Дебат жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2014 в 14:18, реферат

Краткое описание

Пікір –сайысты жақтау тобының бірінші спикері бастайды. Оның 5 минут уақыты бар. Сөзін төрешілерді, қарсыластарын, көрермендер мен өз тобымен амандасудан бастап, өз кейсіне көшеді. Ең алдымен қарарымен келіседі ( мысалы: «Жастардың сайлауға қатыспауы ақталмайды»), содан кейін қарардағы негізгі ұғымдарды анықтайды – «сайлау», «ақталмайды», «жастар».

Прикрепленные файлы: 1 файл

Латын әліпбине көшу қажет пе.docx

— 415.48 Кб (Скачать документ)

Кез келген технология және техникның түбінде — программирование саласы жатыр.

Енді бұл жағын  біле бермеймін. қазір IT саласының секунд санап дамып келе жатыр. Бір кездері түсімізге енбеген нәрселер бүгінгі ұрпаққа қарапайым нәрсе болып қалды. Сондықтан, түбі бұл мәселесі шешіледі. Тіпті африканың адам баспаған тайпаларының жазуында қабылдай беретін технологиялар пайда болады деп ойлаймын. Егер шынында өзекті мәселе болса, білімді адамдар шешімін табады

Дәл қазір қазақ тілінің кириллицасы, сол африкалық тайпаның тілінің жағдайын кешіп жатыр.

Мүмкін сол, 300 млн-ның  жартысын беріп осы мәселені шешкен дұрыс болар. Және кириллицадағы басқа елдермен ортақтасып. Латынға көшу мәселе үстіне мәселе қоса бермек

Бұл бос шығын. Орыстың "өліп жатқан" тілін неге қазақтар ақша шығарып кириллицасын дамытуы керек? Неге біз, жақында Әлемдік тілден шығып қалғалы тұрған орыс тілін қолдауымыз керек? Неге біздің тілдік ғылымдарымыз осы тілге байлануы керек? 
Керісінше, біз заман талабына сай, дамудың толқынына ілесуіміз керек, оған қарсы емес!

Білім және Ғылым  министрлігінің есептеулеріне сүйенсек, кириллицадан латынға қалыпты жағдайда көшу үшін Қазақстанға 300 млн АҚШ доллары және 15 жыл уақыт қажет болады. Сонша ресурс шығындап, табатынымыз не нәрсе? Қазақ тілін кириллицамен де дамытуға мүмкін болса, бұл шығын ақталмаған тәуекел болады деп санаймын.

Егер сіз қаржылық мәселесін осылай бағамдасаңыз, бұл тек латын тіліне қатыстысы. Ал, енді шет елдік техника мен технологияларды қазақ тілінің кириллицасына интеграциялау үшін де қаншама қаржы кететінін ұмытпау керек. Әрбірі үшін. Жалпылай шекарадан өткен әр техника түріне осылай шығын кетеді. Тек техника емес, шет елден келетін әр тауардағы электронды болсын қағаз бетіндегі болсын жазуға осыншалықты шығындар кетеді. Ол тауар бағасына да әсер етеді. 
Әлеуметтанушылар латын әліпбиіне көшу туралы мәселе көтерілген уақыттан бастап бұл мәселені зерттей келе, халық арасында сауалнама жүргізген. Олар сауалнама барысында латын әрпіне көшуге тұрғындардың 45 пайызы қарсы болса, тек 11 пайызы ғана қолдау танытты дегенді айтады. 
Осы орайда  латын әліпбиіне көшу туралы тіл мамандарынын пікірлерін ортаға салсақ... 

«Латын қарпіне көшкеніміз – біздің қасіретіміз болды. Әзірбайжан және ағылшын тілдерін оқып жатқан балалар кириллицаны мүлде білмейді. Олар осыған дейін басылып шыққан кітаптарды оқи алмайды.» Эльмира Ахундова,

Баку-славян университетінің доценті

«Қазақстан түрік әлеміне  жетекші болу үшін аянып жүрген жоқ. Түрік академиясын, «Түріксой» кеңесін  құрды... академияның президенті (немесе төрағасы) қазақ ғалымы, Көкшетау университенің  бұрынғы ректоры Шәкір Ибраев. Қазір латыншаға көшуге бастамашы  болып жүргеннің бірі сол. Қазақтар өз тілдерін әлі үйреніп болған жоқ. Латын әліпбиіне көшсе тілдерін өшіреді.»

