Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 10:55, курсовая работа

Краткое описание

Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері. Азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастар жақтардың заңдық теңдігі әдісімен реттеледі. Жақтардың заңдық теңдігі азаматтық құқықтық қатынастын бөлінбейтін қасиеті болып табылады. Осы қасиеттің жойылуынан құқықтық қатынас табиғаты да өзгереді. Азаматтық құқықтық қатынас оның қураумен элементтері түрінде қарастырылады, оларға құқықтық қатынастың мазмұны, формасы, субъектілері мен объектілері кіреді.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1. Азаматтық құқықтық қатынастарға жалпы сипаттама
1.1 Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен құрылымы....................4
1.2 Азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны мен формасы..........................7
1.3 Қатысты және абсолюттік азаматтық құқықтық қатынастар...................17
2. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
2.1 Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері.......................21
2.2 Азаматтық құқықтық қатынастардың тоқтатылуы мен өзгертілуі............23
Қорытынды...........................................................................................................30
Пайдаланған әдебиеттер.....................................................................................32

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой монти.docx

— 66.26 Кб (Скачать документ)

Әкімшілік актілер  әрқашан  сәйкес  әкімшілік  – құқықтық  зардап  тудыру  үшін  жасалады.  Сондықтан  әкімшілік  актілердің  көбісі  әкімшілік  құқықтық  қатынас  негізі  болып  табылады және  азаматтық-құқықтық заң  фактілер санына  кірмейді.   

Әкімшілік  актілерге  қарағанда,   мәлімелер  тек қана  азаматтық-құқықтық зардап  тудыру мақсатында  ғана  жасалады. АК 147 бабына сәйкес,  мәміле ретінде  азаматтар мен  заңды  тұлғалардың  азаматтық құқық  пен міндетті  бекітуге, өзгертуге немесе жоюға  бағытталған әрекеттер  мойындалады.  Мәлімелер  санына   түрлі  келеісім шарттар,  конкурс  жариялау,  т.б.  жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Азаматтық-құқықтық қатынастардың  пайда болу, өзгеру және тоқтатылунегіздері

2.1 Азаматтық құқық қабілеттілік  пен әрекет қабілеттілік

 

Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады.

Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің азаматтық құқыққа ие болып міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттелігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады.

 Конституцияның 14-бабына сәйкес заң мен сот  алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік  жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты  немесе кез келген өзге жағдаяттары  бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге  болмайды.

Конституцияның аталған тұжырымына қарай азматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және біріңғай құрылған. Азаматтық құқықтық кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екені танылған. Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:

  1. Белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға;
  2. Елдің аумағында емін-еркін жүріп тұруға.

Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашанда уақытша сипатта болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды.

 Құқық  қабілеттілігін шектеу дегеніміз  қандай да бір құқықты алу  мүмкіндігінен айыру болып табылады.

Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әр түрлі құқықтарды ала алады, сол арқылы өзіне әр түрлі міндеттерді жүктейді де құқық қабілеттілік мазмұнын құрайды.

Азаматтық құқықтық қатынастар ұғымынан бұл – құқыққа қабілетті адамдар арасындағы заң нормалары реттелген қатынас деген түсінік келіп шығады.

Демек, құқықтық қатынастар тууы үшін құқықтық норма болуы тиіс. Ал ол осы түрдің құқықтық қатынастарының және оның қатысушылары бола алатын субъектілердің құқық қабілеттілігінің пайда болуын көздейді.

 Алайда  мұндай мән-жайлардың болуы өзінен-өзі  белгілі бір қатысушылар арасында  белгілі бір құқықтық қатынастарды  туғыза қоймайды. Бұл – оның  пайда болуының қажетті абстрактілік  алғышарты ғана.

Құқықтық қатынастар пайда болуы үшін нақты адамдар арасында нақты құқықтар мен міндеттер туғызатын нақты мән-жайлар қажет болады.

Азаматтық кодекстің 7-бабында азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болу негіздері бекітілген6.

Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарда көзделген негіздерден сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байланысы азаматтық құықтар мен міндеттер туғызады.

Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттер:

  1. заңдарда көзделген шарттар мен өзге мәмілелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілерден;
  2. заңдарға сәйкес азаматтық құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;
  3. азаматтық құқықтар мен міндеттер белгіленген сот шешімінен;
  4. заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде;
  5. өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармалары және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижесін жасау нәтижесінде ;
  6. басқа жаққа зиян келтіру салдарынан, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негіссіз сатып алу немесе жинау салдарынан;
  7. азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;
  8. заңдар азаматтық құқықтық жағдайлардың басталуымен байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.

Алайда бұл бапта аталған заңдық фактілердің тізбесі жеткілікті емес. Құқықтық қатынастар субъектілернің еркіндігі азаматтық құқықтың негізгі принциптерінің бірі болып табылатындықтан олар өздері үшін азамттық құқықтар мен міндеттерді түзе алады, яғни 7-бапта тікелей аталмаған, сондай-ақ заңдарда тыйым салынбаған өздерінің тікелей әрекеттерімен азаматтық құқықтық қатынастарға түсе алады, мысалы, қаржыландыруға қатысу туралы келісім заңда тікелей аталмаған оған тыйым да салынбаған. Сондықтан бұл келісім азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғыза алады.

Құқықтық қатынастардың тууына себепші болатын ықпал ету тетігіне қарай заңдық фактілер мынадай топтарға бөлінуі мүмкін: құқықтық қатынастардың болашақ немесе осы сәттегі қатысушыларының іс-әрекеттері; үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері; оқиғалар.

2.2 Азаматтық-құқықтық қатынастардың  тоқатылуы мен өзгертілуі

 

Мұндай мән-жайларды  заңдық фактілер деп атайды. Өзіндік адрес иесі жоқ құқықтық нормадан өзгеше, заңдық факті қашан да дербес бағытты болды. Сондықтан оны құқықтық қатынастардың нақты алғышарты деп тануға болады.

Сонымен, заңдық факті дегеніміз – заң құқықтық қатынастрдың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын онымен байланыстыратын мән-жай.

Алайда бұл бапта аталған заңдық фактілердің тізбесі жеткілікті емес. Құқықтық қатынастар субъектілернің еркіндігі азаматтық құқықтың негізгі принциптерінің бірі болып табылатындықтан олар өздері үшін азамттық құқықтар мен міндеттерді түзе алады, яғни 7-бапта тікелей аталмаған, сондай-ақ заңдарда тыйым салынбаған өздерінің тікелей әрекеттерімен азаматтық құқықтық қатынастарға түсе алады, мысалы, қаржыландыруға қатысу туралы келісім заңда тікелей аталмаған оған тыйым да салынбаған. Сондықтан бұл келісім азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғыза алады.

Нақты жігерлі мінез-құлық актілерін іс-әрекеттер деп түсінеміз. Оларды заңды немесе заңсыз іс-әрекеттер болуы мүмкін.

Заңды іс-әрекеттер өзара құқықтық қатынастардың пайда болуына бағытталған. Бұлар – мәмілелер (АК-ның 147-бабы), оның ішінде – шарттар. 147-бап заңда тікелей көзделген мәмілелер (шарттар) туралы (мысалы, сатып алу-сату, мердігерлік, тасымал және т.б.), сондай-ақ заңда тікелей көзделмеген мәмілелер (шарттар) туралы баяндалады.

Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық, құқығымен реттелінетін қоғамдық қатынастардың негізгісі болып табылатыны - мүліктік қатынастар. Сондықтан да айтып кеткен жөн болар кез келген мүліктік қатынастар емес, қоғамның негізін қалайтын тауар-ақша қатынастары, яғни азаматтық құқық субъектілерінің кез келгенінін қатысуымен және әр түрлі көріністерде (мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар7.

Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өндіріс құрал-жабдықтарына, мүліктік игіліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.

Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді. Азаматтық зандармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға құндық манызы жоқ қатысушылардын қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен, әдеби шығармамен, ғылыми едбекпен айналысушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлығын анықтау туралы мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса да, мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнертабыс иесінің өнертабысын пайдаланғаны үшін онда авторлық сый ақы алу құқығы пайда болады,,

Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқмүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбет құқығы, жеке өмірдің құпиялығы, тұрғын үйге кол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтыққатынастарды жатқызуға болады. Қазақстан Респуб-ликасының Конституциясының 9-бабында азаматтың арнамысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық атап көрсетілген.

Сондай-ақ Ата Заңның 33-бабы «азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайтындығын» атай келе, «азаматтық жеке әміріне араласуға, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне кол сұғуға тыйым салынады» десе, осы баптың келесі тармағында «тұрғын үйге қол сұғуға болмайтындығы» атап көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген мүліктік катынастармен байланысы жоқ жеке қатынастар, мүліктік емес жеке қатынастардың екінші тобын құрайды.

Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай келе, бұл қатынастардың, субъектілерін де атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар (Казақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар),

-заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1964 жылғы Азаматтық Кодекспен салыстырғанда 1994 жылы 27-ші желтоқсанда қабылданған Азаматтық Кодекстің ерекшелігі сол, мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушыларымен тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген.

Азаматтық құқық сала ретінде толық көрінуі үшін оның реттеу тәсілдерін анықтау кажет. Көтеген ғалымдардын тұжырымдары бойынша құқықтық қатынастарды реттеу тәсілінің бірнеше түрі бар және ол құқық жүйесінің салаларына байланысты әрқилы болуы мүмкін. Азаматтық-құқықтық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты азаматтық құқығының реттеу тәсілі төмендегі ережелерге байланысты анықталады. Біріншіден, азаматтық-құқыктық қатынаста қатысушылардың заңи теңдігі, яғни азаматтық құқығының субъектілері азаматтық айналымға түсу процесінде бір-біріне тәуелсіз. Екіншіден, жеке және заңды тұлғалар азаматтык құкық пен азаматтык. міндетті өз ниеттерінің негізінде жүзеге асыруы, азаматтық-құқықтық қатынастардыжүзеге асыру мүмкіншілігінің теңдігі және заң алдында бір текті қорғалуы.

Азаматтық құқық көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген.

Диспозитивтік норма дегеніміз - тараптар араларында туындайтын қатынастарды өздерінің қалауынша, егер занда өзгеше көзделмесе, реттеу мүмкіндігі. Осы тұрғыдан алғанда, Азаматтық Кодекстің көптеген нормалары көрсетілген ережелерге башнады. Мәселен, азаматтық Кодекстін 238-ші бабы, яғни шарт бойынша мүлік алушыда меншік құқығы пайда болатын кезеңі.

Жоғарыда көрсетілгендерді қорыта келіп, азаматтық құқыққа сала ретінде төмендегідей анықтама беруге болады. Азаматтыққұқықдегеніміз -бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген, тауар-ақша қатынастарын және өзге демүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүліктік қатынастарға баланысты (байланысты емес) мүліктік емес жеке қатынастардыреттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы.

 «Нормативтік  құқықтық актілер туралы» Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес  зан актілеріне: конституциялық  заң, Қазақстан Республикасы Президентінің  конституциялық заң күші бар  жарлығы, кодекс, заң, Казақстан Республикасы  Презвдентінің зан күші бар  жарлығы, Қазақстан Республика-сы  Парламентінін қаулысы, Сенат пен  Мәжілістің каулылары жатқызылған.

«Қазақстан Республикасының Презвдентіне және жергілікті әкімшіліктердің басшыларына қосымша екілеттіктерді уақытша беру туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президентіне жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы жұмысын бастаған мерзімге дейін Конституіщяньщ негізінде және оны орындауүшін заң күші бар актілер шығаруға құқық берілді. Жоғарыда аталған заннын 1-бабында бұл актілер Казақстан Республикасынын тиісті заңдары қабылданғанға дейін колданылады депбелгіленген.

Сөз жоқ, азаматтық құқық үшін Казақстан Республикасы Президентінің мынадай заң күші бар Жарлыктарынын. зор маңызы бар: 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы»1,1995 жылғы 2 мамырдағы «Шаруашылық серіктестіктері туралы»2, 1995 жылғы 31 тамыздағы «Казакстан Республикасындағы банктер және банк қызметі ту-ралы»3, 1995 жылғы 3 қазандағы «Сақтаңдыру туралы»4, 1995 жылғы 5 қазандағы «Өндірістік кооператив туралы»5, 1995 жылғы 23 желтоксандағы «Жылжымайтын мүлік ипоте-касы туралы»6,1995 жылғы 25 желтоқсандағы «Жылжымайтын мұлікке және онымен жасалатын мәмілелерге кұкыктарды мемлекеттік тіркеу туралы»7, 1995 жылғы 22 желтоксандағы «Жер туралы»8, және баскалар.

Қазақстан Республикасы министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен ведомстволарьшын нормативтік актілеріндеде азаматгык-құықтық нормалар болуы мүмкін. Олар ведомстволық нормативтік құқықтық актілер деп аталып кеткен және оларды тіркеу 1994 жылш 16 наурызда Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен бекітілген «Ведом-стволық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы» ереже негізінде жүзеге асырылады,

Азаматтық кодекстің 3-бабының 5-тармағында Азаматтық кодекстежәне азаматтық зандардың өзгеде актілерінде кезделген жағдайлар мен шекте министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар азаматтык қатынастарды реттейтін актілер шығара алады деп белгіленген8.

Информация о работе Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен құрылымы