Қазақстан Республикасының еңбек ету бостандығының конституциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 16:19, реферат

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Заман озып, өмірге нарықтық қатынастардың енуі, сан алуан меншік формаларының орнығуы, шаруашылық жүргізудің соны тәсілдері пайда болуы, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі, еңбек рыногының қалыптасуы сияқты әлеуметтік-экономикалық жаңа жағдайлар еңбек қатынастарының мазмұнына және оның субъектілерінің құқықтық жай-күйіне елеулі өзгерістер енгізді әрі, сонымен бір мезгілде, “еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар” дейтін санаттың (категория) мазмұны да түбегейлі өзгеріске ұшырады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………...
6

1 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар: жалпы сипаттамасы мен құқық реттелуі.......

9
1.1 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар: түсінігі, түрлері мен жіктелуі..........................................................................

9
1.2 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар: мазмұны, құқықтық реттелуі, оның халықаралық нормалар және қағидалармен арақатынасы.......................................................................................................


14
1.3 Қазақстан Республикасы мен шет елдердің еңбек саласындағы конституциялық құқықтар…………………………………………………...

24


Қорытынды………………………………………………………………..
30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………
33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының еңбек ету бостандығының конституциялық құқықтық реттелуi РЕФЕРАТ.doc

— 239.50 Кб (Скачать документ)

Жоғарыда көрсетілген Қазақстан  елінің көш-қон жағдайы және оның республикадағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсері Үкіметті көш-қон туралы Мемлекеттік бағдарлама жасауға итермеледі. Көш-қон тұралы Концепция ҚР-ң Министрлер  Кабинетінің 11 қантар 1995 жылғы № 11 Қаулысымен бектілді. Концепцияда қарастырылған  бағдарламасының  ішінде  көш-қон саласына қатысты мынаны бөліп қарауға болады: оралмандарды қабылдау және оларды орналастыру кезінде дұрыс жағдай жасауды. Соңғы тармағына байланысты Қазақстанның халықаралық міндеттемесін атауға болады.

Мысалы, Қазақстан Республикасы мен Иран Мұсылман Республикасы арасындағы достастықты арықарай дамыту туралы меморандумның 13 бабында айтылған: "Иран жағы иран Республикасында тұрғылықты тұратын қазақ ұлтының азаматын ҚР тұрғылықты тұруға жіберуге жәрдем көрсету, рұқсат етуі,  сол сияқты Қазақстан Республикасы да  Қазақстанда тұратын Иран азаматына дәл сондай әрекеттер жасауына қолдау көрсетуге" тиісті делінген.

Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы азаматтардың ерікті түрде  көшуіне және азаматтығын реттейтін, Қазақстан Республикасына еңбек  шарты бойынша мәселелерді реттеу туралы 2 желтоқсан 1994 жылғы Келісімдерінде тек қана азаматтық мәселелерді ғана емес, еңбек қатынастарына байланысты сұрақтарды да реттейді, яғни Қазақстан жағы оралмандардың транспортқа кеткен шығындарын және әлеуметтік тұрмыстық жағдайын да шешу қажеттілігін, кәсібі мен мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру, білім алуына, жаңа  мамандық таңдауға, білімін жоғарылатуына  жан-жақты көмек көрсетеді.

Көш-қон мәселесі тек қана  мемлекеттің ішкі мәселесі ғана емес, сонымен қатар басқа мемлекеттерге де ортақ мәселе, ол халықаралық келісімдерде жарқын көрініс тапқан. Мысалы Қазақстан республикасы мен Таджикистан Республикасының 13 қантар 1993 ж. келісімінде:"тараптар көш-қон процессінің  жалпы халық таныған нормалары мен келісіп шешуі маңызды" - делінген.

Халықтың көш-қон процессін реттейтін  негізгі мемлекеттік орган Қазақстан  Республикасының Еңбек Министрлігі  жанындағы халықтың көш-қон бойынша  Департаменті. Ережесі ҚР-ның Министрлер Кабинетінің № 1055 15 желтоқсан 1992 жылғы және өзгертулермен 2 август 1994 ж. бекітілген. Бұл органның қызметіне кіреді: "Көш-қон" занының нормативтік құқықтық актілерін талқылау; шетелдік жұмыс күшінің  Қазақстан Республикасында жұмысқа орналасу туралы арыздарын  қарау мен лицензия беру; сондай-ақ ТМД басқа елдерінен келген жұмыс іздеушілерге де осындай әрекеттер жасау.

Шетелдік тұлғалардың еңбек  қатынасын реттеуде өзіне тән  ерекшеліктері баср, сондықтан осыған байланысты белгілі коллизиондық нормалар қалыптасқан. Батыстың соттық және доктриналық тәжірибесі еңбек қатынасына құқықты қолданудын екі жолын меңгерген. Бір жол - ол жария құқығын пайдалану, ал екіншісі - жеке құқықты пайдалану.

Коллизиондық нормалар еңбек қатынасы саласының көптеген заңдары мен  нормативтік актілерінде бар. Мысалы, "Еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңының 10 бабында "Қазақстан Республикасының  өндірісінде жұмыс істейтін шетел азаматтары үшін еңбекті қорғау қатынасы саласындағы ерекшеліктерді реттеу және шетелде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматы мен жұмыс беруші тараптың  келісімін бекіту" және осы Заңның 3 бабында: "Қазақстан Республикасының  заңдарында қарастырылғаннан гөрі жоғарғы талаптағы еңбекті қорғау қарастырылса, онда халықаралық елісімдегі ережелер қолданылады. Осы жерде айта кету қажет Қазақстан барлық халықаралық келісімдерге қатысушы емес. Бұл Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең шетелдік және азаматтығы жоқ адамдардың да еңбек құқығын қорғайды.

Халықаралық құқық барлық жағынан  еңбек қатынастарын реттейді. Адам құқықтарын еңбек саласында қорғайтын көпжақты көптеген Конвенциялар бар. Бұған адам құқығының жалпы мойындаған актісі - 19 желтоқсан 1948 ж. адам құқығының жалпы декларациясы, 16 желтоқсан 1966 жылғы  экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтардың Халықаралық пакті. Халықаралықеңбек ұйымына Қазақстан республикасы 1992 ж. қатысушы.

ТМД елдері шеңберінде Қазақстан Республикасы жасаған халықаралық келісімдерден  мыналарды атауға болады: ТМД Жарғысы - 22 қантар 1993 жылы қабылданған; 13 қараша 1992 ж. қабылданған ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде еңбек, көш-қон және халықты әлеуметтік қорғау бойынша консультативтік Кеңестік құрылуы туралы келісім; 22 қантар 1993 ж. Минскіде қабылданған азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар және құқықтық көмек туралы Конвенция; 24 қыркүйек 1993 ж. экономикалық  одақ құру туралы шарт; 8 шілде 1994 ж. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Республикалары арасындағы көш-қонға байланысты достастық туралы меморандум т.б.

Азаматтар  уақытша жұмыс істеуге келген елдің заңдарын құрметтеуге және сақтауға міндетті. Басқа елде бір жолғы рұқсатпен жұмыс істеудің ең төменгі мерзімі үш жыл. Бұл мерзім біткеннен кейін уақытша жұмыс істеуге келген азамат елді тастап кетуге міндетті. Оған соңғы кетер кезінде еңбек қызметін растайтын куәлік беріледі. Келісімде ұзақ мерзімдік еңбек  қатынасының тоқтатылғаның және азаматтың елге тұрақты тұру үшін келгенің құзіретті органның талап етуі бойынша қарауға болады. Бұл жүргізіледі, егер:

а) азамат уақытша еңбекке орналасу заңын бұзса 

б) азамат еңбек тәртібін бұзуына байланысты еңбек шарты бойынша қызметін жалғастыра алмаса;

в) азамат ауыру болу салдарынан немесе өндірістік жарақат алу салдарынан еңбекке жарамсыз болса (дәрігерлік қортынды бойынша 4 айға дейін қайта  жұмысқа орналасуға болмайды);

г) шарт пен келісімде көрсетілгендей тараптардың біреуінің жағдайды  орындамауы;

д) туындаған жееке жағдайларға  байланысты азаматтың тұрғылықты жеріне кетуіне байланысты;

е) мұны тараптардың бірі қажет  етсе [21, 43б.].

Қазақстан Республикасының Конституциясының 21 бабында: Қазақстан территориясында заңды тұрушы өз еркімен Қазақстан территориясының кез-келген жеріне емін-еркін ауысып қонуына еркіндік құқығы берілген, егер заңда басқаша көзделмесе.

Бұл дегеніміз шетел азаматтарына және азаматтығы жоқтарға да еңбектің кез-келген түрімен айналысып орын ауыстыруларына құқылы екендігін айтады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 14 бабында да шетел азаматтарының Қазақстан территориясында олардың еріктері бойынша ауысуына, мекен жайларын таңдауға және заңмен рұқсат етілмеген іс-әрекеттерден басқа істермен айналысуға, заңды тұлға құруға, мәмілелер түзуге міндеттемелерге қатысуға құқылы делінген.

Шетелдіктердің еңбек әрекеттері Консулдардан басқа "ҚР-ғы шетел  азаматтарының құқылық жағдайы  туралы" Заңмен де реттеледі.

Осы заңға сәйкес, және халықаралық  шарттардың негізінде шетел азаматтары еңбек әрекеттерін жүргізе алады.

Шетел азаматтары да, қазақстандықтар  сияқты, құқықтар мен міндеттерге  ие бола алады.

Шетелдіктердің еңбек қатынастарына  байланысты міндеті Қазақстан заңы бекіткен салықты төлеу болып табылады. Олар мекемеде жұмысшы өкімнен, бақылаушыға дейінгі аралықта қызмет істей алады. Ал еңбек ақысы туралы, еңбекті қорғау туралы және пенсиямен қамтамасыз ету туралы мәселелерді жеке еңбек шартында көрсетілгені бойынша әрқайсысымен бөлек шешеді.

Нақты  еңбек қатынастары екі жақты түзілген контратінің негізінде реттеледі. Шетелдіктердің қатысуымен жұмыс атқаратын мекеме, кәсіпорындар өздеріне тиісті, еңбек қатынастарына байланысты мәселелерді өз еріктерінше дербес шеше алады. Шетелдіктердің қазақстанда алдын ала келіп жұмыс істеуі үшін ҚР-на келіп жұмыс істегу, шетелдік жұмыс күнінің қажет екендігіне лицензия алуға рұқсат алуы керек.

Қазақстан Республикасының конституциясында (21 бап) азаматтардың ешқандай кедергісіз Республикадан тыс жерлерге баруға және қайтып келуге толық құқылы екендігі айтылған.

Азаматтық Кодекстің 14 бабында да Қазақстан азаматы еңбек қызметін шетелде де атқара алады делінген. Азаматтар уақытша шетелде жүрген кездерінде де кәсіпкерлік іспен айналасуға құқылы.

"Халықты жұмыспен қамту"  Заңында еңбек қызметтерін шетелде  уақытша жүрген кездерінде атқара  алады деп көрсеткен. Шетелдегі  Қазақстан азаматтарының еңбек  қызметін "Қазақстан Республикасына  уақытша келу жағдайы мен Қазақстан  Республикасынан уақытша кету туралы жағдайы" деген Министрлер кабинетінің 29 қыркүйек 1992 ж. бекіткен Қаулысымен реттеліп отырады.

"Қазақстан Республикасының  шетелдегі жұмысшыларының еңбек шарты мен ережелері туралы"  қаулы 31.05.1994 ж. қабылданған нормативтік актілермен реттеледі.

Қазақстан Республикасының азаматы шетелге шығу үшін шетелдік паспорт алуы қажет (заграничный паспорт). Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің № 577 31 мамыр 1994 ж.қабылданған қаулысы "Қазақстан Республикасының жұмысшысының шет елдегі еңбек жағдайы туралы ереженің" 8 пунктіне сәйкес Қазақстан азаматының уақытша жағдайы шет елдік  паспорт берерде республикадан кетуге уақытша мына жағдайда қайтарылуы мүмкін:

1)     егер ол мемлекеттік құпияны, мәліметтердібілсе; егер оған қылмыстық іс қозғалса - іс аяқталғанға дейін;

2)     егер ол жасаған қылмысы үшін сотталған болса - жазасын өтегенге дейін немесе жазадан босатылғаннан кейін;

3)     егер ол міндеттемені орындаудан жалтарса - сотта міндеттемені орындағанға дейін берілген болса;

4)     егер ол міндетті әскери қызметте болса - міндетті әскери қызметті жедел аяқтағанға дейін немесе заңға сәйкес одан босатылғанға дейін;

5)     егер ол өзі туралы жалған мәліметтер берсе;

6)     егер оған сотта азаматтық талап қойылған болса - іс өндірістен аяқталғанға дейін [22, 72б.].

Республикалық мекемелерден шетелге  жұмысқа жіберілген жұмысшылардың  еңбек ақысы теңге мен де шетел  валютасы мен де есептелу қарастырылған. Қазақстан Республикасының мекемелерінен  шетелге толық еңбек күнімен  немесе толық емес еңбек күнімен жіберілген жұмысшылардың еңбек ақысы өтелген еңбек уақытысына тең жүргізіледі. Шет тілін білетін және оны күнделікті тәжірибелік жұмыста қолданған, дипломатиялық ранга үшін, климаттық жағдайда қосымша үстеме (надбавка) жіберілген жұмысшылар үшін теңге мөлшерінде үкіметтің шешімімен төленеді. Климаттық жағдайы ауыр елдерде республикалық мекеме жұмысшылары үшін 50% қосымша үстеме еңбек ақылары үшін теңгемен төленеді. Шет елдік валютамен жұмысшылардың  еңбек ақысы шетелде бір не екі айда төленеді. Жұмысшының еркімен оның еңбек ақысы теңгемен айсайын жинақ банкідегі шотқа (қажетті ұйымның) аударылады. Жұмыс уақытының ұзақтығы және демалыс уақыты нетелдегі республиканың мекеме жұмысшыларына қазақстан Республикасының еңбек кодексііне сәйкес қолданылады. Демалыс күндерін жергілікті жердің жағдайына қарай өзгертуіне болады. Республиканың мекеме жұмысшылары үшін климаты ыстық және  ылғалды елдерде 6 сағат жұмыс күні белгіленген. Жұмысшылар үшін жылсайынғы ақылы демалыс шетелдерде; ТМД елдерінде, Европа елдерінде, АҚШ және Канадада - 24 күн, ал басқа елдерде - 24 күннен 48 күнге дейін (елдің климаттық жағдайына байланысты).

 

Қорытынды

 

 

Еңбек заңнамасын жетілдіру құқық жүйесін экономика мен қоғамдық қатынастар саласындағы өзгерістерге сәйкестендіру қажеттігінен туады. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайлары адамның еңбек ету қабылетіне қоғамдық қатынасты меншік түріне қатынас ретінде әуел бастан анықтап берді, сөйтіп еңбектің жалдан басқа да, мәселен, кәсіпкерлік қызмет, кооперативтегі еңбек, фермерлік немесе отбасылық еңбек сияқты түрлерін туғызуға себепші болды.

Жүргізілген зерттеулер еңбек ету құқығын іске асыру мен оны сотта қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін заң бастауларын жетілдіруге, сондай-ақ еңбек ету кұқығына қатысты істерді сотта қарау тәжірибесінің қалыптасуына байланысты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Еңбек ету құқығының экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактінің 6 бабында келтірілген: кез-келген адамның өзі ерікті түрде таңдаған немесе соған өз еркімен келіскен еңбегі арқылы күн көрісін қамдау құқығы дейтін анықтамасы неғұрлым кең қамтитын, сыйымды анықтама ретінде қабылданды.

Еңбек ету құқығын іске асыру дегеніміз - жұмыскердің жұмыс берушімен еңбек қатынастарына түсу құқығы ғана емес, сонымен бірге азаматтың өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ету, кәсіпкер болу, шығармашылық қызметпен айналысу құқығы. Нарықтық экономикаға тән үдерістер мен құбылыстарды реттеуге арналған нормаларды түбегейлі қайта қарау қажеттігі туып отыр.

Атап айтсақ, еңбек қатынастары субъектілерінің ауқымын айқындайтын нормаларды өзгерту қажет, өйткені олар бұрын тек қана жалдамалы жұмыскерлерді, яғни, меншікке иелігі жоқ жұмысшылар мен қызметшілерді құрайтын. Көп укладты экономика пайда болуына байланысты еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндердің бәрінің, соның ішінде мүшелік пен меншікке қатысты қатынастардағы адамдардың да еңбек қатынастарын реттеу қажеттігі туды.

Азаматтардың еңбек ету құқығын іске асыруы кезінде пайда болатын қатынастар еңбек заңнамасының ғана емес, сонымен бірге азаматтық заңнаманың да нормаларын, азды-көпті болса да, міндетті түрде қолдануға апарып соғады.

Еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің мазмұнына азаматтық заңнаманың тигізетін ықпал - әсері бұл салалардың туабітті жақындығына емес (кезінде еңбек құқығы азаматтық құқықтан «енші алып» шыққан болатын), еңбек құқық қатынастарының теңдік пен биліктік-бағыныштылық қатынастарының қоспасы екендігіне, оның құрамында мүліктік те, мүліктік емес те элементтер болатындығына байланысты. Азаматтық және еңбек заңнамасының нормалары арасында объективтік түрде болатын байланыс осыдан туады, бұлардың бірінде болатын өзгеріс белгілі бір дәрежеде екіншісіне де әсер ететіні осыдан. Екі саланың өзара ықпалдастығының негізгі түрлері ретінде еңбек заңнамасы реттеудің кейбір амалдарын, жолдарын мәселен: қүқықтар мен міндеттерді белгілеудің баламалы сипатын, құқық қатынастары субъектілерінің тең жағдайын азаматтық заңнамадан алатынын айтуға болады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының еңбек ету бостандығының конституциясы