Дебат жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2014 в 14:18, реферат

Краткое описание

Пікір –сайысты жақтау тобының бірінші спикері бастайды. Оның 5 минут уақыты бар. Сөзін төрешілерді, қарсыластарын, көрермендер мен өз тобымен амандасудан бастап, өз кейсіне көшеді. Ең алдымен қарарымен келіседі ( мысалы: «Жастардың сайлауға қатыспауы ақталмайды»), содан кейін қарардағы негізгі ұғымдарды анықтайды – «сайлау», «ақталмайды», «жастар».

Прикрепленные файлы: 1 файл

Латын әліпбине көшу қажет пе.docx

— 415.48 Кб (Скачать документ)

Тақырыбы: Латын әлипбиіне көшу қажет пе?

Мақсаты: І.Білімділік. Дебат туралы мәлімет беру, шартымен, тәртібімен  
таныстыру.

ІІ Дамытушылық. Латын әліпбиіне көшу туралы толық ой  
қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық ,ізденімпаздық қасиеттерін  
қалыптастыру,оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау 
қабілеттерін дамыту. 
 
III Тәрбиелік. Адамгершілікке, ізеттілікке техника қауіпсіздігін сақтауға 
тәрбиелеу. 
 
Түрі: Пікір-сайыс. 
   Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен студенттер, әділ қазы алқалары, қарсылас фракциялар! Дебат әлеміне қош келдіңіздер!!! 

ПІКІР-САЙЫСТЫҢ ШАРТЫ 
1.Пікір-сайыстың негізгі мақсаты- өзіңіз ұстанып отырған 
бағытын дұрыс екенін дәлелдеп шығу. 
2.Екі қарсы топ \жақтаушы, даттаушы\ берілген қарар бойынша 
төрешілерді өз бағыттарының дұрыс екеніне көндіруі тиіс. 
3.Әр топ төрт ойыншыдан тұрады . Әрқайсысының ойында өз орны  
бар және міндеттері нақты белгіленген.

 
ПІКІР-САЙЫСТЫҢ ТӘРТІБІ

  Пікір –сайысты жақтау тобының бірінші спикері бастайды. Оның 5 минут уақыты бар. Сөзін төрешілерді, қарсыластарын, көрермендер мен өз тобымен амандасудан бастап, өз кейсіне көшеді. Ең алдымен қарарымен келіседі ( мысалы: «Жастардың сайлауға қатыспауы ақталмайды»), содан кейін қарардағы негізгі ұғымдарды анықтайды – «сайлау», «ақталмайды», «жастар». 
  Негізгі ұғымдарға анықтама берудің маңызы өте зор. Сол арқылы ойыншылар осы пікір – сайыста қозғала алатын немесе қозғауға болмайтын мәселелер шеңберін анықтап алады. Анықтама берген кезде ойыншылар анықтаманың қайнар көзін ( алынған жерін), тіпті бетін көрсетуі тиіс.  
 
Пікір – сайыс басталмай тұрып, төреші топтарға жеребе тартқызып, олардың бағытын анықтайды (жақтау / даттау), осыдан кейін топтар дайындыққа 15 минут уақыт алады. Бұның сыртында әр топтың ойын барысындағы сөздеріне, қарсы сұрақ – жауаптарға дайындалу үшін 8 минут уақыттары бар, бұл уақытты пайдалану, бөлу мәселелері топтың өз еншісінде. Әр ойынды уақытты қадағалап отыратын уақыт төрешісі болуы тиіс.  
Қарапайым ережелермен таныстырып кетсем: 
1) тақырыптан ауытқымау; 
2) өзіндік айқын позицияның, көзқарастың болуы; 
3) өзін-өзі дұрыс ұстай білуі; 
4) сөйлеу шеберлігі; 
5) жоғарғы мәдениеттілік(сөзге тоқтау, дауыс көтермеу, ашуланбау); 
6) қарсыласын да, аудиторияны да сыйлай білу; 
7) қара басның қамымен қоса ортақ пікірге деген мүдделілік; 
8 ) қарсыласына кезек беріп отыру; 
9) регламент сақтау. 
     Сондан соң тақырыпты шын мәнімен түсініп, берліген тақырыптағы өз көзқарасыңа еніп, сол тақырыты бар ықылас-ынтаңмен түсініп, пікірталасқа еніп кетсең, ешнәрсе де қорқыныш емес! Олай болса біз лікірталасымызды бастаймыз, Қарсылас фракциялар сіздерге сәттілік!

