Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 14:06, дипломная работа

Краткое описание

Тарихи түрғыдан аз уақыт өмір сүруіне қарамастан, Қазақстандағы осы институттың билік идеясы өзінің қозғалысын ашып, маңызды өзгерістерге төтеп берді. Оған негіз болған Қазақстанның бірінші Президентінің ұстанған ұлт пен мемлекеттің эволюциялық жолмен даму саясаты [1, с159]. Ол үшін 1995 жылғы Конституция ережелерін 1993 жылғы Қазақстандық Конституциямен салыстырудың өзі жеткілікті.
Бұл қозғалыстан президенттік биліктің күшейіп, заң қабылдау процестері үкімет тиімділігінің жетілдірілгенін, екі палаталық Парламенттің үкіметті тікелей бақылау ауқымының төмендегенін аңғаруға болады.
Бүгінгі күнгі өзгерістер және келешекте орын алар оң өзгерістер тұрғысыыан Қазақстандық президенттік басқару жүйесінің тәжірибесін, онын, өкілдік ерекшеліктерін зерттеу және алып отырған орнына жан-жақты терең баға беру кезекте тұрған өте қажет мәселе.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1 ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ
МЕМЛЕКЕТТЕП ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰҒЫРНАМАСЫ 9
Мемлекеттік билікті басқаруда ерекше орын алатын
Президенттің негізгі қызметі (функциясы) 9
1.2 Президенттік сайлаулар жүйесі 26

2 Қазақстан Республикасы Президенті
өкілеттіктерінің ерекшелІктері 35
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Қазақстан-Республикасы-Президенті-өкілеттіктерінің-ерекшеліктері.doc

— 499.50 Кб (Скачать документ)

Сонымсн қатар, президенттіктің қазіргі латынамерикандық үлгісінде президент функциясының жағымды жағына жататын бірқатар маңызды демократиялық элементтер де кездеседі. Біріншіден, бұл құрлықтағы бірқатар елдердің Президенттері бір мерзімге сайланады және қайта сайлану құқығынан айырылған, бұның өзі жеке билік тәртібін қүру мүмкіндігін азайтады. Екіншіден, көптеген Латын Америкасы елдерінде бүрыннан көптеген көппартиялық жүйе жұмыс істеуде, ол президенттік биліктің парламенттік және парламенттен тыс оппозициясының құрылуына жағдай жасайды және президент функциясына белгілі бір өзгешеліктер жүктейді. Үшіншіден, сот билігі өз тәуелсіздігін күшейтуде, оған жақында ғана парламент және сот билігінің шешімімен Бразилия және Венесуэла Президенттерінің билік басынан кетуі куә бола алады. Президенттерді әскери төңкеріс арқылы орнынан алып отырған Латын Америкасы елдерінде тиісті құқықтық рәсімдерге негізделген президент импичменті жаңа бетбұрыс болып табылады [10, с 21].

Оңтүстік  Америкадағы президенттік билік  демократиясының және оның құқықтық мәртебесі күшеюінің маңызды белгісінің бірі мемлекеттің қарулы күштеріне басшылық және әскерге бақылау жасау арқылы президент функциясының кеңеюі болып табылады. Бұған Латын Америкасы елдеріндегі жетекші саяси күштердің бірі болып отырған қарулы күштердің соқғы уақытта құрылықтағы тұрақтылықтың кепілі және Оңтүстік Америка Президенттерінің өздерінің конституциялық функцияларын орындауының тірегі бола отырып, завды түрде сайланған президенттерге қатысты  түзу ниет танытуы да ықпал етуде.

Көптегеы  Азия және Африка елдерінде мемлекеттік  басқарудың парламенттік емес, президенттік үлгісі қалыптасқан. Афро-Азиялық үлгі кейде ашық тоталитарлық тәртіп нысанын қабылдап, үлкен өктемдігімен ерекшеледі. Бұл елдердің басым бөлігінің президенттері өз қолдарына мемлекет және үкімет басшысы функцияларын жинақтап қана қоймай, жетекші партиялардың басшысы да болып табылады. Бұл партиялардың өздері көптеген африкалық және азиялық елдердегі бірден- бір және осы елдердің саяси өміріндегі үстемдік етуші партия болғандықтан, Президенттерге өз жақтастары есебінен үкіметті ғана емес, сонымен бірге жергілікті билік органдарын және Парламентті құруға мүмкіндік береді. Көптеген Азия, Африкалық елдердің Парламенттері шын мәнінде дербес роль атқара алмайды және іс жүзінде нақты завды өкілеттіктері де жоқ. Осының салдарынан, олар президенттік биліктің мұрагері болуы тұрмақ, оның барлық шешімдеріне қарсылықсыз бас иіп, заң түрінде қабылдайды. Конституция бойынша Парламенттер билік құрып тұрған Президенттің өктемдігінен қорғалмаған және оның нұсқауы бойыыша таратылып жіберіледі.

Көптеген  Азия мен Африка елдерінде президенттік қызметпен қатар премьер-министрдің қызметі болғанына қарамастан, президенттіктің  афро-азиялық үлғісі тұсындағы үкімет өз іс-қимылын дербес атқара алмайды. Премьерді Президент өзіне аса берілген адамдар қатарынан тағайындайды және ол Парламент емес, тек Президент алдында есеп береді. Премьерді де, үкіметтің мүшесін де, әрбір мемлекеттік шенеунікті те Президент кез-келген уақытта босата алады.

Сот билігі жүйесіне қатысты президенттің үлкен өкілеттіктері  бар: ол судьяларды жеке өзі тағайындап, олардың жұмысына бақылау жасайды. Бұдан бөлек, президенттіктің бұл үлгісіне президент жергілікті әкімшілік басшысына президенттің саясатын жүргізетін өз адамдарын қою функциясына ие бола алатын атқарушы биліктің аса ірі орталықтануы тән. Жергілікті биліктің президенттен дербес болуы өте сирек жағдай. Көптеген Азия мен Африка елдері Президенттерінің маңызды 
функцияларыньщ бірі елдің барлық аумағында немесе жекелеген 
аймақтарында төтенше жағдай енгізу, Парламентті тарату құқығы болып 
табылады, осының салдарынан елді басқару зан, арқылы емес, жеке 
жарлықтар арқылы жүргізіледі. Бұл өзгеше ойлаушыларға қарсы күресте 
пайдаланылады,    себебі, көптеген    афро-азиялық    мемлекеттерде

президенттік  билік ешқандай да, тіпті ашық оппозицияны да қаламайды. Кез- келген қарсылықты басуда ашық күшті қолдану өздерінің функцияларын орындауда және өз саясатын жүргізуде репрессиялық аппаратқа сүйенетін осы аймақ президенттерінің көпшілігінің басты құралы болып табылады.

Нәтижесінде президенттіктің афро- азиялық үлгісі көбінесе жеке 
билік тәртібіне ұласады. Президент- диктаторлар өз елдерінің тәуелсіздігі 
үшін   ұлт-азаттық   күресіндегі жетістіктері нәтижесінде   немесе

бұқараландырылған ресми насихаттың ықпалымен шексіз монарх функциясымен ғана салыстыруға келетін функциясы бар "ұлт әкесі" мәртебесіне ие болады. Осы жағдайда президенттер тұтқалы үкімет қызметіые өз туыстарын тағайындап, өз отбасыларын билік құрушы династияға айналдыруға ұмтылады. Олар барлық күш- қайраттарын өз билігін алмастырмау қағидасына жұмсайды, олардың көбі өз елдеріне билік құрушы ақсүйектер қолдап тұрғанға дейін, бір емес, бірнеше ондаған жылдар бойы үстемдік кұрады. Жеке билік үстемдік құрған жағдайда президентті қайта сайлау жалған бүркемеленген науқанға айналады, ал кейбір африкалық мемлекеттерде жақын уақытқа дейін билік басында тұрған басшылар өмір бойы президент болып жарияланып келді [11, с 122-126].

Президент- диктаторлардың жеке тәртіп пен шексіз билік , яғни өз функцияларын орнатуларын елдің қоғамдық, экономикалық және әлеуметтік-саяси даму деңгейінің төмендігінен, әртүрлі халықтар арасындагы этникалық және діни негіздегі өткір шиеленістердің орын алуынаи болып отыр деп тұжырымдайды. Олар сонымен қатар, егер олардың еліндегі президенттік функциялар мен бүкіл мемлекеттік билік батыс демократиясы үлгісінде құрылса, бұл елдер анархия әлегі мен азамат согысына сөзсіз ұрынады деп санайды [53, с 105-109 ]. Осы тұрғыдан алғанда, кеңейтілген президенттік функциясы бар жеке билік тұрғысындағы президенттік басқару хаос пен биліксіздіктен шығудың бірден-бір жолы болып табылады.

Соған қарамастан, бірқатар Азия мен Африка елдеріндегі  тиісті кеңейтілген президенттік функциялары бар президенттіктің өктемшілдік және тоталитарлық түрлері әлеуметтік жарылыстардан да, азаматтық соғыстардан да, этника аралық шиеленістерден де сақтап қала алмайды. Соңғы 35 жыл ішінде Азия мен Африка елдеріндегі 40-тан астам Президент өз орындарынағі күшпен алынды немесе әскери төңкеріс кездерінде қаза тапты . Сонымен қатар жекелеген Азия мен Африка елдеріндегі президент функциялары саяси жүйеге толық кірікті, ал президенттік институттьщ өзі тұрақты   жариялылық сипат алып, уақыт тезгісінен өтті: бұл   Азияда —Үндістан,  Израиль, Кипр, Корея, Сирия, Ирак және Индонезия; Африкада — Егшіет, Тунис, Сенегал, Заир, Танзания, Замбия және Бенин.

Азия мен  Африка елдеріндегі президент функцияларына  сипаттама беруде осы аймақтағы бірқатар елдерде (Үндістан, Израиль және Ливан) президенттіктің европалық үлгісіне сәйкес келетін президенттік басқару функциясы қалыптасқан.

Батыс Европада жартылай президенттік немесе парламенттік нысаиындағы президенттік басқарудың нағыз европалық үлгісі қалыптасқан. Бұл екі жүйеде президенттік биліктің американдық, латынамерикандық және афроазиялық үлгілеріне қарағанда президенттік функциялар неғұрлым шектеулі болып келеді. Жартылай президенттік үлгі тұсында президент мемлекет басшысы функциясына ие, бірақ ол үкімет басшысы болып табылмайды және премьер-министрдің қызметін атқармайды. Сонымен қатар президент мемлекеттік басқарудың жартылай президенттік жүйесінде үкіметтің саясатына ықпал ететіндей бірқатар маңызды функцияларға ие. Ең алдымен, президент министрлер кеңесінің мәжілістеріне төрағалық етеді, немесе ол мәжіліс мемлекет басшысы ел үшін маңызды деп санайтын мәселені қарау үшін оның өтініші бойынша шақырылуы мүмкін. Сонымен бірге, президент үкімет қабылдағаи декреттер мен қаулыларды бекітеді және бұл құжаттармен келіспеген жағдайларда оны қайта қарау үшін үкіметке қайтаруға қүқықтық мүмкіндігі бар. Бұдан әрі президенттің парламент қабылдап, үкімет қолдаған заңдарға вето қою құқығы бар , бүл жағдайда ол жетекші саяси институттардың арақатынасында төреші ролін атқарады. Президент белгілі бір жағдайларда, нәтижесінде үкіметтің ауысуы орын алады деп есептей отырып, өз функциясын парламентті таратып, жақа парламенттік сайлаулар тағайындау үшін пайдалана алады.

