Қазақстан Республикасының еңбек ету бостандығының конституциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 16:19, реферат

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Заман озып, өмірге нарықтық қатынастардың енуі, сан алуан меншік формаларының орнығуы, шаруашылық жүргізудің соны тәсілдері пайда болуы, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі, еңбек рыногының қалыптасуы сияқты әлеуметтік-экономикалық жаңа жағдайлар еңбек қатынастарының мазмұнына және оның субъектілерінің құқықтық жай-күйіне елеулі өзгерістер енгізді әрі, сонымен бір мезгілде, “еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар” дейтін санаттың (категория) мазмұны да түбегейлі өзгеріске ұшырады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………...
6

1 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар: жалпы сипаттамасы мен құқық реттелуі.......

9
1.1 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар: түсінігі, түрлері мен жіктелуі..........................................................................

9
1.2 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар: мазмұны, құқықтық реттелуі, оның халықаралық нормалар және қағидалармен арақатынасы.......................................................................................................


14
1.3 Қазақстан Республикасы мен шет елдердің еңбек саласындағы конституциялық құқықтар…………………………………………………...

24


Қорытынды………………………………………………………………..
30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………
33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының еңбек ету бостандығының конституциялық құқықтық реттелуi РЕФЕРАТ.doc

— 239.50 Кб (Скачать документ)

Еңбек құқығы қағидаттарының қызметтік рөлін мына негізгі  позициялармен сипаттауға болады:

а)         қағидаттар еңбек құқығы субъектілері үшін арнайы бағдар болады, себебі олар еңбек құқығы нормаларында бекітілген жоне қатысушылар әрекетін мемлекеггің еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласындағы құқықтық саясатын басқарушы идеяларга сай бағыттайды;

б)        қағидаттар еңбек қатынастарын құқықтық ретгеу үшін бастапқы нусқа (алғашқы негіз) болып табылады. Бұл сапада қағидаттар еңбек туралы күшіндегі заңның мәні мен мазмұнын және оны қолдану практикасын алдын ала анықтайды, сондай-ақ еңбек туралы жаңа құқықтық нормалар жасағанда бұл басқарушы идеялардың жүзеге асырылу тетігін қарастыру жайында заң шығарушыға бағдар береді;

в)        қағидаттар еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың құқықтық негіздеріне тұрақтылык, береді. Мұның нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайьнда маңызы зор. Еңбек ресурстарын даярлау, бөлу және тиімді пайдалану, еңбек қорғауды ұйымдастыру мен өндіріс қауіпсіздігі және еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың басқа элементтері саласындағы басқарушы идеяларды занда бекіте отырып мемлекет еңбекті басқарудың барлық тетігі үшін іргелі құқықтық негіз, еңбек қатынастарының тиянақты формаларын құруды қамтамасыз етеді;

г)         қағидатгар, құқықтық реттеудің мәнімен және әдісімен бірге еңбек құқығын ұлттық құқықтың басқа салаларынан ажыратудың объективтік критерийі болады, себебі құқықтың осы саласының мәндік ерекшеліктерін білдіреді;

д)        қағидаттар азаматтарға, мемлекеттік аппараттың лауазымды адамдарына және басқа қызметкерлеріне, косіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың жұмыскерлеріне тәрбиелік ықпал жасайды. Жеке еңбек шартын жасағанда тараптар құқықтық нормалардың міндеттеулерге және келісім жағдайларын ұстанады, өзін қалай ұстау ережесіне еркімен бағынады, бұл — күшіндегі заңнаманың мәнін анықтау және еңбек құқықтарының құқық нормаларына кірген қағидаттарын меңгеру деген сөз [14, 71б.].

Құқықтық қағидаттардың еңбек  құқығының теориясында және заң  практикасында даму алған бұл қасиеттері еңбек қатынастарын құқықтық реттеу тетігінің мәндік негізін құрайды.

Еңбекті ұйымдастыру және қолдану  саласындағы қағидаттар өздерінің  мазмұны, әрекет ету саласы және мақсаттық  бағыты жағынан алғанда бір мағыналы емес. Олар жалпы (салааралық), салалық (еңбек құқығы) және еңбек құқығының жекелеген институттарының қағидаттары болып бөлінуі мүмкін. Қағидаттардың бұл топтары өзара байланысты, бірін бірі толықтырады, олар бірлесіп еңбекті қоғамдық ұйымдастыруды құқықтық реттеудің іргелі негізін құрайды.

Жалпы (салааралық) қағидаттар еңбекті жөне тиісінше еңбек құқығы салаларын құқықтық реттеудің базалық қағидаттары болып табылады. Оларды Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітуі олардың жалпы ортақтық сипатын білдіреді. Жалпы (салааралық) қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады: зандылық; азаматгардың құқықтарының бостандығының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында басымдығы; мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу; қоғам пікірін ескеру және жариялылық; халықаралық қарым-катынас.

Заңдылықтың қағидаты дегеніміз Конституцияны, республиканың күшіндегі заңдарын сақтау, басқа адамдардың құқығын, бостандығын, ар-ожданын сыйлау жөнінде мемлекеттік органдарга, қоғамдық бірлестіктерге және азаматгарға қойылатын талап. Заң мен сот алдында барлығы бірдей. Шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, сеніміне, тұрған жеріне немесе кез-келген басқа жағдаятқа байланысты ешкім қандай да бір кемсітілушілікке ұшырауға тиіс емес (Қазақстан Республикасы Конституциясьның 14 бабы).

Құқықтық қатынастар саласында  заңдылық қағидаты еңбекті ұйымдастырудың және қодданудың барлық пракгакасы негізделетін тиісті заңдық кепілдіктермен қамтамасыз етіледі.

Зандылық қағидаттарын сақтау, бірінші кезекте еңбек туралы күшіндегі кодекстің Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформа мен нарықтық қатынастардың қазіргі шындық жағдайына сәйкес келуін көздейді. 2007 жылєы 15 мамырдаєы қабылданған Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы N 251 жаңа Кодексі азаматтардың еркін еңбек етуге конституциялық құқығын жүзеге асыру процесінде туындаған еңбек катынастарын, меншік түрлері мен шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық формаларының көп түрлілігі жағдайында еңбекті қоғамдық ұйымдастыру барысында толғағы жеткен проблемаларды реттеуге арналған. Лауазымды адамдардың құқықтық даярлығына жене оларды аттестациялауға ерекше мән берілуге тиіс, айта келгенде кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы зандылықтың жайы соларға байланысты [15].

Азаматтардың құқықтарының, бостандығының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында басымдығы - азаматтардың, өздерінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асыруда мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының алдындағы артықшылығын білдіретін қағидат. Конституцияға сәйкес (1 бап) Қазақстан Республикасы езін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады, оның жоғарғы құндылығы — адам, адам өмірі, құқығы және бостандығы. Соңғысы адамға туғаннан тән, одан ажыратуға болмайтындығы мойындалады, ол зандардың және басқа құқықтық нормативіік актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайды (оның ішінде азаматтардың еңбегін ұйымдастыру және қолдану саласында).

Бұл қағидатқа сәйкес азаматгар  өздерінің еңбек құқықтарын және занды мүдделерін қорғау мақсатында мемлекеттік органдарға және оиардың лауазымды адамдарына жүгінуге құқылы. Олар өз құзыры шеңберінде азаматтар койған мәселелерді қарауға, қажетті шара қолдануға және арызданушыға белгіленген мерзімде жауап беруге тиіс. Азаматтардың бұл құқығын зандық кепілдіктер жүйесі қамтамасыз етеді, оған лауазымды адамдардың зансыз әрекеттеріне сотқа шағымдану құқығыда кіреді.

Азаматтардьң мешекетті  басқару ісіне тең құқылы қатысуының жалпы қағидатының еңбек құқығына да қатысы бар. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес (33 бап) азаматтар мемлекет істерін басқаруға өздері тікелей де, өздерінің өкілдері арқылы қатысуға, сондай-ақ кез-келген мәселе бойынша, оның ішінде еңбек мәселесі бойынша мемлекетгік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық шағым-арыздар жолдауға құқылы. Азаматгар өздерінің қабілеті мен кәсіби даярлығына қарай мемлекеттік қызмет атқаруға теңдей құқыққа ие. Мемлекетгік қызметке үміткер адамға қойылатын талап тек қызметгік міндетгің сипатынан ғана туындайды, оны заң белгілейді [3].

Қоғамдық пікірді есепке алу және жариялылық - мемлекетгік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, олардың лауазымды адамдарының практикалық қызметіне кез-келген формада, мысалы, баспасөздегі еңбек заңының бұзылғандығы жайындағы сын материалдар, республиканың еңбек туралы заңнамасын, еңбек қатынастарын реформалау жөнінде пікірлер немесе ғылыми ұсыныстар, т.б. білдірілген қоғамдық пікірді міндетті түрде есепке алуды талап ететін қағидат. Қазақстан Республикасының Конституциясы (5 бап) мемлекет пен жүртшылық арасындағы катынастың жалпы негіздерін анықтайды. Атап айтқаңда, мемлекетгің қоғамдық бірлесгіктердің ісіне және керісінше, қоғамдық бірлестіктердің мемлекет ісіне араласуына, мемлекет органдарының функциясын қоғамдық бірлестіктерге жүктеуге жол берілмейді.

Дегенмен, күшіндегі заңнамада  кәсіподақ сияқты қоғамдық бірлестіктердің  қызметі жүзеге асырылу үшін қажетті  негізгі шарттар мен кепілдіктер  кезделген. 1993 жылғы 9 сәуірдегі «Кәсіпкерлік одақ туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттің әлеуметгік-экономикалық саясатын қалыптастыруға, ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдарын) шешуге және т.б, кәсіподақтың қатысуы көзделген. Өз кезегінде мемлекет кәсіподаққа берілген құқықтың сақталуын қамтамасыз етеді және олардың өздерінің жарғылық міндеттерін орындауына жағдай тудырады. Мемлекеггік қызмеггің әкімшіліктің бос орындарына баспасөзде конкурс жариялауы жариялылықтың мысалы бола алады.

Қазақстан Республикасының  халықаралық аренадағы қызметінен туындайтын халықаралық қарым-қатынас қағидатының да де еңбек құқығына қатысы бар. Қазақстан Конституциясының (8 бап) сәйкес халықаралық құқыктың, оның ішінде енбекті қолдану мәселелері бойынша құқықтың қағидаттары мен нормаларын мойындайды және құрметгейді. Бұл қағидаттың практикалық маңыздылығы еңбек туралы ұлттық заңдаманы халықаралық еңбек ұйымы қабылдаған конвенциялар мен ұсьшыстар ескеріліп реформалауға байланысты. Жалпы (саларалық) қағидаттар ішінде еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың құқықтық қағидаттары бар. Салааралық қағидаттардың бұл тобы меншік түріне және шаруашьшық жүргізудің ұйымдастыру-құқықтық формаларына қарамастан кәсіпорындарда, мекемелерде жөне ұйымдарда еңбек ұйымдастырудың барлық формаларына қатысты.

Салааралық қағидаттар салалық құқықтық нормаларда (еңбек, азаматтық, әкімшілік және басқа құқық салалары) нақтыланады. Еңбек құқығына байланысты мына қағидаттар салалық болып саналады: еңбек шартының бостандығы, еңбек міндетінің айқындығы; еңбек құқығының бірлігі және жіктелуі; еңбек жағдайының қауіпсіздігі, еңбек ақының занда белгіленген ең төменгі мөлшерден аз болмауы; еңбек және демалыс режимінің қалыпты болуына кепілдік; еңбек тәртібінің қамтамасыз етілуі, көсіби білім алуға кепілдіктің болуы, кәсіпкерлер одағын құруға бостандық, құқықтар мен бос-тандықты занда тыйым салынбаған барлық тәсілдермен қорғауға кепілдіктің болуы [16, 38б.].

Еңбек құқығының кейбір институттарының қағидаттары өте  шектеулі салаларда әрекет етеді. Олардың  басқарушы ережесі (талаптары) еңбек  құкығы саласындағы қатынастардъщ белгілі бір түрлерін реттейтін құқықтық нормалардың кейбір топтарына тән ерекшеліктерін қарастырады.

 

 

1.2 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар: мазмұны, құқықтық реттелуі, оның халықаралық нормалар және қағидалармен арақатынасы

 

 

Кейде мемлекет пен құқық саласындағы мамандардың еңбек бостандығын адамның қоғамдағы барлық құқықтарымен және бостандықтарымен байланысты қағидалардың мазмұнына апарып қосатыны бар. Мәселен, Л.С.Явичтің 1976 жылы жарық көрген "құқықтың жалпы теориясы" дейтін еңбегінде осындай тұжырым бар. Бірақ мұны жеткілікті деп айта қою қиын. Еңбек бостандығы (жеке тұлғаға қатысты айтқанда) басқа да бостандықтармен байланысты, бірақ мәні жағынан оларға тең емес. Ол жеке тұлғаның басқа құқықтары мен бостандықтарының бәрінің дерлік негізгі ретінде бағалануы тиіс, сондықтан құқық қағидаларын тұжырымдай келе оны атамай кетуге болмайтыны өз алдына, тіпті атай отырып, жеке тұлғаның басқа құқықтарымен және бостандықтарымен бір қатарға да болмайды. Еңбек бостандығының басқа бостандықтардан тағы бір ерекшелігі оның субъективтік құрамында: еңбек бостандығының субъектісі еңбек адамы ғана емес, сонымен бірге еңбекшілер ассоциациясы да бола алады, құқық қағидаларын тұжырымдағанда барлық субъектілерді ескеретін тұжырымдаманы таңдап алу қажет.

Қазір қоғамдағы еңбек қатынасының негізгі түрлері еңбек құқығы мен азаматтық құқық арқылы реттеледі. Бұл салалардың әрқайсында тиісті субъектілердің еңбек бостандығын бейнелейтін өз қағидалары бар. Осы қағидалы ортақ идеялар еңбек бостандығының заңдық кепілдіктерін дамытудың салааралық қағидасын құрайды. Еңбек құқығына қарағанда азаматтық құқық тек заңдық кепілдіктерді ғана емес, еңбек бостандығының экономикалық жай-жапсарын да ескереді.

Еңбек құқығы ғылымында еңбек бостандығын білдіретін салалық қағиданың мазмұны туралы әралуан пайым бар. Бұл ретте авторлар көбінесе еңбек шартының бостандығы туралы қағиданы айтады, кейде басқа қағидалар да аталады. Біздіңше, еңбек құқығында еңбек бостандығын бейнелейтін қағида ретінде бұдан гөрі кең әрі терең мағыналы бастауды - жұмысшылардың, қызметшілердің және олардың ассоциацияларының еңбек бостандығының заңдық кепілдіктерін дамытуды айтқан жөн сияқты. Бұл қағида еңбек құқығының барлық нормаларында және олар реттейтін әлеуметтік байланыстардың бәрінде қоғамдағы еңбек бостандығының даму дәрежесіне қарай айқын көрініс табады.

Бірақ, еңбек құқығында тіпті де еңбек бостандығының көрінісі деуге келмейтін реттемелеулер бар, мәселен: жұмыс берушінің ырқымен жұмыстан шығару нормаларын алыңыз. Дегенмен, мұндай жағдай да еңбек бостандығы тұрғысынан қарастырылуы керек: жұмысшыларға қызметшілерге, еңбек ұжымдарына қатысты еңбек бостандығының заңдық кепілдіктерін дамыту қағидасы бұл нормаларға да ықпал етіп, оларға айрықшалық сипатын береді, оларды жалпылама ережелер есебінде бағалауға жол бермейді, мұндай жағдайда еңбекшілердің құқығын ерекше қорғау қажеттігін керек етеді.

Еңбек құқығының көптеген институттарында еңбек бостандығының заңдық кепілдіктерін дамыту қағидасы құқық институттарының қағидалары: еңбек шартының еркіндігі, еңбек ұжамдары қызметінің еркіндігі, кәсіподақтардың жұмыс істеу еркіндігі, жұмыстылық органдарына жүгіну еркіндігі, т.т. арқылы жүзеге асырылады.

Еңбек құқығы ғылымында тек еңбек шартының еркіндігі туралы айту қалыптасқан, ал кейде жұмыскердің еңбек заңдылығы әрекет ететін аядағы күллі бостандығын еңбек шартының еркіндігіне апарып телитіндер де бар. Ал шын мәнінде бұл салада жұмыскерлер қатысатын басқа шарттар да реттемеленеді.

Жұмысшылар мен қызметшілер өздерінің еңбек ету құқығын еңбек шартын жасасу арқылы жүзеге асырады. Біздің қазіргі жағдайымызда дербес еңбек құқықтық қатынастарына түсудің еңбек шартынан басқа түрлері дамып, өркен жая қойды деп айту қиын. Тіпті еңбек құқығының нысаны мен еңбек құқық қатынастары (мейлі формальды түрде болса да) әзірге еңбек шарты негізінде ғана пайда болатыны жасырын емес. Бір жағдайда ол осындай қатынастардың негізіне алынатын бірден бір заңдық факт болса; басқа жағдайда қызметке тағайындаудан, конкурс бойынша сайланудан, қызметке саулаудан, т.т. соң келетін немесе қызметке тағайындаудың алдында болатын заңдық құрамдардың қажетті бөлігі ретінде көрінеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының еңбек ету бостандығының конституциясы