ҚР заңнамасы бойынша бағалы қағаздардың құқықтық реттелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 08:15, курсовая работа

Краткое описание

Негізінен Құнды (бағалы) қағаз – экономиканың несие-қаржы саласының бөлінбес элементі болып табылып, тауарлы өнім қағидасына негізделеді.
Қазақстанда құнды (бағалы) қағаздар базарының пайда болуына, жеке меншік, жекешелендіру және мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлендіру және қоғамдық қатынастардың қайта құрылуын, мемлекеттік қаржыландыру саясатының түбегейлі өзгеруіне байланысты пайда болды. Қазіргі кезде кейбір салаларды қаржыландыруда бюджеттегі жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін мемлекет ақша белгілерін ауыстырмай-ақ, мемлекеттік қысқа мерзімдік вексельдер секілді мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асырады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................3

І-тарау. Бағалы қағаздардың жалпы сипаттамасы

Бағалы қағаздардың құқықтық таным тұрғысындағы түсінігі мен мәні ............................5
1.2 Бағалы қағаздарды классификациялау түрлері және олардың жіктелуі ...............................................
ІІ-тарау. ҚР заңнамасы бойынша бағалы қағаздардың құқықтық реттелуі
2.1. Бағалы қағаздарды реттейтін құқықтық нормалар және оларды жүзеге асыру тәсілдері ...................... 45
2.2. Қолданыстағы бағалы қағаздар нарығын реттеу ...............................................................48
2.3. Бағалы қағаздар заңнамасын жетілдіру мәселелері ................................................................................ 50




Қорытынды:......................................................................................55
Қолданылған әдебиеттер.................................................................58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бағалы.қағаздар.doc

— 320.50 Кб (Скачать документ)

М А З М Ұ Н  Ы

Кіріспе..................................................................................................3

 

І-тарау. Бағалы қағаздардың жалпы сипаттамасы

 

    1. Бағалы қағаздардың құқықтық таным тұрғысындағы түсінігі мен мәні ............................5

1.2 Бағалы қағаздарды классификациялау түрлері және олардың жіктелуі ...............................................

ІІ-тарау. ҚР заңнамасы бойынша бағалы қағаздардың құқықтық реттелуі

2.1. Бағалы қағаздарды реттейтін құқықтық нормалар және оларды жүзеге  асыру тәсілдері ...................... 45

2.2. Қолданыстағы бағалы қағаздар нарығын реттеу ...............................................................48

2.3. Бағалы қағаздар заңнамасын жетілдіру мәселелері ................................................................................ 50

 

 

 

 

 Қорытынды:......................................................................................55

Қолданылған әдебиеттер.................................................................58

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезенде ұлы географиялық жаңалықтардың ащылуымен байланысты сауданың аясы кеніді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат кезен игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық еомпаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Грудзон бүғазы компаниялармен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар бағалы қағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары күні бүгінге дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылуда. Англиядағы акционерлік компаниялар капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын.

XIX ғасырдың 60-жылдары тағы бір маңызды оқиға болды. Германияда  ауыр өнеркәсіпті дамытуға шығарылған бағалы қағаздармен делдалдық операцияларды жүргізуді универсалды инвестициялық банктер өз қолдарына алды.

Ресейге брокерлік бизнес осы Германиядан келді. "Маклер", ″биржа″,″акция″ деген ұғымдар осындай финанс инвестициясының тәжірибесімен бірге санаға енді.

Қоғамда құнды (бағалы) қағаздар базары, қаржы базарын құрайтын бірден-бір маңызды құрал. Қазіргі таңда Қазақстанда ол бизнес пен өндірісті дамытудың механизмін құрайды. Бизнес пен өндірістің маңыздылығы туралы мемлкетіміздің жүргізіп отырған саяси бағыттырының негізгісі болып табылады. Жалпы құрылымы бойынша құнды (бағалы) қағаздар салаға, яғни капитал базары және ақша базары болып өздерінің ерекше мақсатына қолданылып, заң нормалары бойынша өз міндеттерін атқарып келеді..

Біздің мемлекетіміз нарықтық экономикаға бет бұрғаннан кейін,   құнды қағаздар айналымының толық қанды қажеттілігі туындап, құнды (бағалы) қағаздардың әрекет ету нормативті базасын құру талабы мақсат етіп қойылған болатын.

Еліміз дамыған 50 өркениетті елдің құрамына кіру үшін, мемлекеттік көлемде, жеке бизнесті қалыптастырудағы азаматтардың ақуалын (жағдайын) жақсартудағы міндеттерді шешуге бағытталған инвестицияларды қамтитын, мол көлемдегі қаржыларды өндірісте пайдалану мақсатымен қоса жүйелендіру мүмкіндігін беретін, ерекше түрдегі мәнді құжаттар айналымы, құнды қағаздар базары құрылды. Осы құрылымдардың қазіргі таңда тиімді қызмет атқаруының негізінде мемлекетіміздің экономикасы жүйелі түрде дамып Ел басының жолдауының негізігі қағидаларын ұстанамыз..

Негізінен Құнды (бағалы) қағаз – экономиканың несие-қаржы саласының бөлінбес элементі болып табылып, тауарлы өнім қағидасына негізделеді.                                  

Қазақстанда құнды (бағалы) қағаздар базарының пайда болуына, жеке меншік, жекешелендіру және мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлендіру және қоғамдық қатынастардың қайта құрылуын, мемлекеттік қаржыландыру саясатының түбегейлі өзгеруіне байланысты пайда болды. Қазіргі кезде кейбір салаларды қаржыландыруда бюджеттегі жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін мемлекет ақша белгілерін ауыстырмай-ақ, мемлекеттік қысқа мерзімдік вексельдер секілді мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асырады.

Диплом жұмысында біз құнды (бағалы) қағаздардың құқықтық реттелуінің мынадай мәселелерін қарастырамыз:

-  Құнды (бағалы) қағаздардың түсініг мен мәні,тұңғыш элементтері, олардың  Қазақстан Республикасында пайда болуы;

-   Құнды (бағалы) қағаздардың артықшылық жақтары мен құқытық жағдайларын;

-  Құнды (бағалы) қағаздарға салыстыру, анализ және синтез қағидаларына сүйеніп, әр құжаттың даму мәні мен кемшіліктеріне, құқықтық салдарларын қарастыру;

- Құнды (бағалы) қағаздар нарығының құқықтық режимдері, яғни олардың саралау, айналымға түсу тәртібі және оларды қадағалаушы органдардың құқықтық жағдайы

-  Қазіргі таңдағы ұлттық заңнамалардағы құнды (бағалы) қағаздарға байланысты кейбір мәселелер;

І-тарау.Бағалы қағаздар түсінігі мен түрлері

1.1.Бағалы қағаздардың түсінігі мен мәні.

Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және Қазсқатан Республикаснының Азаматтық кодексінен, 2 шілде 2003 жылғы «Құнды қағаздар нарығы туралы» ҚР заныңан және басқа нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісім шарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.

Бағалы қағаздардың  түсінігі мен мәнін ашуда құжаттың бағалы қағаздар мәртебесіне ие болуы үшін қосымша сапаларын анықтау қажет.

Біріншіден бағалы қағаздар өз кезегінде меншік дәрежесі нысанындағы  мүліктік құқықты (корпорация акциялары, вексельдер, коносаменттер және т.б) немесе құжат иесі мен оны шығарушы тұлға арасындағы корпорациялармен мемлекет облигациялары, сертификаттары.

Екіншіден, бағалы қағаз  қорларды инвестициялау туралы куәландыратын  құжат ретінде қызмет етеді. Бұл әсіресе бағалы қағаздардың рөлі мен құқықтық мәнінтүсіне ұшін өте маңызды. Бұл жерде олар инвестицияның жоғары нысаны ретінде басты рөль атқарады.

Үшіншіден, бағалы қағаздар – бұл нақты активтерге (акцияларға, чектерге, коносаменттерге, тұрғын ұй сертификаттарына және т.б.) талаптар көрсетілген  құжаттар.

Төртіншіден, бағалы қағаздардың құқықтық мәнәі түсінудің манызды сәті – олардың табысәкелуі болып табылады.

Бағалы қағаздар – спецификалық тауар, барлық тауар сияқты тұтыну күны мен бағасы бар. Бағалы қакғаздардың тұтыну құнының мәні белгілі дәрежеде табыс келтіреді, яғни процент (облигациялар бойынша) және дивиден (акциялар бойынша) төқлегенде, сонымен қатар бағалы қағаздардың күн курсының өсуі нәтижесінде келетін табыстар.

Азаматтық құқықтық айналымдарында азаматтық құқық объектілерінің бірі – бағалы қағаз болып табылады. Айтар болсақ азаматтық Кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, олаға төментегіше түсініктер берілген:

а) бағалы қағаз – түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат. Мысалы: бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетті талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша бейнеленеді. Ал, міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгілеген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;

ә) бағалы қағаз оның иеленушісінің  мүліктік құқығын куәландырады;

б) бағалы қағаздағы құқықты  жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде  не бергенде ғана құқық іске асырылады. Айталық, бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берілетін адамға – индоссантқа немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс адам көрсетілмейді). Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды ндоссантқа бермей-ақ (сену индоссаменті) индоссаментке тапсырумен ғана шектелуі мүмкін. Бұл жағдайда индоссант өкілі ретінде әрекет жасайды (АК 132-бабы).

Азаматтық кодекс бағалы қағазды – құжат деумен бірге  оны зат деп те көрсетеді. Өйткені кез-келген құжаттың түп төркіні материалдық дүниеге қатысты келеді. Сондықтан да онда көрсетілген әріп таңбалары мен сандары, тасқа басылып қолмен жазылған жазбалары осы құжат туралы тиісті ақпарат береді. Сонымен бірге кез-келген құжаттың бағалы қағаз бола алмайтыны тағы бар, тек заңмен белгіленген шарттық белгілері сақталғаны бағалы қағаз құқығын алады.

Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік- құқықтық құжаттарында көрсетілген (оның атауы, сериясы, номері, өтініш жасау мерзімі, субъектінің қағаз бойынша көрсетілген міндеті, номиналдық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау (пайыздар), қағаз бойынша орындалу орны және басқа заттар)) талаптар болып табылады. Мұндай талаптар түгелдей сақталмаса, яғни бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанына сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады (АК-тің 131-бабының 2-тармағы).

Бағалы қағаздар зат  ретінде бірнеше түрге бөлінеді, әрі иеленушісінің талап-мүддесіне сәйкес бланк, қағаз парақшасы түрінде кездеседі. Бағалы қағаздың құны тиісті материалдық игіліктің құнына негізделеді.

Азаматтық кодекстің 130-бабы мүліктік құқықтар куәландыратын мазмұнына  қарап бағалы қағаздарды облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа да құжаттар деп негізгі түрлерге бөледі. Кодекстің 130-бабының 2-тармағына сәйкес, бағалы қағаздар іштей ұсынбалы, атаулы және ордерлік болып жіктеледі. Ұсынбалы бағалы қағаздар құжаттың түп нұсқасы болады, ал түп нұсқаны ұсынушы келесі тұлғаға көрсеткен сәтте өзінің өкілеттілігін жүзеге асырады. Демек ұсынбалы бағалы қағаздар онда көрсетілген мерзімде нақты құнымен басқа мүліктік балама алуға құқық береді. Бағалы қағаздың мәтінінде оны ұсынушы үшін нақты тұлғаның есімі көрсетілмейді, тек бұл құжаттың бағалы қағаз екендігі ғана айқындалады (мысалы, облигация).

Ордерлік бағалы қағаз  да құжат болып табылады, ол бойынша  міндетті субъект құжат мәтінінде  көрсетілген тұлғаға міндеттенген нәрсені орындауды ұсынады, немесе өзі де белгіленген ереже бойынша құжат мәтінінде көрсетіледі. Ордерлік бағалы қағаз құқықтық субъектісі болып табылатын белгілі бір тұлғаға беріледі.

