Гражданское правовое отношение

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 19:17, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсатына сай мына міндеттері орындалады:
азаматтық-құқықтық қатынастар мазмұны және олардың түрлерін қарастыру;
азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілеріне тоқталу;
азаматтық-құқықтық қатынастар ретіндегі мүліктік игіліктер мен құқықтарға сипаттама беру.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1 АЗАМАТТЫҚ –ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ, ЭЛЕМЕНТТЕРІ 4
1.1 Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұны 7
1.2 Азаматтық-қүқықтық қатынастардын субъектілері мен объектілері 8
1.3 Заңды фактілер 11
2 МҮЛІКТІК ИГІЛІКТЕР МЕН ҚҰҚЫҚТАР АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ОБЬЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ 14
2.1 Мүліктік игіліктер мен құқықтар 14
2.2 Азаматтық құқықтық қатынастар объектілері ретіндегі мүліктік емес игіліктер мен құқықтар 21
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ 25

Прикрепленные файлы: 1 файл

КЖ - Азаматтық құқық қат түсі түрлері.doc

— 232.50 Кб (Скачать документ)

Азаматтық құқықтың кейбір объектілерін және мәмілелердің кейбір түрлерін міндетті тіркеу секілді заңдык, фактілер түрінің ерекше маңызы бар (АК-тің 118 және 155-баптары). Тіркеу өздігінен азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызбайды, өзгертпейді және тоқтатпайды, бірақ бұл олардың пайда болуын, өзгеруін, тоқтатылуын аяқтайды. Құқықтың өзі тіркеуге жетпей тұрып-ақ қорғауға мұқтаж болады, бірақ ол тіркелмейінше, мұндай құқықты иеліктен айыру мүмкін емес. Осыған дейін қажет болатын зандық фактілердің барлығы жиналғанда, тіпті құқығын беруші адам оны тіркеуге қарсылық білдіретін жағдайдың өзінде де құқықты тіркеу оны иеленушінің бір жақты талап етуі бойынша жүргізілуі тиіс.

        Мүліктік және мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар азаматтық құқықтар объектілері бола алады [2, 40-бет]. Сонымен, АК азаматтық құқықтар объектілерін мынадай негізгі екі топқа бөледі: мүліктік игіліктер мен құқықтар және мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар.

        Азаматтық құқық субъектілерінің материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыра алады, әдетте, ақшалай бағалауга жататын және азаматтық құқық реттейтін қатынастар саласына енгізілген материалдық заттарды және өзге құндылықтарды (атап айтқанда, энергияны, жұмысты және көрсетілетін кызметті) мүліктік игіліктер деп түсінеміз.

        Мүліктік игіліктерге (атап айтқанда, мүліктік игіліктерді пайдалану, иелену және оларга билік ету) субъективтік азаматтық құқықтарды мүліктік құқықтар деп түсінеміз.

        Мүліктік игіліктер мен құқықтардың негізгі түрлері АК-ның 115-бабының 2-тармағында аталған. Оларға заттар, ақша, оның ішінде шетел валютасы, бағалы қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымдарды дараландырушы өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен өзге де мүлік жатады.

       Мүліктік игіліктер мен құқықтардың АК-те келтірілген тізбесі жеткілікті емес. Мысалы, қазіргі уақыт үшін маңызды болып табылатын ақпарат секілді мүліктік игілік оған енгізілмеген.

 

 

2. МҮЛІКТІК  ИГІЛІКТЕР  МЕН  ҚҰҚЫҚТАР  АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ  ҚАТЫНАСТАР  ОБЬЕКТІЛЕРІ  РЕТІНДЕ  

2.1. Мүліктік игіліктер мен құқықтар

 

        “Мүлік” ұғымы — азаматтық құқықтың маңызды ұғымдарының бірі. Азаматтық-құқықтық реттеу нысанасы - мүліктік қатынастар ұғымы онымен тығыз байланысты.

АК-тің 115-бабының 2-тармағы құқық объектісі — мүліктің зандық ұғымына мүліктік игіліктер мен мүліктік құқықтарды біріктіреді. АК жекелеген мүліктік игіліктер мен кұқықтарды да, сондай-ақ олардың жиынтығын немесе кешенін де мүлік деп түсінеді. Соңғы жағдайда, мысалы, азаматтың немесе заңды тұлғаны мүлкі туралы айтылады да, олардың ішінен жекелеген игіліктер мен құқықтар бөліп көрсетілмейді.

АК мүлік  ретінде бірқатар жағдайларда мүліктік игіліктер мен құқықтарды ғана түсінбейді, сондай-ақ мүліктік кешендер құрамына талап ету құқықтары мен борыштарды да қосады [2, 41-бет]. Сондықтан мүлікте азаматтық құқықтың осы субъектісіне тиесілі мүліктік игіліктер мен құқықтардың жиынтығы ретінде оның активін және құқықтың осы субъектісі занды негіздерде уақытша иеленетін, бірақ басқа тұлғаларға тиесілі мүліктік игіліктердің жиынтығы ретінде пассивін және оның міндеттемелерінің жиынтығын бөліп көрсетеді.

Материалдық заттарда мүліктің немесе мүліктік игіліктің қасиеті — бұл оларға табиғаттан емес, қоғамдық қатынастардан берілген қоғамдық, зандық қасиет. Сондықтан табиғаттың барлық заттары мүлік ретінде және азаматтық құқық объектілері ретінде таныла бермейді. Құқық субъектілерінің материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыра алатын және азаматтық құқық реттейтін қатынастар саласына тартылатын материалдық заттар мен өзге де құндылықтарды ғана мүліктік игіліктер деп түсіну керектігін біз айтып өткенбіз. Сондықтан, мысалы, күн сөзсіз, бүкіл адамзат игілігі болса да, мүліктік игіліктер қатарына жатпайды. Табиғат ресурстары болып табылатын табиғат объектілері ғана, яғни адам әрекетінің обьектілері болатыңдықтан, заңдарда меншік объектілері ретінде танылатын себепті мүліктік игіліктерге жатады [2, 61-бет].

Мүліктің мынадай негізгі түрлерін бөліп көрсетуге болады: 1) заттар; 2) ақша және бағалы қағаздар; 3) жұмыстар және көрсетілетін қызметтер; 4) шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері; 5) ақпарат; 6) мүліктік құқықтар (құқық обьектілері — ақша мен бағалы қағаздарға осы тараудың жеке параграфтары арналған).

Заттар мүліктің кең таралған түрлерінің бірі болып табылады. Заң әдебиеттерінде әдетте, адамға қатысты алғанда, сыртқы материалдық дүние заттарын — адам қолымен жасалған, сондай-ақ табиғаттың өзі жаратқан және табиғи қасиеттері бар нәрселерді заттар деп түсінеді. Алайда мүлік ретіндегі заттың мәні оның табиғи қасиеттерінде ғана емес (бұлар оның қүқықтық режимінен көрініс табатын болса да), адамның қажеттерін қанағаттандыра алатын, тұтыну және айырбас құны бар, әдетте ақшалай бағасы болатын және, әдетте, айналымға қабілетті мүліктік игілік ретіндегі оның қоғамдық қасиеттерінде болып табылады. Зат мұндай қоғамдық қасиеттерді қоғамдық қатынастар арқылы, оның заттық нысаны ретінде, басқаша айтқанда, затқа айналдырылған қоғамдық қатынастар ретінде иеленеді.

Зат өзінің қоғамдық қасиеттерінің арқасында ғана құқық объектісі бола алады, өйткені заттың табиги қасиеттері оның құқықтық режиміне ықпал ететін болса да, құқық субъектісі заңдық құралдар арқылы оның табиғи қасиеттеріне ықпал ете алмайды. Құқықтың мүліктік объектілерге заттар түрінде ықпал ететіні туралы айтылғандар кейбір түсіндіруді қажет етеді. Бір қарағанда, затты пайдалану құқығының субъектісі заттан оның табиғи пайдалы қасиеттерін алу жолымен оған объект ретінде ықпал ететін болып көрінуі мүмкін. Затты пайдалана отырып, субъект оған заң жүзінде ғана емес, сонымен қатар іс жүзінде де ықпал етеді. Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі (АК-тің 188-бабының 2-тармағы). Пайдалану құқығы мен іс жүзінде пайдалану заң жүзінде және іс жүзінде пайдалану, мүмкіндік пен шындық ретінде өзара ажыратылады. Заң жүзінде және іс жүзінде ықпал ету объектісі ретінде мүліктің айырмашылығы болатыны осыдан келіп туады.

Бұл айтылғандар практикалық маңызы жоқ абстрактілі теорияландыру болып көрінуі мүмкін. Бірақ заң жүзінде және іс жүзінде ықпал етудің ара жігін айырудың зор маңызы бар. Оның құқықтық реттеу тетігін пайдалану үшін, қоғамдағы іс жүзіндегі қатынастарға ықпал ету мақсатында құқықтық құралдардың мүмкіндік өлшемдерін анықтау үшін, демек, құқықтық реттеудің мүмкіндіктері мен пәрменділігін түсіну үшін оның өте зор маңызы бар.

