Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 14:06, дипломная работа
Тарихи түрғыдан аз уақыт өмір сүруіне қарамастан, Қазақстандағы осы институттың билік идеясы өзінің қозғалысын ашып, маңызды өзгерістерге төтеп берді. Оған негіз болған Қазақстанның бірінші Президентінің ұстанған ұлт пен мемлекеттің эволюциялық жолмен даму саясаты [1, с159]. Ол үшін 1995 жылғы Конституция ережелерін 1993 жылғы Қазақстандық Конституциямен салыстырудың өзі жеткілікті.
Бұл қозғалыстан президенттік биліктің күшейіп, заң қабылдау процестері үкімет тиімділігінің жетілдірілгенін, екі палаталық Парламенттің үкіметті тікелей бақылау ауқымының төмендегенін аңғаруға болады.
Бүгінгі күнгі өзгерістер және келешекте орын алар оң өзгерістер тұрғысыыан Қазақстандық президенттік басқару жүйесінің тәжірибесін, онын, өкілдік ерекшеліктерін зерттеу және алып отырған орнына жан-жақты терең баға беру кезекте тұрған өте қажет мәселе.
КІРІСПЕ
3
1 ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ
МЕМЛЕКЕТТЕП ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰҒЫРНАМАСЫ 9
Мемлекеттік билікті басқаруда ерекше орын алатын
Президенттің негізгі қызметі (функциясы) 9
1.2 Президенттік сайлаулар жүйесі 26
2 Қазақстан Республикасы Президенті
өкілеттіктерінің ерекшелІктері 35
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66
Парламенттік Республикада халы
ратификациялауды
іске асыруда Парламенттің орны ерекше.
Осылайша
Германия Федеративтік Республикасында
Үкімет өкілдері шарттарға қол
қояды. Парламент депутаттарының басым
көпшілігінің келісімімен
ратификациялайды және бекіту үшін Президентке
тапсырады. Мемлекет
басшысы іс
жүзінде Үкімет мақұлдаған
және Парламент
ратификациялаған қандай да бір шартты бекітпеуге құқығы жоқ. Жоғарғы заң шығарушы органның мақұлдауын қажет ететін халықаралық шарттарды есептемегенде, Президент заң шығарушылардың келісімін талап етпейтін мемлекетаралық шарттар мен келісім шарттарға қол қоюға құқылы. Осы сипаттағы халықаралық актілерге қол қою құқығы президенттік, парламенттік, жартылай президенттік (мемлекетте) басқару жүйесінде де Конституциялық негізде президенттің құзіретіне беріледі. Германия Федеративтік Республикасының негізгі заңы Федералдық Президенттің әкімшілік сипаттағы мемлекетаралық шарттар мен келісім шарттар жасау құқығын бекітеді. Федералды Президент халықаралық құқықтық қатынастарда Федерация атынан әрекет етеді. Елшілерді тағайындайды және қабылдайды. Германия Федеративтік Республикасының негізгі заңы бойынша Федералды Президентке қарулы
күпітерге қатысты ешқандай өкілеттік берілмеген.
Мемлекеттік
басқарудың әр түрлі жүйесіндегі
президент функцияларын
қарастырудьщ өзіндік объективті
қиыншылықтары бар, себебі бірқатар
елдерде бүл функциялар сан алуан нысан
қабылдаған. Мәселен, Италия
парламенттік республика болып саналады,
бірақ бұл ел президентінің
парламентті тарату және
вето құқығы функциясы бар. Үндістан да
парламенттік республика болып саналады,
алайда бұл мемлекет
президентінің функциясына парламенттің
екі палатасының бірлескен
мәжілісін шақыру құқығы да кіреді. Эстонияда
мемлекет басшысы
жартылай президенттік
республикадағы президенттің көптеген
функцияларына ие, алайда қарулы күштерге жетекшілік ету жөніндегі функцияны ол емес, қорғаныс министрімен бірлесе отырып премьер-министр жүргізеді [12, с 250].
Құқықтық құбылыстардың себеп-салдарлы байланысын зерттеуде қажетті логикалық-танымдық құрал болып табылатын салыстырмалы құқықтанушылық әдісін пайдалана отырып, басқарудың түрлі нысандарының өзгешелік дәрежесі мен қызметінің тиімділігі мәселесін анықтау маңызды болып табылады. Бұл себептер мен байланыстарды анықтау құқықтық құбылыстардың терең мәнді қағидаларын ашуға, олардың даму заңдылықтарын тануға жетелейді.
Салыстыру тиімді, жемісті болу үшін екі шартты қатаң сақтау қажет.
Бірінші шарт: араларында нақты, объективті ортақтық бар құбылыстар ғана салыстырылуы тиіс, яғни, объектілер біртекті және салыстыруға келуі шарт, былайша айтқанда, өзара байланысты болулары қажет.
Екінші шарт: салыстырылатын объектілердің мақсаты мен салыстыру шекарасын есепке ала отырып, неғұрлым мәнді деген белгілерін салыстыру керек, яғни салыстыру объектілері нысаны жағынан ғана емес, сонымен бірге ішкі мазмұны жағынан да қатар тұруы қажет.
Бұл екі шарттың негізі тарихи, экономикалық және мәдени жағдайлармен үйлесім табуы қажет. Ресей президенті институтының нормаларын АҚШ немесе Франциямен тікелей салыстыру туралы әңгіме болуы мүмкін емес, алайда бұл әдісті пайдалануды толығымен жоққа шығаруға да болмайды. Дегенмен, жекелеген заңгер ғалымдардың, мәселен, "бізге президенттік биліктің қайсы үлгісін толық алу қажет — француздық па әлде американдық па" деп мәселені тікелей қойған заң ғылымдарының докторы В.Кабышевтін, пікірімен келіспеуге де болмас [23].
Парламенттік (нақтырағы —парламентарлық) басқару нысанында үкіметті парламенттегі ( көбіне оның төменгі палатасында) көпшілік дауысқа ие партиялар құрайды. Үкімет парламент пен оның төменгі палатасы алдында саяси жауап береді. Бұл жауаптылық тек заң үшін болады және ол үкімет бірде-бір занды бұзбаған жағдайда да орын алуы мүмкін. Бұл жауаптылық әр түрлі занды нысандар арқылы білдіріледі. Ең күшті нысан- парламент тарапынан сенімсіздік білдірілуі немесе үкімет өзі сенім туралы мәселе қойған жағдайда парламенттің сенім білдіруден бас тартуы болып табылады. Бұл жағдайда үкімет қызметінен кетеді немесе заң шығару мен атқарушы билік арасындағы тартыста кімдікі дүрыс екендігін сайлаушылардың өздері шешуі үшін президентке парламентті тарату (оның төменгі палатасын) және жаңа сайлаулар өткізу жөнінде ұсыныс жасайды.
Ең әуелі, "парламенттік" және "жартылай президенттік" республикалардағы президенттердің қүқығын салыстыру орынды болар еді. Бүл ерекшеліктіқ мәні президент, парламент және үкімет арасындағы өзара қарым- қатынаста жатыр.
Парламенттік және "жартылай президенттік" республикалардағы мемлекет басшысының құқықтық жағдайына және Америка Құрама Штаттары, Ресей, Француз Республикасы Президенттері институттарының жекелеген нормаларына жоғарыдағыдай салыстырмалы-құқықтық талдау жасауға үмтылудан мынадай қорытынды шығады:
"Күшті" атқару билігіне жақын үлгідегі президенттік қызметті тағайындау бірнеше себептерге байланысты орын алып отыр. Атап айтқанда:
• Азаматтық қоғамды қалыптастыру процесінің басталуы және жаңа
қоғамдық-саяси ұйымдар мен бірлестіктер, қозғалыстар мен
партиялар құру, барлық таптар мен қазақстандық қоғамның
әлеуметтік топтарының саяси белсенділігінің артуы.
1.2 Президенттік сайлаулар жүйесі
Мемлекет басшысын сайлаудың негізгі үш үлгісі бар. Грецияда, Италияда, ГФР —да Президентті Парламент сайлайды. АҚШ пен Үндістанда тандаушылар арқылы сайланады. Францияда, Австрия мен Мексикада — төте және жасырын дауыс беру арқылы жалпыхалық сайлау арқылы сайланады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, Германия Федеративтік
Республикасында
Президентті Парламент
Греция, Португалия, Чехия, Словакия, Полыпа, Венгрия мемлекеттеріндегідей Германия Федеративтік Республикасьшың Президенті де бес жыл мерзімге сайланады. Германия Федеративтік Республикасындағы Президент сайлауына басқа да елдердегідей белгілі бір талаптар қойылады. Бұл талаптар Германия Федеративтік Республикасының негізгі заңының 54 бабында көрсетілген. Біріншіден, ұлттық этникалық талап, яғни, президентке кандидат міндетті түрде ГФР азаматы болуы керек (әр бір неміс президент бола алады). Екіншіден, сайлаыу құқығы болуы қажет, яғни, оның Парламенттің төменгі палатасына сайлану құқығы болуы керек. Дәл осындай нормалар Австрияда да қолданылады. Үшіншіден, жас талабы, яғни, Президенттікке кандидаттын, жасы қырықтан төмен болмауы тиіс. Германия Федеративтік Республикасының Президентін бір мәрте ғана қайта сайлауға жол беріледі.
Федералды Президент қызметке кірісу барысында Бундестаг және Бундесрат мүшелерінің алдында ант қабылдайды. Германия Федеративтік Республикасында Президент қызметке кідірместен, дереу кірісіп кетеді.
Бұрынғы КСРО Президентін сайлауда халық депутаттары съезі арқылы сайлау пайдаланылды. Ресейдін, бірінші Президентін сайлауда жалпыхалықтық дауыс беру үлгісі пайдаланылды. Бұл үлгі несімен қызғылықты?
Францияда бұл үлгіні таңдау кездейсоқ емёс, себебі француз мемлекеті басшысының жағдайы едәуір ерекшеліктерге ие. Бұл ең алдымен, Бесінші республика негізін қалаушы генерал Шарль де Голльдің жетекшілігімен жазылған және Франциядағы қазіргі Негізгі Заңнан өзінің жарқын көрінісін тапқан президенттік биліктің бүкіл концепциясына байланысты түсіндіріледі. Бұл концепцияның бастысы, президенттің халық алдында тікелей есеп беруі, зандылық пен тәуелсіздіктің жарқын бейнесі болатын халықтармен және осы тәуелсіздікті білдіретін адаммен байланысы болып табылады. Бесінші республика президентінің пікірі бойынша президент пен халық арасында өзіндік келісім шарт жасалынады, оны өзі сайлаған жетекшіге сенім білдіруден бас тарту арқылы халық қана бұза алады.
Бұл жеті жылда бір рет өтетін
жалпы сайлаулар арқылы мемлекет
басшысын тікелей сайлаумен
қамтамасыз етіледі. Президентке елді
дамытудың ірі жобаларын жүзеге асыру
үшін, мемлекеттік биліктің
мұрагерлігін қамтамасыз
ету үшін, ағымдағы саяси және партия аралық
күреске тәуелсіз болмау
үшін жеткілікті мерзім қажет. Франция
Президенттігіне кандидатқа дауыс беру елде мажоритарлық жүйеде, барлық іс-қимыл ең ұсақ тетігіне дейін ойластырылған екі турда өтеді. Президенттік қызметке кандидат:
Осы талаптарды орындаған кез-келген адам 20 күннен аспайтын мерзім ішінде және қызмет жасап отырған президенттің өкілеттік мерзімі аяқталғанға 35 күн қалғанға дейін кешіктірілмей дауыс берудің бірінші турына кандидат ретінде тіркеледі. Сайлау науқаны "Журнал офисьель" ресми бюллетеньде президенттік қызметке кандидаттар тізімі жарияланғаннан кейін басталады. Бұл сайлаудың бірінші турына 2 апта қалғанға дейін кешіктірілмей өткізіледі. Бірінші турдың алдындағы науқан екі аптаға, (әрдайым жексенбі күні өтетін келесі дауыс беруге дейінгі жұма күнгі 24-00 сағатта аяқталады), ал екінші турдың алдында — бір аптаға созылады. Оның өтуін құрамына мемлекеттік кеңес төрағасының орынбасары, кассациялық соттың және есептеу палатасының бірінші төрағалары, сондай-ақ олардың екі өкілі енген арнайы комиссия бақылайды.
Америка Қүрама Штаттары Конституциясының 1 бөлімінің П бабына сәйкес осы елде туган, онда кем дегенде 14 жыл өмір сүрген, 35 жасқа толған кез-келген азамат АҚШ Президенті болып сайлана алады.
Саяси партиялар президенттің "келбетіне" байланысты өз талаптарын жасады: ол тәртіп бойынша, ақ адам, протестант, шешен, университет түлегі, үлгілі отағасы болуға тиіс, спортпен шұғылданып, төрешілдікке икемді болуы керек, бюрократизм мен қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуі шарт. Ол А. Линколнь секілді деревняның қарапайым үйінен Ақ үйге дейін жол салған адам болып көрінуі қажет.
Президент екі төртжылдық мерзімнен артық мерзімге сайланбауы керек. Бұл шектеу президенттік мерзімде төрт жыл отырған Рузвельт өнегесі қайталанбас үшін 1951 жылы конституцияға XXII түзету арқылы енгізілген болатын.
АҚШ Президентін сайлау - өте күрделі процесс. Ол негізгі үш кезеңнен тұрады: партияның ішіндегі ниет білдірушілердщ сайлау алдындағы күресі, екі партиядан президентке ресми кандидаттардың сайлау науқаны, ел президентін сайлау.
Бірінші кезең бірінші ниет білдіруші өз кандидатурасын президенттік қызметке ұсынған кезден және оның сайлау округінде қаржы жинау мен үгіт жүргізуінен басталады. Сайлаушылардың тиісті санын жинаған кез-келген саяси партия өз кандидатураларын ұсын.уға құқылы.
Сайлау алдындағы сөрелік "жарыс" сайлау жылындағы ақпан айынан бастап шілдеге дейін созылатын президенттікке кандидаттардың "праймериздердің" бірінші сайлауымен аяқталады. "Праймершдерден" кейін талапкерлердің саны едәуір қысқарады.
Оларды тек ұлттық партия съездері бекіткеннен кейін ғана талапкерлер АҚШ Президенті қызметіне партиялардың ресми кандидаты бола алады. Съезд делегаттары саяси дәстүрге сәйкес, бірінші турдағы өз дауыстарын өз сайлау округіндегі праймериз барысында жеңіске жеткен талапкерге беруі тиіс.
Информация о работе Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері