Кешенді кәсіпкерлік лицензия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 20:21, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Кешенді кәсіпорындарды сатып алу және сату шартарының мазмұнын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті:
- кешенді кәсіпкерлікті сату және сатып алу шарттының тараптарын талдау,
- кешенді кәсіпкерлік шарты бойынша жауапкершілік мәнін зерттеу
- кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын өзгерту және тоқтату.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І.КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ
1.1Кешенді кәсіпкерлік лицензияның түсінігі (франчайзинг)............................5
1.2Кешенді кәсіпкерлікті сату және сатып алу шарттының тараптары
1.3Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының шектеу талаптары.......................8
ІІ.КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Кешенді кәсіпкерлік шартының мәні............................................................14
2.2Кешенді кәсіпкерлік шарты бойынша жауапкершілік..................................21
2.3Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын өзгерту және тоқтату.....................24
Қорытынды.............................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................27

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 147.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар

 

Кіріспе.......................................................................................................................3                                                                                         

 

І.КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК  ЛИЦЕНЗИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ

                                                 

1.1Кешенді кәсіпкерлік  лицензияның түсінігі (франчайзинг)............................5

1.2Кешенді кәсіпкерлікті сату және сатып алу шарттының тараптары 1.3Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының шектеу талаптары.......................8

                                                                                                                                    ІІ.КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК ЛИЦЕНЗИЯ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

 

2.1 Кешенді кәсіпкерлік шартының мәні............................................................14

2.2Кешенді кәсіпкерлік шарты бойынша жауапкершілік..................................21

2.3Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын өзгерту және тоқтату.....................24

 

Қорытынды.............................................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Тақырыптың  өзектілігі: Қазіргі заманғы Қазақстан жағдайында кешенді кәсіпкерлікте франчайзингтік қатынастардың шынайы жай-күйі бүгінгі таңда өзекті мәселе. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты рента, лизинг, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттарымен қатар жаңа шарттық институттарға жатады. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына қарағанда, бұл ТМД елдері ғалымдарымен басқа да мамандарымен жасап шығарылған құрылым емес, ал құқықтың англо-саксондық және континентальдық жүйелерінде тұрақты түрде қалыптасуға ие болған шарттық қатынастардың апробацияланған түрі. Сонымен бірге оның үш ғасырлық тарихы бар және ол өзінің өміршендігін толық дәлелдеді.

Франчиздік келісім деп — лицензиар белгілі бір іскерлік операцияларды (бизнесті) лицензиатқа тиесілі атаумен жүргізуге және оның кәсіпкерлік қызметінің әдісін пайдалануға лицензия беретін шартты түсінеміз. Әдетте, франчиздік келісім лицензиарға рұқсат етілген іскерлік белсенділікке лицензияның әрекет ету мерзімі ішінде қатал бақылау жасау мүмкіндігін береді.

Франчайзинг шарты әр түрлі салаларда қолданылады. Патенттердің тауар белгілері мен интеллектуалдық меншіктің басқа да нысандарының иелері оларды басқа тұлғаларға лицензия бере отырып шетелдерде жиі пайдаланады. Яғни, франчайзинг кең таралған халықаралық - жеке құқықтық институттардың бірі болып табылады.

Қазіргі заманғы Қазақстан  жағдайында франчайзингтік қатынастардың  шынайы жай-күйі туралы айту оңай емес. Оның себептері алуан түрлі.

Қазақстанда өндірістік сектор аса қиындықпен дамуда. Соның салдарынан франчайзинг сірә, ең алдымен қызмет көрсету аясында белсенді қолданысқа ие болады. Өндірістің ұлғаюы және франчайзингті тиісінше қайта бөлу потенциалды түрде жоққа шығарылмайды. Басымды бағыттардың бірі ретінде ауылшаруашылық өндірісі бола алады, лицензиялық келісімдерді басқа да салалар үшін қолдану жоққа шығарылмайды.

Интеллектуалды меншікті импорттардың кәдімгі шектеулері болып  республиканың өзіндегі интеллектуалдық  нәтижелердің көлемі мен деңгейі табылуы мүмкін.

Әрине, батыс фирмаларының дамыған  технологияларына қарсы тұру өте қиын. Сондықтан біздің экономика үшін интеллектуалды меншіктің ішкі нарығын қорғауға бағытталған белгілі бір саясатты жасап шығару қажет. Бірақ қарсы тұру түпкі мақсатқа айналмау керек. Өз нәтижелерімізді олардың көп шығындылығынан ұзақ уақыттылығына, тиімділігінің төмендігіне байланысты, пайдалану тиімсіз болатын бағыттар бойынша дайын интеллектуалдық нәтижелерді шеттен алу мүмкіндігін белсенді түрде пайдалану керек. Экономиканың әрбір секторында әр түрлі технологиялардың, бизнес жүргізу әдістерінің және т.б. қатар болуы мен бәсекелестігі орынды болары сөзсіз. Экономиканың белгілі бір стратегиялық салаларын қоспағанда, лицензиялық қатынастарға тікелей мемлекеттік араласуға жол берілмейтіндігін ескеру қажет. Яғни, франчайзингті реттеудің жанама әдістері туралы сөз болып отыр. Ал жеке бизнес осы дамыған шарттық институттарға берілетін мүмкіндіктерді белсенді түрде пайдалана алады. Жарқын болашақта франчайзинг Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің қатынастарында да кеңінен қолданылатын болады деген ойдамыз. Бұған заңнамалық шешім де әсер етуде. Қазақстан Республикасының 24 маусым 2002 жылғы "Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы" Заңында франчайзингтік қатынастарды мемлекеттік қолдауға қатысты жеке 2-тарау бар. Онда франчайзингтік қатынастарды мемлекеттік қолдаудың қағидалары мен шаралары анықталған.

Курстық жұмыстың мақсаты: Кешенді кәсіпорындарды сатып алу және сату шартарының мазмұнын қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеті:

         - кешенді кәсіпкерлікті сату және сатып алу шарттының тараптарын талдау,

- кешенді кәсіпкерлік шарты бойынша жауапкершілік мәнін зерттеу

- кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын өзгерту және тоқтату.

І.КЕШЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК  ЛИЦЕНЗИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ

                                                                                                                                                                       

1.1 Кешенді кәсіпкерлік лицензияның түсінігі (франчайзинг)

          «Франчайзинг» термині «жеңілдік,артықшылық» дегенді білдіретін «franchise» сөзінен шыққан.Франчайзинг – тауарлар мен қызметтерді сату әдісі.Кешенді кәсіпкерлік лицензия қазақстандық азаматтық құқықтың салыстырмалы түрде алғанда жаңа институттарының бірі болса,ал дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде ол бұрыннан пайдаланып келе жатыр.Әдебиетте осы заманғы мағынадағы франчайзингтің пайда болуын АҚШ-та Азаматтық соғыстан кейін іс тігу машиналарын өндірумен айналысатын «Зингер» компаниясының дилер желісін орнатуымен байланыстырады.Бірақ франчайзинг техникасы қиялы мол жеке адамның өнертапқыштығының арқасында бір сәтте пайда болған жоқ.Ол іскерлік  операцияларды жүзеге асыру барысындағы проблемаларымен кездесіп отырған бизнесмендердің жасаған шешімдерінен туды.Қазіргі таңда дамыған франчайзинг қатынастарына мысал ретін «Макдональдс» және т.б. компанияларды атауға болады.

         Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты белгілі бір көлемде лицензиялық кешенді, лицензиардың іскерлік беделі мен коммерциялық тәжірибесін (атап айтқанда, пайдаланудың мейлінше аз және (немесе) мейлінше кең көлемін белгілей отырып) белгілі бір қызмет аясына қолданатын аумақты көрсетіп немесе көрсетпей пайдалануды көздейді.

Франчайзингтің лицензиялық  келісімдердің басқа түрлерінен ерекшелігі кешенді кәсіпкерлік  лицензия арқылы айрықша лицензияны беру қамтамасыз етілетіндігінде. Оның тағы бір ерекшелігі - ол интеллектуалдық меншіктің жеке объектісіне деген құқықтарды беру жөнінде бекітілмейді, ол лицензиялық кешенге деген құқықтарды беруді білдіреді. Франчайзинг шарты қызмет көрсету элементтерімен күрделенуі мүмкін. Ол айқын кәсіпкерлік сипатқа ие.

Бұл шарттың мақсаты  болып халық тұтынатын тауарларды (тауарлардың өзін, қызмет көрсетулерді, жұмыстарды) өндірудің бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялық тәсілдерін, тауарларды (өндірістік) өндірудің құралдарын тарату болып табылады[1.56б.].

