Гражданское правовое отношение

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 19:17, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсатына сай мына міндеттері орындалады:
азаматтық-құқықтық қатынастар мазмұны және олардың түрлерін қарастыру;
азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілеріне тоқталу;
азаматтық-құқықтық қатынастар ретіндегі мүліктік игіліктер мен құқықтарға сипаттама беру.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1 АЗАМАТТЫҚ –ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ, ЭЛЕМЕНТТЕРІ 4
1.1 Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұны 7
1.2 Азаматтық-қүқықтық қатынастардын субъектілері мен объектілері 8
1.3 Заңды фактілер 11
2 МҮЛІКТІК ИГІЛІКТЕР МЕН ҚҰҚЫҚТАР АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ОБЬЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ 14
2.1 Мүліктік игіліктер мен құқықтар 14
2.2 Азаматтық құқықтық қатынастар объектілері ретіндегі мүліктік емес игіліктер мен құқықтар 21
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ 25

Прикрепленные файлы: 1 файл

КЖ - Азаматтық құқық қат түсі түрлері.doc

— 232.50 Кб (Скачать документ)

Қызметтік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттың құрамы мен көлемін заң анықтайды, ал заңның тиісті нұсқамасы болмайтын жағдайларда — коммерциялық құпия жөнінде кәсіпкерлер, қызметтік құпияға қатысты мемлекеттік  органдар анықтайды. Мәселен, “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп-қисап туралы” 1995 ж. 26 желтоқсандағы ҚР Заңы бухгалтерлік есептің бастапқы құжаттары мен тіркелімінің мазмұны коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат болып табылады деп белгілеген. Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, заңның ұйғарымына байланысты, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және қосымша жауапкершілігі бар акционерлік қоғамдардың құрылтай шарттарының мазмұны да коммерциялық құпия деп танылады.

Заң еркін танысуға жол беретін ақпарат (мысалы, жылжымайтын мүлікті тіркеу және тіркелген құқықтар туралы мағлұматтар) қызметтік немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат ретінде таныла алмайды.

        Жария-құқықтық зандармен қорғалатын, сондай-ақ ерекше тәртіппен қорғалатын, мемлекеттік және өзге құпия болып табылатын ақпаратты қызметтік және коммерциялық құпия туралы ақпараттан айыра білу керек.

        Қызметтік немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз жолдармен алған адамдар, сондай-ақ еңбек шартына немесе келісім-шартқа, азаматтық-құқықтық шартқа қарамастан, осындай құпияны жария еткен қызметшілер келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті.

        Мүліктік құқықтар құқық объектісі - мүліктің маңызды түрлерінің бірі болып табылады. Заттық құқықтар да (мысалы, жерді тұрақты пайдалану құқығы), сондай-ақ міндеттемелік құқықтар да (мысалы, құқықты беру кезінде несие берушінің борышқордан берешегін алу құқығы) осындай объектілер болуы мүмкін.

        Интеллектуалдық меншік құқығы да мүліктік құқықтардың қатарына жатады.

        Мүліктік кешендер. Көптеген жағдайларда мүлік жекелеген зат немесе құқық түрінде емес, мүліктік кешен ретінде көрінеді. Капитал осындай мүліктік кешендердің бір түрі болып табылады. Заңдық мағынада алғанда, кәсіпкерлік қызметке арналған мүліктік кешенді капитал деп түсінеді. Заң бойынша, капиталдың көптеген түрлері бар. Мәселен, “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп-қисап туралы” 1995 ж. 26 желтоқсандағы ҚР Заңында меншікті капитал туралы соз болады, ол субъектінің міндеттемелерін шегеруден кейін қалған оның активтерін білдіреді. АК шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталы туралы норманы қамтиды, ал ол оның құрылтайшыларының қаражаты есебінен қалыптасады. Ақша, бағалы қағаздар, заттар, зияткерлiк қызмет нәтижесi құқығын қоса алғанда, мүлiктiк құқықтар және өзге де мүлiк (жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын арнайы қаржы компанияларын, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын арнайы қаржы компанияларын, Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасына сәйкес құрылатын микроқаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылатын исламдық арнайы қаржы компанияларын қоспағанда) шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салынатын салым бола алады (АК, 22-бет). Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталы шығаратын болып жарияланған барлық акциялардың атаулы жиынтық құнынан тұрады (АК-тің 88-бабының 1-тармағы).

        Жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік ісі заңда көзделген мүліктік кешеннің бір түрі болып табылады. Кәсіпкерлік іс, мүліктік құқықты қоса алғанда, жеке кәсіпкер соның негізінде және сол арқылы өз қызметін жүзеге асыратын мүліктің жиынтығы ретінде анықталады (“Жеке кәсіпкерлік туралы” 1997 ж. 19 шілдедегі заңның 14-бабының 1-тармағы). Өзінің мәні жөнінен “кәсіпкерлік іс” ұғымы “капитал” ұғымына жақын келеді.

        АК-тің 119-бабының анықтауынша, құқық объектісі — кәсіпорын ерекше мүліктік кешен болып табылады. Занда жөне практикада кәсіпорын көбіне құқық субъектісі ретінде көрінеді. Мысалы, АК-тің 102-бабының 2-тармағында кәсіпорынның мүлкі туралы айтылады. Бұл жағдайда кәсіпорын мүлікке құқықтың субъектісі ретіңде корінеді. Заң басқа да бірқатар жағдайларда кәсіпорынды құқық субъектісі ретінде қарастырады.

Құқық объектісі — кәсіпорын — бұл кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын мүліктік кешен. Ол өзінің кәсіпорын ретінде өмір сүруіне қажетті мүліктің барлық түрлерін, оның ішінде үй-жайларды, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, саймандарды, шикізатты, өнімді, жер учаскесіне құқықты, талап ету құқығын, борыштарды, сондай-ақ оның қызметін дараландыратын белгілерге құқықты (фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және т.с.с.), басқа да интеллектуалдық меншікті қамтиды.

Мүліктік кешен  — кәсіпорынға жылжитын мүлік  те кіретініне қарамастан, кәсіпорын тұтас алғанда, жылжымайтын мүлік ретінде танылады.

Кәсіпорын немесе оның бір бөлігі мәмілелердің объектісі болуы мүмкін. Өзінің мәні жөнінен кәсіпорын мүліктік кешен ретінде капиталдың бір түрі болып табылады, бірақ ол заңда бұл мағынада көрсетілмеген.

Мүліктің мүліктік кешен ретінде көрінетін жағдайына  басқа да көптеген мысалдар бар.

       Азаматтық-құқықтық қатынастар заттық және міндеттемелік азаматтық-құқықтық қатынастар болуы мүмкін. Заттық құқықтық қатынастарда құқық берілген субъектінің затқа өзінің әрекетімен ғана жүзеге асатын құқығы болады («өзі әрекет ету» құқығы). Заттық құқықтық субъектісі өзінің затқа деген мүддесін басқа адамдардың көмегіне жүгінбестен, затқа тікелей әсер ету жолымен қанағаттандыра алады. Атап айтқанда, меншік құқықтық қатынастары заттық құқықтық қатынастар болып табылады. Меншік иесі өзіне тиесілі затты иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы, ал міндетті субъектілер — қандай да бір әрекеттер жасамауы тиіс, оларға меншік иесінің өз құқығын жүзеге асыруына кедергі жасамау жөнінде енжар міндет жүктеледі. Міндеттемелік құқық субъектісінің затқа деген мүддесі басқа адамның белгілі бір әрекеттер жасауы жолымен қанағаттандырылуы мүмкін. Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды талап етуге құқылы («бөгде әрекет» құқығы). Мәселен, сатып алушы сатушыдан өзіне затты беруді талап ете алады, ал сатушы оны сатуға, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға міндетті.

Зат қашан да заттық құқықтық қатынастардың объектісі  болып саналады, ал міндеттемелік  қатынастардың объектісі — зат  болмауы мүмкін.

