Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 10:55, курсовая работа

Краткое описание

Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері. Азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастар жақтардың заңдық теңдігі әдісімен реттеледі. Жақтардың заңдық теңдігі азаматтық құқықтық қатынастын бөлінбейтін қасиеті болып табылады. Осы қасиеттің жойылуынан құқықтық қатынас табиғаты да өзгереді. Азаматтық құқықтық қатынас оның қураумен элементтері түрінде қарастырылады, оларға құқықтық қатынастың мазмұны, формасы, субъектілері мен объектілері кіреді.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1. Азаматтық құқықтық қатынастарға жалпы сипаттама
1.1 Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен құрылымы....................4
1.2 Азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны мен формасы..........................7
1.3 Қатысты және абсолюттік азаматтық құқықтық қатынастар...................17
2. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
2.1 Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері.......................21
2.2 Азаматтық құқықтық қатынастардың тоқтатылуы мен өзгертілуі............23
Қорытынды...........................................................................................................30
Пайдаланған әдебиеттер.....................................................................................32

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой монти.docx

— 66.26 Кб (Скачать документ)

Ведомстволық азаматтық құқықтык нормативтік актілер алуантүрліболады. Мысал үшін 1994жылғы 10 қазандаҚазақстан Республикасы Каржы министрінің Бұйрығымен бекітілген «Тәркіленген, иесіз мүлікті, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке еткен мүлікті, көмбелерді, олжаларды, сондай-ақ қымбат металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды есепке алу, бағалау және сату тәртібі туралы нұсқауды» атауға болады.

Қазакстан Республикасының аумақтарын салу, тұрғын үй жәнеқұрылыс салу министрлігі 1994жылғы 30 наурызда «Басмердігерлер ұйымдарының кіші мердігерлік ұйымдармен өзара қатынастары туралы ережені», 1994 жылғы 9 наурызда «Казақстан Республикасындағыкүрделі құрылысқа мердігерлік шарттар туралы уақытша ережені» және 1994 жылғы 7 қазандағы «Құрылыста мердігерлік конкурстар мен сауда-саттық (тендерлер) әзірлеу мен өткізу жөніндегі уақытша ережені» бекітті.

Азаматтық заңдар және халыкаралық құқық нормалары. 
1995 жылғы Казақстан Республикасы Конституциясының8-бабында былай деп баянды етілген: «Қазакстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың тендігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды, халыкаралықдауларды бейбіт жол- 
мен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып 
қолданудан бас тартады».

Конституциялық ережелер бұдан әрі Азаматтықкодексінде дамытылады. 3-баптын 8-тармағында манызды принциптері бекітілген: егер Қазақстан Республикасы катысушысы болып табылатын халықаралық шартта Казақстан Решубликасының азаматтық заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса. аталған шарттың ережелері қолданылады. Халыкаралық шартта оны қолдану үшін республика ішінде құжат шығару талап етілгеннен басқа жағдайларда, азаматтық қатынастарға Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халы-. каралық шарттар тікелей қолданылады. Жоғарыда аталған ереженін Қазақстанның дүниежүзілік экономикаға енуі үшін зор маңызы бар9.

Құқықтық нәтижеге жетуге тікелей бағытталмағанымен, заңдарда белгіленген ережеге байланысты оны туғызатын іс-әрекеттер (мысалы, үй тұрғызу, кітап жазу, өнертабыстық жасау) орынды заңды фактілер болуы мүмкін.

Үшінші тұлғалардың мақсатты іс-әрекеттері бойынша да құқықтық қатынастар тууы мүмкін.

Әдетте бұл – әкімшілік акт (мысалы, меншік иесі – мемлекеттің мүлікті бір мемлекеттік мекемеден екіншісіне беруі). Соттың құқық белгілейтін шешімдері де осындай актілерге жатады.

Заңдық фактілердің бұл түрінің ерекшелігі – олардың жігерлі іс-әрекеті арқылы  азаматтық құқықтық қатынастар туатын үшінші тұлғалар олардың қатысушылары болып саналмайды.

Азаматтық-құқықтық қатынастар туғызатын іс-әрекеттер заңсыз, яғни тікелей тыйым салынған іс-әрекеттер болып шығуыда мүмкін.

Мұнда, әдетте, іс-әрекеттер жасайтын субъектілер үшін ұнамсыз болғанымен, осыған қарамастан, оларға басқа тұлғалардың келтірген залалын ретке келтіру міндетін жүктейтін құқықтық қатынастар пайда болады. Мысалы, бөтен мүлікті бүлдіру не оны заңсыз ұстап қалу.

АК-ның 7-бабы оқиғаларды, яғни қатысушылардың еркінен тыс пайда болатын мән-жайларды да заңдық фактілерге жатқызады.

Мұнда, ең алддымен,  табиғи фактілерді атау керек (адам өлімі, жанып кеткен сақтандырылған мүліктің құнын төлеу міндетін туғызатын найзағайдан өрт шығуы, табиғат апаттары және т.с.с.).

Басқа адамдардың іс-әрекеттері құқықтық қатынастарға қатысушылар үшін объективті оқиға болуы мүмкін (мысалы, бөгде адамның үйді қасақана өртеуі өрт қоюшының жәбірленуші үй иесімен құқықтық қатынасы үшін заңсыз әрекет және үй иесінің сақтандыру компаниясымен құқықтық қатынасы үшін – оқиға болып табылады).

Заңды фактілердің ерекше түрі – мерзімдер оқиғаларға жуықтайды (мерзім туралы АК-ның 6-7-тараулары).

Кейбір жағдайларда құқықтық нәтижеге жету үшін бірлі-жарым заңдық фактінің пайда болуы да жеткілікті.

Мәселен, бөгде мүлікті бүлдіру кінәліге залалдаң орнын толтыру міндетін туғызады. Басқаша жағдайларда, фактілердің белгілі бір жиынтығы болғанда ғана құқықтық нәтижеге қол жетеді.

Мысалы, сатып алу-сату шартын жасасыр, іс жүзінде затты беретін – бір мезгілде немесе бірінен соң бірі жасалатын екі әрекеттің нәтижесінде сатып алушыда сатып алатын затқа меншік құқығы пайда болады.

Кейде үш, төрт, бес және одан да көп заңдық фактілердің жиынтығы бойынша ақырғы заңдық салдар туады. Қарастырылатын мұндай жиынтықты әдетте іс жүзіндегі немесе заңдық құрам деп атайды.

Заңдық күй деп аталатын дағдайды заңдық фактілердің ерекше санатына жатқызуға болады.

Бір реттік актілерді жасамаудан емес, заң құқықтық маңыз беретін тұлғаның немесе заттың белгілі бір құқықтық немесе іс жүзіндегі қасиеттері болуынан байқалатын мән-жайларды заңдық күй деп түсіну керек.

 Мысалы, қайтыс болған адаммен жақын  туыстық қатынас – мұрагерлік  құқықтық қатынастың пайда болу  негіздерінің бірі.

Заңдық күйдің заңдық факті ретінде маңызды ерекшелігі бар: ол құқықтық қатынастарды өз бетінше туғызбайды, өзгертпейді және тоқтатпайды, бұл мақсат тек басқа фактілердің қосымша пайда болуынан жүзеге асады.

Демек, заңдық күй едәуір күрделі фактілік құрамның элементі бола алады.

Құқықтық қатынастарға қатысушылардың еркіне тәуелді  болумен қатар, заңдық фактілер кейбір өзгеше белгілері бойынша белгілі бір топтарға бөлінуі мүмкін.

Заңдық фактілердің құқықтық қатынастардың дамуына ықпал етуіне қарай оларды құқықты туғызатын, құқықты тоқтататын және құқықты өзгертетін фактілерге бөлуге болады.

Мұның алғашқысы бұрын мұндай заңдық байланысы (шарт, зиян келтіру) болмаған адамдар арасында құқықтық қатынастардың тууына әкеп тірейді. Екіншісі (мерзімнің өтуі, шарттың бұзылуы) – заңдық қатынастардың тоқтатылуына әкеп соғады.

Үшіншісі – қалыптасқан құқықтық қатынастардың мазмұнын өзгертуге себепші болады.

Заңдық фактілер өздерінен кейін туатын құқықтық салдарға түрліше ықпал етеді. Көптеген жағдайларда мүмкін болатын құқықтық салдардың мазмұнын заң айқындап береді.

Мысалы, зиян келтіру оны келтірушінің заңмен белгіленген залалды орнын толтыру міндетін туғызады. Зиян келтіру фактісі  заңның нақты заңдық қатынастағы ұйғарымдарды тек жүзеге асырады.

 Мұндай  заңдық фактілерді құқықты бағыттаушы  фактілер деп атайды. Бұлардан  өзгеше, құқықты қалыптастырушы  заңдық фактілер құқықтық қатынастардың  тууына себепші болып қана  қоймастан, сонымен қатар заңда  белгіленген шекарада олардың  мазмұнын айқандауға да жәрдемдеседі.

Мысалы, мүлікті сату жөніндегі құқықтық қатынастардың мазмұны заң нормаларына ғана емес, сондай-ақ сатушы мен сатып алушы арасындағы шарттың талапьарына да байланысты.

Құқықты қалыптастырушы заңды фактілер бұл қасиеттері жөнінен құқықтық нормаларға ұқсайды, бірақ одан мәнді айырмашалығы – құқықтық қатынастардың мазмұнын жалпылай емес, жеке-дара анықтайды.

Заңдық йактілердің барлығынан мәміле мен әкімшілік актілерді ғана құқықты қалыптастырушы фактілерге жатқызуға болады. Әлбетте, олар құқықтық қатынастардың мазмұнын белгілі бір шектерде ғана, ол императивтік ұйғарымдарына немесе заңның тыйым салуына қайшы келмейтін шектерде ғана анықтай алады.

Азаматтық құқықтың кейбір объектілерін және мәмілелердің кейбір түрлерін міндетті тіркеу секілді заңдық фактілер түрінің ерекше маңызы бар(АК-ның 118 және 155-баптары).

Тіркеу өздігінен азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызбайды, өзгертпейді және тоқтатпайды, бірақ бұл олардың пайда болуын, өзгеруін, тоқтатылуын аяқтайды. Құқықтың өзі тіркеуге жетпей тұрып-ақ қорғауға мұқтаж болады, бірақ ол тіркелмейінше, мұндай құқықты иеліктен айыру мүмкін емес. Осыған дейін қажет болатын заңдық фактілердің барлығы жиналғанда, тіпті құқығын беруші адам оны тіркеуге қарсылық білдіретін жағдайдың өзінде де құқықты тіркеу оны иеленушінің бір жақты талап етуі бойынша жүргізілуі тиіс.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Өмірде біз алуан түрлі қоғамдық қатынастарға түсеміз. Соның ішінде азаматтық құқықтық қатынастың орны ерекше. Құқықтық деген сөздің мәні зор. Мысалы, еркек пен әйел заңды түрде некеге тіркелмей-ақ нақты отбасы қатынаста болуы мүмкін. Бірақ мұндай қатынастар құқықтық мәніне ие бола алмайды, яғни құқықтық қатынастар бұдан туындамайды деген сөз. Ал ол дегеніміз нақтылы некеде болуының өзі заңдық зардаптарды болдырмауға әкеп соғады. Егер олардың біреуі өлген кезде екіншісі заңды мұрагерлікке ие бола алмайды. Өйткені арнаулы мемлекеттік органда (ЗАГС) некелікті ресми тіркеген құжаттың өзі ғана құқықтық қатынастардың заңды түрде пайда болғандығын дәлелдейді.

Оларға қатысушылар өзара субъективтік құқықтар мен міндеттерге иелі. Демек, құқықтық қатынастар – бұл құқық нормалары реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қазіргі дамыған қоғамдық ғылымдарға құқықтық қатынастардан басқа экономикалық, саяси, адамгершілік, отбасы-некелік, экологиялық, еңбек, әлеуметтік қатынастар жиі кездеседі. Алайда, құқықтық қатынастардың өзіндік сыры, белгілері бар, олар арқыла біз басқа да қоғамдық қатынастарды ажырата аламыз.

Енді кең таралған құқықтық қатынас болып азаматтық құқықтық қатынас саналады. Себебі, күнделікті дүкенге барып нан алсақ та азаматтақ қатынасқа түсеміз.

Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері азаматтық құқықтық қатынтастардың объектісі мен әдістеріне байланысты және де бұл қатынас ерікті түрде жүреді.

Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгертілу және тоқтатылу негіздерінде заңды фактінің рөлі ерекше. Заңды фактілерді әр түрлі негіздерге жіктеуге болады. Барлық заңдақ фактілерді субъектінің еркіне қарай оқиға және іс-әрекет деп бөлуге болады.ъ

Оқиға – адамның еркіне байланысты емес жағдайлар – табиғат апаты, тууы, өлімі, т.б. Мысалы, адамның тууы азаматтық құқықтық қатынастың пайда болуына негіз болса, өлімі азаматтық құқықтық қатынастың тоқтатылуына негіз болады.

Іс-әрекет – керісінше адамдардың еркіне байланысты, яғни құқық қатынастарының біреуінің ғана болса да еркіне байланысты фактілер. Іс-әрекеттің түрлері – құқыққа сәйкестік (заңды актілер, заң негізінде туындайтын әрекет) және қайшылық (құқық бұзушылық – қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, тәртіптік).

Құқық нормаларында көзделінген кейбір заңды зардаптардың тууына бір факті ғана емес, олардың нақты жиынтығы да қажет, оны нақтылы құрамы деп те атайды. Демек, заңдық құрам деген құқық қатынастардың пайда болуына қажетті заңдық фактілердің жиынтығы. Мысалы, жоғары оқу орнына түсу үшін мынадай фактілер қажет: орта мектепті бітіргендігі туралы куәлік, конкурс бойынша түсу емтихандарын тапсырып, тиісті балл жинауы, оқуға қабілданғаны жөніндегі ректордың бұйрығы. Жоғары да айтылып кеткендей азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, тоқтатылу, өзгерту негіздемелерінде заңды фактіні атқаратын рөлі ерекше екенін көреміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1. Нормативтік актілер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл 30 тамыз -Алматы: «Жеті Жарғы»,-2008ж
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi.  Жалпы бөлім.1994 жыл желтоқсан.  № 409-1 Алматы
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi.  Ерекше бөлiм.1999 жыл шілде № 409-1- Алматы
  4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы "Қазақстан Республикасында халықты құжаттандыру мен тіркеудің ережесі" №1063 Ереже2000 жылғы 12 шілде //Егемен Қазақстан  № 21,- 21 шілде .2006ж

 

2. Арнайы әдебиеттер

 

  1. Басин Ю. Г. , Сүлейменов М. К. «Азаматтық құқық», 1т, Алматы, 2003
  2. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының  азаматтық құқығы: Ерекше бөлiм.- Алматы: Заң әдебиетi - Т. 1.-2003.-264 б.
  3. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының  азаматтық құқығы: Ерекше бөлiм.- Алматы: Заң әдебиетi - Т. 1. - 2004 - 264 б.
  4. Сапарғалиев Ғ. «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» Алматы, 1998
  5. Төлеуғалиев А. Қ. «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» Алматы: Жеті Жарғы, 2001
  6. Табанов С. А. «Салыстырмалы құқықтану негіздері» Алматы: Жеті Жарғы, 2003
  7. Ынтымақов С.А. “Азаматтық құқық” (Ерекше бөлім): Практикум. – Астана: Дәнекер, 2005, - 119б.
  8. Гражданское право Республики Казахстан (под. ред. Толеугалиева Т.И., Мауленова К.С., Сарсембаева М.А.), Алматы, 1999
  9. Гражданское право (под. ред. Сериева А.Г., Толстого О.К.) Москва, 1997-1998

1Жайлин Ғ.А. ҚазақстанРеспубликасыныңазаматтыққұқығы: Ерекшебөлiм.- Алматы: Заңәдебиетi - Т. 1.-2003.-264 б.

2ҚазақстанРеспубликасыныңАзаматтықкодексi.  Жалпы бөлім.1994 жылжелтоқсан.  № 409-1- Алматы: Юрист,-2008 ж.

3ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясы. 1995 жыл 30 тамыз-Алматы: «Жеты Жарғы»,-2008ж

4Төлеуғалиев А. Қ. «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» Алматы: Жеті Жарғы, 2001

5Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының  азаматтық құқығы: Ерекше бөлiм.- Алматы: Заң әдебиетi - Т. 1. - 2004 - 264 б.

 

6Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының  азаматтық құқығы: Ерекше бөлiм.- Алматы: Заң әдебиетi - Т. 1. - 2004 - 264 б.

Информация о работе Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен құрылымы