Осыған сүйене отырып кешенді кәсіпкерлік лицензияның (франчайзингтің) түрлерін ажыратуға болады. Оларға мыналар жатады: 1) кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) — жұмыс орны, соған сәйкес лицензиар дайын жұмыс орнын құрады және оны лицензиялық кешенмен бірге лицензиатқа — жеке кәсіпкерге береді; 2) Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) кәсіпорын, бұл кезде лицензиар кәсіпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен бірге лицензиатқа береді; 3) конверциялық кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг), бұл жағдайда тараптар құрылымдық белімшелерді жеке кәсіпорындарға қайта құру негізінде шарт бекітеді; 4) көбейтілген кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг), соның негізінде лицензиат бірнеше кәсіпорындар құрады; 5) өндірістік кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) бұл жағдайда кешенді лицензиар кешенді лицензиатқа кешенді лицензиармен немесе оның келісімімен жеткізілетін шикізатты, материалдарды, технологияларды және жабдықтарды пайдаланумен өз тауар белгісі не дараландырудың өзге де құралымен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіруге немесе оларды өндіріп сатуға деген құқықты береді; 6) тауарлы кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг), бұл орайда кешенді лицензиар кешенді лицен-зиатқа кешенді лицензиармен берілетін не оның келісімімен белгіленетін маркетинг технологиясын пайдаланумен өз тауар белгісі бойынша немесе дараландырудың өзге де тауарларды (жұмыстарды қызмет көрсетулерді) сату қүқығын береді. Заңнамамен кешенді кәсіпкерлік лицензияның (франчайзингтің) өзге де түрлері көзделуі мүмкін.

Құрылымы бойынша кешенді  кәсіпкерлік лицензия шарты консенсуалды, екі жақты және ақылы шарт болып  табылады.

Франчайзинг шарттары бойынша төлем жүргізудің нысандары, тәсілдері мен мерзімдері кешенді кәсіпкерлік лицензия шарттары тараптарының келісімдерімен анықталады. Сыйақы төлеудің қалыптасқан тәжірибесі бар. Олар лицензиатпен лицензиарға белгіленген бір жолға немесе кезендік тәлемдер нысанында түскен сомадан бөлу нысанында, қайта сату үшін лицензиармен берілетін тауарлардың көтерме бағасын есіру жолымен және шартпен көзделген басқа да нысанда төленуі мүмкін.

Әлемдік тәжірибеде шарт бекіткеннен кейін бірден бекітілген соманы бас кезінде енгізу, ал содан кейін мерзімді төлеу кең таралған болып табылады[2.25б.].

Франчайзинг шарты кәсіпкерлік  болғандықтан жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Осы тұста интеллектуалдық меншік объекгілеріне құқықтарды беру сол объектілердің өзін және берілетін құқықтардың шарттағы көлемін нақтыламайынша мүмкін емес екенін атап өткен жөн. Сондықтан осы шарттың елеулі талаптар ретінде мерзім және берілген лицензияның әрекеті таралатын аумақ танылатын болады. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының елеулі талабы болып баға, яғни, лицензиатпен лицензиялауға төленуге тиіс сыйақы табылады. Бұл сол бір немесе өзге жағдайларда рынокта төленуге тиесілі сыйақының кәдімгі (орташаландырылған) ставкаларына сүйене отырып, оның (оның жекелеген бөліктерінің) құндылығын анықтауға келмейтін шарт пәнінің ерекшеліктерімен байланыс-ты. Осы айтылғанның негізділігі франчайзинг шартының пәнін қарастырумен расталатын болады.

Тараптардың келісімі бойынша  елеулілік маңыздылығы шарттың  өзге де талаптарға берілуі мүмкін. Лицензиялық кешеннің кейбір бөліктеріне құқықтарды беру (атап айтқанда,өнер тапқыштыққа, пайдалы модельдерге және т.б. деген құқық) олармен (оларға деген құқықтармен) мәміле бекітудің заңнамамен көзделген арнайы тәртібін талап ететін болады. Бірақ, басым жағдайларда, кешенді кәсіпкерлік лицензия шартындағы тараптар тауарлардың жұмыстарды және қызмет көрсетулерді дараландыратын құқықтарды берумен шектелетіндігін ескерген жөн.

1.2Кешенді кәсіпкерлікті сату және сатып алу шарттының тараптары мен өзге де қатысушылары      

           Кешенді кәсіпкерлік лицензия  шартының тараптары кешенді лицензиар және кешенді лицензиат деп аталады.Лицензиар да,лицензиат та кәсіпкерлер болу керек.Лицензиар жағындағы кәсіпкер тек заңды тұлға-коммерциялық ұйым түрінде бола алады.Мұндай қорытынды шарттың анықтамасындағы айрықша құқықтар кешені құрамында фирмалық атауды пайдалану құқығын беру қажеттілігінен туындайды.Ал фирмалық атау тек заңды тұлғаларға тән ұғым болып табылады.

          Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының анықтамасындағы айрықша құқықтар кешені құрамында фирмалық атаудың көрсетілуі шартқа лицензиар ретінде тек коммерциялық ұйымдар-заңды тұлғалар қатыса алады.Бірақ АК-тің 909-б.2-тармағы шарттағы лицензиар орнын азаматтың да иемдене алатындығын көздейді.Мұндай жағдайды лицензиардың лицензиялық кешенге енген кейбір құқықтарын иеліктен айыру мүмкіндігімен,сәйкесінше лицензиар жағында міндеттемедегі тұлғалар көптігінің пайда болуымен түсіндіруге болады.

          Лицензиат жағында заңды тұлғалар-коммерциялық  ұйымдар да,азаматтар-жеке кәсіпкерлер  де бола алады.Азаматтардың жеке  кәсіпкер ретінде мемлекеттік  тіркеуден өту қажеттілігі франчайзингке  қатысты тікелей талап етілмейді.Бұл мәселе АК-тің 19-б. 4-тармағымен реттеледі.                                                    Кешенді лицензиар — бұл лицензиялық кешенге деген айрықша құқықтар кешенін беретін субъект. Бұл құқықтардың көлемі оларды шарт бойынша одан әрі беру үшін жеткілікті болуға тиіс. Әдетте, лицензиялар ретінде интеллектуалдық меншік объектілеріне (лицензиялық кешенге) құқықтардың бастапқы иесі болады[3.6б.].

Кешенді кәсіпкерлік  лицензия шарты бойынша құқықтарды беру рәсімі жағынан кәсіпкерлік  қызмет болады және субъект оны жүзеге асыра отырып өзін кәсіпкер ретінде көрсететіндігін атап өту маңызды. Осыдан франчайзинг шартының басқа шарттардан соның ішінде, мүлікті сенімгерлікпен баскару шартынан ерекшелігі көрініс табады. Соңғы шарт, кейбір жағдайларда өзі арқылы кәсіпкердің мүмкін беруді қамтамасыз ете отырып, сонымен бірге оның кәсіпкерлік қызметке қатысуының аяқталғандығын (мүмкін уақытша) білдіреді.

Кешенді лицензиат болып  өзіне айрықша құқықтарды беру туралы шарты бекіткен, кәсіпкерлік қызметтің кез келген субъектісі табылады. Алынған лицензиялық кешеннің көмегімен тұрақты кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыру туралы сөз болып отырғандықтан, лицензиаттар ретінде коммерциялық заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер шығуға тиіс. Осы құқықтық қатынастарға коммерциялық емес заңды түлғалардың мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөліністердің қатысуына жол берілмейді.

Шарт пәні. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының пәні болып лицензияларға тиесілі айрықша құқықтар табылады. Интеллектуалдық меншік объектілерінің үлгілік тізімі АК-ң 961-бабында келтірілген. Жоғарыда атап өткеніміздей, лицензиялық кешеннің негізгі құрамдас бөлігі болып азаматтық айналым қатысушыларын және олардың тауарларын жұмыстары мен қызмет көрсетулерін дараландыру құралдары болып табылады. Оларға аталған баптың 3-тармағына сәйкес фирмалық атаулар, тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері) жатады. Объективті себептерге байланысты лицензиялық кешеннің құрамында тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын (шығатын жерлерін көрсету) беру бірқатар жағдайларда орынсыз болады. Егер заңды актілермен тауарларды (жұмыстарды қызмет көрсетулерді) дараландырудың басқа да құралдары көзделетін болса, онда олар да лицензиялық кешендердің құрамына енгізілетін болады.

Информация о работе Кешенді кәсіпкерлік лицензия