Кешенді кәсіпкерлік лицензия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 20:21, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Кешенді кәсіпорындарды сатып алу және сату шартарының мазмұнын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті:
- кешенді кәсіпкерлікті сату және сатып алу шарттының тараптарын талдау,
- кешенді кәсіпкерлік шарты бойынша жауапкершілік мәнін зерттеу
- кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын өзгерту және тоқтату.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І.КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ
1.1Кешенді кәсіпкерлік лицензияның түсінігі (франчайзинг)............................5
1.2Кешенді кәсіпкерлікті сату және сатып алу шарттының тараптары
1.3Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының шектеу талаптары.......................8
ІІ.КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Кешенді кәсіпкерлік шартының мәні............................................................14
2.2Кешенді кәсіпкерлік шарты бойынша жауапкершілік..................................21
2.3Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын өзгерту және тоқтату.....................24
Қорытынды.............................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................27

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 147.00 Кб (Скачать документ)

Шарт бойынша құқықтар берілгеннен кейін лицензиат лицензиялық құқықтарды шарт талаптарына, заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыруға тиіс.

Франчайзингтік қатынастардың  тұрақтануы мен тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтау да және шарт бойынша басқа да мәселелерді шешу кезінде, сондай-ақ іскерлік айналым дағдыларын да қолдану жоққа шығарылмайды. Жалпы кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты оны орындау басталғаннан кейін (одан талап етілетін іс-әрекеттерді лицензиармен жасау) лицензиат міндеттерінің басым болуымен сипатталады.

Егер шартта өзгеше көзделмесе лицензиат:

- лицензияларды өзінің  өндірістік аумағына жіберуге, оған қажетті құжаттаманы беруге, яғни лицензиарға өнімнің шығу көлеміне оның таралу (сатылу) аумағына және т.б. бақылау жасауға мүмкіндік беретін қүжаттарды беруге[9.6б.].

- берілген айрықша құқықтардың дұрыс пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға көмек көрсетуге, яғни лицензиаттық кәсіпорнында жүргізілген тексеріс нәтижелерінің шынайылығы үшін лицензияларға өзінің тауарлық белгісін пайдаланумен сатылып кеткен өнімнің сапасын қосымша тексеру, оның қосымша саны лицензиатпен жасырын түрде шығарылатын-шығарылмайтындығын және тағы басқа анықтау талап етіледі;

- лицензиялардың пайдалануға берілген айрықша құқықтардың сипатына, пайдалану әдісімен шарттарына қатысты барлық нұсқаулықтары мен нұсқауларын сақтауға;

- лицензиялардың өндіріс  құпиясын және одан алынған коммерциялық жасырын ақпаратты жария етуге;

- сатып алушыларды (тапсырыс берушілерді) олар үшін мейлінше айқын әдіспен фирмалық атауын тауар белгісін, қызмет белгісін немесе даралаудың өзге де құралын кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты негізінде пайдаланылатындығы туралы хабардар етуге міндетті. Бұл лицензиармен лицензиаттың өзара қарым-қатынасы олардың ішкі мәселесі болып табылатындығымен байланысты. Лицензиар сенім білдіріп немесе ойланбастан кешенді кәсіпкерлік лицензияны лицензиатқа бергендігі, оларды лицензия бойынша өндірілген тауарлардың, атқарылған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сапасы төмендеді деп жаңылыстыру салдарынан, тұтынушылардың құқықтарын бұзбауға тиіс. Лицензиаттың аталған міндеті тауарлар, жұмыстар (қызметтер) тұтынушыларының олар туралы жан-жақты және сенімді ақпарат алуға деген құқықтарымен байланысты.

Лицензиат шарт талаптарына сәйкес сыйақы төлеуге міндетті.

Көмекші міндеттемелер нысанында құрылатын қосалқы франчиздік қатынастардың пайда болуы әбден мүмкін. Онда лицензиаиттың өзі қосалқы лицензиатқа қатысты лицензиар ретінде табылады.

Бұл кешенді кәсіпкерлік  лицензия шартында лицензиатқа берілген барлық немесе жекелеген айрықша құқықтарды басқа тұлғаларға пайдалануға рүқсат ету құқығы лицензиармен келісілген немесе шартта белгіленген жағдайларда көзделуі мүмкін. Негізгі шарт бойынша сыйақы, кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензияға қатысты барлық талаптар атап айтқанда, қосалқы лицензия негізінде өндірілетін өнімнің сапасы оны сатып алу және т.б. реттелуге тиіс. Лицензиат үшін қосалқы лицензияның кімге берілетіндігі маңызды болады[10.76б.]..

Кейбір жағдайларда  кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының өзінде белгілі бір уақыт кезеңі ішінде пайдалану аумағы көрсетіліп немесе көрсетілмей, лицензиаттың белгілі бір мөлшерде қосалқы лицензия беру міндеті қамтылуы мүмкін. Мұндай міндетті белгілеу лицензиардың мүддесімен байланысты болуы мүмкін. Өйткені,ол оны шартта белгілей отырып, сыйақы бағасында оған қосалқы лицензияны сатудан түсетін сома лицензиатпен ескерілетін болғандықтан, лицензияны сатудан мүмкіндігінше көп пайда табу мақсатын көздейді[11.91б.].

Қосалқы лицензиялық  франчиздік келісімнің көмекшілік сипаты АК-ң бірқатар нормаларынан көрініс табады. Атап айтқанда, кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шарты лицензиармен лицензиаттың негізгі шартынан неғұрлым мерзімге бекітуге болмайды. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының тоқтатылуы осыған сәйкес жасалған барлық кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шартын тоқтатады. Егер заң актілерінде көзделген негіздер бойынша негізгі шарт жарамсыз деп танылса, осыған сәйкес жасалған кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шарттары да жарамсыз деп танылады.

Кешенді кәсіпкерлік  лицензия шарты құқықтардың нақты анықталған көлемімен сипатталады. Бұл оны бөтеннің мүлкін пайдалану көзделетін, мысалы, мүлікті жалға алу шартынан басқа да шарттардан ерекшелендіреді. Онда мүлікті пайдалану кезінен тек жалпы категориялармен, мерзіммен, мүлікті мақсатына сай пайдалану талабымен және өте сирек жағдайда пайдалану көлемінен ғана анықталады. Сол себептен жалға алу шартының негізінде көмекші шартты бекіту осындай шартты франчайзинг шартының негізінде бекітуден елеулі түрде ерекшеленеді. Бірінші жағдайда қосалқы жалға алушының құқықтары белгілі бір өзіндік мазмұнға ие болады. Екінші жағдайда олар іс жүзінде арифметикалық түрде бірінші лицензиат құқықтарынан алынады. Осыған орай АК-ң 904-бабының нормасы да көзделген. Оның әрекеті қосалқы лицензиат өзіне берілген құқықтарды жүзеге асырмаған жағдайларға арналған. Егер кешенді кәсіпкерлік лицензия шартында өзгеше көзделмесе, ол мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде, кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шарты бойынша лицензиаттың құқықтары мен міндеттері осы жағдайда негізгі шарт бойынша лицензиат ретінде шығатын лицензиарға ауысады.

Шарт тоқтатылғаннан кейін лицензиат, егер оларды өзінде қалдыру көзделмеген болса, лицензиарға  тиісті қүжаттаманы қайтаруға тиіс. Шартпен егер ол болса, лицензиатпен өндірілген артық өнімнің тағдыры туралы мәселе шешілуі мумкін. Осыған ұқсас басқа да мәселелер шешілетін болады. Мысалы, егер лицензиат өзіне байланысты емес себептер бойынша, алдын ала көзделгенге қарағанда құқықтардың аз көлемін жүзеге асырса,тиесілі сыйақының белгілі бір бөлігін ұстап қалу, төленген сомаларды қайтару және т.с.с. лицензиаттың пайдасына өтемақы беру механизмін көздеу қажет.

Кешенді лицензиат кешенді лицензиармен негізгі франчайзинг шартынан басқа өзге де шарттар бекітуге құқылы. Заңнама мен немесе шартпен кешенді лицензиаттың өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.

Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты өзінің әрекет етуін, лицензиат өзіне берілген құқықтарды жүзеге асыратын бүкіл кезеңге сақтап қалады. Сол бір немесе өзге себептер бойынша (мысалы, қайта құрылу) лицензиар өзінің фирмалық атауын өзгерткен жағдайда да шарт өз күшінде сақталады. Бұл орайда лицензиялық кешеннің құрамында берілген ескі фирмалық атауды жаңа фирмалық атауға ауыстыру жүзеге асады. Лицензиаттың еркі бойынша ол шартты бұзуды талап ете алады. Шарт күші сақталған жағдайда лицензиат лицензиарға тиесілі сыйақының тиісінше азайтылуы талап етуге құқылы[12.11б.].

Осыған ұқсас норма лицензиялық кешен құрамындағы бір немесе бірнеше құқықтарды өзгерту жағдайлары үшін көзделген. Бұл мысалға патенттің әрекет ету мерзімінің өтіп кетуі салдарынан өнертапқыштыққа деген құқықтың заң бойынша қорғалуы тоқтатылған жағдайларда орын алуы мүмкін. Лицензиар бұл уақытта ескі өнертапқыштықтың орнын толтыра алатын жаңа өнертапқыштықты пайдалану құқығына ие болуы мүмкін және т.б. заңнама мәнісінен туъндайтындай, ең бастысы лицензиялық кешен элементтерінің (құқықтарының) негізгі бөлігі өзгермесе болды. Сондай-ақ ауыстыру нәтижесінде үлкен пайда әкелетін интеллектуалдық меншік объектісіне деген құқыққа ие болған лицензиат бұл үшін сыйақыны үлкен мөлшерде төлеуге міндетті емес. Керісінше, егер интеллектуалдық меншіктің жаңа объектілерін пайдалану тиімділігі төмен болса, лицензия кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты өз күшінде сақталған кезде, лицензиарға тиесілі сыйақы мөлшерін сәйкесінше азайтуды талап етуге құқылы. Лицензиялық кешен құрамында бір немесе бірнеше құқықтар өзгертілген кезде шарт күшін сақтап қалуға мүдделі емес лицензиат оны бүзуға құқылы.

Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының қолданылу мерзімінде шарт бойынша пайдалануға берілген кешенге кіретін қандай да бір айрықша құқықтың қолданылу мерзімі өтіп кеткенде не мұндай құқық өзге де негіз бойынша тоқтатылғанда шарт сақталады. Ал егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат лицензиарға тиісті сыйақыны мөлшеріне қарай азайтуды талап етуге құқылы.

2.2 Кешенді кәсіпкерлік шарты бойынша жауапкершілік

Франчайзинг шарты бойынша жауапкершілік жағдайларына оның кәсіпкерлік сипаты әсер ететіні сөзсіз. Талаптардың әрқайсысы шартты орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершіліктен егер олардың өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісті түрде орындамауы бой алдырмайтын күш жағдайларының әрекет ету салдарынан орын алуын дәлелдесе босатылуға тиіс.

Лицензиар тарапынан  құқық бұзушылықтар одан талап етілетін қүжаттаманы ақпаратты бермеген көрініс табуы мүмкін. Бүған қоса лицензиар егер лицензиат үшін негізсіз шектеулер белгілесе оны фирмалық атаудың беделділігі, интеллектуалдық меншіктің сол бір немесе өзге объектілерінің қүндылығы туралы жаңылыстырылса және осымен оған зиян келтірсе, жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Егер лицензиат шартты лицензиардың фирмалық атауын өзгерту немесе лицензиялық кешеннің құра-мына кіретін бір немесе бірнеше құқықтарды өзгерту салдарынан бұзса, онда лицензиар лицензиатқа келтірілген залалдарды өтеуге міндетті (ҚР АК-ң 905,906-баптар). Лицензиардың лицензиат алдындағы жауапкершілігінің басқа да жағдайлары жоққа шығарылмайды.

Франчайзинг шарты бойынша  лицензиат алдында лицензиар  жауапкершілігінің туындауы ықтималдырақ болып табылады. Лицензиат лицензиардың барлық негізделген нүсқауларын ұстануға тиіс. Егер кешенді кәсіпкерлік лицензия талаптарынан ауытқуларға жол берілсе, лицензиялардың құқықтары мен мүддесі бүзылса, зиян келтірілсе, онда лицензиат толық көлемде соның ішінде лицензиардың барлық залалдары үшін жауапты болады. Бұған қоса сапасыз өнімді шығаруға және оны сатып алушыларға сатуға берген лицензиат  лицензиардың іскерлік беделін түсіргені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін[13.23б.].

Жауапкершілік мәселесіндегі  тағы бір аспект шарт бойынша көзделетін жауапкершіліктің өзіне емес, ал лицензиялық кешенге кіретін құқықтарды пайдалану салдарынан зиян келтірілгендегі үшінші түлғалар алдындағы жауапкершілікке қатысты.Заңнама құқықтардың лицензиарға тиесілі екендігін, лицензиатты таңдағаны және оған көрсетілген сенім үшін оның жанама жауапкершілігін ескереді. Осы айтылғанға орай, АК-ң 901-бабына сәйкес лицензиар кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша сатылатын (орындалатын, көрсетілетін) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасының сәйкессіздігіне байланысты лицензиатқа қойылған талаптар бойынша субсидиарлы жауапты болады.

Осыған ұқсас жағдай қосалқы лицензиатпен жасалған әрекеттер үшін жауапкершілік туралы мәселе туындаған кезде қалыптасатын болады. Заңнама мәнісі бойынша оның іс-әрекеті үшін субсидиарлы жауапкершілікке негізгі лицензиар да, лицензиар-лицензиат та тартылуға тиіс.

Егер кешенді кәсіпкерлік  лицензия шарттарымен өзгеше көзделмесе қосалқы лицензиаттардың іс-әрекеттерімен лицензиарға келтірілген зиян үшін лицензиат субсидиарлық жауапты болады.

Субсидиарлық жауапкершілікке тартылған лицензиар не лицензиат, сәйкесінше лицензиат немесе қосалқы лицензиат үшін оларға регрестік талап ету құқықтарына ие болады.

Кешенді кәсіпкерлік  лицензия шартының тоқтатылуы. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты заңнамада көзделген жалпы негіздер бойынша тоқтатыла алады. Мерзімі көрсетіліп жасалған шарт оның әрекет ету мерзімі өткеннен кейін тоқтатылатын болады. Мерзімі көрсетілмей жасалған шарт лицензиат берілген құқықтардың барлық көлемін жүзеге асырғанда тоқтатылуы мүмкін. Егер құқықтардың көлемі бойынша шектеулер көздел-меген болса, онда шарт тараптар өзара келісім бойынша оның әрекетін тоқтатпағанша, әрекет ететін болады. Мерзімсіз кешенді кәсіпкерлік лицензия шартында шарттан оның кез келген тарабы бас тарта алады. Бірақ, екінші тарап бұл туралы бұрын хабардар етілуге тиіс. Бұл тарап императивтік болып табылады және хабардар ету мерзімі тараптармен азайтыла алмайды. Шарттағы осы жайлы талап,егер шарт бұзылатын тарап өз құқықтарын қорғағысы келсе, жарамсыз болады. Шартпен мерзімі көрсетілмей жасалған кешенді кесіпкерлік лицензия шартын бір жақты түрде бұзу туралы хабардар ету үшін неғұрлым ұзақ мерзім көзделуі мүмкін.

Лицензиаттың пайдалануына берілген құқықтар кешенінің құрамына кіретін айрықша құқықтардың бірі тоқтатылған кезде, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты әрекеті тоқтатылған құқықтарға пайдалануға қатысты өз ережелерінің бөлігіне тоқтатылған құқықтарды пайдалануға қатысты өз ережелерінің бөлігіне тоқтатылған деп есептеледі. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты белгілі бір шамада құқық мирасқорлығына жол береді,белгілі бір шамада оған жол бермейді. Сондықтан ондағы құқық мирасқорлығының мәселелері оны тоқтату мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылуға тиіс. Лицензиялық кешен құрамында берілген барлық құқықтардың, лицензиарға емес басқа тұлғаға өтуі құқық мирасқорлығына алып келмейді. Сол себептен кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты мүндай жағдайда, егер құқықтардың жаңа иеленушісі мен лицензиат арасында келісімге қол жеткізілмесе, тоқтатылуға тиіс. Яғни, заңды тұлғаларды қайта құрған кезде және таратқан кезде франчайзинг қатынастарын сақтап қалу мәселесінде үлкен сұрақ туындайды.

Егер лицензиар  жеке тұлға болса және ол қайтыс болса, онда кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша оның құқықтары мен міндеттері мұрагерге, егер ол кәсіпкер ретінде тіркелген болса немесе мұра ашылған күннен бастап алты айдың ішінде (мұраны қабылдау мерзімінің ішінде) тіркелетін болса, ауысады. Өзге жағдайда шарт тоқтатылады.

Информация о работе Кешенді кәсіпкерлік лицензия