Сонымен, латын әліпбиіне көшу қажет пе? 
Тақырыпқа келетін болсақ, "Қазақстан латын қарпіне көшсін бе?" деген сауалға жауап іздеу мақсатымыз болмақ. 
Қарапайым адамдар болсақ та, ана тіліміз, қазақ тіліне қатысты мәселелер тыс қалмауы керек деп ойлаймын.  
Түркі жазуы уақыт ағымына сәйкеспейді. 
Араб жазуы мейлі қазір қолдауы болса да, дін және рухани тұрғыдан белгілі бір қазақ қоғамына жақсын болғанымен, нақты пайдасы жоқ екенін айтқым келеді. Кезінде өркениет исламда болған шығар, бірақ қазір ислам әлемі өркениеттен әлдеқайда артта қалғаны белгілі. 
Кириллицаны өз уақытында халық қалауынан тыс, күштеп енгізгенін біреу білсе, көбі білмейді. Әсіресе, бүгінгі жас ұрпақ ол оқиғадан мүлде бейхабар. Күшеп енгізілгенімен қоймай, қазақ тіліне қатысты тіл білімі түгелдей орыс тілінің ықпалына жығылып, нәтижесінде қазақ ұлты саяси қуғынға ұшыраумен қатар, оның алға сүйреуші мол мұрасы да үлкен кедергіге ұшырады. 
  Тас дәуірі, қола,мыс дәуірі және темір діуірі деп жатамыз тарихтан, міне бүгінгі күні  технологияның өзінше бір шарықтаған дәуіріндеміз. Осы кезде Бүгінгі күні, латын әліпбиі қазақ тілі үшін өте қажет пе? Оны алдағы пікірде келтіретін болады. 
Сөз кезегі өздеріңізде, жақтаушы  «Болашақ» тобы.

 

Адам баласы осыдан бес  мың жыл бұрын жазу үлгісін  тауып, ойы мен пікірін хатқа  түсіре бастаған. Жазу құралдары мен  материалдары ұқсас болмаса да, олардың  озық арманы бүгінгі күнге келгенде құнды мұра ретінде мұражайларда сақталуда. Ал қазақ ұлты да ұзақ тарихи көшінде сан алуан жазуды қолданып келгені аян. Соңғы екі ғасырдың өзінде неше түрлі жазу үлгісіне ауыстық. Бүгінде "Латын әліпбиіне көшу керек пе?" деген уақыт талабы тудырған сауал алдымыздан көлденеңдеп шықты. Осыған орай, көпшілік арасында түрлі пікір орын алуда. Бірі - қазіргі кириллицада қалу. Енді бірі - латын әліпбиіне көшу. Екі пікірдегі адамдардың да өзіндік дәлелі, негізі, уәжі бар. Десе де, мен өз басым латын әліпбиіне көшуді жақтайтындардың бірімін.

Барлап қарасақ, қазіргі  таңда қолданыста жүрген жазу үлгілері аз емес. Десе де, әлем халықтарының басым  бөлігі латын әрпін қолданып отырғандығын жасыра алмаймыз. Деректерге сүйенер  болсақ, дүниедегі адам санының 2/3-і  аталмыш әріпті пайдаланады екен. Латын әліпбиін қолданысқа енгізбеген елдердің өзі тауар маркалары  мен еларалық құнды қағаздарын осы  әріппен таңбалап келеді. Жан саны мен жазу саны жағынан дүниенің 1/4-ін ұстайтын қытайлардың өзі осы  жазуға көшкелі ширек ғасыр болды. Бұл олардың өз жазуынан жалыққандығын  білдірмейді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Беласу" атты кітабында: "Қытайда жергілікті диалектілер көп. Олар сөз арқылы түсінісе бермейді. Барлық қытайлықтарды  біріктіретін - жазу" дегені осының дәлелі. Қазақтың жайын қытаймен салыстыруға  келмейді, тілімізде ұқсастық болмағанымен, біз жазу арқылы әлемдік өркениетке бағыт алуымызға болады. Сондықтан  латын әліпбиін қолданудың біздің өндірісіміз  бен ертеңгі істерімізге көп  үлесі бар деп ойлаймын. Әрине, төте жазу немесе кириллицамен жазылған мәдениетімізден қол үзіп қалатын  шығармыз. Бірақ ұтарымыз да көп.  Латын әліпбиін қолданудың озық техника мен комьпютер тілін меңгерудегі және басқа да артықшылықтары талай жазылып, жан-жақты талқыланды. Ал менің қосарым - бұл жазу кириллица бұғаулап алған қасаң қағидалардан құтылып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге зор ықпал етеді. Сонымен бірге, шет елде жүрген қандастарымыздың осы жазу арқылы қазақ жерінде болып жатқан өзгерістерден уағында хабар алмағандықтан, ұлттық білім беру бағытынан айырылып бара жатқан мәселесін де шеше алар едік.

Sh, Ch, Zh  қосқанда латынша әліпбиіміз 37 әріптен тұрады. Сондай-ақ орыс тілінің ыңғайына қарай жасалған "Я, Ю, Э, Ё, Ь, Ъ, Й" қатарлы басы артық әріптер түгел алынып тасталды. Бұл компьютердің (unicode) жүйесіне кіруге де қолайлы, жазуға жеңіл. Сайып келгенде, латын әліпбиіне көшу қазақ үшін кезек күттірмейтін маңызды іс.

Мейлі араб харпі, кириллица  болсын, сол жазуларды пайдалана  отырып ұлан-ғайыр дүниелер жасадық. Ол ұлтымыздың өткен тарихындағы жәдігерлері болып қала бермек. Алайда, бүгінгі тәуелсіз елдің тұғырында тұрып ойланатын болсақ, өткен тарихқа өкпе айтып отырған жайым жоқ. Қазақтың нағыз тарихы енді жазылады. Сондықтан, бізге қайсы жазу қолайлы, оны шешетін халық. "Халық айтса, қалт айтпайды," демекші, біздің мақсатымыз халқының қамын жеген ой-пікірдің көпшіліктің назарына жетуіне ықпал жасау ғана. Бұл ғалымнан тартып, қарапайым бұқараға дейін атсалысатын маңызды іс. Лингвистер шетелде 5 миллионға жуық қазақ тұрып жатқанын ескере келе, олармен тығыз байланыс орнату үшін латын әрпін үйренген жөн дейді.  
   Лингвист Шерубай Құрманбайұлы латын әрпіне көшудің өз қиындықтары болғанымен, ол уақытша құбылыс дей келе, латын әрпіне көшу уақыт талабы екенін айтады. Оның айтуынша, кейінгі ұрпақ қазіргі 42 әріпке қарағанда 33 таңбадан тұратын латын әліпбиін тез үйреніп алады.

біз Байтұрсын әліпбиіндегі 28 әріпке көшпей іс бітпейді. Сонымен бірге, араб, көне түркі, латын және кирилл әрпі осы шамамен ықшамдалып, бірін-бірі ауысып оқиқын беретін ортақ бағдарлама қажет. ол қазіргі казақ кампшыларына еш қиындық келтірмейді. екінші буындағы езуліктер төл дыбысталумен алмастырылмай. және сөздік жасағанда өздерінен сөз басталмайтын ыр/ір мен ыл/іл қосарларын ы мен і дыбыстарынан кейін орналастырмай, сөйлеу тіліне жақын қазақ тіліне көшпей, басқа ұлтқа ешқашан қазақ тілін үйрете алмаймыз. 28 әріп қана деколоноизацияның арайлы таңын сыйлайды.

  Мен бірауыздан латын  алипбине кошуді  колдаймын! казіргі  жас ұрпак оны тез менгеріп  кетеді жане латын мен кириллица арасындагы айырмашылыктарды олар ажырата алады! сондыктан еш коркудын кажети жок! кітаптар да окулыктар да бірте бірте уакытка сай латынга аударылады! орыстардын арасында да кириллицадан латынга ауысу туралы ангімелер шыгып жатады соган караганда болашак латын алипбиінің болашағы зор! Озбектер уакытында ауысты, туркі елдерінде тугелдей латиница, кезек енді бізде! Елбасы бізге ойлануга талкылауга уакыт берді, лингвистер енді накты бір қазақ тілінің латынша улгісін ұсынса...

«Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері  біз оны кейінге қалдырған  едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық  кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде  асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз  керек». 2006 жылдың 24 қазанында өткен  Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев осылай деген болатын. 
 
Ал Түркістан қаласында зиялы қауым өкілдерімен өткен басқосуында мемлекет басшысының латын әрпіне бірте-бірте көшу қажеттігін тағы қайталағанына көп бола қойған жоқ. Мәдениет министрі болып тұрған кезінде Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Ерте ме, кеш пе Қазақстан латын әліпбиіне көшеді» деген мәлімдеме жасағаны да белгілі. 
 
Елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі соңғы жиырма жылда көтеріліп, соның он жылында қызу талқыланып келеді. Бірақ жаңа әліпбиге қашан көшетініміз әзірге белгісіз. Десек те, оның толғағы күннен-күнге жақындап келе жатқаны байқалады. Қоғамдағы кейбір пікірлерге, соның ішінде, әсіресе, Ресейге қарап бой түзеп үйренген азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың қарсылығына қарамастан Қазақстан Әзірбайжан, Өзбекстан елдері сияқты түбінде латын таңбасына көшетіні анық болып отыр. 
 
Бұл мәселені жете зерттеген мамандардың айтуынша, қазіргі әліпбиімізді «қазақ әліпбиі» деп атаудың еш реті жоқ. Оны «қазақ әліпбиі» емес, «қазақ-орыс әліпбиі» деп атауға да болады. Өйткені, әліпбиіміз бір тілдің емес, әлдеқашан қос тілдің әліпбиі болып орнығып алды. Латын графикасына көшуді кешеуілдетпей, алдағы 10 жылдың көлемінде жүзеге асыру қажет. Латын әліпбиіне көшкен өзге елдер бұдан тек пайда көрген. Айталық, латын қарпіне көшкен соң, Өзбекстанда тұратын халықтың 97 пайызы өзбек тілінде сөйлейтін болған, өзбек тілі ең керекті және ең басты тілге айналған. Бүгінге дейін латын қарпіне негізделген жаңа қазақ әліпбиінің дайын 11 нұсқасы бар екен. Ендігісі, тек нақты шешім қабылдау қалды. Тіпті, кешігіп жатырмыз дегендер де бар.  
 
«Латын әліппесіне көшуді біз сәл кешірек қолға алып отырмыз. Әліппе ауыстырудың пайда-зиянын білмейтіндердің үрейшілдігі жаман болады. Атағы барларда үрей болған соң, іс басындағылар да амалсыз үрпиісіп қарайды. Латынға көшу керек. Біз қатарымыздан кешігудеміз. Әзірбайжандар бірден көшіп, техника тіліне үйреніп қалды. Ал, қасымыздағы Өзбекстан осыдан он жыл бұрын мектептерін латыншаға көшірген. Балалардың оқуын латыншаға көшіру арқылы олардың ата-аналарының да сауатын ашып алды. Бүкіл адамзаттың 60-70 пайыздайы латын әліппесін қолданады. Дүниежүзіндегі техникалық құрал-аспаптар латын әрпіне негізделген. Өркендеу заңы жасалғанды сақтап, бауырыңа басып жата бер демейді. Енді тартыншақтай берсек, көш соңында қалып қою оңайдың оңайы. Елу елдің қатарына кіреміз десек, латын әрпінің пайдасы тимесе, зияны тимейді», – деген болатын танымал ғалымымыз Тұрсынбек Кәкішұлы.  
 
Осы ретте Тіл мамандарының пікірлерін айта кетсем деп едім. Латын қарпіне көшуден ұтатын жеріміз қайсы? Ескерілетін жәйт қайсы? Әліпбиді ауыстыру арқылы тіліміздің қасиетін жоғалтып алмаймыз ба? Біз осы сауалдарды бірқатар тіл мамандары жауап берген еді.

Бауыржан  Елікбаев, филология ғылымдарының докторы:  
Латын графикасына көшу – бізге алдымен орыс тілінің ықпалынан құтылу үшін қажет. Өздеріңізге белгілі, өткен ғасырда біз әліпбиді үш рет ауыстыруға мәжбүр болдық. 1929 жылға дейін араб әліппесіне негізделген төте жазуды қолдандық. 1940 жылға дейін латын жазуын пайдаландық. Яғни латын әрпі қазақ үшін бейтаныс деуге болмайды. 
Біріншіден, болашақта түркі халықтары латын таңбаларына негізделген ор¬тақ әліпбиге көшеді. Түркия осы әліпбиді қолданады. Соңғы жылдары Әзірбайжан мен Өзбекстан да осыған өтті. Алдағы уақытта өтеміз деп отырған түркі елдері көп.  
Екіншіден, латын әрпіне көшу арқылы біз әлемдік кеңістікке жақындаймыз. Қазақстан өзгелермен терезесі тең ел болған кезде, бұл біз үшін өте маңызды. Қарап отырсаңыз, күнделікті өмірімізде латын тілімен жиі бетпе-бет келеміз. Тауарлардың көпшілігінде ақпараттық жазулар латын тілінде жазылған. Компьютерлік техникалардың көпшілігі латын тілінде жұмыс істейді. Сондықтан латын әліпбиіне көшу арқылы біз осы мәселені шешкен болар едік.  
Латын таңбалары қазақтың табиғатына жақын. Мәселен, «Қазақстан» деген сөз қазір ағылшынша көбіне «KAZAKHSTAN» деп жазылып жүр. Бұл орыс тілінен алынған. Дұрысы «QAZAQSTAN» болуы керек. Латын таңбасына көшу арқылы біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды дәл-дәл жеткізе аламыз.  
 
Болат Қалыбеков, филология ғылымдарының кандидаты, доцент: 
Латын таңбаларын үйрену оншалық¬ты қиындық туғызбайды деп ойлаймын. Онсыз да қазір компьютерде, ұялы телефондарда осы әріпті қолданатын жастар көп. Бірақ оған едел-жедел көшіп кетпей, Елбасының өзі айтқандай, бірте-бірте қолға алған жөн. Латын таңбасына көшуді бірінші сыныптан бастасақ, 11 жылда орта білім беру жүйесі толығымен латын графикасына ауысады екен. Бұл жерде көрші елдердің тәжірибесіне қарап, солардың жіберген қателіктерін қайталамау қажет.  
Осы уақытқа дейін «Ана тілі» газетінде және басқа да ақпарат құралдарында ғалымдар жаңа әліпбидің көптеген нұсқаларын ұсынды. Осы әріптерді латын графикасымен таңбалап, қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктерін жоғалтып алмау үшін бізге «жеті рет өлшеп, бір рет кесу» қағидасын басшылыққа алу керек. Өйткені, әліпби ауыстыру, бұл – ұлтымыздың тарихындағы ең маңызды бетбұрыс болып табылады. 
 
Ақмаржан Әуелбекова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент :  
Қазақ тілінің ішкі заңдылықтарын сақтап, дамыту үшін латын әрпіне көшу маңызды. Ұтатын жағымыз көп. Ақпараттық техникаларды пайдалануда, халықаралық кеңістікке шығуда латын тілінің бізге тигізер оң әсері мол. Бірақ біз соңғы жетпіс жылдан астам уақыт бойы кириллицаны пайдаланып келеміз. Осы әліпбиде біздің қаншама ғылыми еңбектеріміз, көркем дүниелеріміз жазылды.  
 
Күні ертең латын таңбасына көшкенде, сол мұраларымыз мұрағатта шаң басып жатпауы тиіс. Оларды латын таңбасымен қайта басып шығару ісіне көңіл бөлу керек. Ал, бұған, әрине, аз қаржы кетпейді. Мемлекет латын таңбасына көшудің белгілі бір жүйесін жасауы тиіс.

      Латын әліпбиіне көшудің әрине тіліміз үшін артықшылықтары жетерлік. Бұл тақырыпта зерттеулер жүргізіп жатырған ғалымдар құдайға шүкір, жетерлік!Латын әліпбиі негізінде сауат ашудан кандидаттық диссертация қорғап, оны ғылыми негізде қарастырған ғалыммын. Бүгінде кейбір жоғары оқу орындарда қазақ әліпбиінің тарихы мен мәселелері эликтивті пән ретінде оқытылуда.Арнайы оқу құралдары мен практикалық оқу құралдары баспаға дайындалуда. Мұны латын әліпбиіне көшудің алғашқы қадамдары деп білемін!

    Мемлекеттік тілді дамыту саясаты шегінде бірнеше, атап айтқанда латын, кирилл, араб, орхон, және тіпті көнесоғды әліпбилері арасында өздігінен сәйкестендіру тетігін қалыптастыру міндеті аса маңызды. Бұл міндет, әліпби реформасымен тікелей байланысты. Осы тетік арқылы қазақ тілді техника мен технологияларды енгізу және қолдану барысы анағұрлым жеңілдей түседі. Сондыкдан да, мәтінді конвертациялау, транслитерациялау және түзету жүесін Тор әлемінде техникалық шешіммен бірге қараған абзал.

     Бүгінгі таңда қоғамда әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Біреулер латын әліпбиінің оңтайлы тұстарын алға тартса, енді басқалары бұл істе асығыстық жасамайық деп сақтандырады. Мұндай пікірлердің орын алуы өте заңды. Соның арқасында көпшілік осы бір күрделі мәселеге орай өзінің көзқарасын қалыптастырады. Алайда анық болатын бір мәселе бар. Ол – қазақ тілі бүгін бе, ертең бе міндетті түрде латын әліпбиіне көшеді. Оны Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауында анық айтты. Яғни бір сұрақтың басы айқындалды. Президенттің «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы Тәуелсіздік күні қарсаңында 14 желтоқсанда болды. Оны бәріміз тыңдадық. Жолдауда Қазақ елінің болашақ даму стратегиясы айқындалды, соның ішінде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшетіні туралы қорытынды пікір айтылды.

Мен тұлға ретінде, ел азаматы ретінде қоғамдағы кез келген мәселеге байланысты өз пікірімді білдіре аламын. Латын әліпбиіне қазақ тілі «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне дейін көшкеніміз дұрыс болар еді деген пікірді мен Президент Жолдауынан жарты ай бұрын 28 қарашада Астана қаласында өткен «Халықаралық кеңістіктегі қазақ графикасы» деген ғылыми-практикалық конференцияда білдірдім. Ахмет Байтұрсынұлы әліпбиінің 100 жылдығына орай өткен ол конференцияны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті ұйымдастырды. Айтайын дегенім – Елбасының Жолдауынан кейін журналистер қауымының ертеректе өткен шараларда айтылған пікірлерді қазбалай бермегені жөн шығар. Президент өз жолдауында Қазақ елінің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-ағартушылық дамуын, халықаралық кеңістіктегі орнын жан-жақты бағамдап, ішкі және сыртқы жағдайды толық ескеріп, әліпбиді қашан, қандай жолдармен ауыстыру керек, осыларға байланысты дұрыс шешім шығарды. Мен Президенттің сөзіне толық келісемін. Себебі қазір ойланып қарасақ, әліпбиді ауыстыруға ұзақ мерзім, көп қаражат, интеллектуалдық күш қажет. Көрші өзбек ағайындарымыз әліпбиін латынға баяғыда ауыстырып қойған.  

Информация о работе Дебат жоспары