Дебат жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2014 в 14:18, реферат

Краткое описание

Пікір –сайысты жақтау тобының бірінші спикері бастайды. Оның 5 минут уақыты бар. Сөзін төрешілерді, қарсыластарын, көрермендер мен өз тобымен амандасудан бастап, өз кейсіне көшеді. Ең алдымен қарарымен келіседі ( мысалы: «Жастардың сайлауға қатыспауы ақталмайды»), содан кейін қарардағы негізгі ұғымдарды анықтайды – «сайлау», «ақталмайды», «жастар».

Прикрепленные файлы: 1 файл

Латын әліпбине көшу қажет пе.docx

— 415.48 Кб (Скачать документ)

Тілді тіл етіп, бар табиғаты мен болмыс-бітімін айқындап тұратын басты заңдылықтарының бірі — дыбыстардың бір-бірімен көрші тұруы, тіркесуі. Қазақ тілінде буын, сөз ішіндегі және сөз бен сөз аралығындағы дыбыстар өзара келісіп, үйлесіп, үндесіп, басқаша айтқанда, бір-бірімен қол ұстасып, жарасым тауып, үндесіп заңына бағынып тұрады. Бұл заңнан тысқары тұрған дыбыс, буын не сөз болмайды. Ал тілінде үндестік заңы емес, сөз екпіні үстем орыс тілінен енген сөздер қазақ тілінің басты заңдылығына кері әсер етіп келеді. Сондықтан қазақ тіліндегі әр сөздің табиғи бояуы дыбыстар тіркесі арқылы, яғни үндестік заңы арқылы танылады. Орыс тілі  және осы тіл арқылы дауыстының не бірнеше дауыссыздың сөз ішінде, әсіресе, бір буында қатар келуі қазақ тілінің табиғатына жат тіркесімдер болып табылады. Осындай тіркесі бар сөздер қазақ сөзінің ұлттық болуына дақ түсіреді. Мысалы: поэма, дуэт, какао, соус, оазис, Аида, Раиса, Зоя, сияқты сөздер тіліміздің айтылым табиғатына сай келмейді.

Сондай-ақ қазіргі  жазуымызда қазақ тілінде «қатаң дыбыстан соң қатаң дыбыс, ұяң  дыбыстан соң ұяң дыбыс келеді» деген заңдылығы «сұхбат», «сахна», «мәслихат», «ресми», «шашлық», «лағман», «қызмет» сияқты көптеген сөздер де бұзылып жүр. «Емле», «мемлекет» деген сөздерде дұрыс жазылмай орнығып қалды. Қазақ тілінің дыбыстық заңы бойынша сөз басында  «и», «у», «л», «р», дыбыстары, ал сөз аяғында «б», «д», «ж», «г», дыбыстары келмейтін болса, йод, йон, университет , логика, ленолиуим, лагерь, радио, рельс, штаб, завод, гараж, массаж, монтаж, филолог, монолог, педагог сияқты т.б сөздерде дыбыстық әуеніміз қазақы болмай, «мазақы» күй кешіп тұр. Бір түбір сөздің ішінде бір дыбыстың қатар қайталануы бұрын араб сөздері арқылы  келсе де, оны халық ұлттық бояуымен өзгертіп (молла-молда, алла-алда-Алдаберген, суннат-сүндет, үммет-үмбет) алса, орыс тілі арқылы келген «касса», «миллион», «тонна», «аппарат» сияқты сөздер өзгеріссіз қолданып, тіліміз заңдылығына сай келмей тұр.

Тіл білімінде сөздің мағынасына өзгерте алатын, мағынаға қатысты дыбысты фонема деп атайды, ал оның сөйлеу барысындағы естілетін әртүрлі реңдері дыбыс (вариант, вариация) деп аталады. Бір фонеманың құрамында бірнеше дыбыс, яғни әр фонеманың варианттары; кейбірінде вариациялары да бар. Егер фонеманың реңдерін арнайы әріптермен таңбаласақ, оған таңба да жетпес еді, бұл дұрыс та болмас еді. Бірақ осындай кемшілік біздің қазіргі әліпбиімізде бар. Мысалы, «қ» фонемасының реңдеріне х, һ дыбыстары жатады. Сондықтан қош-хош, қалық- халық, қабар-хабар, қайыр-хайыр, қақарман-қахарман-қаһарман, Гауқар-Гауһар-Гаухар деген сөздерде қай дыбысты қолдансаң да мағына өзгермей тұрғаны, бір фонеманы үш әріппен таңбалаудан туындаған заңсыздық, басқаша айтқанда, бір адамның үш есімі бар, не үш төлқұжаты болғаны сияқты. Сөйтіп, қазақтың «қ» фонемасымен айтылатын сөздер әліпбиімізге қазақ тілінде жоқ, орыстың «х» фонемасы енгізілуіне байланысты, бірде қазақтың «қ» фонемасымен,бірде орыстың «х» фонемасымен, енді бірде араб сөздеріндегі «һ» фонемасымен әртүрлі жазылып, жұртты адастырып тұр. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Қысқасы, тіліміз шұбарланып, ұлттық бояуы мен реңін жоғалта бастады. Қазіргі әліпбиіміздегі осы сияқты тағы басқа кемшіліктер латын әліпбиіне көшкен кезде шешімін табады.

Тілдің қоғаммен бірге дамып, ғылым мен техника  дамыған сайын көршілес елдерден және басқа да шетелдерден жаңа сөздер кіруі арқылы да толығып отыратыны табиғи заңдылық болып табылады. Қазіргідей басқа елдермен арада барыс-келіс жиілеген замандағы күнделікті тіршілікте өзге тіл сөздерінің енуі де, әсері де күшейе түспесе, бояуламайды. Ал кірме сөздердің барлығын дер кезінде қазақы айтылымға икемдеп отыру да оңай шаруа емес. Әрбір оқыған сауатты адам өзге тілден келген сөздің де қазіргі  кирилл әріптерімен өзгеше жазылып тұрғанын оғаш көріп тез қабылдай қоймауы мүмкін. Ал латын әліпбиі бұл қиындықты өзі реттеп, жұртшылық кірме сөздерді қазақы қылып жазып, қазақы оқып кеткенін өздері де байқамай қалар еді. Сондықтан тіліміздің табиғи айтылымына қайшы келетін кемшіліктерімізден арылатын кез келді. Әр сөзді бабалар салған жолмен ұлттық үндесіміне қарай айтуымыз үшін жарыса қапталдап кедіргі келтіретін ескі әліпбиімізді латын әліпбиіне ештеңеден қорықпай алмастыра салуға мүмкіндік келді. Демек, ұрпақ келешегін ойласақ, ұлттығымыздың негізгі белгісінің бірі тілімізді сақтап қаламыз десек, бірден-бір дұрыс жол — латынға көшу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгінгі таңда қазақ қоғамында  латын алфавитіне өту мәселесі қызу талқыланып жатыр. Өте дұрыс, мұндай маңызды да өзекті мәселе әрине осылайша қоғамның түрлі қатпарлары тарапынан  оңды солды талқылануға тиіс. Осының нәтижесінде қазақ елі ұтымды бір шешімге келері сөзсіз.

Осы орайда пікір айтқан азаматтардың көпшілігі Қазақстанның кириллицадан латынға көшуінің қажеттілігіне  баса көрсетіп жатыр. Аз ғана адам осы кириллицада айнымай қалу жайында уәж айтуда. Олардың бұл үшін айтар бір ғана себебі бар: ол, латын әріптеріне өткен жағдайда, соған дейін кириллицада жазылған кітаптар, мақалалар, журналдар не болады; Келер ұрпақ осылардағы бай рухани мәдени мұрадан көз жазып қалады деген алаңдаушылық.

Біздің ойымызша, мұндай алаңдаушылық орынсыз. Келер ұрпақ ешқашан кириллицамен жазылған дүниелерден көз жазып қалмайды. Себебі, Қазақстанда орыс тілі әрқашан екінші тіл орнында жүреді. Мұндай тәжрибе басқа елдерде баршылық. Мәселен Алжир елі, кезінде француздардың отары болған ел. Отарлық кезеңде халыққа жаппай француз тілі үйретілген еді. Ол 1962 жылы отарлықтан құтылып тәуелсіздігін жариялады. Содан бері өткен 51 жылда, француз тілі ұмытылған жоқ. Қайта әлі де болса француз тілі мектептерде үйретілуде. Өйткені француз тілі әлемнің алда келген мәдени тілдердің бірі. Сол тіл арқылы француз мәдениетінің жетістіктерінен Алжир халқы пайдалып отыр. Сондықтан бүгінгі таңда Алжирдің халқы арап және француз тілдерінде бірдей еркін сөйлеуде. Мұны өткен желтоқсан айында Парижде кездескен бір француз оқымыстысынан сұрап үйрендім. Алжир халқында бізді қызықтырған, оларда француз тілін білетін, бірақ ана тілі, арапшаны білмейтін бір де бір Алжирліктің жоқ екені. Барлығы екі тілді толық меңгерген. Құдай тағала бізге де осындай бақытты жазса екен.

Сол секілді орыс тілі де әлемнің алда келген мәдени тілдерінен бірі. Қазақ халқының бұл тілді  ешқашан ұмытпауы керек. Тіпті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үш тұғырлы  тіл саясатында нақты ортаға салынғандай, қазақ, орыс тілдеріне қоса ағылшын  тілін де халқымыз толық меңгеруге  тиіс.

Ал орыс тілін білген қазақтардың  орыс тілінің төл әліпбиі кириллицамен жазылған қазақша кітаптарды қиналмай оқый беретіні анық. Сондықтан латынға өтсек, ұрпақтарымыз кириллицадағы рухани қазналарды қалай оқиды деп алаңдауға негіз жоқ. Тіпті латынға өткеннен кейін бұрын кириллицамен жазылған еңбектерді латынға көшіруге де қажет жоқ. Оларды қазақ және орыс тілдерін білген кез келген адам еркін оқи береді.

Ал латынға көшу не үшін қазаққа қажет деген сұраққа келер болсақ;

Біріншіден, қазақ халқы славян текті халық емес, олай болса, славян текті халықтар ғана қолданатын әліпбиді қолдану ынғайсыз. Сондықтан тәуелсіз Қазақелі Кеңес Одағы кезінде қазақ халқының ықтыярынсыз таңылған бөгде халықтың әліпбинен арылатын кезі келді.

Бүгінгі таңда кириллица  әріптерін әлемде он екі ел қолданады: Олардың сегізі славян текті халықтар. Атап айтқанда Белоруссия, Босния,  Болгария, Македония, Черногория, Россия, Сербия және Украина. Славян текті болмаған төрт ел де осы әріптерді қолданады. Олар Казақстаннан басқа, Кырғызстан, Монголия жәнеТәжікстан. Ал осы төртеудің ішінде Монголия мен Тәжікстан сол кириллицаға қоса өздерінің төл әріптері монғол және арап жазуларын да бірге пайдалануда. Сонда әлемде алфавит мәселесінде кириллицаға кіріптар болып отырған екі-ақ ел болып отыр. Олар Қазақстан мен Қырғызстан.

Қазақтар мен қырғыздар  түркі-мұсылман халықтар тобына жатады. Сондықтан олар, бұрын яғни Кенес Одағына бодан болмастан алдын, түркі-мұсылман халықтар қолданған арап әліпбиін ұстанатын. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, оның құрамындағы түркі-мұсылман халықтардан Әзірбайжан, Өзбекстан мен Түркіменстан тәуелсіздік алғаннан уақыт өткізбестен славян халықтарына тән әліпбиден бас тартып бүгінгі таңда түркі-мұсылман халықтар қолданып отырған латын әліпбиіне көшті. Міне сондықтан Қазақстаннын да латынға көшетін уақты келді.

Бірақ Қазақстанның кириллицаны  тастап латынға көшуі көршісі  Ресеймен достық байланыстарынан бас  тартуы мағнасына келмеуге тиіс. Өйткені ол Қазақстанның ішкі ұлттық мәдени мәселесі. Ол мәселенің көрші елдермен қатнастарға қатысы жоқ. Ресей Қазақстанның көршісі, екі елдің достық негіздегі байланыстары екі елдің пайдасына екені анық. Сондықтан Қазақстанның латын әліпбиіне өтуі Ресеймен достық байланыстарды жалғастыруға кедергі емес.

Екіншіден қазақ халқы  латынға көшу арқылы бүгінгі үстем  мәдениеттердің кіші мәдениеттерді  аждаһадай жұтып жатқан жаһандану  дәуірінде өзінің ұлттық мәдениетін, тілін сақтауға септігін тигізеді. Өйткені қазақтар латынға көшу арқылы өзіне туысқан әзірбайжан, өзбек, түрік, түркімен сыяқты елдермен бір әліпби жүйесіне өткен болады. Сөйтіп туысқан елдер бірбіріне селбесіп жаһандану дәуірінің мәдени қауіп қатерлеріне қарсы бірге табан тірей алады.

Үшіншіден латын әріптері бүгінгі таңда технология мен компютерге ең ынғайлы әріп жүйесі. Бұдан да ұтарымыз көп.

Латынға көшу шешімі алынған  жағдайда байқайтың маңызды мәселе қай жүйеде көшу мәселесі. Мұнда жалпы айтқанда үш жүйе айтылуда:

Біреулер ағылшын тіліндегі  нұсқасына сол күйінде өтейік, екінші біреулер түрік тілінің толықтырылған нұсқасын алайық, ал үшінші біреулер болса, латында қазақ тілінде жоқ дыбыстарға жаңа таңба табайық немесе сол дыбыстарды қос әріптермен бейнелейік дейді.

Бұларды туралы өз ойымда айтар  болсам, ағылшын тіліндегі нұсқа  қазаққа мүлде келмейді. Жаңа әріп немесе қос әріп пайдаланудан қазақ халпы не ұтады? Сондықтан Түркияның 90 жылға таяу уақыттан бері қолданып келе жатқан жүйесінің ғалымдар тарапынан толықтырылған 34 әріптік жүйесін пайдаланған дұрыс.

Һәм бұл әріптерді бүкіл Түркі дүниесі пайдаланатын болса, сонда 200 миллионнан астам түркі дүниесі арасында түсіністік те, ынтымақтастық та нығаяр еді. Сөйтіп қазақ халқы бір оқпен екі қоян атып әрі бүгінгі заманауі ең үздік әліпби жүйесіне өткен болады, әрі туысқан халықтармен ынтымақтастығы күшейе түседі. Бөлінгенді бөрі жейді деген қағида әсіресе бүгінгі жаһандану дәуірінде ескеретін қағида болып отыр.

Латын әріптеріне көшкен уақытта оны іске асуында көп қиыншылық болады деуге негіз жоқ. Өйткені бүгінгі таңда әсіресе жастар ағылшын тілін де білгендіктін ертен-ақ латынға көшкеннің өзінде қиналмай оқи да, жаза да біледі. Тіпті бүгінгі таңда ғаламторда, Қазақстан латынға көшу жайында шешім қабылдамағанның өзінде,олар латын әріптерімен қазақша жазып та жатыр. Қиыншылық белгілі жастың, атап айтқанда 40-тың үстіндегі, ағылшын тілін мүлде білмейтін азаматтарда болуы мүмкін. Олар латын әріптерін бір екі күнде оқый алатын болса да, бір неше ай сол әріптерде жазуда қиналары анық. Бірақ негізінде оңнан солға қарай жазылатын арап әріптеріне қарағанда, кириллица мен латын әріптерінің жүйесі бір. Тек, бір қатар әріптерінің бейнесінде  өзгерістер бар. Сондықтан мисалға айтар болсақ, 2014 жылының басынан латынға көшуді қабылдаған Қазақстанда бір жыл екі әріп жүйесі қатар қолданылып 2015 жылдан бастап толық латын әріптері жүйесіне өтуіне болады. Яғни бір жылда бүкіл Қазақстан азаматтарының латынға үйреніп кетуіне болады.

Сонымен сөзімізді қорытар  болсақ, латын әріптеріне көшу тәуелсіздігіне 22 жылдан астам уақыт өткен және халықаралық қауымдастықта беделді орынға ие болған Қазақстанның рухани саладағы тәуелсіздігін айғақтайтын шара болып табылады. Ол сонымен қатар әлемнің технологияда үздік дамыған елдері және туысқан түркі халықтарымен етене араласуына мол мүмкіндік береді. Оның үстіне бұл шара Қазақстанның бүгінгі даму үрдісінің рухани саладағы жалғасы болып табылады. Сондай-ақ ол тәуелсіздікті, әсіресе мәдени саладағы тәуелсіздікті бекемдей түседі. Сондықтан Қазақстан латынға неғұрлым тезірек көшсе, соғырлым ұтымды болмақ.


 

 

 

 

 

 

 

   "Қазақстан латын қарпіне көшсін бе?" деген сұраққа өзімнің жауабым бар. Ол, әрине, «ЖОҚ!!!». Неге десеңіз, біз онсызда түрлі тәжірибе, сынақтан өтіп, түрлі модерациядан өткен халықпыз. Тілімізді, дінімізді, ділімізді қай жағынан болса да қыспаққа алынып, жер бетінде халық ретінде жойылып кету қаупі туған шақтарда қазақ ұлтының тұтастығының сақталып қалуы себептерінің бірі де — осы тілде. Латын әрпіне көшу оңай нәрсе емес. Қазір де жағдайымыз жаман емес қой. Қазақ тілінің дәрежесі төмен дейді кей жұрттар, солай да шығар. Бірақ, ол қазақ әріптерінің кириллица не латында болуына байланысты емес. Тіпті, ол басқа мәселе. 150 жыл отаршылдықтың салдары десек болады. Міне, сол бодандықтың салдарынан әлі құтыла алмай жатқан шақта тілімізге тағы бір өзгерістер енгізсек, артық қыламыз деп тыртық қыламыз ау деп қорқамын.

Елу жылда ел жаңа. Сонымен қатар, осы уақытқа дейінгі  жасалған модернизация, өзгертулердің  барлығы болғаны рас, бірақ ол қазақ тілі үшін нақты бір қағида, болмаса ең супер шешім емес. Сонымен қатар, 150 жыл бойығы тілге қатысты барлық дерлік бүгінге дейін сақталған өзгерістердің көбі, орыс тіліне бейімделіп жасалғаны ақиқат. Неге дейсіз ғой, кавказ халықтары, басқа да алыс/жақын шет елдердің азаматтарының орысша сөйлегенін қараңыз, олар белгілі бір акцентпен сөйлейді, демек олардың жеке дара ана тілдерінің әсері деген сөз.  
Екінші, қазақтарда олай емес, олар орысша сөйлей бастаса, акцентсіз зырлайды. 
Және бұл өзгеріс, басқа ұлтта да акцентсіз сөйлейтінін мойындаймын. Тек, тілдері орысша шыққан басқа ұлттыларды ғана айта алар едім. 
Үшінші, шынымен зер салсаңыз, қазақ тіліндегі айтылатын сөздер жазылу ережесі, қазақша сөздердің табиғи қалпында берілуіне кері әсерін береді. Яғни, осылай кетек берсек, ертеңгі қалыптасатын жаңа сөздер де қазақ тілінің табиғи болмысына жат формасында қалыптасып, түбінде қазақ тілінің жойылуына әкеледі. Қанша сіз қазақ тілін қолдаңыз, бірақ элементарлы тіл ғылымдары қазақ тіліне бейімделмей, барлық еңбектер желге ұшады. Тіл ғылымдардың негізі — қаріптерде екенін және ұмытпаңыз. 
 
Тағы бір мысал: қазақ тілінде сақталған тарихи, мәдени және тағы да басқа жазба мұралары болуы мүмкін. 
Және, латынша, арабша, түркі тілінде жазылған деректердің басым бөлігі жойылып кеткен. Сақталғаны өте аз. Оны көбейту мәселесі де, кенже қалмауы керек. (1) 
Кириллица енгізілгелі, жазылған еңбектердің тең жартысы нақты қазақ пайдасы тимейді. Неге? Себебі, олар Совет Өкіметі тұсында жазылған. Сол ұйымның бақылауымен, цензурасын ескере отырып жазылған. Мазмұны Кеңестік идеологияны дәріптейді. Қазақша жөні дұрыс ғылыми жұмыстар да көп емес. Барының өзін электронды нұсқаға аударса, санаулы минутта латыншаға конверттеп беретін бағдарламалар жетерлік. Және де, мемлекеттік ақпарат, бүгінгі күні түгел электронды нұсқаға көшуі керек. Себебі, қағаз ол ескіреді, жойылады, өртенеді, жыртылады. Оны көбейту де машақат. Ал электронды нұсқасын, санаулы минутта бірнеше мың данаға көбейте аласыз, сапасы жоғалмайды. Енді осы электронды нұсқа заман талабы екен, дайын нұсқаны неге латыншаға аудара салмасқа? 
Латиницада қалған әдеби туындылар да көп емес. Көбінің мазмұны баяғы Кеңестік идеологияны дәріптейді. Жә. Оны қойшы, қанша дегенмен, кириллицадағы еңбектерді латиницаға аударуға болады. 
Басқа Қытай, Жапон елдерінде де кезінде үлкен көтерілістер болған, латын әліпбиіне қатысты. Бірақ, ол тақырып қабылданбады. Себебі, ол елдердің жазу мәдениеті бірнеше мың жыл тереңде жатыр. Сондықтан оған түсіністікпен қарауға болады. Десе де, оларда латынша жазу техникасы өзінше бір аудиторияны қамтиды, ал технология түгелімен латын әліпбиі негізінде дамуда. Иероглифтерді қолдау мақсатында, қулықтар арқылы, латынша енгізу арқылы, таяқша сөздерді тереді.  
Бізде ше? Бар жоғы 150 жыл ғана, онымен қоса, зерттей келсеңіз, латын әліпбиіне қарағанда, зияны көп кириллицаны келіп жақтайды. 
Иероглиф қолдайтын елдердің мамандары қай жағынан болса да өте мықты, сондықтан олардың иероглифтері мықты.  
Ал, кириллица қолданатын елдердің мамандары әлсіз, өнеркәсібі төмен деңгейде, белгілі бір психологиялық ауқымнан басымы шыға алмай құл болып жүр. 
Кириллицаны қолдайтын мамандар, барлығы тек Ресей үшін, орыс тілі үшін ғана қызмет етеді. Небір технология шықса, 200 млн кириллица қолданатын елдерге бола ғана коммерциялық мақсат үшін қолдау жасайды, әрине ол тек орыс тілі үшін. Қазақ тілі ше? Ол тек қазақтың проблемасы болғаны үшін, бүгінде күшпен тықпаланып келе жатқан мәселе. Ертең бұл да әлсіресе, орыс тіліне бағынып қалу ықтималдығы жоқ емес. Ал заман, латын тілінде дамып жатыр. Оның ішінде Ұлы ағылшын тілі бар. Бірақ біздің латын әліпбиіне оның қатысы аз. Себебі, екеуі екі бөлек әңгіме. 
Бізге екіншісі маңызды. 
Қазақ тілінде нақты 30 ға жетер детпес қана дыбыс бар, бірақ 42 әріп қолданады! 
Ағылшындарда 40 дыбыс, бірақ 26 әріп. Латын тілін өте тиімді қолданған. 40 дыбысты 26 әріппен дыбстау мақсатында, өздерінде мықты жасалған ереже бар. Бізге әрине ол қажет емес, бастысы 30 қажет дыбысқа 42 әріптен орын табылса болғаны. Қалған «артық» әріптер, тілдің «сау емес» екендігін білдірсе керек.

 

1. Қазақ тілінің  латынға ауысуы өзге озық елдерге қосылсақ деген ойдан шыққан. Рас, қазақ тіліне жанашырлық болса, осы кириллицада да қазақ тілінің дыбысталуын үйлестіруге болушы еді. Қазақтар орысша акцентсіз сөйлеуі — қоғамның орыс тілді болуынан. Теледидар, радио, өзге БАҚ құралдарының орысша сайрап тұрғанда қалайша құлақ үйреніп, тіл сынбасын. Орыс тілі мұхит ар жағындағы бізге тансық ел емес, құдай қосқан көршіміз. Қазір тіліміз орысшамен шұбарланса, ертең латынмен шұбарланады… Қазір кім қандай қиындық көріп жатыр? Саясат үшін халық тағдырымен тәуекел етпей, тілімізді осы қалпында дамытайық деген ұсыныс

 
Мүлдем (категорический) қарсымын! 
Біріншіден: Тарихта белгілі Патша үкіметі бізді (қазақтарды) тарихын ұмыттыру мақсатында араб тілінде сауат ашқан қазақтарды 1929 жылы латын әріптеріне, кейін (шатаспасам 1940 жылы) кирилл әріптеріне ауыстырған жоқ па?! Қайтадан латын әріптеріне көшсек тарихымыздың кейбір парақтары ұмыт болмайды ма? 
Екіншіден: Біз жастар, латын әріптеріне көшсек те, тіпті мүлдем қытай ироглифтеріне көшсек та әйтіп-бүйтіп үйреніп алармыз. Біздің миымыз жас әлі, ал үлкендер жағы қалай болмақ? Олар үйренсіп кетуі екі талай! Өтірік пе?! Әлде солар (үлкен кісілер) бақилық болғанша біз басқа кітап олар басқа кітап оқып жүреміз бе?  
Үшіншіден: Бұл қосымша қаражат қажет етеді. Әлемдік дағдарыс келе жатқанда бұл не шашылу? Тасып бара жатсақ халақтың өмір сүру жағдайын жақсартпай ма, құрдан құр «халақ санын көбейту керек» деп зарлай бермей. Әлеуметтік жағы төмен болса халық саны қалай көбеймек… 
Қорытынды: Мүлдем қажеті жоқ, тіпті ойлаудың өзі артық болады! Менің ойым осы.  
Мынадай «латын әріптеріне көшуді қолдаймын» деген қазақты көріп кирил әріптеріне қазақ әріптерін қосып қазақ тілді алфавит құрастырған Ахмет Байтұрсынов атамыз бір аунап тұрған шығар…  
деппін кезінде)

1. Қазақ тілінің  латынға ауысуы өзге озық елдерге қосылсақ деген ойдан шыққан. Рас, қазақ тіліне жанашырлық болса, осы кириллицада да қазақ тілінің дыбысталуын үйлестіруге болушы еді.

 
Әрине, кириллицаны қазақ тілінің  дыбысталуы мен қатар тіл ғылымдарын ескеріп қайта өзгертуге болады. Және ол солай болады да. Содан кейінгі мәселе, ретке келген тіл ғылымдарын (грамматика, морфология, синтаксис, семантик т.с.с.) латын әліпбиіне ауыстыру мәселесіне әкеледі. 
 
Латын әліпбиін үлкен адамдарға меңгеру қиын болады, тіпті оны үлкен адамдарға үйренсін деп міндеттеу де артық дүние, сондықтан латиница кириллицамен қатар параллельді түрде енуі керек. Жастардың басымы латиницаны, кәрілердің басымы кириллицаны қолдана береді. 
 
Шындығында, латиницадан қорқатын дәнеңе де жоқ. Ол да қарапайым әріптер. Бірақ та,халықаралық символдар стандарды бойынша, латиницаға берілген жол кең! Кириллицаның проблемасы, азия халықтарының иероглифтарынан кем емес.  
 
Ал, латиницаға ауыссақ, тарихымызды ұмытамыз деген сөз, кешіріңіздер таза сауатсыздықтың салдары.  
 
Неге дейсіз ғой, латиницаға ауыстық екен деп, біз тарихты ұмыта салмаймыз болмаса біз аспаннан салбырап кириллицамен туылған жоқпыз. 
 
Ең есте сақтайтын мәселе: қандай алфавит қолданыста болса да, ешқашан мәдени мұра өлмейді, ешқашан тарих өшпейді. Отыр ғой, қытай, жапон тағы басқа мемлекеттер иерофлифпен, бірақ әдебиеті, мәдениеті, тарихы ұмытылған жоқ, батыс елдері латиницада, бірақ ештеңесі әліпбиге бола ұмытылған жоқ. айта берсе, көп енді. Сіздер айтыңыздар, қай мемлекет, алфавитін өзгерткен себепті тарихын ұмытып, елде түгел түсініспеушілік болған екен??? Қазақстанға да сондай жағдай келген, бірақ тарихы кириллицаға бола ұмытылған жоқ, әлде қазақтың тарихы кириллица енгізілгелі ғана басталып па ед? Міне. Әліпби өзгергенмен, тарих ұмытылмайды. Бірақ, ұтылатын бір тұс бар — ол әліпбидің тиімсіздігінің салдары. 
 
Кеңестік үкімет құлаған соң да бірқатар елдер латын әліпбиіне көшкен. Олар тарихын ұмытқан жоқ. Бірақ, халық арасында латын әліпбиіне қатысты қиыншылықтар бар екенін де мойындау керек, тек ол шешімі бар мәселе. Меңгеру жағы болса, адамға ерік берілуі керек, үйренгісі келсе үйренеді, қаламаса кириллицамен жүреді. Латын әліпбиін қабылдаған соң, 10-20 жыл аралығында уақыт кетеді. Сол уақыт аралығында екеуі де қолданыста болады. 
 
Мен орыс ұлтына қандай да бір кері көзқараспен қарамаймын. Бірақ, қазақ тіліне қатысты кемшіліктер мен жасалуы тиіс тиімді варианттарды өз пікірім ретінде білдіруге тиіспін.

Оданда қазақ  тілін үйретейік те, қалғанын сосын көре жатармыз

Мен ескі түркі жазуының қайта қаралып, қазіргі заманға сай қайта жасалғанын қалаймын. Бұл біздің өз жазуымыз. Кирилдің кедергісі көп, ал латын да сол кирилдің туысы. Грузиндер де өз жазуын қолданады. Бізге не үшін өз жазуымызды қолданбасқа?! Ескі деп сылтауратудың қажеті жоқ. Қиындық кирилде қалсақ та, латынға ауыссақ та болады. Өз жазуымызды тірілтсек, ұрпақ алдында жасаған үлкен іс болар еді…

Сізге ат-матымен  қарсымын. Меніңше, қазақ болған соң  ерекшелік болғанын жөн санаймын. Кирилл харіптерінен не қиындық көріп ек? Қате жазады дейсіз бе? Жоооқ, өзге тілділердің бәрі де өз тілінде қате жазады, өзіміз секілді. Әріптерді ауыстырып бас ауруымызға айналдырудың не қажеті бар? Қазақстанда одан басқа проблема жоқ па еді?

Технология. Кез  келген технология және техникның түбінде  — программирование саласы жатыр. 
Қазір барық саланы техника және оны іске асырушы программирование саласы жаулап алды. Біздің тараптан сол ағымға ілесу мәселесі туындап тұр. 
 
Айталық, Сіз ойлайсыз неге девайстар (плейстейшн, магнитола, аудио/видео құрылғылары т.б.) қазақ тілін қолдамайды? Бұның бір себебі — қазақ тілі кириллицада. Проблемасы көп әріп. Және дамушы елдердің стандарты бұны қолдамайды, сондықтан осы кедергі қазақ тіліндегі девайстардың таралуына кері әсерін тигізуде. Кириллица үшін, алпауыт LG, Samsung, Aplle, Microsoft, Google сияқты компаниялар қолдауды нашар жасайды. Ал, сол компаниялардың тарапынан кириллицаны қолдауға шыққан мамандар — орыс тіліне қызмет етеді. Қазақ тілі осының көлеңкесінде қалып жатыр. Шеңберден шыға алмай, орыс тіліне жіпсіз байланып тұр. Бұл тіл бізге бауырлас емес, ол славян тілі.  
 
Біз, барлық технологияның қазақ тіліндегі интерфейсінің қазақшалануына үлкен кедергі тудырып қойдық. Қазіргі уақытқа дейінгі қазақша бағдарламалардың сапасы онша емес екенін былай қойғанда, оларды кім жасады деп ойласаңыз, 75 процентін волонтерлар аударған. Бұл жақсы нәтиже емес. Себебі, волонтер — жүйсіз жұмыс, оған ешкімді міндеттей алмайсыз. Нәтижесінде, сапаға да мін тағу да артықшылық 
 
Алдағы уақытта, Алла қаласа технология визуалды программалаудан аттап, адамның қолмен жазған жазуын танып, электронды нұсқаға аудару, адамның сөзін тану, санаулы миллисекунда дауыстап екінші тілге аударып беру эволюциясы басталады. Виртуалды иллюзияны реалисттік объектілерге айналдыратын технология мен методтар іске асады және адам санасының командасын орындайтын техникалар өсірге келеді. Интерфейске әлі жетпеген қазақ тілі, бұл жаңа технологиялардың шаңына да ілесе алмай қалады.  
 
Қазақтар, ойланайық. Латиница тақияға тар келмейді. Оны бүкіл әлем болып қолдайды, соның ішінде қазақ тілі де осы қаріпті қолдауы керек. Осы жетістік арқылы, қазақ мамандары өз мүмкіндіктерін шыңдауына жол ашылады.

Информация о работе Дебат жоспары