Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 10:55, курсовая работа

Краткое описание

Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері. Азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастар жақтардың заңдық теңдігі әдісімен реттеледі. Жақтардың заңдық теңдігі азаматтық құқықтық қатынастын бөлінбейтін қасиеті болып табылады. Осы қасиеттің жойылуынан құқықтық қатынас табиғаты да өзгереді. Азаматтық құқықтық қатынас оның қураумен элементтері түрінде қарастырылады, оларға құқықтық қатынастың мазмұны, формасы, субъектілері мен объектілері кіреді.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1. Азаматтық құқықтық қатынастарға жалпы сипаттама
1.1 Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен құрылымы....................4
1.2 Азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны мен формасы..........................7
1.3 Қатысты және абсолюттік азаматтық құқықтық қатынастар...................17
2. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
2.1 Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері.......................21
2.2 Азаматтық құқықтық қатынастардың тоқтатылуы мен өзгертілуі............23
Қорытынды...........................................................................................................30
Пайдаланған әдебиеттер.....................................................................................32

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой монти.docx

— 66.26 Кб (Скачать документ)

Жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қамқоршылық белгіленеді.

Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот заңда көрсетілген тәртіппен шектеуі мүмкін. Оған да қамқоршы белгіленеді. Бірақ, ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы.

Заңды тұлға құрмай-ақ мемлекеттік тіркеуге тұрған кезден бастап, азаматтар кәсіпкерлік қызметпен айналысуға және де осы кезден жеке кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады.Түрлері: өзіндік, бірлескен кәсіпкерлік. Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа, ал бірлескен кәсіпкерлікті жеке кәсіпкерлер ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін өзге де құқықтарға байланысты жүзеге асырады.

Түрлері:

- ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;

- шаруа /фермерлік/ шаруашылығының ортақ меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;

- кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негі-зінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.

Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы азаматтарды мемлекеттік тіркеу, өзі барып тіркелетін сипатта, оның тұрғылықты жері бойынша аумақтық салық органында (тіркеуші орган) есепке алынуы арқылы жүзеге асырылады. Егер жеке кәсіпкер лицензиялауға тиісті қызметті жүзеге асырса, осындай қызметті істейтін болса, онда оны атқаруға лицензиясының болуы міндетті болып табылады.

Азаматтардың жеке кәсіпкерлігінің мәселелерін Қазақстан Республикасының 1997 ж. 19 мамырдағы "Жеке кәсіпкерлік туралы", 1998 ж. 31 наурыздағы "Шаруа (фермер) кожалығы туралы" Заңдары және т. б. құқықтық-нормативтік кесімдер реттейді.

Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымзаңды тұлға деп танылады.

Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді (коммерциялық ұйым), не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес) ұйым заңды тұлға бола алады.Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысандарында құрылуы мүмкін, ал мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор және діни бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Заңды тұлғалар бірлестіктер құра алады /ассоциациялар, одақтар/.Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға органдарының түрлері,тағайындалу тәртібі және олардың өкілеттілігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. Сонымен қатар, оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның да фирмалық атауы болуы тиіс. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып танылады. Бұл мәлімет оның кұрылтай құжаттарында белгіленеді.

Заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін, яғни төмендегілер құрылтайшылар бола алады:

- мүлікті иеленушілер не олар уәкілдік берген органдар мен жақтар;

- заң құжаттарында арнайы көзделген өзге де заңды тұлғалар.

Заңды тұлға өз қызметін, егер заң құжаттарында өзгеше айтылмаса, жарғы не құрылтай шарты мен жарғысы негізінде жүзеге асырады, ал заң құжаттарында коммерциялық емес деп көрсетілген заңды тұлға осы түрдегі ұйымдар туралы жалпы ереже негізінде жұмыс істей алады.

Құрылтай шарты құрылтайшылардың арасында жасалынады, ал жарғысын құрылтайшылар бекітеді. Егер коммерциялық ұйымның құрылтайшысы бір адам ғана болса, құрылтай шарты жасалынбайды.

Құрылтай шартындағы тараптар (құрылтайшылар):

- заңды тұлға құруға міндеттенеді, оны құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін;

- меншігіне (шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына) өз мүлкін беру және қатысу ережелерін;

- құрылтайшылардың арасындағы пайда мен шығынды бөлісудің;

- заңды тұлға қызметін басқарудың;

- құрылтайшылардың ұйымның құрамына кіру мен шығуының шарттарын және тәртібін белгілейді.

Құрылтай шартына құрылтайшылардың келісуі бойынша басқа да ережелер енгізілуі мүмкін.

Заңды тұлға жаргысында: ұйымның түрі, атауы, түрған жері; басшының өкілеттілігі, басқару және бақылау органдары, құрылу тәртібі мен олардың құзыреті, жұмыс режимі; ұйым мүлкінің құралу және табысты бөлу тәртібі; ұйымды қайта құру және оның қызметін тоқтату ережелері көрсетіледі. Жарғыда заңға қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін.

Тағы да бір маңызды мәселе, кіші кәсіпкерліктің субъектісі болып табылатын заңды тұлға өз кызметін, ҚР Үкіметінің 2003 жылдың қыркүйегінің 28 жұлдызында № 928 қаулысымен бекітілген Жарғы үлгісінің негізінде жүргізе алады.

Заңды тұлғалар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 17 сәуіріндегі заң күші бар "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" Жарлығымен реттеледі.

Шағын кәсіпкерліктің субъектілері кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асырады және оларға мемлекет тарапынан қорғау мен қолдау жүзеге асырылады. Бұл қағидалар Қазақстан Республикасының "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" 1997ж. 19 мамырдағы Заңымен реттеледі. Мысалы, өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік тіркеу кезінен бастап үш жыл бойына жылжымайтын мүлікке ақы төлеуден босатылады, мемлекеттік тіркеуден өткенде тіркеу мерзімі мен ақысын, қажетті құжаттар тізбесін қысқарту, жарғылық қор мөлшерін азайту және т.б. қарастырылған.

Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарга (мүлікке):

заттар, ақша, оның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және басқа да мүлік жатады. Заттар өз кезегінде жылжымайтыи және қозгалатын мүліктер болып бөлінеді5.

Жылжымайтын мүлікке: жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың мақса-тына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі сауда жүзу кемесі, ғарыштық объектілер қозғалмайтын заттарға теңестіріледі. Заң қүжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге де мүліктер де жатқызылуы мүмкін.

Жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар, қозғалатын мүлік дептанылады. Заң құжаттарында көрсетілгеннен басқа реттерде қозғалатын мүлікке кұқықтарды тіркеу талап етілмейді, ал қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс.

Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік, бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасының құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы, басқа да мүліктік емес игіліктер мен құқықтар жатады.

Азаматтық құқық катынастарының мазмүны, бұл -біріншіден, осы құқық қатынастары субъектісінің субъективтік құқығы мен міндеттері және екіншіден, субъектінің өз субъективтік құқығы мен міндеттерін іске асырудағы іс-қимылы. Мысалы, жасалған шарттың негізінде сатушы сатып-алушыға мүлікті береді, ал сатып-алушы келісім бойынша ақысын төлейді

 

 

1.3 Қатысты және  абсолюттік  азаматтық  құқықтық қатынастар

 

 

   Субъект аралық  байланыс  құрылымына  орай; барлық  азаматтық  құқықтық қатынастар қатысты және  абсолюттік  болып бөлінеді.  Қатысты құқықтық  қатынаста құқықтық тұлғаға міндет  қатаң белгіленген тұлғалар қарсы турады. Ол бір немесе бірнеше тұлғалар болуы мүмкін.  Абсолюттік   құқық қатынаста құқықтық тұлғаға  міндетті  тұлғалардың  белгісіз  саны  қарсы тұрады.  Абсолюттік  құқықтық қатынаста  құқықтық  тұлға  құқығын  кез келген тұлға  бұза алады.  Ал қатысты құқықтық қатынаста құқықтық тұлға  құқығы  осы құқытық  қатынасқа  қатысатын  белгілі  бір  тұлғалар  жағынан  бұзылуы  мүмкін.   

Заттық  және  міндеттемелік  құқықтық қатынастар. Тұлға көзқарасын  қатынастандыру  тәсіліне  байланысты  заттық  және  міндеттемелік  құқықтық қатынастарды  ажыратады.  Заттық қатынаста  құқықтық тұлға  көзқарасы  заттардың пайдалы  қасиеттері есебінен  қанағаттандырылады.  Міндеттемелік  құқықтық  қатынаста тұлға  көзқарасы (қызығушылығы)  материалдық игіліктерді  құқықтық   тұлғаға  ұсыну  бойынша  міндетт тұлғаның  белгілі бір  әрекет есебінен  қанағаттандырылуы мүмкін.  Мұндай  жіктеудің  тәжірибелік  мәні  заттық және  міндетті  құқық қатынастағы  тұлғалар  тәртібінің  түрлі  құқықтық  регламентациясынан тұрады.  Заттық құқық қатынастарда  міндетті  тұлғалар  пассивті роль атқарады.  Міндет  құқықтық қатынас  міндет тұлғаның  белгілі бір   әрекетті  жасау жолымен жүргізіледі.  Міндетт құқықтық қатынастарда міндет тұлғалар  құқықтық  тұлғаға материалдық   игілікті ұсыну бойынша белгілі бір белсенді  әрекеттер жасайды. 

Азаматтық  заңдағы   құқықтық  нормалар өз бетімен   азаматтық   құқықтық қатынастарды  тудырмайды, өзгертпейдә және  қысқартпайды. Ол үшін  құқықтық нормалармен  қарастырылған   жағдайлар   туындауы  қажет, олар  азаматтық  заңдық  факт  деп аталады.  Сондықтан заңдық  фактілер  құқықтық  норма мен  азаматтық құқық  қатынас арасындағы  байланыстырушы бөлік түрінде  көрінеді. Заңдық  фактісіз  бірде-бір  азаматтық-құқықтық қатынастар  бекітілмейді,  өзгертілмейді және  жойылмайды.  Мысалы АК 29 тарауы   жалдау құқықтық қатынасын бекіту, өзгерту неке жою  мүлікіндіктерін қарастырады. Бірақ аталған азаматтық құқықтық қатынас туындауы үшін АК 540 бірақ қарастырылған келісім жасалуы қажет. Жалдау құқықтық қатынасы,  егер  жақтар  сәйкес  келісімге келіп,  құқықтық қатынас негізінде  жатқан  келісімді  өзгерпесе,  сату-сатып алу   құқықтық  қатынасына  өзгертілуі  мүмкін.  Соңында,  жалдау   құқықтық қатынасы  АК 556 б.  қарастырылған  заңдық  фактілер  болған  жағдайда  арнеда  берушінің  талабы  бойынша  мерзімнен  бұрын   тоқтатылуы  мүмкін.    

Заңдық  фактілер  азаматтық  құқықтық қатынас  негізінде  жатқандықтан  және  олардв  бекітуді,   өзгертуді  немесе  жоюды  тудыратындықтан,  оларды  азаматтық құқықтық қатынас негіздемелер деп атайды.   

Азаматтық құқықтық қатынас негіздерінің түрлері. Азаматтық  құқықтық  қатынас  негізі  болып заңдық  бірліктік  факт  қызмет  етуі мүмкін.  Кейбір  азаматтық құқықтық  қатынас  негіздемелері  екі  немесе одан  да көп  заңдық фактілерді  құрайды, олар  бір  уақытта  немесе  тізбектік  түрде  туындайды.  Мұндай негіздемелер  күрделі  заңдық   құраммен немесе күрделі  заңдық  фактімен  аталады.   

