Қазақстан Республикасының еңбек ету бостандығының конституциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 16:19, реферат

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Заман озып, өмірге нарықтық қатынастардың енуі, сан алуан меншік формаларының орнығуы, шаруашылық жүргізудің соны тәсілдері пайда болуы, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі, еңбек рыногының қалыптасуы сияқты әлеуметтік-экономикалық жаңа жағдайлар еңбек қатынастарының мазмұнына және оның субъектілерінің құқықтық жай-күйіне елеулі өзгерістер енгізді әрі, сонымен бір мезгілде, “еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар” дейтін санаттың (категория) мазмұны да түбегейлі өзгеріске ұшырады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………...
6

1 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар: жалпы сипаттамасы мен құқық реттелуі.......

9
1.1 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар: түсінігі, түрлері мен жіктелуі..........................................................................

9
1.2 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар: мазмұны, құқықтық реттелуі, оның халықаралық нормалар және қағидалармен арақатынасы.......................................................................................................


14
1.3 Қазақстан Республикасы мен шет елдердің еңбек саласындағы конституциялық құқықтар…………………………………………………...

24


Қорытынды………………………………………………………………..
30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………
33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының еңбек ету бостандығының конституциялық құқықтық реттелуi РЕФЕРАТ.doc

— 239.50 Кб (Скачать документ)

- қызметтің саны мен сапасына қарай табыс алуға, оның нәтижелеріне жетуге бастайтын қызметтің өзі.

Кәсіпкерліктің жал бойынша жұмыс істеуден айырмашылығы мынадай:

- Кәсіпкерлік еңбек үдерісіне (процесіне) материалдық, санаткерлік меншік нысандарын және адамның еңбекке қабілетін қосуды көздейді, ал жалдамалы жұмыскердің тек еңбекке қабілеті мен жекелеген жағдайда ғана - санаткерлік меншігі болады;

- Жалдамалы жұмыскердің еңбегі құқықтық тұрғыдан толығымен ҚР Еңбек туралы Заңы арқылы реттеледі, ал кәсіпкерлік қызметті кәсіпкерлік, меншік туралы тиісті заңнама, азаматтық- құқықтық нормалар мен құрылтай құжаттары реттейді;

Кәсіпкер жергілікті нормотворчествоның субьектісі болып табылады да кәсіпорындағы еңбек қатынастарының сипатын, еңбекке ақы төлеу нысанын,жүйесін, мөлшерін айқындайды, ал жалдамалы жұмыскер өзіне ұсынылған шарттарды иә қабылдайды, иә болмаса олармен келіспейді;

- Кәсіпкер табысының мөлшері мен формасының жалдамалы жұмыскердің еңбек табысынан елеулі түрде айырмашылығы болады.

Кәсіпкерлік пен жалдамалы еңбек - еңбек қызметінің екі түрі, сондықтан олардың мынадай ортақ сипаттары болады:

- Бұлардың екеуінде де адамның еңбекке деген дене қабілеті мен парасат қабілеті пайдаланылады;

- Еңбек қызметі үшін сыйақы беріледі;

- Мемлекет еңбектің әралуан түрлері мен нысандарында еңбек қабілетін бірдей дәрежеде іске асыруға кепілдік береді, сондай-ақ әлеуметтік - еңбектік қорғауды қаматамасыз етеді.

ҚР Халықтың жұмыстылығы туралы Заңның 2 бабы бойынша кәсіпкерлік жұмыстылықтың бір түрі болғандықтан кәсіпкерлік қызметке деген кепілдік сонымен бір мезгілде азаматтардың қызмет түрі мен кәсібін таңдау кепілдігі де болып табылады (мұны ҚР Конституциясының 24 бабы да бекітіп берген болатын). Халық шаруашылығында қолданылу аясына қарай жалдамалы еңбек пен дербес жұмыстылықтың түрлері өндірістік, өндірістік емес, ауылшаруашылық деп бөлінеді.

Адамның меншік формаларына қатысына қарай оның еңбек әлеуеті "таза" немесе "аралас" деп айқындалады. Жалдамалы жұмыскердің "таза" түріндегі еңбек әлеуеті еңбекке дене қабылеті мен санаткерлік меншігін пайдалануды ескереді. Ал оның "аралас" әлеуеті материалдық меншік формасын іске қосуды ескереді (меншік иесінің келісімі бойынша жалдамалы жұмыскер өндіріске ақшалай үлес қосып, пайда алуға құқылы). Бұл ретте жалдамалы жұмыскер меншік иесіне айналады, бірақ кәсіпкерге қарағанда құқығы едәуір аз болады.

Кей авторлар жалдаушының субьектісіне қарай жал бойынша еңбектің мынадай түрлерін атап көрсетеді:

- Жеке кәсіпорындардағы еңбек;

- Ұжымдық меншік нысаны бар кәсіпорындардағы еңбек;

- Мемлекеттік және жергілікті бағыныстағы   кәсіпорындардағы еңбек;

- Қоғамдық ұйымдардың кәсіпорындарындағы еңбек;

- Отбасы кәсіпорындарындағы еңбек;

-Жекелеген адамдарда жұмыс істеу түріндегі еңбек.

- Заңдық тұлға құру арқылы немесе онсыз-ақ жеке және ұжымдық дербес жұмыстылық дейтінді даралау тәжірибесі де бар [18, 51б.].

Заңдық тұлға ретінде рәсімделмеген жеке де ұжымдық та кәсіпкерлік азаматтардың өз меншігі ретіндегі мүлкін пайдалану құқығын іске асыру арқылы, жалдамалы еңбекті пайдаланып та, оны пайдаланбай да жүзеге асырылады. Мұның соңғысында жеке еңбек қызметіне лицензия алу қажет болады. Заңдық тұлға құрмаған кәсіпкер жалдамалы еңбекті азаматтық-құқықтық шарттар негізінде тек уақытша ғана пайдалана алады.

Заңдық тұлғаны рәсімдеген жағдайда кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті үнемі пайдаланумен байланысты болмақ. Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық формасына қарай кәсіпкерлік акционерлендірілген, арендаланған, кооперацияланған т.б. болуы мүмкін. Заңдық тұлғасы рәсімделген кәсіпкерліктің негізгі нысандары былайша анықталады:

1. Меншік иесінің дербес қызметі (меншікшіл кәсіпкер);

2. Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен 
басқарушының қызметі (контрактылы кәсіпкер).

Контрактылы кәсіпкерлік жай және мерзімдік болып бөлінеді, мұның соңғысында басқарушымен контракт банкрот кәсіпорынды сауықтыру мерзіміне жасалады.

Әдеттегі жағдайда шаруашылық қызметі мен кәсіпкерлік қызметтің, еңбек қатынастарын реттеудің, табыс алудың құқықтары түгел басқарушыда болады.Контракт тараптары, арнайы келіскен жағдайда болмаса, меншік иесінің кәсіпорын қызметіне араласуға құқығы жоқ. Сөйтіп, кәсіпкердің еңбек әлеуеті осылайша анықталады, ал оны кәсіпорынның әлеуетімен шатастыруға болмайды.

"Кәсіпкерлік еңбек" құқығы мен "жалдамалы еңбек" құқығының нақты элементтерін ашып көрсету арқылы олардың мазмұнындағы, сондай-ақ еңбек ету бостандығының шындығын қамтамасыз ететін кепілдіктерді көруге болады. Кәсіпті, әрекет түрлерін және жұмысты таңдау еңбек ету бостандығы мазмұнының элементі ретінде аса маңызды әрі ерекше орын алады - ол еңбек еркіндігінің бір көрінісі болып қызмет етеді және әрбір азаматтың экономикалық еркіндігінің негізі болып табылады. Еңбек ету бостандығын іске асырып, іс-әрекет түрлерін таңдай отырып, бір азаматтар өздеріне еңбек шарты бойынша жұмыс таңдаса, енді біреулер еңбекті дербес өндіруші ретінде таңдайды (заңдық тұлға құрмастан кәсіпкерлік еңбекпен айналысу және заңдық тұлға-кәсіпорын құру арқылы кәсіпкерлік еңбекпен айналысу деген мағына), сөйтіп, осы кезеңде таңдауын жасаған азаматтар одан әрі соны іске асыра отырып әртүрлі құқық қатынастарына түседі.

Жалдамалы жұмысшылардың қатынасы еңбек құқығы арқылы реттеледі, сондықтан жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек ету бостандығының мазмұны еңбек құқығы арқылы ашылады. Еңбек ету бостандығына кіретін құқық құзіреттілігінің әрқайсысы жұмыскерлердің еңбек құқықтарын бекітетін белгілі бір нормалар жүйесі арқылы еңбек заңнамасында нақтыланады. Мәселен, еңбек ету бостандығы мазмұнының кәсіп, іс-әрекет пен жұмыс таңдау сияқты элементі мыналар арқылы ашылады:

- кәсіпорындардың жұмысшы күшін қажетсінуі, бос орындар, нақтылы кәсіпорындағы еңбек жағдайлары туралы азаматтарды хабардар ету жөніндегі міндеттемелік;

- арнаулы мемлекеттік органдар-жұмыстылық орталықтарын құру;

- кәсіби бағдарлау мен кәсіби іріктеудің қолданыстағы жүйесі;

- өндірістік оқу жүйесі.

Жалдамалы жұмыскердің осы аталған құқығына кәсіпкердің әрекет түрін, кәсіпорынның ұйымдық- құқықтық формасын таңдау, кәсіпкерлік қызметтің бағыт-бағдарын айқындау құқығы сай келеді.

Ресей Конституциясында еңбек ету бостандығы мен еңбек ету құқығы бекітілген. РФ Конституциясының 37 - бабының 1-тармағында: «еңбек ерікті, әркім өзінің еңбекке қабілетін ерікті түрде иеленуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы бар, ал 3-тармағында: "әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай жағдайларда - еңбек етуге құқығы бар" деп бекітеді. Бұл екі қағиданы бекіту Ресей Федерациясының халықаралық құқықпен тікелей бекітілген адамдардың еңбек саласындағы негізгі еңбек ету құқығын, халықаралық құқықтық актілерге сәйкестігін көрсетсе, ал екінші жағынан бұрынғы кеңестік заманның конституцияларында және еңбек кодексітерінде бекітілген еңбек ету құқығын жоққа шығармайды. Сондықтан еңбек ету құқығы мен еңбек ету бостандығын бір біріне қайшы қоюға болмайды. Еңбек ету бостандығы болатын болса, онда еңбек ету құқығы болады.

Нарықтық экономикаға көшу, кәсіпорындарды мемлекет меншігінен алу экономиканы қалыпты жағдайға түсіре бастады, нарықтық экономиканың тұрақты бір көрінісі- жұмыссыздық пайда болды. Экономикаға ерікті жұмысшы күшінің рыногы қажет. 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясының 38 бабында айтылғандай, адамдардың бәрін бірдей еңбек ету құқығымен қамтамасыз етіп, оған кепілдік беру дейтінді қазіргі жағдайда көзге елестетудің өзі мүмкін емес. Жоғарыда айтылғандай, еңбек ету бостандығы бүгінде жаңа мазмұнмен молыққан. «Жалдамалы еңбек құқығы мен "Кәсіпкерлік еңбек" құқығы - біртұтас еңбек ету бостандығының әртүрлі екі қыры.

Еңбек ету бостандығын іске асыру формаларының әр алуан болуына байланысты еңбек ету бостандығын кепілдендіру де алуан түрлі болады.

Еңбек ету бостандығының халықаралық құқықтық жағдайын қарастырсақ кейбір еңбектерде халықаралық актілерде еңбек ету бостандығы емес еңбек ету құқығы бекітілетіндігі айтылады [19, 3б.] және бірінші кезекте халықаралық еңбек ету құқығы мен ұлттың еңбек ету бостандығы қағидаларының арақатынасы мен құқықтық табиғаты жөніндегі сұрақты шешу қажеттілігін көтереді [20, 12б.]. Бұл жерде мәселе Қазақстан Республикасы еңбек ету құқығы емес, еңбек ету бостандығы деп бекітуіне байланысты ұлттық заңдар еңбек ету бостандығы деп бекітуі халықаралық құқықтық актілерге қайшы емес пе деген сұрақтар туындайды.

Қазақстан егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырағысыз бөлігі болды деп тұжырым жасауға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-бабының 1-тармағы республикада қолданылатын құқық қатарына халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерді жатқызады және осы баптың 3-тармағында республика бекіткен халықаралық шарттардың мемлекеттік заңдарынан басымдығы және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін арнайы заң шығару талап етпеген жағдайдан басқа реттерде тікелей қолданыста болатындығы танылады. Бекітілген халықаралық шарттар мен міндеттемелер Республиканың нормативтік құқықтық актілер жүйесіне жатады. Халықаралық құқықтың ішкі мемлекеттік құқықтан басымдығы мойындалады. Кейбір авторлар бұндай басымдылықты: құндылық факторы, яғни жалпы адамдық құндылықтардың барлық басқа да құндылықтардың басымдылығы; екіншіден, экономикалық сипаттағы фактор, халықаралық еңбек бөлінісі, әлемдік нарықтың қалыптасуы, үшіншіден, саяси сипаттағы фактор, яғни бүкіл адамзатқа қауіп төндіретін, жаппай құрту құралдарының болуы сияқты негізгі факторлармен байланыстырады.

Қазақстанда халықаралық құқықтық актілердің ұлттық заңдардан басымдық қағидасы Конституция нормаларына қолданылмайды. Өйткені 4- бабының 2-тармағына сәйкес «Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады».

 

 

1.3 Қазақстан Республикасы мен шет елдердің еңбек саласындағы конституциялық құқықтар

 

 

Әлеуметтік-экономикалық қатынаста еңбек қатынастарының алатын орнының маңызы ерекше. Еңбек қатынастары тек қана жұмысшылардың жұмысқа алынуы, немесе тоқтатылуы туралы тәртіптерді қарастырып қоймай, әкімшілік пен жұмысшының еңбек қазметтері туралы, және жұмыспен қамтамасыз ету сияқты әлеуметтік қамсыздандыру жұмысын, еңбекті қорғау жайында, соның ішінде көші-коңдардың (көшіп қоны келіп жатқандар) арасындағы мекемемен еңбек қатынасына байланысты, түзілген шарттарға байланысты мәселелерді реттеп отырады.

Қазіргі кезде шетел элементтерінің қатысуымен болатын еңбек қатынастарының құқықтық реттелуі жыл өткен сайын, шет елден келушілердің салдарынан,және экономикалық байланыстың тереңдеп бара жатқандығынан үнемі өсіп отыр.

Нарықтық экономикалық заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының еңбек нарықтық қатынастарында да шет елден келушілер де жұмысқа тұрып, еңбек етуге, ал қазақстан азаматтарының да шетелдерге шығып еңбек етуге толық мүмкіндіктер  ашылды.

Міне сондықтан осындай еңбек  қатынастары туындаған кезде  оның құқықтық реттелуін қажет етеді. Оны мемлекеттің ішкі заңдарымен ғана емес, сонымен бірге халықаралық-құқықтық және коллизиондық нормалардықолдана отырып шешуге тура келеді.

Еңбек қатынастары Қазақстан республикасында ең бірінші Еңбек кодексінің баптарын негізгі ала отырып, "Шетел инвестициясы туралы" ҚР-ның Заңы 1994 жылғы 27 желтоқсандағы; "Оралмандар туралы" 92 жылғы 26 маусым; "Коллективті шарт туралы" 04.07.93; "Еңбекті қорғау" 22.01.93; "Шетелдіктердің ҚР-ғы құқықтық жағдайы" туралы 20.06.95. ҚР президентінің заң күші бар Жарлығы т.б. еңбек қатынастарына байланысты Министрдің нұсқаулары мен ережелері, нормативтік актілерімен қарастырылған.

Шетелдік еңбек қатынастарының реттелуі әр елде өз ерекшеліктерімен айқындалады.

Осы салада белгілі бір анықталған коллизиондық принциптер құралады. Батыс елдерінде сот тәжірибесі екі түрлі қолдануларды еңбек қатынастарына байланысты пайдаланады. Біріншісі - жария құқықты пайдалану болса, екіншісі - жеке құқықты пайдалану болып табылады.

Бірінші қолдануда тек қана жария  құқықты пайдалану, яғни жұмыс орнының елі, шетел құқықтарын пайдаланбауы.

Екінші қолдануда еңбек қатынастарының құқығын өз таңдауымен, яғни шарттың  түзілген жерінің заңын қолданады.

Коллизиондық қағиданың қолдануы, яғни жұмыс орнының елінің заңын  қолдану халықаралық жеке құқықта  ең негізгі қағида болып табылады. Олар Австрия, Албания, Венгрия, Испания, Швейцарияда қолданылады.

Жұмыс орнының елі дегеніміз - жұмысшының жұмыс істейтін мекемесінің мекен-жайы, яғни мекеме қай елдікі, және орны қай  жерде екендігінде.

Жұмыс күшінің миграциясы әлемдік  масштабта үнемі өсу сипатына ие. БҰҰ-ның бағалауы бойынша әлемдік масштабта мигранттар саны жылына 125 миллионға жетеді екен, оның ішінде шетелдік элементтердің де бар екенің ескеру қажет. Миграция нәтежесінде өзінің халқын тұрақты жоғалтатын елдердің қатарына Қазақстанда кіреді. Бүгінгі күнде біздің мемлекетіміздің еншісіне жалпы халықаралық мигранттар саны 0,4 пайыздан келеді. Қазақстанның ішкі көш-қондық процессінің еншісіне 60 %, ал сыртқы көш-қон еншісіне шамамен 41 % тиесілі.

Информация о работе Қазақстан Республикасының еңбек ету бостандығының конституциясы