Заттар мүлік  ретінде барынша алуан түрлі және құқық субъектілеріне ұдайы белгілі бір қатынастарда болады (мысалы, аларға меншік қүқыгы, пайдалану құқығы және т.с.с. ретінде тиесілі болады). Заң әр түрлі табиғат ресурстарын да, зат нысанында көрінетін адам еңбегінің өнімдерін де заттар деп түсінеді. Энергияның түрлері де (мысалы, жылу, электр энергиялары) заттардың қатарына кіреді. Өсімдіктер мен жануралар да заттар ретінде танылады.

        Жеміс, өнім және табыс болып табылатын заттардың құқықтық режимінің кейбір ерекшеліктері бар. Мүліктерді пайдалану нәтижесінде алынған түсім (жемістер, өнімдер, табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлікті пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлікті заңды негізде пайдаланушы адамға тиесілі болады [2, 42-бет]. Әдетте, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетінің құндылығы бар табиғи өнімдерін, мысалы, жеміс ағаштарының жемістерін, шайдың жапырағын, жануарлардың төлін, жүн, сүт, жұмыртқа секілді өсімдіктер мен жануарлардан алынатын өнімдерді, яғни түсімдерді заңдық ұғым ретінде жемістер деп түсінеді. Бірақ, мұнда тағы да заттардың заңдық қасиеттері жөнінде, яғни мүліктің қасиеті жөнінде әңгіме болып отыр.

      Еңбек барысында басқа заттарды өнімді пайдалану арқылы жасалған заттарды өнімдер деп түсіну керек (мысалы, наубайханада пісірілетін нан, тігін өндірісінде шығарылатын тігін бұйымдары және т.с.с.).

       Затты (заттарды) пайдаланудан немесе өнім шығару әрекетінен алынатын ақшалай жөне өзге түсімдерді табыстар деп түсіну керек. Бірақ, табыстар, заттар түрінде ғана емес, сонымен қатар, міндеттемелер бойынша ақшалай жене өзге де талаптар түрінде болуы мүмкін.

       Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер. Азаматтық құқықтардың объектілері болып табылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер — бұлар адамның мақсатты іс-әрекетінің элементтері, олар өзінше материалдық ерекшіліктер болып табылады.

       Олардың арасындағы айырмашылықтар мынада: жұмыстар, жұмыс процесінің өзінен бөлінетін материалдық нәтиже береді (мысалы, мердігерлік шарт негізінде жұмыс жүргізу нәтижесінде құрылыс жүргізіледі). Бұл жағдайда құрылыс жұмыстарының өзі құқық объектісі болады, бірақ бұдан әрі зат ретінде құрылыстың өзі құқық объектісі болады.

        Құқықтың дербес объектісі — қызмет көрсетудің қызмет көрсету жөніндегі іс-қимылдан басқа пайдалы нәтижесі болмайды (бұған нотариустың қызмет көрсетуі мысал бола алады).

        Мынаны атап көрсету керек: жұмыстар да, көрсетілетін қызметтер де, егер олардың тауарлық сипаты болса, басқа тұлғаларға тұтыну құны ретінде арналған болса, онда азаматтық құқықтардың объектілеріне айналады. Мысалы, иесінің өз пәтерін жөндеуі құқық объектісі болмайды. Керісінше, мердігерлік шарт бойынша басқа адамдардың пәтерін жөндеу азаматтық құқық объектілері болып табылатын жұмыстарға жатады.

       Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері азаматтық құқықтар объектілерінің дербес түрі, мүліктің ерекше түрі болып табылады, ол объективті өмір сүретін болса да, заттардан өзгеше, материалдық емес, асқақ сипатта болады. Азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелеріне жене оларға теңестірілген занды тұлғаны дараландыру құралдарына жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметінің өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі жене т.б.) ерекше құқығы танылады (АК-тің 125-бабының 1-тармағы).

         Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелеріне, атап айтқанда, мыналар жатады: ғылым мен өнер шығармалары, дыбыс және бейне жазбалары, өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекция жетістіктері, интеграттық сызбалар топологиясы және шығармашылық интеллектуалдық қызметінің кейбір басқа нәтижелері жатады. Оларға ерекше құқық объектілері ретінде фирмалық атаулар, тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және т.б. теңестірілген.

Шығармашылық  интеллектуалдық қызметтің осынау объективтендірілген нәтижелерінің барлыгын және оларға теңестірілген дараландыру құралдарын заң интеллектуалдық меншік ұғымына біріктіреді (АК-тің 125-бап). Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері мен ерекше құқықтардың (интеллектуалдық менитіктің) обьектісі болуы мүмкін даралану құралдарын пайдалануды үшінші жақтар құқық иеленушінің келісімімен гана жүзеге асырады.

Интеллектуалдық меншік құқығы объектілері мен осы объектілердің материалдық иелерін айыра білу қажет. Интеллектуалдық меншік объектілері мен осы құқықтың материалдық иелеріне құқық дербес объектілер ретінде бір-бірінен тәуелсіз өмір сүреді. Мысалы, кітаптың немесе музыкалық шығарма жазылған кассетаның меншік иесі болып саналатын адам кітапқа немесе кассетаға өз қалауынша билік ете алады:  сатады, сыйға тартады және т.с.с. Алайда кітапта жарияланған әдеби шығармаға құқық шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижесі ретінде немесе кассетаға жазылған музыкалық шығармаға құқық кітапқа немесе кассетаға емес, әдеби немесе музыкалық шығармашылық меншік иесіне тиесілі болады. Сондықтан кітаптың немесе кассетаның меншік иесі әдеби немесе музыкалық шығарманың меншік иесінің келісімінсіз кітапта жарияланған немесе кассетаға жазылған шығармаларды көбейтуге және таратуға құқысыз болады.

       Ақпарат - қазіргі уақытта азаматтық айналымға кеңінен енгізіліп отырған ақпарат азаматтық құқық объектілерінің ерекше түрі болып табылады.

        Әдебиеттерде ақпаратқа берілген анықтамалардың көптеген түрлері бар. Азаматтық құқық объектісі — ақпаратқа сипаттама беру үшін оны адам қабылдай алатындай нысанға (тікелей немесе әр түрлі механизмдер мен құралдардың көмегімен жанамалай) объективті бейнелейтін нәрселер туралы немесе адамдар туралы мәліметтер ретінде айқындау жеткілікті болады. Мысалы, ауызша немесе жазбаша сөздің, графиктердің, схемалардың, сызбалардың, компьютерлік және өзге техникалық көмегімен мәліметтерді тіркеу немесе хабарлау. Ақпарат дегеніміз — бұл материалдық нысанда бейнеленген немесе материалдық иесіне орналастырылған ізгі игілік. Қазіргі уақытта компьютерлік  техниканың көмегімен дайындалатын, сақталатын және берілетін машиналық ақпарат ерекше маңызға ие болуда. Ақпарат бір иесінде жеке-дара түрде сақталуы мүмкін, сондай-ақ жаппай (мысалы, газеттерде) көбейтілуі мүмкін. Бірақ құқық объектісі ретінде ақпарат мүліктің қоғамдық нысанында ғана әрекет етеді, оның түрлерінің бірі болып табылады. Бұл арада құқық объектілері ретінде ақпараттың өзін және оның материалдық иелерін айыра білу керек.

        Ақпаратқа құқықтың, мысалы, қызметтік және коммерциялық ақпарат құпиясына құқықтың заңда көзделген жағдайларда ғана қорғалатынын ескеру керек.

        РФ Азаматтық кодексінде ақпарат тікелей азаматтық құқық объектілері түрлерінің біреуі ретінде көрсетілген (128-бап). Ал ҚР Азаматтық кодексінде ол құқық объектісі ретінде “басқа мүлік” ұғымымен қамтылған (115-бап). Мысалы, сатып алу-сату міндеттемесінде ақпарат азаматтық құқықтардың объектісі бола алады.

        ҚР Азаматтық кодексінде ақпараттың кейбір түрлері ғана, мысалы, ақпараттың ерекше түрі болып табылатын шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері, сондай-ақ ақпараттың қызметтік және коммерциялық құпия секілді түрі арнайы реттеледі.

        Құқық объектісі - шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері туралы айтып өткенбіз: біз ендігі жерде қызметтік және коммерциялық құпияға толығырақ тоқталмақпыз.

Азаматтық заңдар қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты қорғайды (АК-ның 126-бабының 1-тармағы). Бір мезгілде мынадай үш белгісі бар ақпарат қана қорғалуға жатады: үшінші жаққа белгісіз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны бар; үшінші жақтың ақпаратпен заңды негіздерде танысу мүмкіндігі жоқ; ақпарат иесі оның құпиялылығын сақтау шараларын қолданады.

Информация о работе Гражданское правовое отношение