Гога Хидоятов,

Өзбекстанның  еңбек сіңірген қайраткері,

тарих ғылымдарының докторы, профессор 

 

«Меніңше, қазақ тілінің  ресми іс жүргізу тәжірибесінде  оның толыққанды қолданылуын қамтамасыз ете алмай, латыншаға ауыса қою, орны толмас өкінішке әкеліп соқтырады. Онсыз да орыс тілділер мен қазақтілділер  екіұдайылыққа ұшырап жүргенде, қазақ  одан әрмен рухани алшақтыққа ұрынады. Қазір олар бір-бірін үнемі түсіне алмай шекісіп қалып жүрсе, латыншаға  көшкен қазақтілділер мен кириллицадан айырылғысы келмейтін орыстілділер (орыстармен қосылып алып) нағыз  жаға жыртысуға көшеді... Ұлттың рухани екі жікке бөлінуі одан әрі  тереңдейді. Онсыз да кириллица негізіндегі  қазақшаға ене алмай жүрген орыстілділер латынша негіздегі қазақ тілінің  маңайына да бара алмайтын болады. Әзірбайжан мен Өзбекстандағыдан біздегі жағдай өзгеше. Олардың артықшылығы бір  ұлт өкілдерінің ішінде бөліну жоқ, бізде бар. Егер латыншаға қазір  ауыса қойсақ, бұл бізді рухани жіктелудің ең тереңіне батыратын болады.»

Қанағат Жүкешев,

философия ғылымдарының кандида         

Бұл мазмұнды мақсат па екен, санамызға кеш келген?

«Дұрыс, дұрыс» деп жатыр  жұрт, «латыншаға көшкен жөн».

Билік сөзі заң емес пе, бірақ  қашан көшеміз?

Қандай жолмен түгенделер сыртқа кетер есеміз?

«25-інші жылдан кейін» дейді  оған Елбасы,

Осы талап бола ала ма, ортақ сенім арнасы?

Біреу бейім, төрт-бес жылдан кейін жылдам көшуге,

Ал, біреулер, тіпті, «ертең көшейік» деп бөсуде. 

 

Кей дайынсыз пайымсыздар  «бұл іс жеңіл» десе де,

Нақ осы істе бұғып жатыр өте үлкен мәселе.

Дәл бүгінгі күнге дейін ел мұңына ашынған,

Зерттеу, толғау, мақалалар  миға үлес боп қосылған,

Тұлғалардың еңбектері ұлттың даңқын асырған,

Сан миллион атпен дара кітап болып басылған.

Соның бәрі кириллица аясында қала ма,

Кім аударып бермек оны ертеңгі өсер балаға? 

 

Латыншаға өзбек, түрікмен, әзірбайжан ауысты,

Сан тарихы сыртта қалып, қамсыздықпен қауышты.

Билік жағы өнегелі іс деп ұқса екпінді,

Көп тұлғасы оны «адасу», «рухты зорлау» деп білді.

Жә, ғаламтор бұл араға өз үлесін сала ма?

Әлде «тарих қажет емес»  деген үміт жана ма?

Басты мақсат кітаптардың  қажеттісін алу ма?

Көп миллиард қаржы керек, бұл зор іске баруға.

Ертең түсіп қалмаймыз ба, рухсыз, сараң қақпанға,

Қазір ұлттық игі істерге ақша таппай жатқанда? 

 

Ойда-жоқта көлегейлеп пенделіктің  бораны,

Бір маңызды сұрақ тағы алдымызды орады.

Латыншаға Қазақстан мемлекет боп бармақ па?

Қаншама ұлт, сан басылым  ортақ міндет алмақ па?

Онда жақсы... бірақ қамап  қойғандай ғып шарбаққа,

Жалғыз қазақ тілі ғана ілінбек қой қармаққа? 

 

Рас, қазақ жылдам ашсын  ғаламторлық құлыпты.

Компьютерге бола сонда жоямыз ба ұлтты?

Латын қарпін меңгеруді міндет етіп қоюға,

Болмайды ма, қиын ба әлде, солай қанат жаюға?

Ұлтсыздану жағынан біз  тұрмыз жардың шетінде,

Қазақтай көп орыстанған ұлт жоқ жердің бетінде.

Әзірбайжан, өзбектерден  айырмамыз осында,

Сондықтан да, зор қасірет  қол бұлғап тұр қасыңда. 

 

Өз тілінде ой қорытып, өз тілінде ой кессін,

«Әрбір қазақ қазақпенен тек қазақша сөйлессін!»

Осы сөзді Елбасы да қайталады  сан рет,

Бірақ сөзі ісіменен шықпай жатыр дәлірек.

Ұзай алмай Кеңес рухты  ескі құныс күндерден,

Өзі орысша сөйлеседі қазақ  министрлерменен...

Ал ұлт үшін латыншаға көшудің еш мәні жоқ. 

 

Кімдер онда ұлтқа мұндай жұмбақ шідер тастады?

Өз тілінде ойлай алмас,

Өз тілінде сөйлей алмас,

Һәм жаза алмас, қазақтың тең жарымынан астамы.

Секілденіп «ұлтсызданған бөлек қазақ аралы»,

Олар түгел кириллица  аумағында қалады.

Ортақ елдік мүдделерді тастап желдің өтіне,

Сөйтіп қазақ ашық түрде бөлінеді екіге.

Рух парқы аз басылып жатқан жоқ қой табанға,

Сонша неге құштар болдық ұлт  жеңілер қадамға?

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Дебат жоспары