Гражданское правовое отношение

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 19:17, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсатына сай мына міндеттері орындалады:
азаматтық-құқықтық қатынастар мазмұны және олардың түрлерін қарастыру;
азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілеріне тоқталу;
азаматтық-құқықтық қатынастар ретіндегі мүліктік игіліктер мен құқықтарға сипаттама беру.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1 АЗАМАТТЫҚ –ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ, ЭЛЕМЕНТТЕРІ 4
1.1 Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұны 7
1.2 Азаматтық-қүқықтық қатынастардын субъектілері мен объектілері 8
1.3 Заңды фактілер 11
2 МҮЛІКТІК ИГІЛІКТЕР МЕН ҚҰҚЫҚТАР АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ОБЬЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ 14
2.1 Мүліктік игіліктер мен құқықтар 14
2.2 Азаматтық құқықтық қатынастар объектілері ретіндегі мүліктік емес игіліктер мен құқықтар 21
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ 25

Прикрепленные файлы: 1 файл

КЖ - Азаматтық құқық қат түсі түрлері.doc

— 232.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ

2

1

АЗАМАТТЫҚ –ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ, ЭЛЕМЕНТТЕРІ 

4

1.1

Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұны 

7

1.2

Азаматтық-қүқықтық қатынастардын субъектілері мен  объектілері

8

1.3

Заңды фактілер

11

2

МҮЛІКТІК  ИГІЛІКТЕР  МЕН  ҚҰҚЫҚТАР  АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ  ҚАТЫНАСТАР  ОБЬЕКТІЛЕРІ  РЕТІНДЕ  

14

2.1

Мүліктік игіліктер  мен құқықтар 

14

2.2

Азаматтық құқықтық қатынастар объектілері ретіндегі мүліктік емес игіліктер мен құқықтар  

21

 

ҚОРЫТЫНДЫ

23

 

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ

25


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқықтық қатынастарына  араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы,  зат сатып алуда  сатушы мен сатып алушының арасында Азаматтық кодексте көрсетілген сату-сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл  мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге немесе затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтаруға міндетті және т.с.с.

Заңды тұлғалардың  барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқық қатынастары ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату. Банк арқылы есеп айыру – осылардың бәрі де құқықтық қатынасты тудырады, яғни осылардың бәрінің де  заң арқылы белгілі салдары болады.

Азаматтық құқық  нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық- құқықтық қатынастары деп аталады.

Азаматтық қатынастар, егер әдеттегi құқықтар, соның iшiнде iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуi мүмкiн.  
         Министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде (одан әрі - АК) және өзге де азаматтық заң актiлерiнде көзделген жағдайлар мен шектерде азаматтық қатынастарды реттейтiн актiлер шығара алады.  
         Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын, ал кәсiпкерлер - бұған қоса iскерлiк әдептiлiк ережелерiн сақтауға тиiс.  
Бұл мiндеттi шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге болмайды. Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың адал, парасатты және әдiл әрекет жасауы көзделедi. Азаматтық-құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық-құқықтық қатынастардың мынандай түрлерін ажыратады: азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері билік пен өзара бағыну қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен және құқықтармен ғана байланысты болады. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінің екіншісіне міндеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің өкілеттігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді. Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі олардың мүліктік дербестігіне сүйенеді.

Курстық жұмыстың мақсатына сай мына міндеттері орындалады:

азаматтық-құқықтық қатынастар мазмұны және олардың  түрлерін қарастыру;

азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілеріне тоқталу;

азаматтық-құқықтық қатынастар ретіндегі мүліктік игіліктер мен құқықтарға сипаттама беру.

Курстық жұмыс  кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.

Курстық жұмысты  жазу барысында Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері мен отандық және шетел авторларының ғылыми еңбектері, басылымдары қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

    1.Азаматтық-құқықтық қатынастардың түсінігі және олардың түрлері,

       элементтері

   

Өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әр түрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады. Адамдар (олар құрған ұйымдар — заңды тұлғалар) арасында қалыптасатын нақты қатынастар сан түрлі болады. Оларды әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады. Мұндай қатынастардың айтарлықтай бөлігін құқық нормаларды реттейді, олар құқықтық қатынастар нысанына ие болады. Құқықтық реттеудің нәтижесінде қолданыстағы қоғамдық қатынастармен қатар, әлде бір жаңа (құқықтық) қатынастар пайда болмайды. Құқықтық қатынастар дегеніміз — бұл нақты қоғамдық қатынастардың нысаны ғана.

Қоғамдық қатынастарды құқықтың түрлі салаларының нормалары реттеп отырады. Азаматтық құқық негізінен меншік қатынастарын және тауар-ақша айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардың объектілері болады. Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастар, атап айтқанда, азаматтық-құқықтық қатынастар сапасына ие болады. Азаматтық-құқықтық қатынастар дегеніміз — азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар.

Азаматтық-құқықтық қатынастардың ерекшеліктері азаматтық-құқықтық реттеудің объектісі мен әдістеріне байланысты. Азаматтық-құқықтық қатынастардың аса маңызды белгісі, ең алдымен, оған қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігі. Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері билік пен өзара бағыну қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен және құқықтармен ғана байланысты болады. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінің екіншісіне міндеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің өкілеттігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді. Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі олардың мүліктік дербестігіне сүйенеді.

Азаматтық-құқықтық қатынастар ерікті болады. Әдетте, мұндай қатынастар оларға қатысушылардың қалауы бойынша жасалады, өйткені азаматтық-құқықтық қатынастардың басым бөлігі шарттың негізінде пайда болады. Алайда олар өзге де себептермен пайда болатын жағдайда мұндай құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әрекеттерімен жүзеге асырылады.

         Қазақстан Республикасының бір тұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын — азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде калыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен реттелінетін құқық қатынастарының шеңбері кең. Азаматтық құқығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін құқық теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Басқаша айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категорияның, негізінде азаматтық құқығына сала ретінде тек анықтама ғана емес, оның басқа құқық салаларынан ерекшелігін де көрсетуге болады.

       Азаматтық кодекстің 1-ші тармағының 1-ші бабында көрсетілгендей, азаматтық зандармен тауар-акты қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Сонымен қатар, мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды. Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық құқығымен реттелінетін қоғамдық катынастардың негізгісі болып табылатыны — мүліктік қатынастар. Сондықтан да айтып кеткен жөн болар, кез келген мүліктік қатынастар емес, коғамның негізін қалайтын тауар-ақша қатынастары, яғни азаматтық құқық субъектілерінің кез келгенінің қатысуымен және әр түрлі көріністерде (мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар.

       Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелiк сот немесе аралық сот: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейiнгi болған жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупiн туғызатын әрекеттерге тыйым салу; мiндеттi заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, төленетiн айыпты өндiртiп алу; мәмiленi жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемiн төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттiк басқару органының немесе жергiлiктi өкiлдi не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтiн құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергi жасағаны үшiн мемлекеттiк органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндiртiп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдiстермен жүзеге асырады.  
        Азаматтық қатынастар, егер әдеттегi құқықтар, соның iшiнде iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуi мүмкiн.  
        Министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, осы Кодексте және өзге де азаматтық заң актiлерiнде көзделген жағдайлар мен шектерде азаматтық қатынастарды реттейтiн актiлер шығара алады.  

Азаматтық-құқықтық қатынастардың түрлері.

Азаматтық-құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық-құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады:

1) мүліктік қатынастар;

2) мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар;

3) мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар.

Азаматтық-құқықтық реттеудің объектісі, ең алдымен, мүліктік қатынастар болатындықтан, азаматтық-құқықтық қатынастардың басым бөлігі мүліктік сипатта болады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастардың объектісі материалдық игіліктер мен құқық (мүлік) болып табылады. Меншік қатынастары, мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуіне (сатып алу-сату, айырбас, займ және т.с.с.) делдалдық жасайтын қатынастар мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастарға жатады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік құқықтық қатынастардың обьектісі болып табылады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқық мүліктік емес сипатқа бопады (авторлық құқығы, шығармаға қол сұғылмау құқығы және т.с.с.), алайда оларды басқа тұлғалардың пайдалануы ақылы негізде жалпы ереже бойынша жүргізіледі, осының салдарынан аталған құқықтық қатынастар мүліктік емес болғандықтан, мүліктік қатынастармен байланысты болып шығады. Адамның жеке басына қатысты материалдық емес құқықтар мен игіліктер — ар-намыс, қадір-қасиет, іскерлік бедел жене т.с.с. мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастардың объектісі болып табылады.

