Ресейдің экономикалық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2015 в 18:25, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі жаһандану кезеңіндегі Ресей Федерациясының экономикалық-географиялық және табиғат жағдайын, табиғи ресурстарын, сондай-ақ, шаруашылығы мен өнеркәсібін және ауыл шаруашылығы мен көлік географиясын, экономикалық аудандары мен сыртқы экономикалық байланыстарын анықтау – география ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Бұл курстық жұмыс Ресей Федерациясының экономикалық-географиялық сипатын анықтауға бағытталған.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................
1 РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.....................................................................

1.1 Экономикалық – географиялық жағдайы............................................
1.2 Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары.......................................
1.3 Ресей Федерациясының халқы..........................................................
1.4 Ресей Федерациясының шаруашылығы.Өнеркәсібі........................
1.5 Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы.......................................................................................................
1.6 Ресей Федерациясының экономикалық аудандары мен сыртқы экономикалық байланыстары...........................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ресей Федерациясының экономикалық ГЕОГРАФИЯЛЫҚ жағдайы.docx

— 315.97 Кб (Скачать документ)

Ауыл шаруашылығы екі маңызды саладан құралатындығын сендер білесіндер, олар: өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы. Ресейде ауылшаруашылық өнімдерінің үлесі жөнінен өсімдік шаруашылығы жетекші орында, яғни жалпы өнімнің 55%-ы тиесілі. Ал қалған 45%-ы мал шаруашылығы өнімдерінің үлесінде. Жоғары дамыған елдерде, керісінше мал шаруашылығының өнімдерінің үлес салмағы төмен. Сондықтан да Ресей ауыл шаруашылығы алдында тұрған басты міндеттердің бірі — мал шаруашылығын мүмкіндігінше өркендету.

Өсімдік шаруашылығы

Ресейдің өсімдік шаруашылығының басты құрамдас бөліктерше дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, көкөніс пен бақша, бақ және жүзім, малазықтық дақылдар өсіру жатады. Онша ауқымды емес жерлерде темекі мен шай өсіріледі. Жалпы жыртылатын жердің 56%-ы дәнді дақылдар, 5%-ы картоп пен бақша, 6%-ы техникалық дақылдар, 33%-ы малазықтық дақылдардың үлесіне тиесілі.

Дәнді дақылдар

Дәнді дақылдардан бидай, қарабидай, арпа, сұлы, жүгері, тары, қарақұмық, күріш өсіріледі. Астық өндіруден Ресей дүниежүзінде Қытай, АҚШ және Үндістаннан кейінгі 4-орында, әсіресе қарабидай, арпа, сұлы және қарақұмық жинаудан озық керсеткіштерге ие ("Өсімдік шаруашылығының географиясы" тақырыбын қараңдар). Негізгі өсірілетін дақыл — бидай (жалпы өнімнің 50%-ы), климат қаталдырына байланысты жаздық бидай басым егіледі. Күздік бидай алқаптары неғұрлым оңтүстікке қарай ығысқан. Аса ірі астықты аудандар қатарына Волга бойы, Орал, Орталық қара топырақты аудан, Солтүстік Кавказ және Сібірдің оңтүстік бөліктері жатады. Аумағы мен өнім көрсеткіші жөнінен 2-орында арпа тұр, ол жалпы өнімнің 20%-ын құрайды. Арпа сыртқы орта өзгерістері мен топырақ құнарлылығына барынша төзімді өсімдік болғандықтан, кең таралған дақыл болып саналады. Арпа, негізінен, малазықтық дақыл ретінде өсіріледі, сондай-ақ жарма жасауда, сыра қайнатуда кеңінен пайдаланылады. Eгіс алқаптары Волга бойы, Орталық қара топырақты аудан мен Солтүстік Кавказ жерінде кең таралған. Өнім көрсеткіші жөнінен 3-орынды қарабидай (жалпы өнімнің 9%-ы) алады. Суыққа төзімді, тіпті қышқыл топырақта да өсе беретін болғандықтан, қарабидай алқаптарын орман зонасы таралған аймақтардан да кездестіруге болады.

Төртінші орындағы сұлы (жалпы өнімнің 8%-ы) да соншалықты күй талғамайтын болғандықтан орман зоналарына дейін таралған, алайда сұлы ылғалсүйгіш өсімдік. Малазықтық мәні зор, сонымен қатар тағамдық сұранысқа да ие. Одан сұлы үлпектері мен жармасы дайындалады. Қарақұмық, тары және күріш алқаптары аумағы жағынан шағындау болып келеді. Қарақұмық, негізінен, Орталық қара топырақты аудан мен Волга-Вятка, Орталық ауданның оңтүстік бөліктерінде, тары құрғақшылыққа төзімді болғандықтан, Солтүстік Кавказ бен Волга бойының құрғақ аудандарында, ал күріш Кубань, Волга, Дон өзендерінің атырауларындағы суармалы алқаптарда ғана өсіріледі. Сонымен қатар Ресей жерінде малазықтық және тағамдық мәні зор бұршақ тұқымдастардан кәдімгі бұршақ, үрмебұршақ, жасымық және қытайбұршақ өсіріледі.

Ресей үшін аса маңызды саланың бірі — картоп өсіру. Өйткені ол, ең алдымен, халыктың ежелден азық ретінде қажетін өтеп келеді, сондай-ақ мал азығы үшін және крахмал шикізаты есебінде кеңінен қолданылады. Картоп ылғалсүйгіш, алайда жылуды аса көп қажет етпейтіндіктен орман зонасының оңтүстігі мен орманды дала зонасында, сондай-ақ ірі қала маңдарында шоғырланған.

Техникалық дақылдар

Техникалық дақылдардың таралу аудандары оларды өңдейтін кәсіпорындар маңайында және агроклиматтық ресурстар мүмкіндігіне қарай орналасқан. Аса маңызды дақылдың бірі — зығыр. Сапалы талшық алу үшін аса ыстық емес, ылғалды климат  қажет. Сондықтан зығыр Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік-батысында, Орталық экономикалық  аудан мен Алтай  өлкесінде өсіріледі. Қант қызылшасы мен күнбағыс Орталық қара топырақты аудан, Солтүстік Кавказ бен Волга бойында өсіріледі.

Көкөніс пен бақша өнімдері

Көкөніс пен бақша өнімдері елдің барлық бөліктерінде дерлік (қиыр солтүстіктегі аралдардан басқа) өндіріледі. Жалпы өнім көрсеткіші жөнінен Орталық экономикалық аудан жетекші орында, одан кейін Орал мен Волга бойы және Солтүстік Кавказ аудандары тұр.

Бақ және жүзім шаруашылығы

Бақ және жүзім шаруашылығы, негізінен, Ресейдің оңтүстік өңірлеріне тән. Әсіресе Солтүстік Кавказ бен Волга бойына елдегі жиналатын өнімнің тең жартысынан астамы тиесілі. Ресейде өсірілетін барлық жүзім алқаптары Дағыстан мен Краснодар өлкесінде жинақталған. Жемістердің басым бөлігі оңтүстіктегі шекаралас елдерден әкелінеді. Субтропиктік жемістер мен темекі Солтүстік Кавказдың тауалды бектерлерінде, ал шай Краснодар өлкесінің Қара теңіз жағалауында ғана өсіріледі.

 

Мал шаруашылығы

Ресейдің мал шаруашылығындағы жетекші салаларға ірі қара өсіру, шошқа және қой шаруашылықтары жатады. Соңғы он жыл ішінде Ресейде мал басының саны 2—3 есеге дейін кеміп кетті (косымшадағы 12-кестені қараңдар). Мал шаруашылығының өркендеуіне мал азығының жеткілікті дайындалмауы, мал тұқымын асылдандыру шараларының өз дәрежесінде жүргізілмеуі кедергі жасайды.

Ірі қара шаруашылығы

Ірі қара шаруашылығы өнім түріне қарай сүтті, сүтті-етті, етті және етті-сүтті бағыттағы шаруашылықтарға жіктеледі. Сүтті, сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы өте құнарлы, шүйгін шөптер тән орман және орманды дала зоналарында, ал етті, етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы ылғал аздау түсетін дала мен шөлейт зоналарында кеңірек таралған. Сонымен қатар сүтті, сүтті-етті бағыттағы мал өсіру ірі қалалар мен агломерациялар төңірегіндегі тауарлы мал фермаларында шоғырланған.

Шошқа шаруашылығы

Шошқа шаруашылығы ірі қалалар мен тамақ өнеркәсібі өркендеген аудандарда шоғырланған. Ондай кешендерде тамақ қалдықтары негізінде 100 мың басқа дейін шошқа өсірілуі мүмкін. Алайда мұндай шаруашылықтар арзан ет өндіргеніне қарамастан, қоршаған ортаны ластап, кері әсерін де тигізіп жатады. Шошқаның саны жөнінен Краснодар елкесі алдыңғы орында, одан кейінгі орындарды Орал мен Волга бойы аудандары иеленеді.

Қой шаруашылығы

Қой шаруашылығы жыл бойы жайылымға шығарып бағу мүмкіндігі бар аудандарда кең таралған. Ресейдегі қой шаруашылығының негізгі бағыты — биязы жүнді қой өсіру. Жүн жеңіл өнеркәсіп салаларын аса маңызды шикізатпен қамтамасыз етеді. Ресейдің орталығы мен солтүстік-батысындағы жүні сапалы емес қойлар (оңтүстікте — қаракөл, солтүстікке қарай романов тұқымы) еті мен терісі үшін өсіріледі. Сонымен қатар атақты орынбор шәлілерін тоқитын бағалы түбіт алынатын ангор ешкілерін өсіру Оралдың оңтүстігіне тән.

Құс шаруашылығы

Құс шаруашылығы Ресейдің ірі қалалары маңайында және астықты аудандарда көбірек шоғырланған. Өйткені оның ең басты өнімі — жұмыртқа  тез бұзылатын болғандықтан, тұтынушыға неғұрлым жақын орналастыруды қажет етеді. Ірі құс фабрикалары толықтай механикаландырылған.

Жылқы өсіру

Жылқы өсіру еуропалың бөліктің оңтүстігі мен Оралда жақсы жолға койылған, әсіресе соңғы жылдары асыл тұқымды жылқы өсіру белең алуда. Солтүстік Сібір мен Қиыр Шығыстағы бұғы шаруашылығы . ежелден қалыптасқан атакәсіп болып саналады. Омарта шаруашылығы да Солтүстік Кавказ, Оңтүстік Орал, Алтай өлкесінің таулы бөліктеріндегі шалғындық белдеулер негізінде ерте кезден бері тұрақты қалыптасқан сала болып есептеледі. Сонымен қатар орман зоналарының түрлі бөліктерінде терісі бағалы аңдарды өсіру де атадан балаға мирас болған кәсіп, үй қояндарын өсіру де кең тараған. Ресейдің неғұрлым құрғақ аймақтары — қалмақ жері мен Астрахань облысында түйе өсірумен де айналысады.

Қорыта келгенде, Ресейдің ауыл шаруашылығының орналасуы мен дамуының өзіндік заңдылықтары бар. Ауыл шаруашылығы салаларының аумақ бойынша орналасуы көпшілік жағдайда зоналық заңдылықтарға негізделген. Ал оның даму әрі өркендеу қарқындылығы сөз жоқ, Ресей Федерациясының экономикалық, әлеуметтік және еңбек ресурстарының өлеуетше тәуелді.

 

Көлік географиясының жалпы сипаттамасы. Негізгі көлік түрлері

Ресей аумағында көліктің барлық түрлері дерлік жақсы дамыған деуге болады. Алайда олардың орналасу жиілігі, жүк және жолаушы тасымалындағы үлесі біркелкі емес. Бұл жағдай республика аумағының өте ауқымдылығымен, табиғат жағдайының кейбір ерекшеліктеріне, сондай-ақ әрбір ауданның игерілу дәрежесіне, экономикалық және әлеуметтік деңгейіне тәуелді. Көлік түрлерінің көлік жүйесіндегі орны атқарылған жұмыс нәтижесімен анықталады. Оның көрсеткіштері тасымалданған жүк (млн т) пен жолаушының (млн адам) санымен және жүк пен жолаушы айналымымен бағаланады. Көлік түрлерін таңдауда оған жұмсалатын өзіндік күн, көліктің жылдамдығы, жүк көтеру мүмкіншілігі, табиғат жағдайының көлік жұмысына тигізетін әсері ескеріледі. Осы тұрғыдан алғанда Ресей көлік жүйесінде теміржол көлігі жетекші орын алады. Теміржол желісінің жалпы ұзындығы 148 мың км, 86 мың км жол жалпыға бірдей қолданысқа ие, оның 42 мың км-і электрлендірілген. Ресейдегі жүк тасымалының 40%-ы, жолаушы тасымалының 50%-ы осы көлік түріне тиесілі. Теміржол жиілігі еуропалық бөлікте өте жоғары деңгейде. Оның бейнесі алып шеңберге ұқсайды, негізгі білігі Мәскеу қаласы болып табылады. Одан жан-жаққа қарай 11 теміржол тораптары таралады. Еуропалық шеңберден шығысқа карай ендік бағыттағы бірнеше жол тораптары тармақталады. Тораптар жиілігі шығысқа жүрген сайын біртіндеп сирейді. Олардың ең ірілері: Транссібір, Ортасібір және Оңтүстіксібір тораптары. Бұл тораптардың барлығы дерлік Қазақстан жері арқылы өтетіні сендерге жақсы таныс.

Байланыс

Шаруашылық салалары арасындағы ақпарат алмасу, ең алдымен, байланыс жүйелері аркылы жүзеге асады. Ресейдің байланыс жүйелері екі негізгі саладан құралады: пошта және электр байланысы. Пошта байланысының даму дәрежесі жөнінен Ресей Еуропаның жоғары дамыған елдерімен деңгейлес. Әрбір 10 мың тұрғынға шаққанда 3 байланыс орны сәйкес келеді.

Электр байланысының телефон, бейнетелефон, ұялы телефон, телеграф, ғарыштық байланыс, радио және телехабар тарату, электрондық пошта, интернет жүйесі сияқты түрлері сендерге жақсы таныс. Ресейде бұл байланыс түрлерінің барлығы дерлік кездескенімен, олардың басым көпшілігі жеткілікті дәрежеде дамымаған. Телефон желісімен қамтамасыз етілуі барлық жерде біркелкі емес, ең жоғары көрсеткіш Орталық экономикалық ауданға тән.

Ресей жері арқылы Біртұтас автоматты байланыс жүйесі салынған. Ол электр тербелістері арқылы берілетін ақпараттарды бір жүйеге топтастырады. Әлемдік байланыс жүйесіне енуде ұзындығы 18 мын км-ге жететін Трансресейлік талшықты оптика желісінің салынуының маңызы өте зор. Ол Ресейдің Еуропамен және Жапониямен байланысын жаңа сатыға көтеруде.

Соңғы жылдары интернет жүйесінің жедел дамуы байқалуда. Ол үшін арнаулы талшықты оптика жүйесі салынуда. Байланыс жүйесінің аса ірі орталықтары — Мәскеу мен Санкт-Петербург қалалары болып табылады.

 

1.6 Ресей Федерациясының экономикалық аудандары мен сыртқы экономикалық байланыстары

Батыс және Шығыс экономикалық зоналары

Ресей аумағы ішкі айырмашылықтарына байланысты Батыс (Еуропалық) және Шығыс (Азиялық) экономикалық зоналарға бөлінеді. Олар бір-бірінен аумақтарының игерілуі мен еңбек ресурстары, табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары, экономикалық даму дәрежесі мен болашақтағы бағыт-бағдары жағынан түбегейлі айырмашылықтар жасайды. Сонымен қатар 11 экономикалық аудан ажыратылады, олардың сегізі Батыс зонада, ал қалған үшеуі Шығыс зонада орналасқан.

Батыс зона немесе Еуропалық Ресей

Батыс зона немесе Еуропалық Ресей ел аумағының 26%-ын құрайды. Ресейде өндірілетін өнеркәсіп және ауылшаруашылық өнімдерінің 85%-ы осы зонаға тиесілі. Батыс Еуропаға жақын орналасуы, өңдеуші өнеркәсптің басым болуы, жоғары маманданған еңбек ресурстарының жинақталуы экономикалық деңгейдің қарқынды болуына өзіндік ықпалын тигізген. Алайда өнеркәсіптің сырттан тасымалданатын шикізат пен энергияға тәуелді болуы, сумен қамтамасыз етілудегі кейбір қиыншылықтар, экологиялық проблемалардың туындауы өнеркәсіптің кептеген түрлерін шектеуді қажет етеді. Ғылым мен ғылымды көп қажет ететін кәсіпорындардың ірі қалаларда шоғырлануы қала халқы үлесінің артуына әсер етуде. Қала халқының үлесі 75%-ға жетеді және Ресейдің ең ірі қала агломерациялары мен 11 миллионер қаласы осы зонада орналасқан.

Шығыс зона немесе Азиялық Ресей

Шығыс зона немесе Азиялық Ресей ел аумағының 74%-ын құрайды. Бұл зона табиғат ресурстарына аса бай болып келеді. Елдегі отын-энергетикалық ресурстың 80%-ы, ағаш сүрегі қорының 80%-ы, су ресурсының 75%-ы, су-энергетикалық ресурстың 81,5%-ы, сондай-ақ түсті және сирек металдардың, химиялық шикізаттардың басым бөлігі шоғырланған. Ресейдегі мұнайдың 70%-дан, газдың 92%- дан астамы осында ендіріледі. Соңғы жылдары зонадағы қала халқының үлесі күрт өсуде, 900-ге жуық қала типтес елді мекен, 230-дан астам қала бар, оның екеуі миллионер қалалар (Новосибирск және Омбы). Шығыс зонаны дамытудың басты бағыттары — шикізаттарды өңдеу барысында технологиялық әдістерді жетілдіру, аймақтағы көлік жүйелерін жақсарту, қызмет көрсету салаларын дамыту және экологиялық қауіпсіздік шараларын мейлінше қатаң сақтау.

Экономикалық аудандары

Ресей аумағы ішкі экономикалық айырмашылықтарына қарай 11 экономикалық аудан мен бір еркін экономикалық зонаға бөлінеді. Олардың әрқайсысы өзіне тән маманданған шаруашылық салалары бар кешенді құрылымдардың күрделі жиынтығынан құралады.

Орталық экономикалық аудан

Орталық экономикалық аудан құрамына Мәскеу қаласы мен 12 облыс кіреді. Өзіне тән табиғат жағдайы мен ресурстарына негізделе отырып, бұл ауданда өнеркәсіптің машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері сияқты салалары; ауыл шаруашылығының көкөніс пен картоп, зығыр өсіру, қала маңы шаруашылықтары өркендеген. Сонымен қатар бұл аудан мемлекеттік басқарудың, қаржы-қаражаттың, ғылым мен мәдениеттің, туризмнің тарихи қалыптасып, өркен жайған аймағы болып саналады.

Волга-Вятка экономикалық ауданы

Волга-Вятка экономикалық ауданы кұрамына 2 облыс (Нижегород және Киров) пен 3 республика (Чуваш, Марий Эл, Мордва) кіреді. Негізгі маманданған салалары машина жасау, химия, орман, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, картоп өсіру мен сүтті-етті бағыттағы мал өсіру, қала маңы шаруашылықтары болып табылады.

Орталық қара топырақты аудан

Орталық қара топырақты аудан —ең шағын аудан, оның құрамына Белгород, Воронеж, Курск, Липецк және Тамбов облыстары кіреді. Жетекші маманданған салалар қатарына қара металлургия, машина жасау, химия, құрылыс материалдарын өндіру және тамақ өнеркәсібі жатады. Сонымен қатар жоғары дамыған ауыл шаруашылығы дәнді дақылдар, қант қызылшасы, күнбағыс, картоп өсіру мен етті-сүтті бағыттағы мал өсіруге маманданған.

Информация о работе Ресейдің экономикалық жағдайы