Кешенді кәсіпкерлік лицензия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 20:21, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Кешенді кәсіпорындарды сатып алу және сату шартарының мазмұнын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті:
- кешенді кәсіпкерлікті сату және сатып алу шарттының тараптарын талдау,
- кешенді кәсіпкерлік шарты бойынша жауапкершілік мәнін зерттеу
- кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын өзгерту және тоқтату.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І.КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ
1.1Кешенді кәсіпкерлік лицензияның түсінігі (франчайзинг)............................5
1.2Кешенді кәсіпкерлікті сату және сатып алу шарттының тараптары
1.3Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының шектеу талаптары.......................8
ІІ.КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Кешенді кәсіпкерлік шартының мәні............................................................14
2.2Кешенді кәсіпкерлік шарты бойынша жауапкершілік..................................21
2.3Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын өзгерту және тоқтату.....................24
Қорытынды.............................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................27

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 147.00 Кб (Скачать документ)

Заңнама мәнісі бойынша  лицензиаттың (жеке немесе заңды тұлға) құқық субъектілігін тоқтату кешенді кәсіпкерлік лицен зия шартын тоқтатуға алып келеді[14.86б.].

2.3 Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын өзгерту және тоқтату

 

Франчайзинг шартына  АК-тің 24-тарауындағы шартты өзгерту мен бұзудың жалпы негіздері мен тәртібі қолданылады. Жалпы қағида бойынша,шарт тараптардың келісуімен өзгертілуі және бұзылуы мүмкін.Бірақ АК-те,басқа да заң құжаттары мен шартта өзгеше көзделген реттерде бұл ереже қолданылмайды.

Сонымен бірге тараптардың  біреуінің талабы бойнша шарт:а)екінші тарап шартты едәуір бұзған кезде;б)АК-те,басқа да заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге реттерде тек сот шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.Заң шығарушы франчайзинг шартына қатысты шартты едәуір бұзу жағдайларын көздемейді.Тараптардың біреуі шартты бұзып,ол екінші тарап шарт жасасу кезінде үміт артуға құқылы болғанынан едәуір дәрежеде айырылып қалатындай шығынға әкеп соқса,бұл шарттың едәуір дәрежеде бұзылуы деп танылады.Мұндай едәуір бұзушылықтарға лицензиаттың лицензиарға айрықша құқықтар кешенін пайдаланғаны үшін сыйақыны бірнеше рет қатарынан төлемеуін,лицензиардың лицензиатқа айрықша құқықтарды жүзеге асыру мәселелері бойынша консультацияларды бермеуін және т.б. жағдайларды жатқызуға болады[15.315б.].

Франчайзинг шартын өзгерту  мен бұзудың арнайы ережелері:

Біріншіден, шарт лицензиардың өзінің фирмалық атауын өзгертуіне байланысты өзгеруі немесе бұзылуы мүмкін.Фирмалық атауды пайдалану құқығы франчайзинг шарты нысанының міндетті элементі болып табылатындықтан,оны жаңа атаумен ауыстыру лицензиат үшін тиімсіз болуы мүмкін.Сондықтан лицензиар өзінің фирмалық атауын өзгерткен жағдайда кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты сақталады,егер лицензиат шартты бұзуды және залалды өтеуді талап етпесе,лицензиардың жаңа фирмалық атауына қатысты қолданыла береді.Шарттың қолданылуы сақталған жағдайда лицензиат лицензиарға тиесілі сыйақыны мөлшеріне қарай азайтуды талап етуге құқылы[16.64б.].

Екіншіден, лицензиардың пайдалануға берілген бір немесе бірнеше құқықтарын өзгертуі де франчайзинг шартын өзгертудің немесе бұзудың негізі бола алады.Мұнда айрықша құқықты өзгертуді оны жаңасымен ауыстыру деп түсінген дұрыс.                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         ҚОРЫТЫНДЫ

 

Осы курстық жұмысты  қортындылай келе біздің заңнамада "кешенді кәсіпкерлік лицензия" термині қолданылған, ол құқықтық қатынастардың осы тобын ажырату үшін заң шығарушылармен шартты түрде пайдаланылған. Бірақ әлемнің көптеген елдерінде франчайзинг термині пайдаланылатын болғандықтан, қазақстандық заң шығарушылар бұл терминді аталған бап атауындағы жақшаның ішінде атап өтіп, Қазақстан Республикасында кешенді кәсіпкерлік лицензия деп франчайзинг аталатындығын көрсетті. Осылайша әлемдік заңнамамен белгілі бір үндестік жасалады. Сонымен бірге баптардың мәтінінде біздің заңнамаға белгілі терминология пайдаланылады. Осындай жолмен заң шығарушылар отандық құқықтық терминологияның дәстүрлерін сақтап қалды. Ресей Федерациясының заңнамасында бұл тенденция РФ АК-де айқын көрініс тапқан, дәл сондай құқықтық институт коммерциялық концессия шарты деген атауға ие.

Құқықтық классификация  тұрғысынан алып қарағанда қазақстандық заңнамада франчайзинг шарты  мен кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты синонимдер бола отырып, АК-ң 966-бабының мағынасы бойынша лицензиялық шарттың бір түрі болып табылады.

Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты АК-те, дәл сол атаумен, 45-тарау 896-909-баптардың нормаларымен реттелген.

Кешенді кәсіпкерлік  лицензия шарты бойынша бір тарап (кешенді лицензиялар) екінші тарапқа (кешенді лицензиатқа) сыйақыға айрықша  құқықтар кешенін (лицензиялық кешен), соның ішінде лицензиардың фирмалық атауын және қорғалатын коммерциялық ақпаратты пайдалану құқығын, сондай-ақ лицензиаттың кәсіпкерлік қызметінде пайдалану үшін шартта көзделген айрықша құқықтардың басқа да объектілерін (тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, патент және т.б.) беруге міндеттенеді.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒА  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Төлеуғалиев Ғазиз Бирагимұлы Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы; жоғары оқу орындарына арналған академиялық курс І том. Алматы «Жеті жарғы» 2001 ж.-298б.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің ресми мәтіні (Жалпы және Ерекше бөлімдері)-2004ж.-459б.
  3. Ынтымақов С.А. Азаматтық Практикум. Жалпы және Ерекше бөлім: Заң әдебиеті - 2004ж.-315б.
  4. Ғ.А. Жайлин Қазақстан Республикасының «Азаматтық құқығы» Ерекше бөлім. ІІ том. Алматы 2003 ж.-328б.
  5. ҚР «Лицензиялау туралы»1995ж.17 сәуірдегі Заңы.
  6. ҚР«Тауар таңбалары,қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы»1999ж.26 шілдедегі Заңы.
  7. ҚР «Кешенді кәсіпкерлік лицензия(франчайзинг)туралы»2002ж.24 маусымдағы Заңы.
  8. ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы»1997ж.8желтоқсанындағы Заңы.
  9. ҚР 1999ж. 16 шілдедегі Патент заңы.
  10. ҚР 1999ж.13 шілдедегі Азаматтық іс жүргізу кодексі.
  11. КСРО мен республикалар азаматтық заңнамасы негіздері 1991ж.
  12. Гражданский кодекс РК толкование и комментирование.Общ.ч.1997ж.
  13. Гражданский кодекс РФ.Часть вторая.Текст,комментарии.1996ж.
  14. Жайлин Г.Безвозмездное пользование имуществом.Мир закона.2001ж.-325б.
  15. Климкин С.Договор франчайзинга в Гражданском кодексе РК.Гражданское законодательство.Статьи.Комментарии.2005ж.315б.
  16. Куделина Е.А. Предмет договора коммерческой концессии с позиции теории имущественного комплекса как осоього объекта гражданских прав. «Черные дыры»в российком законодательстве.2004ж.-364б.




Информация о работе Кешенді кәсіпкерлік лицензия