Сонымен қатар, абсолюттік жене салыстырмалы азаматтық-құқықтық қатынастар болады. Абсолюттік құқықтық қатынастарда құқық берілген адамға міндетті ретінде үшінші адамдардың беймәлім тобы қарсы тұрады, мұндай құқықтық қатынастарда іс жүзінде әркім және барша жұрт міндетті болып шығады. Мысалы, меншіктің құқықтық қатынастары абсолюттік қатынастарға жатады, мұнда меншіктің субъективтік құқығына барлық үшінші тұлғалардың бұл құқықты бұзбау, оны жүзеге асыруға кедергі жасамау міндеті ұштасады. Салыстырмалы құқықтық қатынастарда нақты адам (адамдар) міндетті болып табылады. Салыстырмалы құқықтық, қатынастар құқық берілген тарапты да, міндетті тараптың да нақты тұлғаларға байланыстырады, яғни дербестелген болып табылады. Мәселен, зиян келтірген адам жәбірленушіге зиянның орнын толтыруға, сатып алушы өзі сатып алған заттың құнын төлеуге міндетті. Кез келген адам абсолюттік құқықты бұзып алуы мүмкін, тиісінше, мұндай құқық субъектісіне оны кез келген адамның бұзуынан қорғау құқығы ұсынылады. Мәселен, автордың  шығармасына қол сұғылмау құқығын кез келген адам бұзуы мүмкін. Салыстырмалы құқықты міндетті адам ғана бұза алады. Мердігер атқарған жұмыстың ақысын талап ету құқығын тек тапсырыс беруші бұза алады. Демек, салыстырмалы құқық нақты адамдар тарапынан болатын құқық бұзушылықтан қорғаумен қамтамасыз етілген, келтірілген мысалда — тапсырыс беруші тарапынан қорғалады.

Азаматтық-құқықтық қатынастар заттық және міңдеттемелік азаматтық-құқықтық қатынастар болуы мүмкін. Заттық құқықтық қатынастарда құқық берілген субъектінің затқа өзінің әрекетімен ғана жүзеге асатын құқығы болады (“өзі әрекет ету” құқығы). Заттық құқықтың субъектісі өзінің затқа деген мүддесін басқа адамдардың көмегіне жүгінбестен, затқа тікелей әсер ету жолымен қанағаттандыра алады. Атап айтқанда, меншік құқықтық қатынастары заттық құқықтық қатынастар болып табылады. Меншік иесі өзіне тиесілі затты иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы, ал міңдетті субъектілер - қандай да бір әрекеттер жасамауы тиіс, оларға меншік иесінің өз құқығын жүзеге асыруына кедергі жасамау жөнінде енжар міндет жүктеледі. Міңдеттемелік құқық субьектісінің затқа деген мүддесі басқа адамның белгілі бір әрекеттер жасауы жолымен қанағаттандыруы мүмкін. Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды талап етуге құқылы (“бөгде әрекет” құқығы). Мәселен, сатып алушы сатушыдан өзіне затты беруді талап ете алады, ал сатушы оны сатуға, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға міндетті.

Зат қашан да заттық құқықтық қатынастардың объектісі болып саналады, ал міндеттемелік қатынастардың объектісі — зат болмауы мүмкін. Мысалы, баспа мен автордың арасындағы әдеби туынды жасау жөніндегі шарттан туындаған құқықтық қатынастың объектісі зат емес, интеллектуалдық қызметтің нәтижесі — әдеби шығарма болады.

Құқық қатынастарды сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен құрамдас элементтерін анықтап алуымыз керек. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субьектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субьектілері: жеке тұлға, заңды тұлға, әкімшілік-аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады. Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі  мен міндеттер орнайды. Сол қатынасқа құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе соның объектісі болып табылады. Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады: субьектілер (қатысушылар), мазмұны (құқықтар мен міндеттер) және объектілер (құқықтар мен міндеттердің қатысы бар мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бір құқықтар.

 

 

1.1 Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұны

 

         Мүліктік және мүліктік емес өзіндік қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу мұндай қатынастардың қатысушыларына құқықтар мен міндеттер беру жолымен жүзеге асырылады. Шын мәнінде, құқықтық қатынастар дегеніміз - бұл адамдардың құқықтармен және міндеттермен өзара байланыстылығы. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері оның мазмұнын қүрайды. Субъективтік құқық дегеніміз құқық берілген адамның байқалатын мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Ол құқық берілген адамның белгілі дәрежеде өзінің әрекет ету (өзінің дұрыс әрекет ету күқығы) мүмкіндігінен немесе міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды (бөгде әрекеттер құқығы — талап ету құқығы) талап ету мүмкіндігінен көрінеді. Мәселен, автордың шығармасын жариялау құқығы, оған қол сұғылмау құқығы оның өз әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін. Керісінше, жалға берушінің өз мүлкін жалға беру шартында көрсетілген мерзім откен соң қайтару жөніндегі құқығын міндетті адамның тиісті әрекеттер жасауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.

Информация о работе Гражданское правовое отношение