Қазақстан Республикасының еңбек ету бостандығының конституциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 16:19, реферат

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Заман озып, өмірге нарықтық қатынастардың енуі, сан алуан меншік формаларының орнығуы, шаруашылық жүргізудің соны тәсілдері пайда болуы, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі, еңбек рыногының қалыптасуы сияқты әлеуметтік-экономикалық жаңа жағдайлар еңбек қатынастарының мазмұнына және оның субъектілерінің құқықтық жай-күйіне елеулі өзгерістер енгізді әрі, сонымен бір мезгілде, “еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар” дейтін санаттың (категория) мазмұны да түбегейлі өзгеріске ұшырады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………...
6

1 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар: жалпы сипаттамасы мен құқық реттелуі.......

9
1.1 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар: түсінігі, түрлері мен жіктелуі..........................................................................

9
1.2 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар: мазмұны, құқықтық реттелуі, оның халықаралық нормалар және қағидалармен арақатынасы.......................................................................................................


14
1.3 Қазақстан Республикасы мен шет елдердің еңбек саласындағы конституциялық құқықтар…………………………………………………...

24


Қорытынды………………………………………………………………..
30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………
33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының еңбек ету бостандығының конституциялық құқықтық реттелуi РЕФЕРАТ.doc

— 239.50 Кб (Скачать документ)

Еңбек ету бостандығын сотта қорғаудың, қолданыстағы заңнаманың және сот тәжірибесінің келелі проблемаларын зерттеу мынадай қорытындылар мен ұсыныстар жасауымызға мүмкіндік береді:

- еңбек кодексіне сәйкес жұмыскерді қорғаудың жаңа жағдайға лайықты құқықтық амалдарын оның еңбегін экономикалық тиімді түрде пайдаланудың кепілдіктерімен үйлесімді ұштастыру проблемаларын шешу деп айқындалуы тиіс;

- еңбек қатынастарын орталықтандырылған түрде мемлекеттік реттеудің рөлін кеміту еңбекті реттеудің шарттық әдістерін кеңейтумен, трипартизм (үш жақты кеңесу) қағидасын іске асырумен бір мезгілде жүреді.

Еңбек құқығын кодификациялау - аса маңызды, келелі міндеттердің бірі. Мәселе тек кодификациялау нені түсінуге байланысты. Бұл терминнің, кем дегенде, екі мағынасы бары белгілі: біріншіден, кодификация белгілі бір нормативтік материалдарды өңдеудің және бірыңғай құжатқа /кодекс, Негіздер, т.б. жинақтаудың нәтижесі; екіншіден, кодификация - осы өңдеудің барысы, үдерісі; ол қалыптасқан жағдаятты пайымдауды, қолда бар нормативтік материалды өңдеудің және жинақтаудың тұжырымдамасын жасауды көздейді және, ақыр соңында, нормативтік актілерді терістеу, толықтыру немесе жаңа нормативтік актілерді қабылдау түрінде қолдағы сол материалмен жұмыс істеуді білдіреді.

Еңбек кодексі кодификациялаудың мақсаты болуы тиіс, бірақ ол белгілі бір жолдан өтіп барып қана қол жеткізетін біршама қашықтағы мақсат болуы керек. Осы жолда нормативтік материал қордаланып, еңбек құқығының нысанын құрайтын жекелеген салаларда оны қолдану практикасы қорытылады.

Қоғамдық дамудың қазіргі кезеңінде дәйекті концептуалдық зерделеуді қажет ететін заңдар кешенін: еңбек шарттары туралы, еңбек саласындағы жауапкершілік туралы, жалақы туралы, кәсіподақтар туралы, т.т. заңдарды жан-жакты ойластырып барып, қабылдаудың маңызы зор.

Ғалымдардың қай білім саласын бастапқы деп санауына қарай, әсіресе XX ғасырдың бастапқы кезеңінде, ғылым құқықты мемлекеттік-әміршіл, әлеуметтік немесе психикалық құбылыстардың бірі білді.

Еңбек құқығы Конституцияның мызғымастығы негізінде, біздің өміріміздің экономикалық саяси және заңдық болмыс-бітімін ескере отырып дамуы керек.

Ең бастысы мемлекет және қоғамның дамуына қарай халықты әлеуметтік қорғаудың түрлері, бағыттары да өзгеріп, дамып отырады және қоғам тарапынан азаматтардың белгілі бір санаттарына материалдық көмек көрсетуде өзгереді. Бірақ, материалдық көмекті мемлекет тарапынан алу үшін заңда көрсетілген, белгіленген шарттар сақталуы, орындалуы тиіс. Әлеуметтік қамсыздандыру- бұл халықты әлеуметтік қорғаудың бір бағыты болып табылады. Сондықтан да, осы уақытқа дейін әлеуметтік қамсыздандыру екі тұрғыдан, бағыттан қаралып келеді. Біріншісі, бұл экономикалық көзқарас- яғни азаматтарға көрсетілетін материалдық көмектің барлығы мемлекет тарапынан беріледі және материалдық төлемдер қоғамның дамуымен байланысты болатындығын атап көрсетеді.

Рефератты қорыта келе, адам өзінің өмірінде қоғамдық қатынастар жүйесінен тыс өмір сүруі мүмкін емес. Күнделікті өмірде де адам белгілі қоғамдық қатынастарға түсіп отырады.

Жургiзiлген зерттеулер еңбек ету құқығын iске асыру мен оны сотта қорғау жөнiндегi қатынастарды реттейтiн заң бастауларын жетiлдiруге, сондай-ақ еңбек ету құқығына қатысты iстердi сотта қарау тәжiрибесiнiң қалыптасуына байланысты қорытындылар жасауға мүмкiндiк бередi.

Еңбек ету құқығының экономикалық, әлеуметтiк жене мәдени құқықтар туралы пактiнің 6 бабында келтiрiлген: кез-келген адамның өзi ерiктi түрде таңдаған немесе соған өз еркiмен келiскен еңбегi арқылы күн көрiсiн қамдау дейтiн анықтамасы неғұрлым кең қамтитын, сыйымды анықтама ретiнде қабылданды.

Еңбек ету құқығын iске асыру дегенiмiз - жумыскердiң жұмыс берушiмен еңбек қатынастарына түсу құқығы ғана емес, сонымен бiрге азаматтың өзiн-өзi жұмыспен қамтамасыз ету, кәсiпкер болу, шығармашылық қызметпен айналысу құқығы.

Қорыта айтқанда, Қазакстан Республикасының  Конституциясының қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негiзiн калады, сондай-ақ қоғамдық, саяси институттар ретiнде кызметтің негiз боларлық қағидаларын орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесiн белгiледi,  қоғам дамуының стратегиялық негiзгi бағыттары мен мақсаттарын жинақтап Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық жене әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам жене адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деп тұжырымдауға болады.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауы 2005, 19 ақпан

2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2008, 6 ақпан

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: «ЮРИСТ» 2009.

4. Гусов К.Н., Толкунова В.Н. Трудовое право России: / Учебник. 2-ое изд., доп., испр. – М.: Юрист, 1997.

5. Тәуелсіздігіміздің он жылы: бейбітшілік, прогресс және қоғамдық келісім. // Егемен Қазақстан, 2001, 25 қазан

6. Казақстан Республикасының Конституциясы. Түсініктеме. Ред.басқарған Ғ.Сапарғалиев. – Ауд. С.Бақтыгерейұлы. - Алматы: Жеті-Жарғы, 1999.

7. Димитрова С.А. Правовые проблемы труда и занятости населения. -Алматы: «Жеті жарғы», 1997.

8. Третьякова А.А. Принципы трудового права в контексте новой Конституции. // Әділет Министрлігінің Хабаршысы, 1996, №1

9. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасы Конституциясының құқығы: Оқулық - Алматы: «Жеті Жарғы», 1998.

10. Нургалиева Е.Н. Механизм правового регулирования труда. - Алматы: «Жеті жарғы», 1996.

11. Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы, 1999.

12. Уваров В.Н. Трудовое право Республики Казахстан: Учебник - Алматы: КазГЮА, 2000.

13. Нургалиева Е.Н., Бухарбаева С.А. Принципы трудового права. - А., 2004.

14. Нургалиева Е.Н., Надирова А.К. Правовое регулирование труда отношении с несовершеннолетними в Республики Казахстан. - А., 2005.

15. «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» кодексі 2007 жыл 17 мамыр

16. Аяғанова Ә. Жұмысшының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидасы жайлы. // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы,  заң сериясы. – Алматы, 2009, №3 (51)                                                                    

17. Нургалиева Е.Н. Механизм правового регулирования труда. –Алматы: «Жеті жарғы», 1996.

18. Нестерова Н.М. Проблемы, концепции и разработки нового трудового кодекса РФ. // Государство и право, 2000, №10

19. Иванов С.А.Трудовое прао переходного периода: проблемы использования зарубежного опыта. // Государство и право, 1995, №3

20. Бугров Л.Ю. Проблемы свободы труда в трудовом праве. – России, Пермь, 1992.

21. Рахметова Л. Вопросы трудового права? правосубъектность и субъективные права граждан в сфере труда и занятости. // Вестник КазГУ. Серия юридическая. – Алматы, 1999, №2

22. Шайбеков К.А. Трудовое право Республики Казахстан. - Алматы, 1996.

23. Халиков В.Р. Защита трудовых прав работников. – Челябинск, 2004.

24. Ажинурина Д. Жанға батқан жұмыссыздық – оны тоқтатуға бола ма? // Заң және заман, 1999, №3

25. Айымханова Н. Қазақстан Республикаысның еңбек құқығы. // Оқу құралы – Алматы: «Жеті Жарғы», 2003.

26. Нұрғалиева Е. Еңбек құқығында еңбек дауларын шешудің кейбір мәселелері. // Заң журналы, 2003, №1

27. Ажинурина Д. Еңбек дауы-заңнаманы жетілдіру проблемалары. // Фемида, 2002, №1 (11)

 

 




Информация о работе Қазақстан Республикасының еңбек ету бостандығының конституциясы