 

 

2.2.Азаматтық құқықтық қатынастар ретіндегі мүліктік емес игіліктер мен құқықтар

 

         Азаматтық құқық субъектілерінің жеке тұлғасымен ажырамастай тығыз байланысты құндылықтар мүліктік емес өзіндік игіліктерге жатады, ал мүліктік емес өзіндік құқықтар дегеніміз — бұл аталған құндылықтарға құқықтар болып табылады. Мысалы, адамның өмірі мүліктік емес озіндік игіліктерге, ал өмірі сүру құқығы — мүліктік емес өзіндік құқықтарға жатады.

Құқық объектілері — мүліктік емес өзіндік игіліктердің мүліктік емес озіндік құқықтармен тығыз байланысқаны соншама, АК кейде тек мүліктік емес өзіндік құқықтар туралы мәселе қозғап, онда осы ұғымдар арқылы мүліктік емес өзіндік игіліктерді меңзеп отырады (мысалы, АК-тің 3-тарауының 3-параграфы).

       АК-тің 115-бабының 3-тармағында негізгі мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтардың тізбесі берілген. Бұл жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар. Көріп отырғанымыздай, мүліктік емес игіліктер мен құқықтардың тізбесін түпкілікті толық деуге болмайды.

Тізбеге екі  түрге жататын мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар енгізілген: мүліктік игіліктермен және құқықтармен байланысы жоқ, мысалы, жеке адамның өмірі, қадір-қасиеті және мүліктік игіліктермен және құқықтармен байланысты, мысалы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы.

         Мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар оқулықтың басқа тарауларында да қаралады. Ал мұнда мүліктік өзіндік игіліктер мен құқықтардың бірқатары адамның және азаматтың құқықтары ретінде ҚР Конститутциясында баянды етілгенін атап көрсету керек. Бұл, мысалы, омір сүру, қадір-қасиет, жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығы.

          ҚР Конституциясының 12-бабының 2-тармағына сәйкес, адамның құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды. Олар заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, оның ішінде азаматтық-құқықтық құжаттардың мазмұны мен қолданылуын айқындайды.

Азаматтық құқықтардың  объектілері — мүліктік және өзіндік құқықтарға сипаттама беруде мынаны ескеру қажет: заң әдебиеттерінде азаматтық құқықтық қатынастарды қарастыруда субъективтік құқықтар, әдетте, құқықтық қатынастардың объектілері ретінде емес, олардың мазмұнының немесе нысанының элементтері ретінде айқындалады.  Бірақ мұңдай көзқарас құқықтық қатынастардың дамуын, субъект ұғымының, мазмұн объектісінің және құқықтық қатынастар нысанының салыстырмалы сипатын тиісті дәрежеде ескермейді. Субъективтік мүліктік құқық құқықтар объектісі ретінде әрекет ете алады және көбіне осылай әрекет етіп келеді, бұл АК-тің 115-бабының 1-тармағында тікелей көзделген. Мүліктік құқық, мысалы, жаңа құқықтық қатынастар түзетін мәмілелердің нысанасы болатын кезде құқық объектісі ретінде әрекет ете алады және әрекет етеді. Мысалы, жерді тұрақты пайдалану құқықтық қатынастарында объект мүліктік игілік — жер учаскесі болып табылады. Бірақ жерді тұрақты пайдалану құқығы мәмілелердің нысанасы болуы мүмкін. Сонымен, жерді тұрақты пайдалану құқығын сату немесе өзгеше беру жагдайында жаңа міндеттемелік қатынас, мысалы, жерді пайдалану құқығын сатып алу-сату міндеттемесі пайда болады. Бұл арада “құқыққа құқық”, сатып алу-сату міндеттемесінің объектісі — жер пайдалану құқығына сатушы мен сатып алушының құқығы пайда болады.

        Біз мүліктік және мүліктік емес құқықтар қорғаушы құқықтық қатынастарда құқық объектілеріне айналатын жағдайда осы екі құқықты қорғау үстінде де осындай көріністі байқаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Құқықтық қатынастардың  белгілері: әлеуметтік субъектілер  арасындағы екі жақты нақты байланысты көрсететін қоғамдық қатынас; құқық  нормасы негізінде пайда болады (құқық нормасының жалпы талаптары нақты субъектіге және оның жағдайына байланысты дербестенеді); адамдар арасындағы субъективті құқықтар мен заңды міндеттер көмегімен жүзеге асырылатын байланыс; ерікті қатынастар болып табылады, себебі оның пайда болуына қатысушылардың ең болмаса біреуінің еркі қажет; қатынас белгілі бір объектінің, құндылықтың төңірегінде жүргізіледі; мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынас. 
       Құқықтық қатынас күрделі құрамға ие. Оның құрамының элементтері қатарына мыналар жатады: субъект, объект; субъективті құқық және заңды міндет (заңдық мазмұн). 
       Қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастың материалдық мазмұнын құрайтын болса, субъективті құқықтар мен заңды міндеттер оның заңды мазмұнын білдіреді. Құқықтар мен міндеттер арқылы құқықтық қатынасқа қатысушылардың заңды байланысы жүзеге асырылады. 
        Азаматтық-құқықтық қатынас - құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасылып отыратын құқықтар және міндеттермен айшықталған құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. 

  Азаматтық заңдармен тауар-ақша  қатынастары және қатысушылардың  теңдiгiне негiзделген өзге де  мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк  қатынастарға байланысты мүлiктiк  емес жеке қатынастар реттеледi. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады.  
        Мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледi, өйткенi олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүлiктiк емес жеке қатынастар мәнiнен туындамайды.  
       Азаматтық Кодекстің 1-бабының 1-тармағында аталған белгiлерге сай келетiн отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиiсiнше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.  
         Заң құжаттарында көзделген реттердi қоспағанда, бiр тараптың екiншiсiне әкiмшiлiк немесе өзге де билiк жағынан бағынуына негiзделген мүлiктiк қатынастарға, соның iшiнде салық жөнiндегi және басқа бюджеттiк қатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды.

         Сонымен қорытындылай келе, азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастарды азаматтық-құқықтық қатынастар дейміз.

Азаматтық-құқықтық қатынастардың мынандай түрлерін ажыратамыз:

1) мүліктік қатынастар;

2) мүліктік қатынастармен  байланысты мүліктік емес өзіндік  қатынастар;

3) мүліктік қатынастармен  байланысы жоқ мүліктік емес  өзіндік қатынастар.

Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастардың объектісі материалдық игіліктер мен құқық немесе мүлік болып табылады. Меншік қатынастары, мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуіне (сатып алу-сату, айырбас, займ және т.с.с.) делдалдық жасайтын қатынастар мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастарға жатады.

Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.

Азаматтық-құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін  объектіге қарай азаматтық-құқықтық қатынастардың мынандай түрлерін ажыратады:        Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері билік пен өзара бағыну қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен және құқықтармен ғана байланысты болады. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінің екіншісіне міндеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің өкілеттігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді. Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі олардың мүліктік дербестігіне сүйенеді.

        Бұл  курстық жұмысты жазу барысында мен азаматтық-құқықтық қатынастар мазмұны және олардың түрлерін қарастырдым; азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілеріне тоқталдым; азаматтық-құқықтық қатынастар ретіндегі мүліктік игіліктер мен құқықтарға сипаттама бердім.

          Қазақстанда бүгінгі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың заңды түрде орындалып реттеледі деп айтуға әбден болады. Курстық жұмысты жазуда  негізінен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі құқықтық арқау болды. Сонымен қатар, қазақстандық ғалымдар Г.А.Жайлиннің, Ғ.Төлеуғалиевтың еңбектерін басшылыққа алдым.

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ: 

1. 1995 жылғы 30 тамызда Республикалық Референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конститутциясы, (2011 жылғы өзгерістермен).- Алматы: Юрист, 2012 ж.

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. - Алматы: ЖШС "Баспа", 2004ж.

Информация о работе Гражданское правовое отношение