Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 10:55, курсовая работа
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері. Азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастар жақтардың заңдық теңдігі әдісімен реттеледі. Жақтардың заңдық теңдігі азаматтық құқықтық қатынастын бөлінбейтін қасиеті болып табылады. Осы қасиеттің жойылуынан құқықтық қатынас табиғаты да өзгереді. Азаматтық құқықтық қатынас оның қураумен элементтері түрінде қарастырылады, оларға құқықтық қатынастың мазмұны, формасы, субъектілері мен объектілері кіреді.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Азаматтық құқықтық қатынастарға жалпы сипаттама
1.1 Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен құрылымы....................4
1.2 Азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны мен формасы..........................7
1.3 Қатысты және абсолюттік азаматтық құқықтық қатынастар...................17
2. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
2.1 Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері.......................21
2.2 Азаматтық құқықтық қатынастардың тоқтатылуы мен өзгертілуі............23
Қорытынды...........................................................................................................30
Пайдаланған әдебиеттер.....................................................................................32
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. Азаматтық құқықтық қатынастарға жалпы сипаттама
1.1 Азаматтық құқықтық
1.2 Азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны мен формасы...........
1.3 Қатысты және абсолюттік азаматтық
құқықтық қатынастар...................
2. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
2.1 Азаматтық құқықтық
2.2 Азаматтық құқықтық қатынастардың тоқтатылуы мен өзгертілуі............23
Қорытынды.....................
Пайдаланған
әдебиеттер....................
Қосымша.......................
Тақырыптың өзектілігі. Өмірдегі жиі кездесетін қатынастардың барлығы дерлік құқықтық қатынастары болып табылмайтынын, қоғамдық қатынастар мен реттелетінін бәріміз білеміз. Тек құқықтың негізінде пайда болатын қатынастар құқықтық деп аталады, бірақ оның іске асуы құқық нормаларының гипотезасында көрсетілген мән-жайлардың орын алуына байланысты екенін жадымыздан елең етпеуіміз керек.
Осы құқықтық қатынастың бір түрі – азаматтық құқықтық қатынас, яғни оған тауар ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес қатынастар да кіреді. Қарап отырсақ жоғарыда аталған қатынастар біз үшін маңызды және де барлық адамдар күнделікті осы азаматтық құқықтық қатынасқа түседі десек қателеспейміз.
Курстық жұмыстың мақсаты.Азаматтық құқықтық қатынастардың бүгінгі таңдағы өзектілігі бұл саладағы заңнаманың толығымен жетіспеушілігі және де жаңадан пайда болып жатқан азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде күшінің жетпеуі. Бар заңнаманың өзі іс жүзінде толығымен жүзеге аспауда. Бұл бүгінгі күннің өзекті проблемасы.Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде заңнамалық базаны нығайту, оны күнделікті қолданысқа енгізу, ал заңнама ережелерін бұзған жағдайда қатаңырақ жаза қолдануымыз дұрыс деп ойлаймын. Бұл осы саладағы құқықбұзушылықтың алдын алудағы бірден бір жол деп есептеймін.
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері. Азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастар жақтардың заңдық теңдігі әдісімен реттеледі. Жақтардың заңдық теңдігі азаматтық құқықтық қатынастын бөлінбейтін қасиеті болып табылады. Осы қасиеттің жойылуынан құқықтық қатынас табиғаты да өзгереді. Азаматтық құқықтық қатынас оның қураумен элементтері түрінде қарастырылады, оларға құқықтық қатынастың мазмұны, формасы, субъектілері мен объектілері кіреді.
Өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әртүрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болды. Адамдар (олар құрған ұйымдар – заңды тұлғалар) арасында қалыптасатын нақты қатынастар сан түрлі болды. Олар әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады.
1.
Азаматтық құқықтық
1.1
Азаматтық құқықтық
Азаматтық құқықтық қатынас және қоғамдық қатынастарды азаматтық -–құқықтық реттеу механизмі. Түрлі нормативті актілердегі азаматтық-құқықтық нормалар азаматтық құқық пәнің құрайтың қоғамдвқ қатынастарды реттеуге шақырылған. Азаматтық-құқықтық реттеу механизмін ашуда басты рольды азаматтық құқықтық қатынас түсінігі атқарады.
