Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 22:16, курсовая работа

Краткое описание

Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдык-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады. Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін макалдар тобын яғни, "all is well that ends well" (сөзбе-сөз ауд.: сәтті аяқталған істің бәрі жақсы), "Арреаrances аге dесерtіvе" (сөзбе-сөз ауд.: келбет — алдамшы), Better late than nеvег" (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді ,оралымдарды фразеологиядан тыс, "фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар" аясында қарастырды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ТІЛДЕ
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ.................................................9

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі................................................9

Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі........................................14

Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары.............................23


2. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ.............................................................................................34

2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру..............................................................34

Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары..........................................................................................................44

2.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары................................................46

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................55

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.docx

— 115.87 Кб (Скачать документ)

Ағылшындар фунт пэнстен құралады десе, қазақтар теңгенің тиыннан өсетінін ескертеді. Әр елде ақша өлшемі ретінде қабылданған ұлттық валютаның атауы әр түрлі болатыны белгілі. Теңге, тиын - қазақ елінің ақша эквиваленті. Сонау VI-VIII ғасырларда ру-ұлыс нышандары айшықталған теңгелердің қолданыста болғаны, Отырар, Тараз қалаларында теңгелер шығарған ұстақаналар жөнінде тарихи деректер бар.

 

    1.    Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары

 

Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі арқылы кезендерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай белігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Ағылшын тілінің  фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақта тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады./21,77/ Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін мақалдар тобын яғни, "all is well, that ends well" (сөзбе-сөз ауд.: сәтті аяқгалған істін бәрі жақсы), "Appearances are    deceptive"  (сөзбе-сөз ауд.: келбет — алқамшы),

"Better late than never" (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді оралымдарды фразеологиядан тыс, "фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар"  аясында қарастырды.

Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірліктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақта тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.

Осы "келтірілген  ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу  нәтижелеріне     сүйенер          болсақ,     мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.

 

 

 

2.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі  мақал - мәтелдердің құрылымдық  жэне мағыналылық ерекшеліктері  мен ұқсастықтары

 

Паремиология мақал-мәтелдер мен  әр алуан қанатты-нақыл сөздерді жан-жақты зерттеуге байланысты пайда болған тіл білімінің дербес те жаңа салаларының бірі. Көркем сөз  тәсілдерінің ішіндегі қуаттысы мен  қүнарлысы болып саналатын мақал-мәтеддер тіл атаулының баршасына тән, өзіндік ерекшелігімен көзге  түсетін универсалдық құбылыс. Қазақ  тіл білімінде барлық тілдердің  екі түрлі қызметін атап көрсетеді: оның біріншісі қоғам мүшелерінің  өзара түсінуіне; пікір алмасуына  қажетті қатынас құралы ретіндегі  коммуникативтік қызметі де, екіншісі-өмір шындығын, барлық болмысты өзінде бейнелеп көрсету қызметі. Мақал-мәтелдердің  табиғатына тән қасиет тілдің осы  екінші қызметіне байланысты, өйткені  олар белгілі бір гілде сөйлеуші халықтың өткен өмірі мен барлық болмысының куәгері іспеттес, оның дүниетанымы мен, даналығын бойында  сақтап, атадан балаға, үрпақтан-үрпақа үзілмей ауысып келе жатқан асыл мұра, рухани қазына болып табылады.

Мақал-мәтелдердің ең бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, үйқас  ырғақтылық байқалады. Онда басы артық  бір сөз болмайды, барлығы өз орнында  екшелген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ішкі мазмүнына сыртқы формасы сай  үндестік тапқан болып келеді. В.Виноградов мақал-мәтелдердің түрақты сөз  тіркестерімен бірге зерттелуі  қажет дейді. Өйткені олардың  мағыналық бірліктері түрақты сөз  тіркестеріндегідей дәстүрлі, сазды  және дайын күйінде қолданылады.

Қазақ тілінде мақал-мәтелдердің  бәрі негізінен жай сөйлем түріндегі  тұрақты сөз тіркестеріне жатады, яғни олар түлғасы жағынан ұзақ уақыттан бері қалыптасып, белгілі бір формада  тұрақталган, мазмұны жағынан біртұтастыққа  ие болған жай сөйлем типтері. құрылымы жағынан қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің өзара ұқсастықтары жиі кездеседі:

 

1. Бұйрық райлы сөйлемдер:

 

Make hay while the sun shines-

Темірді қызғанда соқ.

 

Let sleeping dogs lie – 

Жатқан жыланның қүйрығын баспа.

 

Cut your coat according to your cloth –

Көрпеңе қарай көсіл.

 

Catch the bear before you sell his skin – 

Қашпаған сиырдың ұзынан дәметпе.

 

First think, then speak – 

Ойнасаң да ойлап сөйле.

 

2.  Болымсыз түрдегі бұйрық  рай, яғни тыйым салу;

 

Never say die - Салық сұра кетпесін.

Don't count your chickens before they are hatced -

Тігілмеген етігіңді мақтама,

орылмаған етігіңді ақтама.

 

Donft cross a bridge before you cote it- Байыбына бармай  бал ашпа.

Don't hallo until you are out the wood -Асатпай жатып,  құлдық деме.

Don't look a gift horse in the mouth- Алғанды білген-анайы,  бергенді білген сыпайы.

Don't trouble until trouble troubles you - Жатқан жыланның  құйрығын баспа.

3.  Шартты райлы сөйлем түрінде:

 

When cat is away, the mice will play- құлан құдыққа  құласа, құрбақа құлағында ойнар.

If it were not for hope, the heart will break- Үмітсіз  шайтан.

 

4.  Болымсыз жай сөйлемдер  түрінде:

All are not friends that speak us fair - Жалған дос  көзіңе мақтар, сырт айналып сойылын  сатар.

All are not hunters that blow the horn - Мылтық ұстағанның  бэрі аңшы емес.

All are not thieves that dogs bark at - Ит үргеннің  бәрі ұры емес.

Мақал-мәтелдерде халық сөзді барынша  үнемдеп қолданады. Тіпті кейде сөз тастап кетіп отырады. Мысалы: "No sweet with out some sweat" деген мақалда бастауыш та баяндауыш та, ал "Ақыл-жастан, асыл-тастан" дегенде "Шығады" сөзі қалып қойған.

Мақал-мәтел құрылыс жағынан сырттай ұқсас болып келгенмен, олардың мазмұнды түйіндеуінде, ойды шешуінде өзіндік ерекшелігі байқалады.

Мақалдарда бір-біріне сай қарама-қайшы  ұғымдар мен нәрселерді салыстырып, шендестіру арқылы ой-пікірді айқындау тәсілі басым болып келеді.

Мысалы:

"It is useful to lock the stable door, when the steed is stolen"

«Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді, ырысы кеткеннің, иті үры

кеткен соң үреді»

Business before pleasure

Еңбек түбі-бейнет,

Бейнет түбі-зейнет.

East or West, home is best

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Great boast, small roast

Сөзге көп-іске жоқ.

No sweet with out some sweat

Жылай-жылай жер қазсаң,

Күле-күле су ішерсің.


 

Мақал-мәтел тұлғасына тән дәстүрлі тұрақтылық (оны паремиология «клише» деп атайды.

Қаншама берік және тіл үшін нормаға  айналған стандарт болса да, абсолюттік ұғым емес, ол тілдің тарихи дамуына  байланысты, көрші тілдердің әсерінен, сондай-ақ тілдің ішкі даму заңдылықтарына сәйкес, стильдік қолданысқа сөз зерерлеріне  сөз саптау шеберлеріне байланысты ертүрлі өзгерістерге түсіп отырады. Бірақ бұл өзгерістер мақал-мәтелдердің жалпымазмунына, мағынасына, бүкіл тіркеске негіз дәнекер болып тұрған образ бейнеге бөленденуі сан келтіре қоймайды./25/

Мақал-мәтелдердің осылайша әртүрлі  өзгерістерге, түлғалық модификацияларға үшырауы салдарынан пайда болған, тіл практикасында бір-ақ рет  қолданыс табатын түрлерін инварианттар деп атаймыз.

Инварианттық, өзгерістер авторлық тек  өз еркіне, асыл тасты ер қырынан  бір көрсетіп қүбылта білетін  шебердей, мақал-мәтелдердің көркемдік  өрнегін, образы мен бейнелеушілік  әсерін, эмоция-экспрессивтік қуатын бойында сақтай отыра, пайдаланатын талантына байланысты.

Мақал-мәтел инварианттары бірде  олардың компоненттеріне инверсия жасау арқылы, бірде оларды түсіріп, иллипсис түрінде айту арқылы, бірде  дербес екі түрлі мақал-мәтелдердің  элементтерін өзара шебер қиыстыру арқылы, т.б. жолдармен жасала береді.

1. Компоненттерін өзгертіп айтуға байланысты инварианттар: «Қырық жұт қырғын болса да ажалды өлер, Қырық жыл қырғын болса да ажалсыз адам тірі қалар» деген... (М.Мағауин «Қияндағы қыстау», 37-бет)

«A living dog is better than a dead lion» (From the Bible)

"Haslit was unable to appreciate the writer till he was dead-that he thought a dead ass better than a living lion".

Мақал-мәтелдердің жеке элементтері  ғана сақталатын инварианттар:

«Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам, Есеней оңай түсінді... Қазақ айласының  құйрығы бір-ақ түтам (Ғ.Мүсірепов Ш.Ж, 5-том, 400-бет)

"The last straw breaks the camel's back" "He can't stand to the last straw" (Martin Eden, p 45)

Компоненттерінің        орнын        ауыстыруына        байланысты инварианттар: Ақсақ қой  түстен кейін маңырайды.

- Уай, жарандар!  Бұл түстен  кейін маңырайтын ақсақ қой  дейсіңдер ғой. (М.Әуезов, Абай жолы 1-том, 82-бет)

"All is not gold that glitters"

It will be an age not, perhaps, of gold but at least of glitter (Arnold "The English Word)

Мақал-мәтелдерден біз белгілі  бір халықтың этнос болмысын, оның рухани-заттық мәдениетін, дүниетанымын, салт-дәстүр, әдет-ғүрып, наным-сенімін, т.б. туралы бай информация табамыз.

Қазақ мақал-мәтелдері мал шаруашылығына, саятшылық-құс баптауға, кей кездері егіншілікке байланысты болса, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерінің көп бөлігі бағбаншылық саласын қамтиды.

Мысалы:

The rotten apple injures its nature

Шірік алма табиғатын  бұзады

Бір құмалақ бір қарын майды

шірітеді

Acorns were good till bread was founded

Адамның

тоғышарлығына

байланысты

Тойғанда тоқтының еті топырақ татиды. Қарын тойса, қарта әлем сасиды.


 

Айтылған сөздер, үзінділер халықтың көңілінен шығып, кең қолданысқа  көз   болса  бірте-бірте  қанатты   сөзден  мақал-мәтелге айналады.  Шекспирден алынған кейбір үзінділер  қазақ тілінен өз баламаларын  тауып жатады: Brevity is the soul ofwit- Аз сөз-алтын.

Rieh gifts are poor when givers prove unkind – 

Ғайыптан тапқан алтыннан ақсақал  берген бата артық, қайыры жоқ жақыннан жаңы жақсы жат артық.

 

A little learing is

dangerous

To err is human

Who shall deeide

When doetors disagree

Шала оқу қауіпті

Жол білмеген

адастырады,

Жөн білмеген

шатастырады.

Жаңылмас тұяқ Жоқ.

Ауру азайса, тәуіп

ауырады.


деген сөздерде де дәл аударылады.

Тілі бар халық, халық,

Тілі жоқ халық-балық.       (Шерхан)

Талап, еңбек терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой,

Бес асыл іс, білсеңіз.                   (Абай) /43/

Адасқанның алды-жөн,

Арты-соқпақ.                               (Абай)

Ағылшын ауыз әдебиетінде көп кездесетін кейіпкерлер мақал-мәтелдерден де өз орындарын тапқан.

Ағылшын

Мағынасы

Баламасы

A good Jack makes a good Jill

Жақсы ер адамның әйелі де жақсы

Жақсы әйел жігітке

біткен бақ,

Жақсы жер, жайлы

қамыс алтын таң.

Жақсы әйел теңі жоқ

жолдас, түбі жоқ сырлас.

Jak off all trades and master of none

Әр істің басын шалу

Аузымен астау шапқан, қолымен жаңқа жара алмас.


Қай халық болмасын, билік пен байлыққы сүйенген абырой-атақты мысқылдап отырған. Ағылшын тілінде бұл қаһарлы Цезарьдың атымен байланыстырылса, қазақ әдебиетінде бай-болыстарды мысалға келіп еді.

 

Ceaserfs     wife     is above suspicion

Цезардың әйелі  күдіктен жоғары

Аузы қисық болса  да, бай баласы сөйлесін.


 

Әр халықтың тәлім-тәрбиеге байланысты мақал-мәтелдері сол халықтың менталитетінен хабар береді.

Leopard can not change his spots

Колбарыс өз дақтарын өзгерте алмайды.

Сүтпен сіңген мінез, сүйекпен кетеді не Қара киізді қанша жусаң да ағармайды

As hungry wolf

Қасқыр

Аштық ас талғатпайды


 

Қазақ халқы отбасы тербиесіне, ұрпақ  тәбиесіне, ата-ана қүрметіне, қыз  бала тәрбиесіне өте ерекше көңіл  бөлген. Сондықтан да болар, кей мақалдың баламасы болса, мысалы:

Информация о работе Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары