Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 14:06, дипломная работа

Краткое описание

Тарихи түрғыдан аз уақыт өмір сүруіне қарамастан, Қазақстандағы осы институттың билік идеясы өзінің қозғалысын ашып, маңызды өзгерістерге төтеп берді. Оған негіз болған Қазақстанның бірінші Президентінің ұстанған ұлт пен мемлекеттің эволюциялық жолмен даму саясаты [1, с159]. Ол үшін 1995 жылғы Конституция ережелерін 1993 жылғы Қазақстандық Конституциямен салыстырудың өзі жеткілікті.
Бұл қозғалыстан президенттік биліктің күшейіп, заң қабылдау процестері үкімет тиімділігінің жетілдірілгенін, екі палаталық Парламенттің үкіметті тікелей бақылау ауқымының төмендегенін аңғаруға болады.
Бүгінгі күнгі өзгерістер және келешекте орын алар оң өзгерістер тұрғысыыан Қазақстандық президенттік басқару жүйесінің тәжірибесін, онын, өкілдік ерекшеліктерін зерттеу және алып отырған орнына жан-жақты терең баға беру кезекте тұрған өте қажет мәселе.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1 ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ
МЕМЛЕКЕТТЕП ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰҒЫРНАМАСЫ 9
Мемлекеттік билікті басқаруда ерекше орын алатын
Президенттің негізгі қызметі (функциясы) 9
1.2 Президенттік сайлаулар жүйесі 26

2 Қазақстан Республикасы Президенті
өкілеттіктерінің ерекшелІктері 35
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Қазақстан-Республикасы-Президенті-өкілеттіктерінің-ерекшеліктері.doc

— 499.50 Кб (Скачать документ)

"РСФСР  Президентін сайлау туралы" Заңының  қандай да бір шет елдік ұйым мен жеке адамдардың президентке кандидаттың сайлау науқанын материалдық жағынан қолдауына тыйым салуы өте әділетті.

Қазақстан Республикасында  да халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық және діни бірлестіктердің, шетелдік мемлекеттік органдардың, шетелдік занды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың республикадағы сайлауды қаржыландыруына тыйым салынған.

Алайда, егер олардың қаржыландыруға қатысуы  сот арқылы 
дәлелденген   болса, осындай   ұйымдар   мен   жеке   адамдарға   осы

қаржыларды  мемлекет бюджетіне алып, сайлауды ұйымдастыруға жіберу арқылы тиісті санкция белгілеу қажет. Бұдан басқа, сотқа республикалық бюджеттен президентке нақты кандидатты ұсыну және сайлау науқанын өткізу жөніндегі шығындарға бөлінген қаржылардың, шет елдік ұйымдар мен жеке тұлғалардың қаржыландыру сомасының көлемін азайту туралы шешім қабылдау құқығын беру қажет. Мұндай қос жауаптылық завда көрсетілуі шарт. Заңда материалдық қолдаудың шекті сомасын белгілеу қажет. Егер сотта осындай көмек көрсетілгені дәлелденген болса, тиісті санкция қабылдануы керек. Бұл өзгерістерді Қазақстан Республикасының сайлау туралы зандарына енгізген жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Тарау       Қазақстан    Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері

Қазақстанда президенттік институт билігінің қалыптасуы ең алдымен тарихи объективтік факторлар жиынтығынан және субъективтік алғышарттардан тұрады. Бұл алғышарттардың екеуі де жақындап қалған КСРО-ның ыдырауының әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық және идеологиялық шарттармен және қоғамда саяси түбірлі өзгерістер қажеттігінід өсуімен, бұдан әрі мемлекетті басқарудың жаңа, кеңестік дәуірден кейінгі нысанына ауысу шарттарымен тығыз байланыста болды.

Қазақстанда президенттік басқару нысанының  басым болуы бірнеше факторлардан: атап айтқанда, шынайы саяси процесс және қалыптасқан азаматтық қоғам жағдайында саяси партиялардың болмауынан; мемлекеттік органдардың қоғамды, оның тұрақтылығы мен дәйекті дамуын ыңғайлы басқаруға қабілетсіздігінен; өкіметтің күш-жігерін жұмылдыруды қажет ететін құқықтық мемлекеттің бастапқы кезеңінің қалыптасуынан; елдің экономикасын қайта кұру жөнінде жедел де қажетті шешімдерді қабылдау арқылы экономикалық процесстерді реттеу; сондай-ақ азаматтардың елді бір адамның басқаруына үйреншікті мінез-құлқынан тұрады. Сондықтан да Қазақстанда президенттік институттың пайда болуы объективті де, субъективті де факторлардан тұрады.

АҚШ Конституциясында белгіленген "билікті бөлудің" классикалық қағидасы   мен   Европа елдеріндегі "тежемелік пен  тепе-теңдік" жүйесінің

америкалық  үлгісі қазіргі тавда жеткіліксіз. Сондықтан да билікті бөлу қағидасын тереңдете түсіп, атқарушы билікті екі күшті билікке — мемлекет басының билігі мен үкімет билігіне бөліп қана қоймай, саяси-мемлекеттік өмір құрылымын өзгерту де қажет болды.

Қоғамның  саяси-құқықтық болмысын адам мен азаматтың  жеке өмірінің құндылығьша айырықша назар аударылатын ізгіліктіліктіктің жалпыәлемдік бағытына сай даму талаптарына сәйкес болғандықтан оның құқығы мен бостандығы қазіргі тавдағы кез-келген конституцияның негзіы қалауда. Бұл қағида Қазақстан Республикасы Конституциясының да негізін құрайды. Осы орайда Қазақстан Конституциясы президенттік институтты жеке адамның құқығы мен бостандығының кепілі ретінде белгілейді.

Бұл президенттік институттың  табиғатынан: жалпыға тең сайлауы (халық президентті сайлау арқылы оған өзінің құқығы мен бостандығын қорғауды сеніп тапсырады), мерзімділігінен (президент белгілі бір мерзімге сайланады), ауысуынан (бұл лауазым бір немесе екі рет сайлануы мүмкін), сатқындық жасаған кезде президентті қызметтен аластатуға болатын конституциялық мүмкіндіктерден (парламент президентке қарсы кәнә қойып,тексеру жүргізеді)  туындайды.

Президенттік  институттың табиғаты өкілеттігін  жүзеге асыру барысында үнемі басты мақсатты ұстануға — жеке адамның құқығы мен бостандығын стратегиялық қорғауға мәжбүр етеді.

Жеке адамның  құқығы мен бостандығын стратегиялық қорғау тактикалық мүдделермен сәйкес келмей қалуы да мүмкін және көп жағдайда нақты адамдардың күнделікті іс-қимылдары мен құқықтарына сай келмейді, бірақ ол өмірлік қажеттілік, себебі ол бүгіннің жағдайын жасай отырып, әрбір адам мен қоғамның ертеңінің негізін калайды.

Президенттік  институт билікті бөлісу жағдайында негізі функцияны — мемлекеттік механизмде билікті үйлестір ді жүргізеді.

Президенттің  қызметі әкімшілік-басқару функциясын жүргізумен ғана шектелмейді, ол биліктің барлық тармағының үйлесімінен, саяси-мемлекеттік аренада жоғары төрешілік етуден көрінеді. Себебі, биліктің бір тармағына ішбұру басқа бір жүйеде, мемлекетте, қоғамда тұрақтылықтың бүзылуына әкеліп соғады.

Президенттік  институттың мынадай завдылығы  бар екендігін атап өткен жөн: яғни оған дамудың спиральді айналым түрі тән, оның дәлелі — монарх билігі парламентаризммен, билікті бөлісу және сайлау-президенттік билікпен алмасады. Сөйтіп мемлекет басына басты стратегиялық міндеті- өзін сайлаған және мемлекетті мекен еткен басқа халықтың құқығы мен бостандығын қорғайтын президенттік билік келеді. Сондықтан да демократиялық мемлекетті құру кезінде мемлекет басшысы монархия институтына соқпай өтуі мүмкін емес.

Билікті бөлісу қағидасына негізделген мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі президенттің ролі мен алатын орны үкіметтің, парламенттің, сот пен прокуротураның жүмысын үйлестіруге және ең бастысы азаматтар пен      адамның      құқығын      қорғайтын      халықтың      ерік-жігеріне

негізделген.Оның дәлелі- Қазақстан Республикасы Президентінің Конституцияныд 42 бапына сәйкес қызметке тұрғаннан бастап халық алдында ант беруі болып табылады.

Сонымен   Президент,   халық   алдында   қасиетті   ант   беріп,   оның болашағы үшіы жауапкершілікті мойнына алады.

Қазақстанның мемлекеттік дамуының ерекшелігі оның көпұлттылығы жағдайында унитарлық бола отырып, президенттік билікті бір қолға жинақтауда Россиядан да алға шықты. Бұл жағдай Қазақстанда қысқа мерзім ішінде нарықтық реформа жүргізуге мүмкіндік берді, қазіргі тавда Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жағынан ТМД елдері арасыыда алдьщғы орында келеді.

Отандық заңнама  және саяси әдебиеттерде Қазақстанда  президенттік институттың қалыптасу процесіне біршама талдау жасалынып, кезеңге бөлінген [16 ]. Алайда ол ой елегінен толық өткізіліп, жетілдірілмеген.

Осы орайда, А.К.Котовтын, "Орталық Азияның жаңа тәуелсіз мемлекеттерінің егемендігінің қалыптасуы мен ұлттық-мемлекеттіктің дамуының жалпы заңдылықтарына өмір сүрудің өктемшілдік -әміршілдік жүйесінен демократиялық жүйесіне ауысуы және бұл мемлекеттерде президенттік билікті енгізу мен оны нығайтуды жатқызуға болады" деген пікірімен келісуге болады [17 , с 11].

Қазақстанда президенттік институттың қалыптасуының  саяси процесіне едәуір өзгешелік беретін маңызды субъективтік сәтке Ж.Х.Жүнісова да назар аударады. "Достастық мемлекеттерінін, бәрінде,-деп жазады ол,- президенттік институт, Президенттің өзінен кейін, нақты басшыға лайықталынып пайда болуы тарихи жағдай болып қалыптасты" [16,с65].

Ескеретін тағы бір жай, парламентаризм екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі демократиялық әлемде үстем болды. Алайда 70-ші және 90-шы жылдары Латын Америкасы, Азия мен Африкадағы демократияны жақтаушылар өздерінің басты құралы етіп басқарудың таза президенттік нысанын таңдады. Шығыс Европадағы отыздан аса елдің тек бірнешеуі ғана парламентаризмді қалады. Тұтас алғанда, әлем елдерінің басым көпшілігінід мемлекеттік құрылымында (басқару нысаны парламенттік болуына қарамастан) президенттік қызмет бар. Мәселен, 1993 жылы БҮ¥-на мүше болған 183 елдің 130-ын президент басқарған.

Қазақстанда президенттік институттың қалыптасу  кезеңі мен дамуының саяси-құқықтық тұрғыдағы В.А.Малиновский ұсынған анықтамасы нақтырақ.

Бірінші кезең - кеңестік-парламенттік республика - оның пікірінше, 1990 жылғы 24 сәуірдегі "Қазақ КСР-сы Президентінің қызметін құру және Қазақ КСР-ның Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңындағы "Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Басшысы Қазақ КСР-ның Президенті болып табылады" деген формулада көрсетілген.

Екінші кезең - кеңестік-президенттік республика - 1990 жылы 20 қарашада "Қазақ КСР-ында мемлекеттік билік және басқару құрылымын

жетілдіру және Қазақ КСР-ның Конституциясына (Негізгі  Заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңын қабылдаудан басталады. Онда 114 бап мынадай редакцияда берілген: "Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының, оның жоғарғы атқарушы және өкімдік етуші билігінің Басшысы Қазақ КСР-ның Президенті болып табылады".

Үшінші кезең - күшейтілген Жогарғы Кеңесі бар жартылай президенттік республика - мерзімі бойынша 1993 жылғы Конституциямен байланысты. Оның 75 бабында "Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы болып табылады және атқарушы биліктің бірыңғай жүйесін басқарады" деп жазылған.

Қазақстандағы төртінші, қазіргі кезендегі президенттік институттың құрылуы мен қалыптасуын  В.А. Малиновский — бесінші республика — деп атайды. Бұған 1995 жылғы Конституцияны жүзеге асыру кезеңін жатқызған [18, с-30].

Көріп отырғанымыздай, қазақстандық авторлардың республикада президенттік институттың қалыптасу кезеңдерін бөлуі мен негізгі ерекшеліктері шамамен сәйкес келеді. Осы арада қалыпты -—құқықтық жағынан алып қарағанда, Қазақстандағы президенттік институттың қалыптасу кезеңінің басталу уақытын көрсетуде А.Х,Бижановтың белгілі қадам жасағанын айта кеткен жөн. Ал В.А.Малиновскийді "кеңестік республика" (Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі) және "парламенттік республика", "президенттік республика" түсініктерінің мәнін анықтауда оларды қосарлана қолданғаны үшін кінәлауға болады. Бірінші ұғымға бір партиялы билік , ал екіншісіне — мемлекетте биліктің бөлінуі тән болады. Кеңестік өкілдік жүйе негізіне депутаттың өкімдік мандаты жатады; парламентаризм кәсіби және парламентарийлердің тәуелсіз мандаты негізінде құрылады.

Алайда, бұл  екі ғылыми тұжырымдарға ортақ методологиялық 
сипаттағы бір кемшілік бар.  Авторлар "Қазақстан        Президенті

қызметі" және "президенттік билік институты" категорияларын өз пайымдаулары бойынша теңестіре отырып алатын секілді. Алайда, бұл екі ұғым бір емес.

Біздің кеңестік дәуірден кейінгі жаңа тәуелсіз Орта Азия мемлекеттерінде президенттік қызметті енгізу мен осы елдерде саяси жетекшілердің болу заңдылықтары көріністерінің үздіксіздігіне айырықша назар аударуымыз жайдан-жай емес еді. Себебі ескі номенклатуралық-партиялық элита болғанымен мемлекет басшылары (тек Тәжікстаннан басқа) жаңа жолға түскен тәуелсіз мемлекеттерді ешқандай қақтығыссыз алып шығуға ұмтылуда.

Президенттік  билік институтының қалыптасу процесін талдай отырып, еш бір жағдайда, 1990 жылдың 24 сәуіріне дейін мемлекеттің басшысы қызметін елдің алқалы президенті аталып кеткен Жоғарғы Кеңестің Президиумы [19, с 277] атқарғанын және 90-шы жылдардың басына дейін сол кездегі Қазақ КСР-ның Конституциясына қарқынды түрде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кезеңін айналып өтуге болмайды. Алайда,

өкінішке  орай, А.Х.Бижанов та, В.А.Малиновский  де "президенттіктің" бірыңғай процесіндегі деңгейлік сипаттама жағдайын есепке алмаған.

Мемлекеттегі  жоғарғы бірыңғай билікті тұлғалаудағы, жеке жауапкершілікті бекітудегі және қазақстандық қоғамның партиялық-кеқестік ұжымдық жауапсыздықтан бас тартуының алғашқы қадамы ретінде 1989 жылдьщ күзіндегі оқиғаны ерекше бөліп көрсету қажет. 1989 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінің он бірінші шақырылған XIV съезі "Республикада саяси қайта құруларды одан әрі жүзеге асырудың шаралары туралы" мәселе қарады. Оның қорытындысы бойынша Қазақ КСР-нық "Қазақ КСР-ның Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң қабылданды, онда 1978 жылғы Республика Конституциясындағы басқа новеллалармен бірге Қазақ КСР-ньщ Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүлде өзгеше ережесі енғізілді. Ол заңға өзгертулер енгізу және нормативтік жарлықтар шығару құқығынан айырылды.

Басқа жағынан алып қарағанда, бұл Заң Қазақстанның мемлекеттік құрылысында тұңғыш рет заңды түрде "мемлекеттің жоғары лауазымды түлғасын" енғізді. Ол ел ішінде және халықаралық қатынастарда республиканың өкілі болып табылатын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы болды [20).

Қазақ КСР-ы  Жоғарғы Кеңесінің Төрағасын  Жоғарғы Кеңес депутаттар арасынан жасырын дауыс беру арқылы бес жылға және екі мерзімнен аспайтын уақытқа сайлайтындығы бекітілді. Оған сонымен бірге Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы міндеті және Жоғарғы Кеңесте төрағалық ету жүктелді.

Констшуциялық түзетулер бойынша Қазақ КСР-ы  Жоғарғы Кеңесінің Төрағасына мынадай өкілеттіктер берілді:

1) Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінід қарауына жататын  мәселелерді 
дайындауға жалпы басшылықты жүзеге асыру;

  1. Қазақ КСР-ының зандарына және Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесі 
    мен    Қазақ КСР-ы Жоғарғы   Кеңесінің Президиумы қабылдаған 
    басқа да актілерге қол қою;
  2. Қазақ КСР-ы Жоғарғы      Кеңесінде республиканың хал-ахуалы 
    және   Қазақ КСР-ының маңызды ішкі және сыртқы саясатының 
    қызметі туралы баяндама жасау;
  3. Қазақ КСР-ының   Жоғарғы     Кеңесіне Қазақ КСР-ы Жоғарғы 
    Кеңесі   Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне, Қазақ КСР 
    Жоғарғы        Кеңесі  Төрағасының  орынбасарлары  қызметтеріне 
    кандидатуралар, сондай-ақ Қазақ КСР-ы конституциялық бақылау 
    Комитетінің жеке құрамы туралы ұсыныс енгізу;
  4. Қазақ КСР-ының Жоғарғы      Кеңесіне Қазақ КСР Министрлер 
    Кеңесінің Төрағасы, Қазақ КСР халықтық бақылау комитетінің 
    Төрағасы, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасы, Қазақ КСР- 
    иың  мемлекеттік  Бас     арбитрі  қызметтеріне  тағайындау  үшін 
    каыдидатуралар ұсыну;

Информация о работе Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері