Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 20:21, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: Кешенді кәсіпорындарды сатып алу және сату шартарының мазмұнын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті:
- кешенді кәсіпкерлікті сату және сатып алу шарттының тараптарын талдау,
- кешенді кәсіпкерлік шарты бойынша жауапкершілік мәнін зерттеу
- кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын өзгерту және тоқтату.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І.КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ
1.1Кешенді кәсіпкерлік лицензияның түсінігі (франчайзинг)............................5
1.2Кешенді кәсіпкерлікті сату және сатып алу шарттының тараптары
1.3Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының шектеу талаптары.......................8
ІІ.КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Кешенді кәсіпкерлік шартының мәні............................................................14
2.2Кешенді кәсіпкерлік шарты бойынша жауапкершілік..................................21
2.3Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын өзгерту және тоқтату.....................24
Қорытынды.............................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................27
Заңнамада кешен деген үғым қолданылғанымен, оның франчайзинг қатынастарына қатысты түсінігі басқаша болып табылатындығын атап өткен жөн. Құқықтар кешенінің бөлінбейтіндігі туралы талап жоқ. Тараптар лицензиялық құқықтардың өздерінің көңілдерінен шығатын "пакеттерін" өз беттерінше құрастыра алады. Оның барлығы тараптардың (ең алдымен кешенді лицензиаттың) іс жүзіндегі қажеттіліктеріне, кешенді лицензиаттың төлем қабілеттілігіне байланысты.
Кәсіпорындарды иеліктен айыру мен байланысты мәмілелерге қарағанда франчайзинг кезінде материалдық ресурстарды беру орын алмайды, материалдық емес мүліктік ресурстарды беру орын алады, бұған конверциялық кешенді кәсіпкерлік лицензияны беру жағдайы жатпайды. Бұл лицензиялық кешендерді беру актісін іс жүзінде шектеусіз "тираждауға"мүмкіндік береді. Шектеулер тек бастапқы кезде бекітілген франчизм келісімдерінің талаптарымен және нарықтағы осы тауар түріне деген сұраныспен белгіленетін болады.
Осы айтылғанға сүйене отырып, біз кещенді кәсіпкерлік лицензия шартының пәні болып айрықша текті тауар (денесіз заттар немесе басқаша айтқанда мүліктік құқықтар) табылады деп айта аламыз. Осы мүліктік құқықтардың басқаларынан ерекшелігі — олар оның иесіне кейіннен кімнен болса да қандай да бір ақшаны немесе заттарды беруді талап етуге мүмкіндік бермейді. Олар өз алдына жеке бір құндылық болып табылады.
Азаматтық айналым қатысушыларын, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді дараландыру қүралдарынан басқа лицензиалық кешен қүрамына шығармашылық интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне деген құқықтар кіруі мүмкін. Лицензиялық кешеннің мүндай құрамдас бөліктері әдетте франчайзингті өндірістік аялар үшін пайдалану кезінде қажетті болып табылады. Өндіріс салаларына қарай интеллектуалдык шығармашылық қызмет нәтижелеріне деген берілетін құқықтар түрленетін болады. Мысалы, ауыл шаруашылық өндіріс аясындағы франчайзинг селекциялық жетістіктерге деген құқықтарды, компьютерлерді өндіру жөніндегі технологияларды, интегралды микросхемалардың топологияларына деген құқықтарды және т.б.беруге себепші болады[4.156б.].
ҚР АК 896-бабының 2-т. сәйкес лицензиялық кешенмен қатар кәсіпкердің (лицензиардың) іскерлік беделі мен коммерциялық тәжірибесі сияқты интеллектуалдық меншік сипатына ие емес игіліктерді беру мүмкіндігі көзделеді. Кешенді кәсіпкерлік лицензия пәнінің аясы берілуге жатпайтын игіліктер мен және әрекет етуші заңнамаға сәйкес оларға іскерлік бедел жатпайтын кәсіпкер құқықтарымен шектелуге тиіс.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын қолдану,яғни лицензия бойынша айрықша құқықтардың жекелеген түрлерін беру (оларды шарт пәніне енгізу) бойынша шектеулер заңды актілермен белгіленуі мүмкін. Мәселен, франчайзинг бойынша құпия түрде ойлап табылғандарға және т.б. мүліктік құқықтар беріле алмайды. Лицензиялық кешендерді беруге мүмкіндік бермейтін объективті фактор болып, лицензиялармен қатар шығармашылық интеллектуалдың қызмет нәтижелерінің құқық иелері болып табылатын субъектілердің мүдделеріне зиян келтіру мүмкіндігі табылады.
Осы айтылғанға сүйене отырып, бұл шарттың негізгі құқықтық мақсаты болып лицензиатқа тиісті лицензияны беру табылатындығын атап өткен жөн. Ол, сондай-ақ айрықша болып табылатындығына қарамастан, әрекет ету аясында белгілі бір аумақтар мен уақыт кезеңдерімен шектелуі мүмкін. Кешенді кәсіпкерлік лицензия белгілі бір қызмет аясына қатысты беріле алады, мысалы, лицензиарлардан алынған немесе пайдаланушымен өндірілген тауарларды сатуға ғана немесе лицензия лицензиатты өзге коммерциялық қызметті (жұмыстар атқаруға, қызмет көрсетуге) жүзеге асыруға уәкілдендіруі мүмкін. Лицензия, әрине, лицензиар жүзеге асыратын қызметтің барлық түрлеріне де беріле алады. Лицензияны беру лицензиатқа берілген құқықтарды жүзеге асырудың іс жүзіндегі мүмкіндігін беру қажеттілігін білдіреді.
1.3 Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының шектеу талаптары
Франчайзинг шарты бойынша лицензиат лицензиардың өндірістік-өтімдік жүйесінің бір тізбегі болғанымен,ол азаматтық айналым субъектісі ретінде өз дербестігін сақтап қалады және лицензиардың айрықша құқықтарын пайдалану арқылы жүзеге асыратын қызметіне қатысты сол лицензиардың өзіне бәсекелес болып шығуы әбден мүмкін.Дәл солай лицензиат та лицензиардың танымал фирмалық атауын пайдалану барысында өзіне бекітілген аумақта басқа кәсіпкерлермен,солардың ішінде лицензиардың өзімен бәсекеге түспей қызмет еткенді қалайды.Өзге кәсіпкерлермен және өз араларындағы бәсекені тежеу мақсатында франчайзинг шартының тараптары шектеу (эксклюзивтік) талаптары деп аталатын бірқатар міндеттемелерді шартқа енгізуі мүмкін.Бұл талаптар лицензиардың да,лицензиаттың да құқықтарын шектей алады.АК-те олардың саны төртеу және барлығы шартта көзделген реттерде ғана қолданылады.
Лицензиарға қатысты бір ғана шектеу шароты қолданыла алады,дәлірек айтсақ:лицензиатқа бекітілген аумақта қолдану үшін басқа ұқсас кешенді кәсіпкерлік лицензияларды бермеуі не осы аумақта тікелей дербес қызметті жүргізуден тартыну міндеттемесі.
Бұл шектеу шарты лицензиаттың
оған бекітлген аумақта
Біздің ойымызша,кешенді кәсіпкерлік лицензияларға қатысты қолданылатын «ұқсас» сөзінің мағынасын түсіндіу кезінде қарастырылып отырған міндеттеменің басты мақсаты – лицензиаттың маңайында бәсекені болдырмау шешуші роль атқаруы керек.Ендеше «ұқсас айрықша құқықтар кешенін» оны пайдалану лицензиатты оған бекітілген аумақта лицензиардың айрықша құқықтарын пайдаланумен бизнесті монополиялы түрде жүргізу құқығынан айыратын кешен деп түсінген дұрыс.
Лицензиаттың құқықтарына
Бірінші шектеу талабы –
Жарамсыз болып табылатын екі шектеу талабы:
а)лицензиардың лицензиат сататын тауардың бағасын немесе лицензиат орындайтын жұмыстардың бағасын анықтауға,не аталған бағаның жоғарғы немесе төменгі шегін белгілеуге құқығы болғанда;
б)лицензиаттың белгілі бір санаттағы сатып алушыларға ғана не шартта белгіленген аумақта ғана орналасқан жері бар ерекше сатып алушыларға тауарлар сатуға,жұмыстар орындауға немесе қызметтер көрсетуге құқығы болғанда жарамсыз деп табылады.
ІІ.КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
2.1Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының міндеттері
Франчайзинг шарты консенсуалды болғандықтан, қатысушылар арасындағы заңдық байланыс, олар шарттың елеулі талаптары бойынша келісімге келген сәттен бастап туындайды. Сондықтан лицензиар тиісті лицензиялық кешенді барлық құқықтарды шартпен көзделмеген мерзімдер мен көлемде беруге міндетті, ал лицензиат оларды өзіне беруді талап етуге құқылы. Сонымен бірге, франчайзингтің ерекшелігі қандай да бір мүлікті физикалық түрде (яғни қолдан қолға) беру орын алмайтындығында, өйткені ол материалдық емес. Лицензиар жоғарыда аталған мақсаттарда лицензиатқа құқықтарды жүзеге асыру мүмкіндігін беру үшін лицензиар белгілі бір ақпартты беруге міндеттелетін болады.
Кешенді лицензиар лицензиатты оған берілген құқықтарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша оқытуға және оған кеңес беруге міндетті. Сонымен қатар кешенді лицензиар лицензиаттан алынған құпия коммерциялық ақпаратты жария етпеуге міндетті.
Шартта лицензиардың басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының "кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы" Заңның 14-бабына сәйкес кешенді лицензиар мынадай құқықтарға ие.
1.Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша лицензиатпен шығарылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сапасын бақылау;
2.Лицензиат өз кәсіпорнын (кәсіпорындағы өз үлесін) иеліктен айырған кезде оны басымды түрде сатып алу;
З.Үшінші тұлғалар алдында лицензиатқа қатысты кепіл болу үшін немесе кепілші болу;
4.Кешенді лицензиатпен өзге де шарттар бекіту, атап айтқанда оған қатысты лицензия беруші болу;
5.Кешенді лицензиат өз міндеттерін орындамаған кезде кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын біржақты тәртіпте бұзу және одан келтірілген залалдарды өндіру, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша берілген айрықша құқықтар кешенін беруге бағытталған әрекеттерді жүзеге асырмау. Заңнамамен немесе кешенді кәсіпкерлік лицензия шартымен кешенді лицен-зиардың өзге де құқықтары көзделуі мүмкін[6.5б.].
Жоғарыда айтылғаннан туындайтындай, франчайзинг шартының алдына қойған міндеттерінің бірі болып лицензиялық кешен бойынша лицензиатпен құқықтарды жүзеге асыруда нақты шектеулерді белгілеу табылады. Оны шешкен кезде франчайзинг екі тараптың да қызығушылығын тудырады. Лицензиар жаңа орында өндірісті, игерілген технология бойынша болса да, шексіз қалпына келтіру қажеттілігімен әр түрлі мемлекеттердің билік басындағылармен тиісті формальдылықты жөнге келтіру т.с.с. босатылады. Сонымен бірге ол өзінің интеллектуалдық меншігін, бизнесті жүргізу тәсілдерін және тіпті басқа тұлғалармен іскерлік беделді пайдалануды лицензиялау арқылы елеулі көлемде табыс ала алады.
Лицензиат шығындарды көтереді,
бірақ ол оларды тезірек және кепілді
түрде қайтару мүмкіндігін
Кешенді кәсіпкерлік лицензия институтының нормалары лицензиялардың ғана емес, сондай-ақ лицензиаттың да құқықтары мен мүдделерінің кепілдіктерін қамтиды., Олар енді оның контрагентті лицензиялар үшін шектеу талаптарынан көрініс табады. Шектеу талаптарының мазмұнынан лицензиялардың тиісті міндеттері мен лицензиаттың талаптану құқығы шығарылатын болады.
Мүмкін болатын шектеу талаптарының мәнісі (олар негізінен АК 900-бабында көрсетілген) мынада: франчайзинг шарты бойынша лицензиялық кешенді бергеніне қарамастан, лицензиялар бәрібір өзінің кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылатын интеллектуалды меншіктің сол бір немесе өзге объектілеріне деген үлкен көлемді құқықтардың иесі болып қала береді.
Кешенді лицензия бойынша
құқықтардың белгілі бір көлемі
Заңнама мәнісінен туындайтындай лицензиар құқықтарының толықтығы туралы болжам негізгі болып табылады. Оған соңғысы жекелеген құқықтарын тікелей жоққа шығарылатын жағдайлар ғана күмән келтіре алады[7.5б.].
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартымен тікелей көзделгенде, лицензиарға, лицензиатқа бекітілген аумақта қолдану үшін басқа ұқсас кешенді кәсіпкерлік лицензияларды бермеу не осы аумақта тікелей дербес қызметті жүргізуден тартыну міндеті жүктеледі.
Заңнамада шектеу талаптарын лицензиат үшін де белгілеу мүмкіндігі көзделген. Оларға мыналар жатады:
а) лицензиаттық кешенді
кәсіпкерлік лицензияны пайдалану
аумағында лицензиат
б) лицензиардың бәсекелестерінен (әлеуетті бәсекелестерінен) басқа да кешенді кәсіпкерлік лицензияларды алудан лицензиаттың бас тартуы. Бұл жағдайда пәні бойынша ұқсас (құқықтар жиынтығы бойынша ұқсас) лицензиялық кешені бар лицензияларды алудан бас тартуы көзделеді;
в) шарт бойынша берілген айрықша құқықтарды жүзеге асыру кезівде пайдаланылатын үй-жайдың орналасқан жерін, сондай-ақ оның сырты мен ішін безендіруді лицензиаттың лицензиармен келісу міндеттемесі көзделуі мүмкін[8.6б.].
Жоғарыда лицензиаттың қызметіне лицензиардың қатал бақылау мен бақылау бойынша белгілі бір әрекеттер (лицензиаттың қызметін заңсыз шектеу) жасау мүмкіндігі туралы айтылғанына қарамастан лицензиатқа кешенді кәсшкерлік лицензия талаптарымен көзделген келесі шектеу міндеттемелері жарамсыз болады:
1) лицензиат сататын тауардың бағасы немесе лицензиат орындайтын (көрсететін) жұмыстардың (қызметтердің) бағасы, не аталған бағаның жоғарғы немесе төменгі шегі лицензиармен белгіленетіндігі туралы талап;
2) лицензиат белгілі бір санаттағы сатып алушыларға (тапсырыс берушілерге) ғана не шартта белгіленген аумақта ғана орналасқан жері бар (тұратын орны) ерекше сатып алушыларға (тапсырыс берушілерге) тауарлар сатуға, жұмыстар орындауға немесе қызметтер көрсетуге құқылы болатын талап.