның жарғысына қол қоюшыларға, ал “Б” сериялы басқа инвесторларға тиесілі. “А” сериялы акцияны иемденушілердің үлкен құқығы және көптеген дивидент алатын мүмкіндігі бар. Бұл мүмкіндік тәуекелдікке берілген төлем тәрізді. “Б” сериялы акция бойынша дауыс бермейтін акция (олар акционерлерге дауыс құқын бермейді) және дауыс құқы шектеулі акция шығару жағдайлары орын алуда.
Информация о работе ҚР заңнамасы бойынша бағалы қағаздардың құқықтық реттелуі