Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 22:16, курсовая работа

Краткое описание

Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдык-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады. Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін макалдар тобын яғни, "all is well that ends well" (сөзбе-сөз ауд.: сәтті аяқталған істің бәрі жақсы), "Арреаrances аге dесерtіvе" (сөзбе-сөз ауд.: келбет — алдамшы), Better late than nеvег" (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді ,оралымдарды фразеологиядан тыс, "фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар" аясында қарастырды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ТІЛДЕ
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ.................................................9

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі................................................9

Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі........................................14

Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары.............................23


2. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ.............................................................................................34

2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру..............................................................34

Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары..........................................................................................................44

2.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары................................................46

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................55

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.docx

— 115.87 Кб (Скачать документ)

4. фразеологизмдер сияқты макал-мәтелдерде  де ұлттық колорит болады;

5.мақал-мәтелдерде де, әсіресе, тұрақты сөз тіркестерінде де образдылық, метафоралық мән болады.

Сонымен қатар бүлардың арасында елеулі айыр-машылықтар да бар:

1. оның бастысы - мақал-мәтелдерде сөйлемдік қасиет болғандықтан, олар коммуникативтік қызметке ие болса, тұрақты сөз тіркестері, негізінен, бейнелеуіштік-номинативтік қызметке ие болып тұрады;

2.  мақал-мәтелдерде үлгі-өнегелік, нақылдық, өсиеттік маңыз болса, фразеологизмдерде бейнелеуіштік қана мән болады;

3.  мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры болып есептеледі, яғни бұларда көркем әдебиеттің сипаты баршылық, ал фразеологизмдер, негізінен, таза тілдік құбылыстардың қатарына жатқызылады (Еске тусіру артық болмас, Халел Досмұхаммедұлы тұрақты сөз тіркестерін де ауыз әдебиетінің бір түрі деп есептеген);

4. мақал-мәтелдер әрбір жеке жағдайға байланысты туса, қолданылса, фразеологизмдерден мұны байқау қиын.

Сонда, мақал-мәтелдерді басқа тілге жеткізуде ескеретін жайттар - мақал-мәтелдерде ауыспалы мағына болатындығы, ұлттық колорит, реалиялық сипатын сақтауға тырысу, көркем әдебиет түрі болгандықтан, оның сол қасиетін - ұйқасы мсн ырғағын, дыбыс үйлесімдерін жеткізуге тырысу.

Зерттеушілердің әрқайсысы мақал-мәтелдерді аударуды өзінше топшылап, жинақтаса да, бұл мәселеде қарама-қайшылықтан гөрі пікір тоқайласуы басым. Сондықтан олардың әрқайсына тоқталып, талдау жасауды артық керем із.

Жоғарыда айтқандай, сол мақал-мэтелдерді қолданып жүрген халықтың мінез-машығы, әдет-ғұрыбы, салт-санасы, тұрмыс-жайы, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани ерекшеліктері оздерінің мақал-мәтелдерінде көрініс беріп отырады. Бұл жағынан, аударма мәселесіне келгенде мақал-мәтелдер реалияларға, идиомдарға үқсап кетіп отырады. Осы себеппен келгенде, мақал-мәтелдерді аударуда идиомдарды қолданылатын тәсілдерді де ескеруге тура келеді.

Мақал-мәтел компоненттері өзінің лексикалық мағынасын сақтайтынына орай, екіншіден, мақал-мәтелдің басқа ұлтық екенін ескеріп оларды дәл аударуға да тура келетін кез келді.

Аударма жүзесінде мүндай жағдайда - екі тілде де ұқсас мақал-мәтелдер болган жагдайда - түпнұсқаға адал болу мақсатымен жэне олардың басқа халықтікі  екенін андату үшін дайын балама алу  емес, аудару арқылы жеткізу де қолданылып жүр. Әрине, бұл жерде аудармашының назарынан түпнүсқаның стильдік бояуы, контекстік мәні тыс қалмауга тиісті. Мәселен, орыстың Лучше поздно, чем никогда дегеніне қазақша Игіліктің ерте-кеші жоқ деген балама бола тұрса да, оны Ештен кеш жақсы деп аударып, бұл аударма мақал осы күні қазақ тіліне сіңіп кетті. Сондай-ақ жоғарыдағы Ложка дегтя портит бочку меда дегенді осы мақсатпен Бір қасық қара май бір бөшке балды бүлдіреді деп аударуды жөн көретін пікір бар (Сәрсенбаев Р. Көрсетілген мақалада).

Зерттеушілердің талдауларына жүгінсек, мақал-мәтелдерді аударудың төменде  көрсетілгендей жолдары бар. Енді соларға  жеке-жеке тоқталайық.

Бірінші тәсіл. Өзге тілдегі мақал  мен мәтелдің образды астарын  жоғалтпай, лексикалық құрамын, стильдік оңін, құрылымын сақтап аудару, ягни калька жолымен жаңа мақал я мәтел  жасау. Мұндайда мақал-мәтелдердегі ұлттық, тарихи фактілер, географиялық атауларды  сақтау кездеседі. Мәселен, Мәскеу бір  күнде салынбаған деген тәржіма - Москва не один день строился деген  мақалдың калькасы, егер «Москва» урбонимін  өзгертсек, мақалдың орыс халқынікі  екенін аударма оқырманы байкамаған болар еді (Тілтанушылар бұл макалдың озінің латыннан аударылып келгенін айтады. Алғашқы түпнұсқасы Рим не один день строился екен). Сол сияқты Абылай аспас асу дегенді Даже хану Абылаю не посте деп аударғанды аудармашының ауызша сөйлеуінен естідік. Осы тәсілмен аударылған мақал-мәтелдерге біраз мысал:                                                                                                        

Кто правду говорит, того люди не любят                    

Кто на быке едет, того собаки не любят

Өгізге мінгенге ит өш,

Адалын айтқанга жүрт өш;

И волки сыты,и овцы целы                                         

Қасқыр да тоқ,                                                               

Қой да аман;

Утро вечера мудренее - Кешкі ақылдан таңғы мақұл жақсы;

Хорошая жена - каменная стена,

А худая - на голову положенная беда -

Жақсы әйел - тac қорған,

Жаман әйел - сордан;

Берерменге бесеу көп,

Аларманга алтау аз. -

Пять - много кажется дающему,

Шесть-мало кажется берущему;

Іріген ауыздан шіріген сөз  шығады. - Изо рта гнилого и гнилое слово т.с.с. мақалдар мен мәтелдер аудармалары жетіп артылады.

Кейбір мақал-мәтелдердің аударма  тілде мағынасы сай келетін жуықтастығы  болса да, түпнүсқалык қасиетін сақтау үшін оларды аударып береді. Мысалы, Взялся за гуж: — не говори, что дюж дегеннің Қолымен істегенді мойынмен көтер деген баламасы бола тура, оны Ауыр жүкке жегілме, жегілсең, егілмедеп аударуға болады. Сондай-ақ Делу время, потехе час (Қойшының қызы, кой келгенде, іс тігеді) — Іс - уақытында, сайран — сағатында; Семь раз отмерь - один раз отрежь (Кеңесіп пішкен тон келте болмас)—Жеті өлшеп, бір кес (Аудармалар М.Әлімбаевтікі) т.е.с.

Екінші тәсіл бойынша аударуда мазмұн, қорытынды түйін сәйкес келгенмен, компоненттердің лексикалық мағынасына өзгерістер енгізіледі, бейнелеу тәсілі басқаша болады, эрине, формалық өзгерістердің болуы әбден мүмкін. Мұндай аударма мақалдардың жаттығы көзге көрініп тұрады, ұқсастықтан да ада емес. Мысалы:

Волка бьют не за то, что он сер, а  за то, что он овцу съел – 

Қасқырды сұрлығы үшін емес, ұрылығы  үшін ұрады;

Слышал звон, да не знает, где он

Әлдеқайдан жаңғырып, білмей қалды  аңырып;

Екі түйе қасысса, ортасында шыбын  өледі –

Если вдруг сшибутся два верблюда, мухе между ними будет худо;  Таспен жапалакты ұрсаң да, жапалақ өледі,

Жапалақпен тасты ұрсаң да жапалақ  өледі.-

Камень упал на сову,

Сова мертва,

Сова упала на камень,

Мертва сова   т.с.с аудармаларды келтіруге болады. Бұл мысалдардың  біріншісінде «қасқырдың койды жеп  қойғаны» түсіп қалса, екіншісінде  «аңырып» деген сөз қосылып тұр, үшіншісінде «өледі» сөзі «будет худо» болып өзгеріп тур, төртінші мысалда «ур» етістігі «упал (түсіп  кету)» етістігімен алмастырылып тұр. Әрине, бұл тәсілде мақал  мен мәтелдің поэтикалық шығарма  екендігінің орыны бөлек.

Үшінші тәсіл. Бір халықтың тілінде  келесі бір халықтың тіліндегі мақал-мәтелдерге образдылығы, мән-мазмұны, салт-сананы бейнелеуі жағынан ұқсас, балама болып келетін жарыспалы түрде екі тілде қолданылып жүрген мақал-мәтелдер де болады. Әрине, бұл типтік, қайталанып отыратын тұрақты кұбылыс емес. Екі халықтың мақалдарында өзгеше бояу бейнелеу тәсілі болуы - заңды нәрсе. Бұндайда мақал-мәтелдердің стильдік реңкін, контекстегі рөлін есепке алып өзге тілдегі дайын мақал-мәтелдермен алмастыруға болады.

Кейбір тәжірибеден байқагандай, бұларды аударуда да идиомға қолданылган  тәсілдер алмастыру да, аудару да қолданылатыны  байқалады. Мысалы: плакать навзрыд - ойбай салу; ақ жүрек - душа нараспашку; одержать верх — мерейі үстем болу; ақ көңіл - добрый малый; қысыр әңгіме -язык поточить т.б. Аударылуға мысалдар: принять присягу - ант қабылдау; потерять доброе имя - жақсы атын жоғалту; аты шыққан адам - человек с громким именем; бір құдайга аян - одному богу известно т.c.c.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ

 

2.1 Ағылшын және қазақ мақал –  мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық  ерекшеліктері және оларды топтастыру

 

Мақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі  қағидалары. Тіл білімінде ММ-дерді  топтастырудың бірнеше қағидасы бар, енді солардың негізгі түрлеріне  тоқталайық.

1. Әріптік, әліпбилік (алфавиттік) топтастыру. Аты айтып тұрғандай,  топтастырудың бұл түрінде мақал  құрамындағы алғашқы сөздің басқы  әрпі негізге алынады. И.С. Гварджаладзенің,  Г.Л. Айшерсонның,  B.C.  Смиттің    жинақтарында ағылшын  ММ-дері  әліпбилік тәсілмен түзілген, Тілдік  бірліктерді осы тұрғыдан топтастырудың  тиімділігін оның қарапайымдылығымен, қолдануға қолайлығымен, ал кемшілігін  басқы әріп негізге алынатындықтан, мағыналас тіркестердің басқа  топқа саралануымен түсіндіруге  болады.

2. Ұйытқы сөз арқылы    (лексикалық    энциклопедиялық) топтастыру.      Зерттеу  барысында белгілі  паремиологтар А.Жигулиев, М.В. Буковская  және бірқатар шетел ғалымдарының  осы әдіске зор мән беретіндігі  байқалды.  Қажет тілдік бірлікті  ұйытқы сөзге сүйене отырып, оңай  тауып алуға болатындығын аталмыш   әдістің   ерекшелігі  деп   танимыз.      Ал   кемшіл   тұсы жоғарыда  аталған  әдіспен   пара-пар,   өзара  мағыналас   мақалдар бөлек, ал, керісінше,  лексемалары бір, мазмұны бөлек  түрлері бір топқа енеді. Мысалы,

"Жуас түйе жөндеуге жақсы",  

"Түйе бойына сеніп жылдан  құр  қалыпты", 

"Түйе  көп болса,  жүк сыймас" тәрізді ММ-дер семантикалық    алшақтыққа қарамастан, болғандықтан, бір    тақырыптық топқа біріктіріледі. Зерттеу нәтижесінде қазақ тілінде   аталмыш   әдіс   бойынша құрастырылған MM жинағының жоқтығы анықталды.

3. Монографиялық   топтастыру.   Мұнда   MM   жинақталған уақытына, кезеңіне, таралу аймағына орай  жіктелген. "Пословицы, поговорки,  загадки в рукописных сборниках  ХІІІ-ХХ веков" және "Ақылдың  көзі, Ташкент   маңы және Сырдария  жағалауындағы Қазығұрт пен Қаратау  бөктеріндегі   ежелден тұратын  қазақтардың мақалдары" атты  жинақтар монографиялық топтастырудың  айқын үлгісі.

4. Генетикалық тұрғыдан  топтастыруда  ММ-дердің  шыгу төркіні, белгілі  бір халыққа, тілге   қатыстылығы  негізге алынады. М.Брагинскийдің     жетекшілігімен  жарық көрген "Шығыс  халықтарының мақал-мәтелдері"  жинағы осы генетикалық әдіспен  түзілген.

5. Тақырыптық (тематикалық) топтастыру. Бұл қағида бойынша мақал-мәтелдер  мән-мағынасына қарай топтастырылады. Зерттеу барысында көп жағдайда  қазақ мақал-мәтелдерінің осы  қағидамен топтастырылғандығы  байқалды.  Топтастырудың бұл қағидасы мағыналас  мақал-мәтелдерді бір топтан оңай  тауып алуға болатындығымен ерекшеленеді. Деп ұрғанмен, топтастырудың бұл  жолы да кемшіліксіз емес. Біріншіден, көптеген    мақал-мәтелдер  ауыспалы мәнге ие болғандықтан, көп тақырыпты болып келеді  де, оларды бір топ аясына енгізу  қиындық туғызады. Екіншіден, көп  мақал-мәтелдердің тақырыптық тобын   айқындау да едәуір қиындық   туғызады.   Үшіншіден, мақал-мәтелдерді  тақырыптық топқа  саралау,   топ  жиынтығын   құрайтын  топшалардың жалпы санын айқындау, мақалдардың топ-топқа меншіктігін  анықтау тәрізді мәселелерді  шешу зерттеуші немесе жинақтаушының  құзырында. Бірақ, жоғарыда аталған  кемшіліктерге қарамастан, мақал-мәтелдерді  тақырыптық тұрғыдан топтастырған  жөн деп ойлаймыз. Себебі, ізденуші  немесе тілді үйренуші өзінің  мақсат-мүддесіне орай қажет мақал-мәтелді  тақырыбына қарап оңай тауып  алады, әрі қолдануға да өте  ыңғайлы, Мақал-мәтелдер табиғатын  арнайы зерттеп жүрген тілші  қауымға да аталмыш топтастырудың  мәні зор екендігі айтпаса  да түсінікті.

6. Мақал-мәтелдерді   зерттеуге   зор   үлес   қосқан   белгілі  паремиолог     ғалым  Г.Л.Пермяков  жоғарыдағы  топтастыру үлгілерінің   кемшілік  тұстарын   ескере отырып, мақал-мәтелдерді жүйелеудің жаңа  бір принципін ұсынды.   Бұл  мақал-мәтелдерді инвариантты тақырыптық жұптармен (инвариантные тематические пары) топтастыру. Бұл принцип   бойынша, мақал-мәтелдер тобы "жақсы - жаман", "кәрі-жас", "бай-кедей" т.б.   деген тақырыптар бойынша жіктеледі.     Мысалы:  "Жақсыға айтсаң ұғар, Жаманға айтсаң   күлер"   тұлғасының   ықшам,   мазмұнының   терендігімен ерекшеленетін   тілдік орам "Жақсы-жаман" тобына енеді.

7.  Академик Ә. Қайдар көп  жылдан бергі ізденуі нәтижесінде этнография мен лингвистика ғылымдарында қолданылып жүрген топтастыру   принциптерін   ескере   отырып,   қазақ      тілінің   өз ерекшеліктеріне   сәйкес,   "Табиғат-Адам-Қоғам"   деген   идеографиялық классификацияны   ұсынған еді. Бұл топтастыру бойынша "Табиғат"  бөлімі төрт тараудан  (жануарлар,  өсімдіктер дүниесі, аспан әлемі, т.б), "Адам" бөлімі (адамның ішкі дүниесі мен сипаты, іс-әрекеті т.б.) он бір тараудан,  "Қоғам" бөлімі (қоғамдық қарым-қатынас,   шаруашылық,   кәсіп   т.б.)   жиырмадан   астам   тараудан тұрады. Соңғы аталған принцип ағылшын және казақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің    этнолингвистикалық    ерекшеліктерін    ашуға қолайлы.

  Дүние жүзіндегі ғылымдармен, оның ішінде, тіл білімі салаларымен салыстыра алғанда, этнолингвистика — теориялық, әдістемелік тұрғыдан әлі де болса нақты қалыптаса қоймаған, анықталған тұстарынан гөрі, күңгірт жағы басымдау тусетін ғылыми бағыттардың бірі. Зерттеу нысаны ортақ, яғни "тіл мен мәдениет", олардың өзара байланысы, бір-біріне ықпалы болып табылатын, зерттеудегі әдіс-тәсілдері, теориялық қағидалары мен негіздері көп жағдайда ұқсас болып келетін этнолингвистика мен лингвомәдениеттану салаларының ара-жігі   әлі   де   болса айқын   ажыратылмауы, дәлелден   гөрі болжамның көбірек айтылуының өзі осы пікіріміздің айғағы іспеттес.

Этнолингвистиканың пәні, зерттеу нысаны, мақсат-міндеттері тәрізді мәселелер отандық және шетел ғалымдарын ойландырып келгені белгілі. Олар тарапынан берілген сипаттамалар кейде бір-бірімен ұштасып, бірін-бірі толықтырып отырса, кей тұста ауқымын, қолданыс аясын тарылтып, екіұшты пікір қалыптастыратындығын да жоққа шығаруға болмайды. Енді солардың бір-екеуіне тоқталып өтейік.

Британ       энциклопедиясында              берілген       анықтама:

"Ethnolinguistics, that part of anthropological linguistics concerned with the study of the interrelation between a language and the cultural behavior of those who speak it".

Информация о работе Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары