Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2015 в 18:25, курсовая работа
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі жаһандану кезеңіндегі Ресей Федерациясының экономикалық-географиялық және табиғат жағдайын, табиғи ресурстарын, сондай-ақ, шаруашылығы мен өнеркәсібін және ауыл шаруашылығы мен көлік географиясын, экономикалық аудандары мен сыртқы экономикалық байланыстарын анықтау – география ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Бұл курстық жұмыс Ресей Федерациясының экономикалық-географиялық сипатын анықтауға бағытталған.
КІРІСПЕ...................................................................................................................
1 РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.....................................................................
1.1 Экономикалық – географиялық жағдайы............................................
1.2 Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары.......................................
1.3 Ресей Федерациясының халқы..........................................................
1.4 Ресей Федерациясының шаруашылығы.Өнеркәсібі........................
1.5 Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы.......................................................................................................
1.6 Ресей Федерациясының экономикалық аудандары мен сыртқы экономикалық байланыстары...........................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................
1 РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.......................
1.1 Экономикалық – географиялық
жағдайы.......................
1.2 Табиғат жағдайы мен табиғат
ресурстары....................
1.3 Ресей Федерациясының халқы.........................
1.4 Ресей Федерациясының шаруашылығы.Өнеркәсібі........
1.5 Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы
және көлік географиясы...................
1.6 Ресей Федерациясының экономикалық
аудандары мен сыртқы экономикалық байланыстары..................
Ресейдің ауа райы оның үлкен аумағына байланысты әр түрлі: көп аумағы континенталды немесе қоңыржай континенталды, ұзақ қысымен және қысқа ыстық емес, соған қарай Ресейді 3 үлкен аумақты аймаққа бөлуге болады: Еуропалық Ресей, Орал тауынан батысқа қарай аумақты алып жатыр. Сібір, Оралдан Тынық мұхиты жағалауына дейін созылып жатыр.Қиыр Шығыс Ресейі.
Ресей Федерациясы Еуразияның солтүстік-шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың км-ге (Калининград облысын есептемегенде), солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың км-ге созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтиды. Ресей аумағының 1/4-і Еуропада, 3/4-і Азияда орналасқан. Оның жағалауларын үш мұхиттың суы шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58,3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды.
Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүние-жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігі мен ортақ шекарасы жоқ. Көршілес мемлекеттердің көп болуы, олардың көпшілігінің неғұрлым дамыған батыс бөлікте орналасуы елдің сыртқы байланыстарына қолайлы ықпал етеді. Дегенмен Ресей өзінің көршілік жағдайының қолайлы тұстарын әлі де болса толығымен пайдаланбай келеді. Ресейдің географиялық орны әлемдік экономикалық орталықтарға қатысты алғанда, қолайсыз болып табылады. Өйткені ол Батыс Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ және Жапониямен тікелей құрлық арқылы шектеспейді, аса маңызды теңіздік сауда жолдарынан алыста орналасқан. Алайда ел аумағының Еуропаны Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен теміржол арқылы байланыстырып жатуы, Солтүстік теңіз жолын игеруі Солтүстік Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланысты жақсартуға оң ықпал етеді. Қиыр Шығыстың айрықша орны әлемдегі үш ірі мемлекеттің (Ресей, Қытай, Жапония) тоғысында жатуымен анықталады. Ресейдің тынық мұхиттық жағалауы Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдердің барлығымен де теңіз арқылы байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Кейінгі ғасырларда Орыс мемлекеті көршілес аумақтарды басып алып, өзінің құрамына қосу саясатын жүргізді. Солтүстік-батысындағы, шығысындағы, оңтүстік-шығысындағы аумақтарды күшпен бағындырған Ресейдің XVI ғасырда Батыс Сібір халықтарын қосып алу кезеңі басталды. Келесі ғасырда Украина мен Белоруссия жерін басып алу мақсатында көршілес елдермен, соның ішінде құдіретті Осман империясымен ұзаққа созылған соғыс жүргізуге мәжбүр болды. Нәтижесінде Киев бағындырылып, Ресей Азов теңізіне шығуға мүмкіндік алды.
Ресейдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы.XVIII ғасырдың бiрiншi ширегiнде Ресейге тән нәрсе: қолөнер мен мануфактура өндiрiсiнiң, сондай-ақ ауыл шаруашылығының дамуы болды. Мемлекет Батыс елдерiнен анағұрлым артта қалды. Ресейде әлi де феодалдық қатынастардың сарқыншақтары сақталды, капиталистiк өндiрiстiң элементтерi ендi ғана ене бастады, ал Батыста бұл кезде капитализм қанат жайып, өркендеп тұрған едi.Елдiң ауыл шаруашылығының өркендеуi өңделетiн жер көлемiн арттыру есебiнен iске асты. Ресейдiң оңтүстiк аудандарында және Украинада қой өсiрудiң дамуы ауыл шаруашылығына үлкен үлес қосты. Бұдан басқа мемлекеттiк өнеркәсiп үшiн зығыр мен сора шикiзатына көтерiңкi сұраныс пайда болды. 1715 жылы үкiмет жарлығы бойынша барлық губернияларда зығыр мен сора егiстiгi ұлғайтылды. Сондай-ақ жылқы өсiру, темекi егу iсi жолға қойылды.Ұзаққа созылған Солтүстiк соғыстың салдары басыбайлы шаруаларға ауыр тидi. Патшаның 1714 жылғы жеке мұралық туралы жарлығымен барлық жер дворяндардың меншiгiне берiлiп, жермен бiрге шаруалар да помещиктiң жекеменшiгiне айналды. Феодалдар неғұрлым көбiрек пайда табу үшiн шаруаларды қанаудың мейлiнше қатыгез түрiн таңдады.Басыбайлы шаруашылық екi қалыпта жүргiзiлдi: жерi өңдеуге қолайсыз, қара топырақты емес аудандарда феодалдар шаруалардан ақшалай алым жинаса, ал оңтүстiктегi құнарлы жерлерде айдалатын жер көлемi кеңейтiлiп, барщина көлемi ұлғайтылды.Шаруаларды жұмысқа жұмылдыру туралы, кезектi және кезексiз рекрутқа шақыру туралы көптеген жарлықтар жа рияланды. Жеке мұралық туралы жарлықтан кейiн дворяндардың топтасу процесi аяқталды. Феодалдар табы дара басқарушыдан дворяндық сословиеге бiрiгiп, нығайды. Бұл оның мемлекеттегi билеушiлiк рөлiн бекiте түстi. Алайда ендi дворяндар өмiр бойы мемлекеттiк қызметте қалуға мiндеттелдi.Дворянның армияда солдат болуға, кемеде матрос болып жұмыс iстеуi де мүмкiн едi. Олар Сiбiр, Камчатка, Орта Азия сияқты алыс және ауыр экспедицияға бекiнiстер мен каналдар салуға жұмсалды. Дворяндардың кейбiреуiнде, әсiресе ақсүйектерiнде мұндай қызмет наразылық тудырды. Осындай жағдайдан дворяндық сословиенiң бiр бөлiгi I Петрдiң қайта өзгертулерiне қарсы оппозицияға шықты. XVIII ғасырда шведтермен болған соғыс нәтижесінде Ресейдің географиялық шекаралары одан әрі кеңейіп, Балтық теңізіне шықты. Ең бастысы Ресей Батыс Еуропа елдерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды. I Петр патшалық еткен кезеңде «Еуропаға терезе ашылуы» және түбегейлі қайта құрулардың жүргізілуі Ресей геосаясаты бағытының Шығыстан Батысқа бет бұрғанының белгісі еді. Осы кезден бастап елдің сыртқы ғана емес, ішкі жағдайына да өзгерістер енді.
1721 жылдан бастап Орыс мемлекеті
империя деп атала бастады. 1722
жылы елдің оңтүстік
Ресейдін, XX ғасырдағы жаңа тарихы 1917 жылы Қазан революциясынан бастау алды. Құлаған империя орнында пайда болған Кеңестер Одағы тарихи қалыптасқан геосаяси кеңістікті қалпына келтірумен бірге, оны көршілес аумақтар есебінен кеңейте түсті. Жаңа үлгідегі аса күшті алып мемлекет әлемдік экономика мен саясатта өзіндік орын алды. Өзінің аумақтық тұтастығын сақтаумен қатар, көршілес мемлекеттердегі саяси жүйенің өзгеруін қамтамасыз еткен бұл мемлекет одақтастары есебінен Еуразиядағы ғана емес, әлемдегі саяси күштердің арасалмағын анықтаушы факторға айналды.
1991 жылы ішкі қайшылықтар мен
сыртқы жағдайлардың ықпалымен
ыдыраған Кеңес Одағының басты
мұрагері ретінде Ресей
Геосаяси жағдайы
Ресейдің Еуропа мен Азия ортасындағы аралық орны екі дүние бөлігін байланыстырып тұратын өзіндік көпір қызметін атқаруына себепші болады. Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін айқындаумен қатар, оның саяси жағдайына да ықпал етеді. Кеңес Одағы мен социалистік жүйенің ыдырауы, ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс елдің геосаяси жағдайын өзгертті.НАТО елдерімен, оның ішінде АҚШ-пен ұзаққа созылған экономикалық бәсекелестік пен жаппай қарулану, "қырғиқабақ соғыс" саясатының аяқталуы Ресейдің сыртқы саясатында бетбұрыс кезең болды. Ендігі жерде Ресей белгілі бір елдер тобына бағдарланған саясат жүргізуге қарағанда, өзінің экономикалық, саяси мүдделеріне сай келетін мемлекеттердің барлығымен өзара тиімді байланыстар орнатуға көшті. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Ресей нағыз ашық мемлекетке айналды. Дегенмен НАТО елдері шекарасының Шығыс Еуропа мемлекеттері есебінен кеңейіп, ел аумағына жақын келуі Ресей мүдделері тұрғысынан алғанда онша қолайлы құбылыс ретінде бағаланбайды.Қазіргі заманғы әлемдегі геосаяси жағдай, ұлттар мен діндер араздығы, халықаралық терроризммен күрес шаралары Еуразияның көптеген аудандарында саяси тұрақсыздықтың орын алуына себепші болды. Бұл жағдайда аймақтағы, әлемдегі саяси жағдайға ықпал ететін ірі мемлекет ретінде Ресейдің рөлі күшейіп келеді. Шекараға жақын аудандарда саяси жағдайдың шиеленісуі Ресейдің мемлекеттік шекараларын нығайтуына ықпал етуде. Ресей Федерациясының бұрынғы одақтас республикалармен шекаралары арнайы келісімдер арқылы толық бекітіліп біткен жоқ. Қазақстанмен шекаралары 2005 жылғы мемлекетаралық келісімдер негізінде толығымен бекітілді.
Ресей геосаяси тұрғыда ТМД елдерімен, Еуропалық Одақпен, Азиялық-Тынық мұхиттық аймақ елдерімен жан-жақты байланыстар орнатуға мүдделі. Әсіресе АҚШ, әлемдік экономика мен саясаттың жаңа орталықтары болып табылатын Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия және Үндістанмен қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеру елдің геосаяси жағдайын нығайта түспекші.
Әкімшілік-аумақтық құрылымы
Ресей Федерациясы құрамына төмендегідей тең құқықты федералдық бірліктер кіреді:21 республика,9 өлке, 46 облыс, 2 федерациялық деңгейдегі қала (Мәскеу және Санкт-Петербург),1 дербес облыс, 4 дербес округ.
Әрбір федералдық бірліктің заң шығару, сот және басқа органдары бар. Сонымен қатар Ресей Федерациясы аумағында мемлекеттік биліктің бірыңғай органдары қызмет етеді, жалпыға ортақ Конституция, бірегей азаматтық, ортақ ақша бірлігі және т.б. тағайындалған.
Ресейдің табиғат жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол, ең алдымен, алып жатқан аумағының өте үлкен болуымен байланысты. Ресей жерінің көпшілік бөлігін жазықтар (70%-ға жуығын) мен 1000 м биіктікке дейінгі таулы үстірттер алып жатыр. Олардың ауданы жағынан ең ірілері: Шығыс Еуропа (Орыс) жазығы, Батыс Сібір ойпаты мен Орта Сібір таулы үстірті. Олардың оңтүстігі мен шығысын таулар жүйесі қоршай орналасқан. Жер бедерінің құрылымы шаруашылық әрекеттерді жүргізуге қолайлы болып келеді. Үлкен жазықтар ауыл шаруашылығын өркендетуді, өзендердің кеме қатынасына қолайлы болуын, жол және көпір құрылыстарын салуды жеңілдетеді. Алайда жер бедері құрылымының қолайсыз жақтары да жеткілікті. Солтүстікке қарай ендік бағыттағы тау жоталарының болмауы арктикалық ауа массаларының оңтүстіктегі тау белдеулеріне дейін еркін қозғалуына мүмкіндік берсе, керісінше Қиыр Шығыстағы тау жоталары Тынық мұхит үстінен келетін ылғалды ауа массаларының тереңдеп енуіне кедергі жасайды.Сонымен қатар Ресей жерінің жазық бөлігінің, негізінен, жоғары және орта ендіктерде орналасуы да табиғат жағдайына өзіндік ерекшеліктер қалыптастырады. Солтүстіктегі арктикалық климаттан оңтүстікке Қара теңіз жағалауындағы субтропиктік климаттық белдеуге дейін созыла орналасқанына қарамастан, Ресей жерінде жыл мезгілдері айқын ажыратылатын қоңыржай белдеудің континенттік климаты басым тараған. Батыстан шығысқа қарай өте енді (9 мың км-ге жуық) болуы климат континенттілігін арттырады. Сондықтан Ресейдің батысында, яғни еуропалық бөлікте климат қоңыржай континенттік болса, ал азиялық бөлікте шұғыл континенттік сипатқа ауысады. Азиялық бөлікке жыл мезгілдері арасындағы және тәуліктік температуралық айырмашылықтың үлкен болуы, жауын-шашын мөлшерінің азаюы, қатал климаттық жағдай (әсіресе қыс кезінде) тән болады. Сондықтан Ресей жерінде көпжылдық тоң басқан аудандардың үлесі жоғары, олардың жалпы ауданы 9 млн км2-ге жуық. Көпжылдық тоң қалыңдығы климат қаталдығына байланысты оңтүстіктен солтүстікке қарай 1 метрден жүздеген метрге дейін жетеді. Мұндай табиғат жағдайы осы аймақтарды игеру мүмкіндігін тежейді.