Азаматтық заңда  азаматтық құқықты қатынастар  негізі   түріндегі  бірнеше  заңдық  фактілер  қарастырылған.  Осы  фактілердің  жалпы   тізімі  АК 7 бабында  берілген.  Экономикалық   айналым   дамуының   қажеттіліктері, әсіресе  нарықтық   өту  кезеңінде алдын – ала  азаматтық  заңда  қарастырылуы  мүмкін  емес  жағдайлармен байланысты.  Сондықтан   азаматтық заңда  сәйкес  ереже  қарастырылған, оған  сәйкес азаматтық  заңда  қарастырылмаған  заңдық  факлітер  жалпы  бастамалар  мен  азаматтық заң   мәніне   қайшы келмес, сәйкес  заңдық  зардаптарды  тудырады (АК 7б).   

Азаматтық құқықта  заңдық  фактілерді  жіктеу.  Азаматтық құқықтағы  барлық  заңдық  фактілер жеке  ерекшеліктеріне  байланысты  жіктеуге  ұшырайды,  ол көптеген  заңды фактілер  ішінен  негғұрлым  еркін  бағытталып,  оларды  бір-бірінен  нақты  шектеуге  мүмкіндік  береді.  Ол өз  кезегінде,  азаматтық құқықтық  субъектілер мен құқық қорғау  органдарының  азаматтық заңды дұрыс қолдануына  жағдай  жасайды.   

Заңдық  фактілер  ағымдық  сипатына  қарай  оқиға  және әрекет  деп  бөлінеді.  Оқиғаларға  адам  ерінен  тыс  шығатын  жағдайлар   жатады.  Мысалы, апат жағдайлары,  адамның   тууы мен өлуі, белгілі бір  уақыт  аралығының   аяқталуы, т.б. Ал әрекет адам  еркімен  жасалады. Мысалы,  келісімге  отыру,  міндетті  орындау,  туынды  жасау,  ұрпақ  қабылдау, т.б. Оқиға  тек табиғат күшімен емес,  адам  әрекетімен  де жасалады. Азаматтық құқық адамдардың  қоғамдық  қатынастарын  реттейтіндіктен,  азаматтық  құқықта  заңды  фактілердің  негізгі  массасын адамдар  әрекеті құрайды.    

Әрекет  өз  кезегінде құқықтық және  құқықтық емес болып бөлінеді.  Кұқықтық емес әрекеттер  заң  талаптарына  немесе басқа  нормативтік  актілерге  қайшы  келеді.  Мысалы,  басқа тұлғаға  зиян  келтіру  оның  орнын  жабу бойынша  міндет  бекітуді  тудырады.  Ал құқықтық  әрекеттер  азаматтық  заң  талаптарына  сай келеді.  Азаматтық құқық экономикалық  айналымның  қалыпты  дамуын  қамтамасыз  ететіндіктен,  заңдық  фактілердің  көбісін  азаматтық  құқықта  құқықтық  әрекеттер құрайды.  Бірақ  құқықтық  әрекеттердің  заңдық  мағыналары  азаматтық  құқықта   әрқашан  бірдей  емес.   

Барлық  құқықтық  әрекеттер  өзінің  заңдық  мәні  бойынша  заңдық әрекет және  заңдық  актілер деп  бөлінеді.  Заңдық  әрекет – бұл заңдық  әрекет жасаған  тұлға  еркінен  тыс,  ал кейде тәуелді азаматтық  – құқықтық  зардап  тудыратын  құқықтық әрекеттер.  Ал заңдық   әрекеттерге  қарағанда  заңдық  актілер – бұл осы  зардапты  арнайы  тудыру  үшін  жасалғанда  сәйкес  заңдық  зардаптарды  тудыратын  құқықтық  әрекеттер.  Заңдық  актілер  құрамына әкімшілік  актілер  мен  мәлімелелерді  жатқызады.   

Информация о работе Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен құрылымы