Қоғамдық катынастардың азаматтық құқық нормаларын реттеу нәтижесінде олар құқықтық форманы иемденіп, азаматтық құқықтық қатынасқа айналады. Азаматтық құқықтық қатынас – бұл азаматтық құқық нормасымен реттелген қоғамдық қатынас сияқты. Оның пәніне мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар кіреді. Мүліктік қатынастарды азаматтық құқықпен реттеу нәтижесінде азаматтық мүліктік құқық қатынастары туындайды. Егер жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттеме, жеке мүліктік емес құқық қатынастары тағайындалады.
Азаматтық құқық ең алдымен, қоғамның экономикалық базисі сферасында жатқан мүліктік қатынастармен байланысты. Олардың құқықтық реттелуі азаматтық құқықтық қатынастарда көрінбейтін бірқатар ерекшеліктермен сипатталады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері. Азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастар жақтардың заңдық теңдігі әдісімен реттеледі. Жақтардың заңдық теңдігі азаматтық құқықтық қатынастын бөлінбейтін қасиеті болып табылады. Осы қасиеттің жойылуынан құқықтық қатынас табиғаты да өзгереді. Азаматтық құқықтық қатынас оның қураумен элементтері түрінде қарастырылады, оларға құқықтық қатынастың мазмұны, формасы, субъектілері мен объектілері кіреді.
Өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әртүрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болды. Адамдар (олар құрған ұйымдар – заңды тұлғалар) арасында қалыптасатын нақты қатынастар сан түрлі болды. Олар әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады.
Мұндай қатынастардың айтарлықтай бөлігін құқық нормалары реттейді, олар құқықтық қатынастар нысанына ие болады. Құқықтық реттеудің нәтижесінде қолданыстағы қоғамдық қатынастармен қатар, әлде бір жаңа (құқықтық) қатынастар пайда болмайды. Құқықтық қатынастар дегеніміз – бұл нақты қоғамдық қатынастардың нысаны ғана.
Қоғамдық қатынастардың құқықтық түрлі салаларының нормалары реттеп отырады. Азаматтық құқық негізінен меншік қатынастарын және тауар-ақша айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардың объекьтілері болады1.
Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастар, атап айтқанда, азаматтық-құқықтық қатынастар сапасына ие болады. Азаматтық-құқықтық қатынастар дегеніміз – азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар,
Азаматтық-құқықтық қатынастардың ерекшеліктері азаматтық-құқықтық реттеудің объектісі мен әдістеріне байланысты. Азаматтық-құқықтық қатынастардың аса маңызды белгісі, ең алдымен, оған қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігі.
Азаматтық-құқықтық
қатынастардың субъектілері
Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінің екіншісіне міндеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің өкілеттігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді. Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі олардың мүліктік дербестігіне сүйенеді.
Азаматтық-құқықтық қатынастар ерікті болады. Әдетте, мұндай қатынастар оларға қатысушылардың қалауы бойынша жасалады, өйткені азаматтық-құқықтық қатынастардың басым бөлігі шарттың негізінде пайда болады.
Алайда олар өзге де себептермен пайда болатын жағдайда мұндай құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әрекеттерімен жүзеге асырылады.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық-құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады:
Азаматтық-құқықтық реттеудің объектісі, ең алдымен, мүліктік қатынастар болғандықтан, азаматтық-құқықтық қатынастардың бсым бөлігі мүліктік сипатта болады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастардың объектісі материалдық игіліктер мен құқық (мүлік) болып табылады.
Меншік қатынастары, мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуіне (сатып алу, айырбастау, заим және т.с.с.) делдалдық жасайтын қатснастар мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастарға жатады.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады.
Интеллектуалдық
шығармашылық қызметтің
Адамның жеке басына қатысты материалдық емес құқықтар мен игіліктер – ар-намыс, қадыр-қасиет, іскерлік бедел және т.с.с. мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастардың объектісі болып табылады.
Сонымен қатар, абсолюттік және салыстырмалы азаматтық-құқықтық қатынастар болады. Абсолюттік құқықтық қатынастарда құқық берілген адамға міндетті ретінде үшінші адамдардың беймәлім тобы қарсы тұрады, мұндай құқықтық қатынастарда іс жүзінде әркім және барша жұрт міндетті болып шығады.
Мысалы, меншіктің құқықтық қатынастары абсолюттік қатынастарға жатады, мұнда меншіктің субъективтік құқығына барлық үшінші тұлғалардың бұл құқықты бұзбау, оны жүзеге асыруға кедергі жасамау міндеті ұштасады. Салыстырмалы құқықтық қатынастарда нақты адам (адамдар) міндетті болып табылады.
Салыстырмалы құқықтық қатынастар құқық берілген тараптың да, міндетті тараптың да нақты тұлғаларын байланыстырады, яғни дербестелген болып табылады.
Мәселен, зиян келтірген адам жәбірленушіге зиянның орнын толтыруға, сатып алушы өзі сатып алған заттың құнын төлеуге міңдетті.
Кез келген адам абсолюттік құқықты бұзып алуы мүмкін, тиісінше, мұндай құқық субъектісіне оны кез келген адамның бұзуынан қорғау құқығы ұсынылады. Мысалы, автордың шығармасына қол сұғылмау құқығын кез келген адам бұзуы мүмкін.
Салыстырмалы
құқықты міндетті адам ғана
бұза алады. Мердігер атқарған
жұмыстың ақысын талап ету
құқығын тек тапсырыс беруші
бұза алады. Демек, салыстырмалы
құқық нақты адамдар тарапынан
болатын құқық бұзушылықтан
Азаматтық-құқықтық қатынастар заттық және міндеттемелік азаматтық-құқықтық қатынастар болуы мүмкін. Заттық құқықтық қатынастарда құқық берілген субъектінің затқа өзінің әрекетімен ғана жүзеге асатын құқығы болады («өзі әрекет ету» құқығы).
Заттың құқықтық субъектісі өзінің затқа деген мүддесін басқа адамдардың көмегіне жүгінбестен, затқа тікелей әсер ету жолымен қанағаттандыра алады2.
Атап
айтқанда, меншік құқықтық қатынастары
заттық құқықтық қатынастар
Меншік иесі өзінің тиесілі затты иеленуге, падалануға және оған билік етуге құқылы, ал міндетті субъектілер – қандай да бір әрекеттер жасамауы тиіс, оларға меншік иесінің өз құқығын жүзеге асыруына кедергі жасамау жөнінде енжар міндеттер жүктеледі.
Міндеттемелік құқық субъектісінің затқа деген мүддесі басқа бір адамның белгілі бір әрекет жасау жолымен қанағаттандырылуы мүмкін.
Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті адамнан белгілі бір әрекет жасауды талап етуге құқылы («бөгде әрекет» құқығы).
Мәселен, сатып алушы сатушыдан өзіне затты беруді талап ете алады, ал сатушы оны сатуға, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға міндетті.
Зат қашанда заттық құқықтық қатынастардың объектісі болып саналады, ал міндеттемелік қатынастардың объектісі – зат болмауы мүмкін.
Мысалы, баспа мен автордың арасындағы әдеби туынды жасау жөніндегі шарттан туындаған құқықтық қатынастардың объектісі зат емес, интеллектуалдық қызметтің нәтижесі – әдеби шығарма.
1.2 Азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны мен формасы
Азаматтық құқықтық формасы. Қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу процесінде олардың мүшелері субъективті құқықтар мен міндеттемелермен бөлінеді, ол болашақта құқықтық қатынас шегіндегі мүшелер тәртібін анықтайды. Азаматтық құқықтық қатынас формасы. Мүшелерге тән субъективті құқықтар мен міндеттер оның құқықтық формасын қурайды. Субъективті құқық түрінде құқықтық тулғаның тәртібінің заңдық қамтылған өлшемі түсіндіріледі, ал субъективті міндеттеме – азаматтық құқықтық қатынастасы міндетті тулғаның қажетті тәртібінің заңдық қамтылған өлшемі.
Азаматтық құқықтық қатынас мазмұны мен формасының бірлігі. Азаматтық мүліктік қатынасты оның экономиялық базисіне толық жатқызуға болмайды. Ол экономиялық мазмұны мен құқықтық формасының диалектикалық бірлігін көрсетеді. Азаматтық мүліктік құқықтық қатынас мазмұны экономиялық базис сферасында болады. Азаматтық құқықтық қатынас спецификасы оның субъектілері мен объектілеріненде байқалады.
Азаматтық құқықтық қатынас субъектілері. Азаматтық құқық қатынас мүшелер олардың субъектілер мен аталады. Азаматтық құқық қатынас адамдар арасында қалыптасады. Сондықтан субъект түрінде жеке индивидтер, әйтпесе белгілі бір адамдар ұйымы көрінеді. Біздің елде субъект түрінде тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес, шет ел азаматтары жеке азаматтығы жоқ тұлғалар бола алады.
Информация о работе Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен құрылымы