Жартылай  президенттік республика жағдайында президент лауазымына сәйкес қарулы күштердің бас қолбасшысы функциясына ие. Мемлекеттің сыртқы саясатын анықтауда және жүргізуде оған маңызды функциялар берілген, ол белгілі бір кезде елде төтенше жағдай енгізуге қүқылы, сондай-ақ өз бастамасы бойынша жалпыхалықтық референдум өткізе алады. Бұдан, жартылай президенттік республикада президент маңызды функцияларға ие және мемлекеттің саясатына салмақты әсер ететін ықпалды да белсенді күш болып табылады деген қорытындыға келуге болады.

Сонымен қатар, латынамерикандық президент үлгісіндегі  президент 
функцияларымен     салыстырғанда     Батыс     Европадағы мемлекет

басшыларының  функциялары едәуір тар. Батыс Европада президент үкімет басшысы емес, үкімет іс жүзінде парламенттегі партия фракцияларының арақатынасына байланысты құрылады: бұл жағдайда президенттід функциясы парламентте сенімділік вотумын алуға қабілетті үкімет басшысын тағайындаумен ғана шектеледі. Президенттік билік функциясының оньщ жартылай президенттік нұсқасындағы маңызды шектеулігі үкіметтің президент алдында емес, парламент алдында жауап беретіндігі болып табылады, егер президент және парламенттік көпшілік ір партияға жатпайтын жағдайда ол премьер —министрді отставкіге жіберетін және оны президенттің өзіне, оның партия жетекшісіне ұнайтын тұлғамен ауыстыратын маңызды функцияларға ие.

Мемлекеттік басқарудың жартылай президенттік үлгісінің артықшылығы президентте көптеген нақты билік функциялары бар және премьер меы министрлер кабинеті атқарушы билікке жетекшілік етеді, сонымен қатар үкімет парламент алдында жауап береді. Алайда, мемлекеттік басқарудың бұл үлгісінде егер олар әртүрлі саяси топтарға жататын болса, мемлекет басшысы функциясы мен үкімет басшысы функциясы арасында үкімет саясатын анықтауда басымдылық көрсету үшін шиеленіс болуы ықтимал. Ал егер Конституцияда президенттің, үкіметтің, парламенттің және сот билігінің функциялары нақты қарастырылған болса, мұндай шиеленіс болмауы да мүмкін.

Мемлекеттік биліктің жартылай президенттік үлгісі Франциядагы V Республиканың конституциялық құрылымында кеңінен дамыды. Қазіргі кезде бүл үлгінің жекелеген нұсқалары ТМД мемлекеттерін қоса алғанда, Европа мен Азияның бірқатар елдерінде және Шығыс Европада кездеседі.

Президенттік  қызмет қарастырылған мемлекеттік  басқарудың 
парламенттік жүйесінде соңғысы конституциялық мемлекет басшысынын, 
функциясына ие. Бұл, үкімет пен оның қызметі іс жүзінде президент 
функциясы    айыалымынан    шығарылғандығын    білдіреді. Бірақпрезиденттід негізгі заңға сәйкес формалді түрде үкімет басшысын тағайындау, парламентті тарату жөнінде хабарлау және кезекті немесе кезектен тыс парламент сайлауларын белгілеу сынды мадызды функциялары болса, іс жүзінде осы және басқа да функцияларын президент оның алдында емес, парламент алдында жауапты үкімет басшысымен келісе отырып жүргізеді. Функцияларды осылай бөлісу нәтижесінде мемлекеттік басқарудың парламенттік жүйесінде үкімет саясатын жүргізуге қажетті билік функциялары бар премьер-министр атқарушы билік басшысы болады. Ол жоғарғы заң шығарушы орган алдында есеп береді, ал парламенттік басқару жағдайында президент өз үкіметінің іо қимылы үшіы жауап бермейді және құқық тәртібінін, кепілі функциясын орындай отырып, елдегі конституциялық құрылыстың мызғымастығын көрсететін, парламенттің үстінен қарайтын түлға болып қалады.

Н.А.Сахаровтың басқарудың парламенттік жүйесіндегі  президент мемлекеттік басқару  саласында патшалық қүратын бірақ  билік етпейтін конституциялық монарх функциясы сияқты рәміздік функцияларға ие деген тұжырымымен келісуге болады [2, с 28]. Мұндай жағдайда президенттің функциясы мансаптық және өкілеттік функциялар ғана болып қалады.

Батыс демократиясының  және оған тән айрықша саяси мәдениет жағдайында президенттің нақты саяси функциялары болмаса да ол қоғамда жоғары конституциялық мәртебеге және үлкен беделге ие бола алады. Сонымен қатар ол үкімет немесе бұқара алдында саясаттың ағымдағы маңызды мәселелері жөнінде     өз ойын ашық айта алады. Дегенмен, үкіметтің іс-қимылына қатысты оның ойы түзу болуы қажет және мемлекет алдында тұрған негізгі мәселелерге баса назар аударуы керек. Президент сондай-ақ шет елге сапарға шығып, үкіметтің сыртқы саясаттағы функциясын жүзеге асыруға ықпал етеді. Үкімет отставкіге кеткенде, өткір саяси дағдарыстар орын алғанда және түрлі саяси топтар арасындағы қарама- қайшылықтар шиеленіскен кездерде президент билік дәйектілігін сақтап қалуға және мемлекеттіліктің конституциялық негіздерін қолдауға ықпал ететін жоғары лауазымды тұлға ретіиде көрінеді.

Президенттің  осы функцияларды орындауына мемлекетті басқарудын, парламеыттік жүйесі кезіндегі  премьер-министрлердің де, үкіметтің де жиі ауысуы ықпал етеді, ал мемлекет басшысы үшін конституция өз функцияларын өкілеттігінің мерзімі аяқталғанша орындауына кепілдік береді.

ГФР, Швейцария  мен Ирландия президент басқаратын типтік парламенттік республикалар болып табылады.

Германия  Федеративтік Республикасында парламенттік басқару жүйесінде Президент мемлекет басшысының жоғарғы мәртебесін иеленеді, бірақ мемлекеттік саясаттың сыртқы саяси саласында өкілеттіктері шектелген. Германия Федеративтік Республикасының негізгі заңына сәйкес Федералды Президент халықаралық құқықтық қатынастарда Федерация атынан әрекет етеді. Дәл осы заңда мемлекеттік саясаттың, соның ішінде сыртқы саяси қатынастарды қандай лауазымды тұлға анықтайтындығын көрсететін басқа да нормалар бар. Мысалы, Федералды канцлер саясаттың негізгі бағыттарын анықтайды және ол үшін жауапкершілік атқарады. Осындай негізгі бағыттардың шеңберінде әрбір Федералды министр өзінің саласы бойынша істерін жүргізеді және жауапкершілік атқарады.

Сонымен бірге  Федералды Президент өзіне қойылған шектеулерге қарамастан шет елдерде өз мемлекеті туралы неғұрлым жақсы ой пікірді қалыптастыру жолында ерекше роль атқаруы мүмкін Мысалы, 1985 жылы Германия Федеративтік Республикасының Президенті Р. фон Вайцзеккер екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының қырық жылдығына орай Германияның нацистік кезевді толық жоққа шығаратындығы және неміс халқының бейбіт өмірді қалайтындығы туралы бірнеше мәрте жариялаған. Сондай - ақ, мемлекет басшысы халықаралық тақырыптарға қатысты сөз сөйлеу мүмкіндігін иеленеді. Бірақ мұндай тақырыптар бойынша саяси немесе тағы да басқа себептерге байланысты үкімет басшылығы сөз сөйлей алмайтын болуы тиіс.

Информация о работе Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері