Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2014 в 14:18, реферат
Пікір –сайысты жақтау тобының бірінші спикері бастайды. Оның 5 минут уақыты бар. Сөзін төрешілерді, қарсыластарын, көрермендер мен өз тобымен амандасудан бастап, өз кейсіне көшеді. Ең алдымен қарарымен келіседі ( мысалы: «Жастардың сайлауға қатыспауы ақталмайды»), содан кейін қарардағы негізгі ұғымдарды анықтайды – «сайлау», «ақталмайды», «жастар».
Алдымен бүгінгі
компьютер заманында интернет
жүйесінде үстемдік ететін
Латын әліпбиін қолданысқа енгізуде айтарлықтай үлкен қандай кедергілер
жоқ. Негізінен, осы мәселеге байланысты халықтың көзқарасы, ниеті бір болса, қиындықтарды жеңіл шешуге болады. Жастар жағы, орта буын өкілдері компьютерді толық меңгергендіктен латынды дереу үйреніп алады деп санаймын. Ал аға буынға сәл күрделі болуы мүмкін. Осы жағдайда психологиялық фактор дегенді де ескеруіміз керек. Үкіметтің қаражаты белгіленіп, нақты бағдарламасы бекітілген соң, Қазақстан халқы латынды көп қиындықсыз меңгеріп кететіндігіне сенім білдіремін.
Кейбір өзбек ғалымдары: «Қазақтар өз тілдерін әлі үйреніп болған жоқ. Латын әліпбиіне көшсе тілдерін өшіреді», – деген пікір айтыпты. Латынға көшу секілді маңызы жоғары мемлекеттік мәселеде ғалымдардың, әсіресе осы істе тәжірибесі бар түркі ағайындарының пікірлеріне құлақ артқанымыз орынды. Ол біздің мәдениетімізді көрсетеді. Иә, рас Қазақстандағы қазақтың барлығы қазақ тілінде сөйлейді, жазады, іс-қағаздарын жүргізеді деп айта алмаймыз. Ол біздің шындығымыз, керек десеңіз – тағдырымыз. Оның себебін қазатын болсақ, тереңге кетіп қаламыз. Қазақтың барлығы қазақ тілінде сөйлемеген жағдайда латынға асығыс көшудің қиындықтары болатыны белгілі. Сондықтан Президентіміз «Қазақстан-2050» стратегиясында Қазақстандағы қазақтар ғана емес, тұтас халықтың 95 пайызы 2025 жылы мемлекеттік тілді игереді деп болжады. Яғни осы мерзімде тұтас халық тілді жаппай игеріп алған кезде, біз де латынға жеңіл көше аламыз. Бұл жағын ескергенде Елбасының үлкен көрегендігін тағы да мойындауымыз керек.
Жастар жағы
латынға көшіп алса, орта буыннан жоғары
ел азаматтары баяғыдай кирил әліпбиін
пайдаланады екен. Біз қазір осы секілді
өзекті мәселелерді өз елімізде ескеруіміз
керек
Латын әліпбиіне көшу — тіліміз үшін жасалған игі қадам…
Қазіргі қазақ
жазуында қолданылып жүрген
Жазу — барлық халыққа ортақ, мәдениеттерді жалғастырушы, байланыстырушы құндылықтардың бірі. Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылады. Рас, бір жазудан екіншісіне көшу халықтың осы рухани байлықтан сусындауына қосымша қиындық келтіруі мүмкін. Сондықтан әліпби мен жазу мәселесіне әлеуметтік лингвистика тұрғысынан жете назар аударған жөн. Жазу мен әліпби мәселесі бір-бірімен тығыз байланысты болады. Алдымен әр тілдің дыбыс қорын анықтап, содан кейін әр дыбысты әріптермен таңбалау қажет. Жазбаша тілді ауызша тілдің графикалық бейнесі деуге болады. Жазудың қандай түрі болмасын белгілі бір таңбалар арқылы жасалады. Әліпби жасау үшін алдымен графикалық лингвистика теориясын терең танып, тілдің дыбыс жүйесіндегі фонемалардың өзіндік фонологиялық ерекшеліктеріне жете назар аударып, бөгде тілдерден енген сөздерге қатысты фонемаларды қалай таңбалау керек деген мәселелерді шешіп алу керек, одан кейін тілдің болмысын танытатын негізгі заңдылықтарын біліп, тілдің табиғатына сай келетін, өзіндік дыбысталу ерекшеліктеріне кері әсер етпейтіндей мәселелерді ескеру керек. Жазу барысында әр әріптің өзара кездесу жиілігі де назарға алынуы тиіс.
Латын әліпбиіне көшу туралы сөз қозғалғаннан бастап жұртшылық арасында пікірталас өршіп кетті. Мысалы, «латын әліпбиін қабылдаған жағдайда келешек ұрпақ кирилл жазуы негізіндегі бұрынғы бай жазба мұрамызды оқи алмай қалады» деген пікірге, екінші біреулер: «Қазақтың жазба мұрасы көп жылдық тарихы бар елдерге қарағанда (қытай, араб, француз) аз, сондықтан қазіргі жағдайда барлық жазба мұрамыз бен жәдігерлерімізді латын әрпіне бірте-бірте көшіріп алуға мемлекетіміздің мүмкіндігі жетеді» дейді. Мұндай пікірлер көп-ақ.
Елінің болашағын ойлаған әр азамат, зиялы қауым өкілдері, әртүрлі мамандық иелері латын әліпбиіне қатысты өз көзқарастарын білдіріп, ой бөлісіп жатыр. Дегенмен, мәселенің байыбына терең бармай, әліпби өзгертуді бұрынғы кирилл әріптерін латын әріптерімен ауыстыра салу деп түсінетіндер де бар. Егер бұлай түсінсек, яғни қазіргі 42 әріпті латын әріптерімен жай ғана алмастыра салсақ, одан ештеңе өзгермейді.
Латын графикасына (таңбасы) негізделген қазақ әліпбиін жасау ісінде тіліміз дыбыс жүйесіндегі төл дыбыстар мен өзге тілден енген кірме дыбыстарды жеке-жеке қарастырып, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен жазу барысында туындайтын әртүрлі заңдылықтары ескерілуі тиіс. Демек, бұл іс кез келгеннің қолынан келе бермейді, арнайы фонолог маманның ғылыми тұрғыда қарастырған зерттеу жұмыстарына үңілу керек. Ал қазіргі кезде графикалық лингвистикадан (тілді таңбалау ісі жөніндегі ғылым саласы) хабары жоқ адамдар да латын әліпбиінің жобасын дайындап, соны қайтсе де өткізу, авторлық құқық алу сияқты өз қара басына жұмыс жасап жүргендер де баршылық. Сондықтан таңба-әріп-фонема-жазу сырын білетін, графизация (тілдің таңбалануы) мәселесімен шұғылданып жүрген фонолог мамандардың көзқарастарына жүгінген жөн. Осы орайда, латын графикасын қазақ әліпбиіне икемдеу бағытында өзінің салмақты ойлары мен ғылыми маңызды зерттеулерін көп талқысына ұсынып жүрген білікті ғалым Әлімхан Жүнісбеков еңбектерінің маңызы зор. Қазіргі таңда Әлімхан Жүнісбеков бастаған ғалымдар қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі 28 фонеманы (9 дауысты, 19 дауыссыз) латын графикасымен таңбалап, жаңа қазақ әліпбиін дайындап отыр. Бұған қоса, кірме сөздерді таңбалау үшін «в», «ф», «һ» әріптерін де әліпбиге алу туралы пікір айтылды. Себебі бұл әріптер 1938 жылы әліпбиімізге енгізгелі қазақ тілінде әбден орнығып болды.
Сөйтіп, ғалымдар 30-31 әріптен тұратын әліпби жасауды нысана етіп отыр. Бұл бұрынғы 42 әріптің қысқарып, 10 таңбасы алып тасталынатынын көрсетеді. Мысалы, бұрынғы әліпбиде «ащы», «тұщы» және өзге тілден келген щетка, щи, деген санаулы сөзді таңбалау үшін арнайы «щ» әрпі алынған болса, енді осындай әріптердің қысқаруы нәтижесінде кірме әріптерге қатысты 30-40 басы артық ереже өзінен-өзі жойылып кетеді екен.
Қазір ғалымдар қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру ісін қазақ жазуын реформалау (қайта қарастыру) ісімен байланыстыру жұмыстарының ғылыми негіздемесін дайындап отыр.
Тілімізді сақтап қаламыз десек, латынға көшу керек!
— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауда сөйлеген сөзінде: «… ең бастысы — қазақ тіліне жаңғыртуға жағдай туғызады», — деген болатын. .
Шынында да, әліпби ауыстырудың саясатқа да, басқаға да қатысы жоқ, ең басты қажеттілігін тілдің өзі талап етіп отыр. Тілдің ішкі-сыртқы жағдайы қазіргі жазудың (орфография) айтылымға (орфоэпияға) кері әсер етіп, өзге тілден кірген сөздердің салмағы арта түсіп, кірме дыбыстардың төл сөздеріміздің фонетика-грамматикалық талаптарын бұза бастауы секілді түрлі жағдайлар әліпби өзгерту мәселесін алға тартты. Демек, әліпби өзгерту тек кирилл әріптерін латынмен алмастыру ғана емес, жазу саласында да реформа (қайта қарау) жасау қажеттігін талап етеді. Яғни кирилл әріптерінде қалсақ, осы әліпбидің емле-ережелері де қапталдай жарыса кедергі келтіруін қоймайды. Себебі біз, қазақтар, орыс тілін өз ана тіліміздей еркін меңгерген, сөздерді араластырып айта беруге де үйренген, тіпті кейде қай тілде сөйлеп, қай тілде тыңдап отырғанымызды өзіміз де аңғармай қалатын дәрежеге жеттік. Екі тілдің әріптері де бірдей болғандықтан орыс тіліндегі сөздер де ешқандай кедергісіз ене береді.
Бір елден екіншісіне өткен кез келген адам да, түрлі бұйым заттар да кеден арқылы өтетін, рәсімделетін болса, тілден тілге өтетін сөздер де еш кедергісіз «сайран салып» жүруі тиіс емес. Сондықтан өзге тілден келген кірме сөздер басқа әліпбидегі жазуға кедергісіз, арнайы «рәсімделусіз» өтіп кете алмайды. Осы жағдай кірме сөздерді тіліміздің табиғи ерекшеліктеріне бейімдеп жазып, қазақы дыбыстауға мүмкіндік береді. Әліпби өзгерту мәселесі тек кірме сөздерге ғана қатысты емес, өз тіліміздегі төл сөздерімізді де жазуда кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге көмектеседі. Қазіргі заман — жазу заманы. Адам жазу арқылы білім алады, жазу арқылы бір-бірімен байланыс жасап, жүрген-тұрғанын, жасаған жұмыстарын да жазып отырады, яғни хаттама, түрлі қатынас-іс қағаздары, компьютер, интернет, агент арқылы хабарласулар-бәрі де жазу арқылы жүзеге асады. Осы жазулар бүгінгі ұрпақтың орфоэпия (айталым) заңдылықтарын ұмытып, айтуын да, жазуын да орфография (жазылым) заңдылықтарымен жүруіне итермеледі. Яғни жазу айтылымға әсер ете бастады, ал, дұрысы, жазылым айтылымға қызмет етуі тиіс. Осы орайда, тіліміздегі әріптерді қысқартып, компьютерге икемдеу керек дегенді желеу етіп, тіліміздегі бар дыбыстарды орынсыз қысқартып жіберуге де болмайтынын ескеруіміз қажет. Тілімізде бар дыбыстардың арнайы таңбасы болуы тиіс. Компьютерді тілімізге икемдеудің орнына, тілімізді компьютерге икемдегеніміз дұрыс емес. Сонда тіл компьютерге қызмет ету керек пе деген ой туады. Қытай, жапон сияқты елдер өздерінің иероглифтерін компьютерге енгізіп отыр, олай болса қазақ тіліндегі 28 фонеманы компьютер пернетақтасына орналастыруға әбден болады. Қазіргі кезде тілімізде өзге тіл сөздері көп болғаны бір басқа, ата-баба дәстүрімен жеткен табиғи дыбыстау әуеніміз де өзгере бастаған екен. Біз өзге тілдегі сөздердің барлығын түсіне бермесек те, олардың дыбыстау әуеніне қарай француз сөзі ме, неміс сөзі ме, қытай, жапон сөзі ме — ажырата аламыз. Ал бұрын қандай болды? Бұрынғы жазбаларда: «Қазақтар сөйлегенде ән салып тұрғандай» депті. Мұның себебі тілімізде сөздің қос дауыссыздан басталмауы, бір дауысты бір дауыссызды соңына ертіп немесе бір дауыссыз бір дауыстыны ертіп, өзара үндесіп айтылуы болса керек. Сондықтан да болар, бұрынғы аталарымыз «кровать, бревно, стакан, стол, трактор» деген сөздерге екі дауыссыздың ортасына, не сөз алдына дауысты дыбысты қосып, «кереует, бөрене, ыстақан, үстел, тырақтыр» деп қазақы «әндете» айтқан, ал қазір олай емес. Сондықтан да болар, қазақы қоңыр үнді әннен, күйден іздеп, дәстүрлі әуенді сағынып отырамыз. Аға буын өз ана тілінің бабалар дәстүріне сай дұрыс айтылуын қалап, кейінгі ұрпағына аманат етіп, оқытып, үйретеді. Бірақ қазіргі жастар арасында тілдің айтылым (орфография) және жазылым (орфография) заңдылықтарын ажырата қарамай, тек жазылым бойынша сөйлеу етек алып бара жатыр. Мысалы; «аман келді» деген тіркесте сөз арасындағы «нк» дыбыстарын біреулері сол күйінде айтса, екінші бірі «нг» (аман гелді), үшінші- «ңк» (амаң келді), төртіншісі-«ңг» (амаңгелді) деп төрт түрлі айта береді. Бұл тіркес төртіншісі тоғыспалы ықпал арқылы дұрыс айтылған. Бұл заңдылықты мектеп оқушылары түгілі кейбір ғалым ағалар да: «Қазіргі жастар бұлай айта алмайды, дәстүр-дәстүр деп артық кетуге болмайды» деп, ана тіліміздің басты ерекшілігін танытатын үндестік заңын мойындағысы келмейді. Сонда ана тілін жете білмейтін кейбір жастардың сөйлеуі — қазіргі заңдылық та, бабалардан жеткен тіліміздің табиғи айтылымы ескірген заңдылық болғаны ма?! Мысалы, көгілдір экрандағы түрлі ән байқауларын тамашалайтын көрермендер тамылжыта ән салған әншіге қазылар алқасы «әнді ескі әуенмен, бұрынғы дәстүрмен айтып тұрсың, мұны қазір жұрт қабылдамайды» деп, сөзін орынды-орынсыз созып, сөздің екпінін дұрыс қоймай, сөз арасына шетелдің әуенін қосып, сөзді түсініксіз дыбыстармен бұзып «современный» орындаушыны мадақтап жататынына куә болып жатады. Бұл жағдай балаларға арналған мысал, өлеңдердегі есектің «ән айтуды қораздан үйрен» деп бұлбұлға ақыл бергеніндей әсер етеді. Бұл өзге тілде сөйлеп, өзге әліпбидің ықпалымен жазу тек тілге ғана әсер етіп қоймай, адамның бүкіл болмысына да ықпал ететіндігін байқатады
Қазіргі жазуымызда қандай қиындықтар бар?
Кешегі өктемсоқ
кеңестік жүйенің солақай
Жазудан айту басым болған кезеңдегі «оқымаған» халық орыс тілінен келген сөздерді өз тілінің ұлттық бояуымен көмкеріп, бөтелке (бутылка) бөшке (бочка), бәтеңке (ботинка), орыс (русс), шайнек (чайник), кәмпит (конфеты), ұшқыш (летчик), пәнер (фанер), жорнал (журнал) деп өз сөзі етіп алған еді. Осы халықтық ұстаным Ахмет Байтұрсынов сияқты ғалымдар еңбектерінің негізгі тірегі болған еді. Бірақ қазақ тілінің табиғи ұлттық бояуын сақтауға талаптанғандар «ұлтшыл» атанып итжеккенге айдалғанын тарихтан оқып білдік. Содан кейінгі кезеңде «операция», «ассимиляция», «электр», «эксковатор», «съезд», «космос», «бюджет», «атом», «театр», «архитектура», «фотография», «телеграф», «архив» секілді сөздер тау суындай тасқындап келіп жатты.
Әртүрлі елдердің арасындағы байланыс, қарым-қатынас күшейген сайын бір-бірінің тілінен сөз алу да жиілей түсетіні табиғи жағдай, бірақ әр халық тіліне келген кірме сөздерді «өз бояуымен сырлап» өзінікі етіп дыбыстық өзгерістермен қабылдайды. Тек өзге тіл сөздерін өзгеріссіз алатын, өз тілінің табиғи заңдылығын ескермейтін біз болдық. Орыс сөздерінде келген сөз басындағы қос дауыссызды қатар айтуға үйреніп кеткеніміз сонша, енді дұрыс тұрған қазақтың өз сөздерін де «қос дауыссызды қатар айту» үлгісімен бүлдіре бастадық. Мысалы, трактор, спорт, стакан, кран, сияқты т.б. сөздер басындағы қос дауыссыз қиналмай айтуға үйренген қазекем енді өзінің дұрыс тұрған сөздерін бр (бір), бреу (біреу), крсін (кірсін), қздар (қыздар), қрқ (қырық), стық (ыстық), рас (ырас), смағұл (ысмағұл-сымағұл), рсты (ырысты) деп бүлдіріп, екі дауыссыз арасында, не сөз басында келетін қысаң «ы», «і» дыбыстарын өте көмескі айтуға, тіпті айтпай кетуге бейімделе бастадық. Мұндай жағдайлар тіліміздің қоңыр қазақы әуеніне де әсер етіп келеді. Осындай жағдайда өз кезінде Ахмет Байтұрсыновтың: «Түбінде тілді оқығандар бүлдіреді» деп оқыған адамдар өзге тілдің ықпалына тез бейімделгіш болатындығын аңғарып ескерткені ойға оралады.