Сонымен бір мезгілде мүліктік құқықты айналым қабілеттілігін жақсарту мақсатында ордерлік қағаздар үшін оны тапсырудың ерекше механизмі жасалған. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағаз берілген жазу индоссамент арқылы беріледі. Борышқор бұл талапты міндетті түрде сақтауы тиіс. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқық берілетін адам (индоссант) құқықтың болуы үшін ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшін де жауапты болады. Индоссамент құжатта (әдетте сыртқы бетінде) жазылады және оның екі түрі болады, яғни бірінде иесі аталып, құқық мирасқорының аты жазылады, ал екіншісі әлгі айтқандай, бланктік болады, онда бағалы қағаздың тапсырылғаны туралы жазылады, бірақ құжаттың жаңа иесінің аты көрсетілмейді./1/

Бағалы қағаздың ордерлік түрін иеленуші индоссамент бланкісімен  қоса құжатты берерде бағалы қағазды  ұсынушыға тапсыру тәсілін таңдап, бағалы қағазды табыстауға, бағалы қағазды басқа адамға атаулы индоссамент бойынша тапсыруға және индоссаментке өзінің атын жазуға құқылы болады.

Бланктік индоссаментке  қандай да бір атауды енгізушімен  бағалы қағаздарды ұсынушыға беру тәсілі құжатты тапсырғанға дейін жүзеге асырылады.

Бағалы қағазды тапсыру  кезінде жазылатын жазулар ретімен  жазылады. Ал, мүліктік құқықты тапсыруда  ордерлік бағалы қағаз қолданылады. Құжаттың иесі құжаттың түп нұсқасындағы міндеттерді орындау үшін ұсынарда индоссаменттердің реті бұзылып кетсе, одан бас тартуға құқылы. Бұл реттердің үзілмеуі таза формальдық белгілермен айқындалады, аталған индоссамент бойынша берілетін құжаттың атымен қатар бағалы қағазда қабылдаушының да аты жазылады.

Ордерлік бағалы қағаз  жоғалып кетсе, оған оны ұстаушының өзі жауап береді./2/

Ордерлік қағаздың иесі айырылып қалған құжаты кімнің қолында  екенін білсе, құжатты қайтаруға  виндикациялық талап қоюға құқылы. Егер кейінгі индоссамент бланктік болса, жоғалған құжатқа құқық меншігін дәлелдеу іс жүзінде мүмкін болмайды. Мұндай қағазды жоғалтқанда оның орындалуына да үміт аз. Ал ордер қағазы жойылып кетсе, онда құжаттың балама данасын беруге болмайды.

Атаулы бағалы қағаз  – мүліктік сипаты бар құжат, оның иесі кім екендігі құжаттың мәтінінде көрсетіледі. Яғни атаулы бағалы қағаз бойынша құқықты талап ету сонда көрсетілген адамға ғана тиесілі болады.

Азаматтық кодекстің 130-бабында  бағалы қағаздардың әр түрінің белгілерін қамтитын бағалы қағазды шығару көзделген. Оған мысал ретінде атаулы түрін ұстаушының жүргізуін талап ететін “Бағалы қағаздар рыногы туралы” Заңының нормасынан көруге болады.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды топтастыру мемлекеттік және мемлекеттік  емес болып бөлінетін болғандықтан оның заңдық маңызы болады. “Бюджет  жүйесі туралы” және “Мемлекеттің кепілімен қарыз алу және мемлекеттік борыш туралы” Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, мемлекеттік бағалы қағаздарды мемлекеттің шеттен алуына орай ішкі және сыртқы инвесторларда шығарылады (олар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың заңды және жеке тұлғалары болып табылады). Оны шеттен алу Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Ұлттық Банк арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару негізінен алғанда республикалық бюджеттің жетіспеуіне байланысты. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарды әлемдік нарыққа сәйкес шығарады (евро, облигациялар) сондай-ақ Қазақстан аумағында қазыналық міндеттемелерде және қазыналық облигацияда жүреді.

Информация о работе ҚР заңнамасы бойынша бағалы қағаздардың құқықтық реттелуі