Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 14:06, дипломная работа
Тарихи түрғыдан аз уақыт өмір сүруіне қарамастан, Қазақстандағы осы институттың билік идеясы өзінің қозғалысын ашып, маңызды өзгерістерге төтеп берді. Оған негіз болған Қазақстанның бірінші Президентінің ұстанған ұлт пен мемлекеттің эволюциялық жолмен даму саясаты [1, с159]. Ол үшін 1995 жылғы Конституция ережелерін 1993 жылғы Қазақстандық Конституциямен салыстырудың өзі жеткілікті.
Бұл қозғалыстан президенттік биліктің күшейіп, заң қабылдау процестері үкімет тиімділігінің жетілдірілгенін, екі палаталық Парламенттің үкіметті тікелей бақылау ауқымының төмендегенін аңғаруға болады.
Бүгінгі күнгі өзгерістер және келешекте орын алар оң өзгерістер тұрғысыыан Қазақстандық президенттік басқару жүйесінің тәжірибесін, онын, өкілдік ерекшеліктерін зерттеу және алып отырған орнына жан-жақты терең баға беру кезекте тұрған өте қажет мәселе.
КІРІСПЕ
3
1 ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ
МЕМЛЕКЕТТЕП ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰҒЫРНАМАСЫ 9
Мемлекеттік билікті басқаруда ерекше орын алатын
Президенттің негізгі қызметі (функциясы) 9
1.2 Президенттік сайлаулар жүйесі 26
2 Қазақстан Республикасы Президенті
өкілеттіктерінің ерекшелІктері 35
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66
Бұл салада АҚШ президенті де кең өкілеттіліктерге ие, ол әрі үкімет Кабинетінід басшысы болып саналады. Кабинетке елдегі кұқық тәртібін сақтауға жауап беретін негізгі құрылымдардың министрлері де кіреді.
Олардың бәрін президент өзі іріктеп, тағайындайды. Мемлекетте заңдылықтың сақталуында АҚШ президенті жанындағы атқарушы аппаратқа кіретін Ұлттық қауіпсіздік кеңесі де үлкен роль атқарады. Бұдан бөлек, АҚШ президенті федералдық атторнейлік қызмет басшысын, мемлекеттің кұқық қорғау органдары жүйесіндегі маңызды буын болып саналатын және мемлекет атынан қылмыстық іс қозғау, заң бұзушылықты тергеу, сотта айыптауды қолдау және құқық бұзушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту өкілдігі берілген - бас атторнейді тағайындайды. Айырықша жағдайларда АҚШ президенті мемлекетте құқық тәртібін сақтау үшін елге төтенше жағдай енгізуге құқылы. Корея Республикасы, Боливия, Мексика, Алжир, Конго және Филиппин президештері де осындай функцияларға ие.
5)
Экологиялық функция - қазіргі кезде президент
қызметінің маңызды
бір бөлігі
болып табылады,
себебі адамзаттың,
мемлекеттіліктің өмір сүруі экология жағдайына тікелей байланысты. Бұл бағыттағы президент қызметі табиғат қорғау зандарын жетілдіруге шоғырланған.
Осы қьізмет салдарынан көптеген елдерде қазіргі кезде табиғатты қорғау туралы ұлттық бағдарламалар жасалып, жұмыстар атқарылуда. АҚШ-та мәселен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық саясат туралы зац қабылданған, ауаның, су қоймалары мен жердің өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен ластануын болдырмау жөнінде ұзақ мерзімге арналған бағдарламалар жасалынған. Қоршаған ортаны адамдар қызметінін, жағымсыз әсерінен қорғаудың нақты алдын-алу шаралары қарастырылған. АҚШ президенті жанында кеңесші орган - қоршаған ортаның сапасы жөніндегі кеңес, сондай-ақ табиғат қорғау завдарының орындалуына бақылау жасау өкілеттігі берілген табиғат әлемін қорғау жөніндегі федералдық агенттік жүмыс істейді [8 ].
Бразилия, Кипр, Колумбия, Оңтүстік Африка Республикасы, Франция және басқа да бірқатар елдердің президенттері қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті, экологияны бүзғаны үшін заң алдында жауапқа тарту шараларын қарастыратын заң актілері жүйесінің қызметін реттеу мен бақылауды жүзеге асырады.
Президенттің сыртқы функциясы мемлекетті халықаралық аренада көрсету жөніндегі қызметінің басты бағыттарын құрайды. Олар мемлекеттің: басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын қалыптастыруды және қолдауды, елді сыртқы басқыншылықтан қорғауды қамтамасыз ету секілді сыртқы міндеттерін шешуге бағытталған. Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға сәйкес президенттің екі негізгі сыртқы функциясын бөліп қарауға болады:
1. Әлемнің басқа мемлекеттерімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту функциясы тең құқықтық экономикалық, саяси, мәдени және осы мемлекет мүдцесінің барлық мемлекеттердің нақты және ортақ
мүдделерімен үйлесімді сәйкес келетін басқа да қатынастарын дамыту жөніндегі президент қызметі болып табылады. Барлық өркениетті мемлекеттердің шаруашылық, саяси және мәдени өмірін интеграциялау, олардың ортақ күш-жігерін жеке алғанда әр мемлекеттің ішкі және тұтас әлемдік қауымдастық мәселелерін неғұрлым тиімді шешу үшін біріктіру осыны талап етеді. Мұндай ынтымақтастық интеграциялық мәселелерді шешудің өзара тиімді жолдарын қарастырудағы, ынтымақтастыққа қатысушылардың ортақ күш-жігері арқылы барлығының мүддесіне сай келетін шешім табудағы президенттердің ортақ қызметін білдіреді.
2. Елді сыртқы
басқыншылықтан қорғауды
Қазірғі заманғы
президенттердің басым
Елді сыртқы басқыншылықтан қорғауды қамтамасыз етудегі президенттің функциясы сан қырлы. Оған президенттің мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтудағы, бейбітшілік және соғыс уақытында қарулы күштердің әскери қуатын қолдаудағы барлық қызметі жатады. Бұл функция мемлекеттің әскери доктринасына сүйенеді және негізгі бес бағыттан түрады, олар: елдің қорғаныс қабілетін күшейту; қарулы күштерді күнделікті жетілдіріп отыру, олардың жауынгерлік қабілетін үнемі көтеру; мемлекеттік шекараны қорғау; азаматтық қорғанысты ұйымдастыру; қарулы күштер қорын оқып - үйрету.
Президенттердің аталған функцияны орындауына бірқатар елдерде (АҚШ, Франция, Италия, Түркия) олардың жоғарғы бас қолбасшы және үкімет басшысы болулары (АҚШ , Чили, Ирак т.б.) ықпал етеді немесе жоғарғы атқарушы билікті үкімет басшысымен бөліседі (Сербия, Литва, Эстония, Монғолия т.б.), қарулы күштердің лауазымды тұлғаларын тағайындайды, марапаттау мәселелерін қарайды, заң шығару құқығы бар және өз қарауы бойынша заңның күші бар жарлықтар шығарады (АҚШ, Франция, Панама, Польша жәнет.б.).
Франция Президенті неғұрлым кен, сыртқы функцияларға ие, "ол тек елдід сыртқы саясатын жүргізіп қана қоймайды, сонымен бірге ол жөнінде үкіметті хабардар етіп отырады" [3, с 452 ]. Мәселен, Француз үкіметі 1961 жылы шілдеде Бизертуға шабуыл жасау, 1964 жылдың ақпанында Габонға француз әскерлерін жіберу туралы мәселелерді талқылаған емес. Президент де Голль ( бұл мәселелер жөнінде үкіметті хабардар ғана еткен) маңызды мәселелерді өзі шешті және НАТО, Вьетнам, Алжир, Б¥¥ және Квебекке қатысты Францияның бағытын өзі белгіледі [9, с 180 ].
Мемлекеттік басқару жүйесі мен президенттік басқару үлгісіне байланысты президент функцияларына нақтырақ тоқталайық.
Әртүрлі елдерде түрлі басқару жүйесінің пайда болуы көптеген факторларға тіреледі. Бүл процеске елдің тарихи дамуының ерекшеліктері, оның саяси мәдениетінің өзгешелігі, мемлекеттілік дәстүрі, конституция жасау мен қабылдау кезіндегі саяси күштердің арасалмағы өзіндік таңбасын қалдырады. Басқару жүйесін тавдауға жетекші саяси басшының тұлғасы ретінде субъективтік фактор да үлкен роль атқарады (мәселен, АҚШ-та Д.Вашингтон), мемлекеттік билік пен басқарудың барлық құрылымы едәуір деңгейде сол тұлғаға лайықталады. Осыған орай, бір елдерде мемлекет басшысы функциясын конституциялық монарх немесе президент атқаратын басқарудың парламенттік жүйесі қалыптасып, бірақ нақты атқару билігі парламент алдында есеп беретін үкімет қолына жинақталған болса, енді бір елдерде - өзге саяси институттармен теңестірілгеғі немесе өз өкілеттілігі жағынан заң шығарушы және сот билігінен асып түсетін күшті президенттік билік құру жүйесі басым.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, президенттік институт алғаш рет АҚШ-та дүниеге келген. Өздерінде президенттік қызметті енгізе отырып, "негізін қалаушы -әкелер" соңғы екі жүзжылдыққа кеткен президенттіктің американдық үлғісін қалыптастырудың тұғырын қалады, бұл үлгі аяқталған түрінде көпе-көрнеу айырықша болды және оның көптеген элементтерін басқа елдің саяси жүйесі қабылдағанына қарамастан ол толық көлемде тек АҚШ-та ғана жүзеге асырылды.
АҚШ Конституциясын жасаушылар мемлекет басшысы мен үкімет басшысы функцияларын бір қолға жинақтаған күшті, жеке-дара басқаратын президенттік билік кұрып қана қоймай, сонымен қатар бірегей атқарушы биліктің жеке билік тәртібіне айнальш кетуіне кедергі жасайтын, зад шығарушы, атқарушы және сот билігін, бұл биліктерді бір-біріне қатысты өзара "тежемелік" және "тепе-теңдік" жүйесімен толықтыра отырып, бөлу қағидасын бекітті. Тәжірибе жүзінде президенттіктің американдық үлгісі өзінің негізгі функциялары жағынан мына төмендегідей ретте көрінеді:
Ю.Президент орын босаған жағдайда АҚШ Жоғарғы Сотының мүшелерін тағайындайды.
Президенттік басқарудың
американдық үлгісіндегі
Президенттіктің
американдық үлгісіндегі
Латын Америкасы
елдерінде президенттік институт функциясы
мемлекеттік институт функцияларының
бәрінен басым, ал бұл елдердің
парламенттері АҚШ Конгресі сияқты атқарушы
билікке бақылау жасай
алмайды. Латын Америкасы
мемлекеттері Президенттерінің АҚШ
Президентінен айырмасы,
олар өзінің үкіметтік кабинеттерін өз
қалаулары
бойынша құра алады, және
бұл елдердің Конституциясында үкімет
қызметіне Президенттің тағайындауларын
Парламенттің бекітуі
қарастырылмаған. Бірнеше латынамерикандық
елдер мемлекеттік
құрылымдарының
нысандарына қарай өздерін
жариялауына
қарамастан, бұл елдердің
Президенттері АҚТТТ
Президентінің функциясына тән емес, штат губернаторларын орнынан алып тастауға дейін баратын, федералды субъектілердің ісіне федералдық интервенция [2, с 20] деп аталатын заңдастырылған функцияны жүргізе алады. Латын Америкасы елдері Президенттерінің мемлекеттің саяси экономикалық айналымындағы функциялары едәуір кең. Бұл көптеген латынамерикандық елдерде Президенттер басқаратын үкіметтің тікелей бақылауындағы мемлекеттік компаниялардың көптігімен сипатталады.
XIX ғасырда көптеген Латын Америкасы
елдерінде президенттік
басқару нысанының қалыптасуына
қарамастан, осы құрылықтағы
барлық дерлік елдердің саяси тарихындағы көптеген әскери төңкерістер салдарынан президенттік биліктің зандастырылуы мен мәртебесіне бірнеше рет нұқсан келген, президенттік басқарудың ең қысқа кезеңін әскери төңкерістер үзіп отырған, нәтижесінде армияны басқарушы топ заңды жолмен сайланған президенттерді құлатып, билікті мүшелерінің бірін президент етіп сайлайтын әскери хунтаға беріп келген. Өткен кездерде де, қазіргі уақытта да Латын Америкасында Президенттіқ өзі мемлекеттік төңкерісті басқарып, Парламентті қуып, жеке үстемдігін орнатқан жағдайлар кездесіп отырған. Тұтас алғанда, осы уақытқа дейін барлық саяси институттардың, соның ішінде президенттік институттың да (ендеше, оның функционалдық міндеттерінің де) армия мен генералитетке тәуелді болуы Латын Америкасы елдері саяси жүйесіне тән сипат.
Информация о работе Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері