Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 22:16, курсовая работа

Краткое описание

Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдык-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады. Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін макалдар тобын яғни, "all is well that ends well" (сөзбе-сөз ауд.: сәтті аяқталған істің бәрі жақсы), "Арреаrances аге dесерtіvе" (сөзбе-сөз ауд.: келбет — алдамшы), Better late than nеvег" (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді ,оралымдарды фразеологиядан тыс, "фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар" аясында қарастырды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ТІЛДЕ
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ.................................................9

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі................................................9

Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі........................................14

Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары.............................23


2. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ.............................................................................................34

2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру..............................................................34

Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары..........................................................................................................44

2.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары................................................46

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................55

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.docx

— 115.87 Кб (Скачать документ)

Фразеология бойынша бөлек жұмыстарда мақалдың мәтелден басты айырмашылығы: мақал жалпы пікірді түсіндіреді, мәтел – пікірді жиілік мінезінде. Осы лингвистердің пікірі бойынша  тек қана мақалдар емес, және де мәтелдер аяқталған сөйлем формасымен ие бола алады.

Мәтел сондай құрылыстың тұрақты сөйлемі  болып саналады, мақал сияқты, бірақ  дидактикалық мазмұнынан айырылған.

Көбінесе мәтелдер ретінде мынандай сөйлемшелер келтіріледі:

When pigs can fly.                                       When two Sundays come together.

When hell freezes over.                          The Dutch have taken Holland.

 

 

 

 

 

    1.   Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары

 

 

Фразеологизмдерді зерттеушілердің  қай-қайсысы болсын оларды басқа  тілге жеткізудің филология ғылымында  үлкен мәселе екеніне тоқталып отырады  Бұл туралы шолу талдауды Ә.Ө. Айтбаевтың  «Аудармадағы фразеологиялық құбылыс»/16,147/ еңбегінде қарастырылған, яғни қай  тілдің фразеологиялық бірлігін алсақ  та, олардың сол ұлтқа тән бейнелік ерекшелігі, тарихи қалыптасуы болатындықтан, келесі тілге соның өңін өзгертпей, ұлттык бояуын, эмоциялық-экспрессивтік сипатын сақтап жеткізу аудармашыдан үлкен біліктілікті қажет етеді. Сондықтан да фразеологиялық бірліктердің аударылуын сөз етпес бұрын аудармашыға оның тілдік табиғатын түсініп алу қажет болады.

Фразеологизмдердің бейнелік қасиеті, экспрессивті-эмоционалдық бояуы, құрастырушы  сыңарларының бірлігі контекст арқылы айқындалып отырады, сондықтан бұларды  контекст аясында қарастырған жөн. Ал аудармада контекстің қызметі  өлшеусіз екені өзінен өзі мәлім. Бұған қоса фразеологизмдердің стильдік жіктердегі ролі, жеке автордың стилін анықтаудағы рөлі айрықша.

Көркем шығармада болсын, саяси, публицистикалық шығармада болсын фразеологизмдер жиі қолданылып, оларда айтылған ойдың ұтымдылығын, ұшқырлығын арттырып отырады. Демек, бұл  бірліктер тілдегі лексикалық бірліктер  сияқты мағына жағынан түрленіп, белгілі  бір стильдік қолданысқа сай пайдаланылып отырады.

Фразеологизмдердің жалпы сипаттары, өзіндік ерекшелігін түгендемесек те, ұзын-ырғасын санамалап шығуға болады:

1. Фразеологиялық бірліктер белгілі  бір дәрежеде лексикалық бірлікке  ұқсап тұрады, номинативтік, көпмағыналық, ауыспалы мағынаға ие бола  алады;

2. Фразеологиялық бірліктер контекстен  тыс тұрганда еркін тіркестермен  омонимдес болып тұрады. Мысалы: контекст болмаса «бұл кісінің  көзі ашылды» деген сөйлемдегі  «көзі ашылды» фразеологиялық  тіркесінің мағынасын түсіне  алмаған болар едік;

3. Көптеген фразеологиялық бірліктердің  тууында тарихи себеп, ұлттық  салт-дәстүрлік негіз болады. Сондықтан  аудармада фразеологизмдердің үлттық  бояуын жеткізу елеулі қиындық  тудырады. Бұл тұрғыдан фразеологизмдер  ұлттық реалия создерге ұқсас  жатады;

4. Фразеологиялық тіркестің компоненттерінің  магынасы олардың тұтас мағынасына  тікелей қатысты болмауы мүмкін. Бұл аудармашыны адастыруы ықтимал;

5.  Фразеологизмдер стилистикалық  тұрғыдан әр түрлі топтарға  қатысты болады.

Фразеологиялық орамдар тіл  білімінде әр түрғыдан едэуір дәрежеде зерттеледі. Алайда оны жіктеуде, шегін  айқындауда тоқтамды түрде келісілген пікір пәтуасы бола қойған жоқ.

Мәселен, оның құрамына күрделі создер де, метафоралық қолданыстар да тіпті  қос сөздер де кіріп жүрген жайттар  кездеседі.

Фразеологиялық бірліктер лингвистикада  соңғы кездерде тұтас шығатын  мағынаға компоненттерінің қатысы жағынан, компоненттерінің тұрақтылығы жағынан  дәлелді түрде жіктеліп жүр. Көпшілік жүгінетін В. Виноградовтың жіктеуі бойынша фразеологизмдер фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек болып болінсе, М.Н. Шанский бұған фразеологиялық сөйлемше дегенді қосады. Қазақ фразеологизмдерінің бірегей зерттеушісі ғалым I. Кеңесбаев бұл бірліктерді негізінен екі арнаға -фразеологиялық түйдек (идиом сипатындағы тіркес), фразеологиялық тіркестерге бөледі. Сонымен қоса фразеологиялық орамдардың мақал-мәтелдерден елеулі айырмасы болатынын ескерте отырып мақал-мәтелдерді де тұрақты сөз тіркесіне жатқызады. /13,218/

Айта кету керек, кейінгі кезде  қазақ тіл білімінде де байқалып жүрген зерттеу тәсілдері - компоненттік талдау жолымен, этнолингвистикалық жолмен фразеологиялық бірліктерді зерттеу аударма теориясы үшін де мол материал, кең мүмкіндік берер еді. Бірақ бұл жолдармен зерттеу айтарлықтай деңгейге жетті деп айта қою қиын.

Сонымен жоғарыда көрсетілген классификациялардың  қай-қайсын алмасақ та құрылымдық-семантикалық тұрғыға - идиомдық және тұрақтылыққа сүйенетінін байқауға болады. Мәселен, тұтастықтар мен бірліктер құрастырушы  сыңарлары өзінің номинативті мағынасынан  түгелдей немесе жартылай айрылып, ол тіркесті тұтас алғанда жеке сезге  бара-бар болып тұрады. Мысалы: қас  пен көздің арасында - жылдам (әңгіме қас пен көз туралы болып тұрган жоқ), сол сияқты: жүрек жұтқан - батыл, бос белбеу - былжыр, түйе үстінен сирақ үйіткен - ебдейсіз, пускать пыль в глаза - обманывать, намылить шею - поругать, во всю Ивановскую - очень громко, лясы точить - болтать пустяки т.с.с. Бұндай орамдардың сыңарларының тіркесуі нормадан өзгеше болуы, құрамында мағынасы көмескі сөздердің кездесуі әбден мүмкін. Ескерте кету керек, орыс тіл   білімінде мақал-мәтелдерді фразеологиялық бірлікке де жатқызады./17,56/

Тіл ғылымында дәлелденген тұрғы  бойынша фразеологиялық тізбектер (Кеңесбаевша, тіркестер) мен сөйлемшелер сыңарлары өзінің лексикалық мағынасын сақтайды да, тек қана сөздердің тіркесу және қолданылу тұрақтылығына қарай тұрақты тізбек құрайды. Бұл топтың құрамына жататындардың қайсы бірі номинативтік қызмет атқарса, қайсы бірі (асқар may, жерден жеті қоян тауып алғандай куану, скалить зубы, құлақ қою, насупить брови т.с.с.) коммуникативтік қызмет атқарады (ум не от возраста, а от головы; у хорошей головы сто рук; сырын білмейтін аттың сыртынан жүрме; пышақ кескендей тыйылды т.б.). Осы тұрғыдан қарағанда тұрақты сөз тіркестерін аударуда екі жүктерге бөлуге болады: идиомдар мен фразеологиялық тіркестер (соңғысына белгілі бір дәрежеде мақал-мәтелдерде дежатқызуға болады). Мақал-мәтелдердің фразеологизмдерге ұқсастығы - оның сөйлеуде дайын күйде қолданылуы. Әрине, бұл жіктердің аударылуын бірдей тұрғыдан қаруға болмайды. Аударма үдерісінде фразеологизмдердің структуралық-семантикалық сипаты ерекше ескерілетіндіктен, бұлардың ауыспалы мағынада жұмсалатындары өзгеше тәсіл қолдануды, тіпті дайын, басқа тілдегі тізбектерді талап етуі ықтимал.

Аударма үшін керекті нәрсе фразеологиялық орамдардың қорытынды мағынасы немесе соны құрастырушы сыңарлардың тұтас  мағынаға қатысы, сыңарлардың айқындық я көмескілік, ерекше маңызға ие болады.

Аударма зерттеушісі Ө. Айтбаев:«... фразеологизмдерді екі топқа  бөліп қарап олардың аудармасын соған орай тексеру қажет. Біріншіден, мағынасы жағынан жеке сөздер мен  сөз тіркесіне бара-бар фразеологизмдер. Бұларға жататындар -идиомдар. Екіншіден, синтаксистік құрамы бір тұтас, тиянақты аяқталған ойды білдіретін фразеологизмдер. Яғни мақал-мәтелдер және басқа түрлері. Бұлай бөліп қарауда мән бар. Зерттеу нәтижесін байқатқандай, фразеологизмдердің бұл екі түрінің аударылғыштық сипаты осылай бөлек қарауды талап етеді» - дейді./16,17/

Сол сияқты Р. Сәрсенбаев аталмыш мақаласында  фразеологиялық бірліктерді табиғаты жағынан әр түрлі екенін ескере отырып аударуда стильдік қызметін сақтау мақсатымен фразеологизмдерді екі топқа  бөліп қарауды ұсынады.

1. Идиомдарды аудару;

2. Тұрақты метафоралық тізбектер мен мақал-мәтелдердің аударылуы. (Сәрсенбаев Р. - Көрсетілген еңбек.)/18, 177/.

Байқап отырғанымыздай, бұл жіктеуде айырмашылық шамалы. ұсынылып отырған  еңбекте біз де осы жолды ұстанбақпыз. Өйткені идиом дайын, одан өзгелері - сөз құраудың нәтижесі. Міне, осы  тұрғыдан біз аудармаға қатысты  фразеологиялық мәселелерді екіге  бөліп қарағанды дүрыс санаймыз: 1. Идиомдарды аудару; 2. тұрақты фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдерді (фразеологиялық сөйлемшелерді) аудару.

F. Мүсірепов үлгісін келтіріп  отырған себебіміз идиомдарды  қанша жерден «аударылмайды»  дегенмен, «қалауын тапса, қарды  да жандыруға» болатыны. Осындай  қалька тәсілімен аударуға келетін  бір идиом «ит үреді, керуен  көшеді» - «Собака лает, караван  движется». Бұған мысал ретінде  «Собака на сене» деген идиомнан  жасалған шығарма атының «Шөп  қорыған ит» болып аударылғанын  да келтіруге болады. Алайда бұл  - идиомдардың аударылуындағы өнімді  тәсіл деп айтуға болмайды. Олай  дейтініміз басқа тілге бір  тілдің идиомдарын қайтсе аударам  деп орынсыз талпынулардан шыққан  жансақтықтар да аударма тәжірибесінде  баршылық. Мәселен, белгілі лингвист  Қ. Жұбанов А. М. Самойловичтің  қазақ тіліндегі «қой үстіне  бозторғай жұмыртқалау», «тайға  таңба басқандай» деген фразеологизмдерін  «заставить жаворонка нести яйца  на овце», «ясно, как то, на  жеребенка положили тавро» деп  аударғанын кешірімсіз олқылыққа  санайды. Бұндай жансақ аудармаға  бірталай мысал келтіруге болады. «Вот где собака зарыта» - «Иттің көмілген жері - осы»; «Перегнуть палку в другую сторону» - «Таяқты басқа жаққа майыстырып жіберу»; «Держать нос по ветру» - «Мұрнын желге тосу» т.с.с. Бұлардың мағынасы түсініксіз екені өзінен-өзі белгілі болып отыр.

Тіл-тілдегі идиомдардың бәрі де құрастырушы сыңарлардың жеке-жеке алғандағы магынасынан тыс тұтас  мағына беретін, жеке лексема тәріздес номинативтік мағынаға ие бірліктер  екені белгілі. Оның үстіне идиомда  ұлттық колориттің қалың болатыны тағы бар. Бұлар әуел баста шыққанда компоненттердің  жеке-жеке ауыспалы мағынада жұмсалып, қазіргі күйде қалыптасып кеткен. Идиомдарда көнерген создердің, реалий сөздердің жиі кездесетінін байқауға болады. Осы тұргыдан келгенде, идиомдарды басқа тілге дәлме-дәл жеткізудің мүмкіндігі азая түседі. Бұған қоса бір тілдің идиомасын басқа тілге  тұрақты соз тіркесі етіп аударудың  мүмкіндігі шамалы.

Тұтас адамзаттың бөлшегі ретіндегі  кез келген халықтың өміріндегі ұқсас  тіршілік пен құбылыстар нәтижесінде  туған фразеологизмдерді бір-біріне дайын балама ретінде пайдалануға  болады. Өйткені ұлт-ұлттың ойлауы, елестетуінде ұқсастық болуы - заңды  нэрсе. Осы тұрғыдан алғанда, кейбір фразеологиялық тіркесті аудару, тіпті, мүмкін емес. Сондықтан бүндай жағдайдағы ұтымды да оңтайлы әдіс - дайын фразеологизмдермен алмастыру. Мысалы: ағама жездем сай - два сапога пара; из одного теста; на один покрой. Малтасын езу - чесать языком, төбесі көкке жеткендей болу - (быть) на седьмом небе, кежегесі кейін тарту — душа не лежит, зарубить себе на носу — жадында ұстау; попадать на седьмое небо - төбесі көкке жету, ац түйенін карны жарылу - пир горой т.е.с. Бұл жерде, тағы айтамыз, қадағалайтын құбылыс - тағы да контекст.

Тұрақты фразеологиялық тіркестер  мен мақал-мәтелдерді (фразеологиялық сойлемшелерді) аудару. Қай тілде болсын фразеологиялық тізбектер мен сөйлемшелер метафоралық жолмен жасалатыны белгілі. Мұндай тізбектер идиомаларға қарағанда құрамындағы компоненттерінің мағынасынан ажырау, жартылай айырылу жағынан ерекшеленеді. Фразеологизмдерді кең де тереңдей зерттеген І.Кеңесбаевтың пікірінше, «Фразеологиялық түйдек (идиом.- Ж.Ж.) пен фразеологиялық тіркестер тілдегі қолдану сәтіне қарай бағзы уақыт бірінің орынына бірі жүріп, ауысып отырады. Бұл екеуінің кей ретте шегін белгілеп, ажыратып алудың өзі қиын./16,.22/ Осы тұрғыдан қарағанда, бұларды аударуда идиомдарга байланысты қолданылатын тәсілді назарда ұстауға да тура келеді. Өйткені фразеологизмдердің бұл түрлерінде де ұлттық бояу болатыны анық, сондықтан оны дәлме-дәл аудару көздеген мақсатқа жеткізе бермейді. Мысалы: слона-то не приметили дегенді көрмес - пілді де көрмес деп аударғаннан гөрі көрмес - түйені де көрмес деп қазақшалаған тиімді болар еді. Сол сияқты палец об палец не ударить деген тіркесті сөзбе-сөз саусағын саусағына соқпау дегеннен гөрі қазаққа екі қолын қусырып отырудың немесе бұрау басын сындырмау дегеннің, делать из мухи слона деген тіркесті шыбынды пілдей ету дегеннен гөрі контекске қарап түймедейді түйедей ету дегеннің бейнелік мәні күшті болады.

Метафоралық тұрақты тізбектердің құрамына енген сөздер белгілі бір дәрежеде өзінің тура немесе ауыспалы мағынасын сақтай алады. Сондықтан бұларға дайын балама іздеу түпнұсқаның стильдік реңін, контекстік мәнін бұрмалауы да мүмкін. Осы тұрғыдан келгенде, оларды аударуға тура келеді. Мысалы: Беречь, как зеницу оқа - көздің қарашығындай сақтау; Утопающий хватается за соломинку - Суға кеткен тал кармайды; Кусать себе палец - Бармағын тістеп қалу; Көзге шыққан сүйелдей - Как бельмо на глазу; Иттей ыза болу - Злиться как собака; Ит біле ме - Пес его знает т.с.с.

Мақал-мәтел, қанатты сөздерді (крылатые вырежения) аударуда өзгеше амалдар іздеуге тура келеді.

Тілдегі мақал-мәтелдер де белгілі  бір дәрежеде тұрақты сөз тіркесіне жатады, ғалымдардың бұларды фразеологиялық сөйлемшелерге жатқызуы да тегін емес. Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдерді жақындастыратын белгі ретінде оларға ортақ мынандай құбылыстарды атауға болады:

1. мақал-мәтелдер де, фразеологизмдер де сөйлеуде дайын күйінде (аздап грамматикалық өзгерістерге ұшырауы да мүмкін) қолданылады;

2. екі біаліктің де құрастырушы сыңарлары тұрақты, бұл сыңарлардың орынын қалай болса солай ауыстырып жұмсауға болмайды;

3. кейбір фразеологизмдер сияқты мақал-мәтелдер де құрастырушы сыңарларының лексикалық мағынасын сақтап тұрады;

Информация о работе Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары