Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2015 в 18:25, курсовая работа
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі жаһандану кезеңіндегі Ресей Федерациясының экономикалық-географиялық және табиғат жағдайын, табиғи ресурстарын, сондай-ақ, шаруашылығы мен өнеркәсібін және ауыл шаруашылығы мен көлік географиясын, экономикалық аудандары мен сыртқы экономикалық байланыстарын анықтау – география ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Бұл курстық жұмыс Ресей Федерациясының экономикалық-географиялық сипатын анықтауға бағытталған.
КІРІСПЕ...................................................................................................................
1 РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.....................................................................
1.1 Экономикалық – географиялық жағдайы............................................
1.2 Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары.......................................
1.3 Ресей Федерациясының халқы..........................................................
1.4 Ресей Федерациясының шаруашылығы.Өнеркәсібі........................
1.5 Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы.......................................................................................................
1.6 Ресей Федерациясының экономикалық аудандары мен сыртқы экономикалық байланыстары...........................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................
Ежелгі славяндардың дүниетанымы табиғатты пір тұтумен тығыз байланысты болды. Олар әр орманды, бұлақты, құдықты, тіпті жекелеген ағаштарды да жанды нәрсе деп түсінген.Оларға жапырағы жайқалған ескі емендердің көрінісі ерекше әсер еткен. Ағыны қатты, асау өзендерді қасиетті деп санаған, сондықтан да болар ертегі аңыздарда өзендер кейіпкерлермен адам тілінде сөйлеседі. Ежелгі славяндықтар таулар мен орасан зор тастарды киелі деп санап, оларға құдайдай табынған. Орыс батырлары тағдырының тау-тастардың құпияларына байланысты болуы да осындай түсінікке тікелей байланысты болса керек. Табиғатқа, жер-анаға бауыр басып, етене жақын болған аңғырт славяндардың табынған құдайлары да табиғаттың құпияларына байланысты болып келеді. Мысалы: Перун — қатерлі найзағай құдайы, құдайдың ішіндегі ең құдіреттісі. Славяндар күнге табынғандықтан оған да неше түрлі ат қойған (Даждь бог, яғни рақымы күшті құдай) адамға тән қасиеттерді адам еместерге теліп, оларды адамның сана-сезіміне жақындату дүние жүзінің басқа да халықтарындағыдай славяндарға да тән қасиет болды. Сондықтан да «құдіретті тәңірананың» бейнесін жасау осының айқын айғағы. Тек славяндар ғана емес, басқа да көптеген халықтар құрмет тұтқан жер мен молшылықтың, дүниедегі барлық нәрсенің құдай — «тәңірананы» ежелгі славяндар Бережна (жер, тіршілік анасы, дүниеге әкелуші деген ұғымдарды білдіреді) деп атаған. Қолын көкке көтерген осы бір әйел бейнесі, шығыс христиандарда, оның ішінде ежелгі орыс өнерінде ерекше орын алады. «Жер — ана» қолын жоғары көтерген әйел бейнесіндегі тәңірананы славяндар ерекше қасиет тұтып, табынып өткен. Ежелгі славяндар жайында өз кезінде де аз жазылған жоқ. Солардың бірі, XVII ғасырдағы византиялық тарихшы Прокопий Кесарийский былай деп баяндайды: «Славяндар мен антыларды бір адам басқармайды, сонау ежелден-ақ халықтық басқарумен өмір сүріп келеді, сондықтан да олардың бақытты және бақытсыздық істері ақылдасу арқылы шешілген». Ал славяндардың әдет-ғұрпы мен етене таныс византиялық жазушы Маврикий кесімді түрде былай деп жазды: «Славяндар мен антылар тайпалары бірдей өмір сүрді, олардың әдет-ғұрпы бір, бостандық сүйгіш, әсіресе өз жерлерін қорғауға батыл, шыдамды, суық пен ыстыққа төзімді, киім мен тамақ тапшылығына мойымайды». (Любимов Л. — Алматы, 1989. — 67-бет). Ежелгі славяндардың дүниетанымы мен әдет-ғүрыптары да жан-жақты болып келеді. Олар әрбір үй рухтың жебеуінде деп ойлаған. Рух мал-жанға қамқорлық жасап, ошақ басының отын сөндірмей, түн сайын пештің астынан шығып, өз сыбағасын жейді екен деген ұғым қалыптасқан. Егістікті жыртатын өгіз молшылықтың бейнесі деп танылса, ал Тур (жабайы бұқа) құдайдың құрметіне жастардың көктемгі мерекелері өткізіліп тұратын болған. Сонымен бірге ежелгі славяндар көсемдерін жерлегенде олардың әйелдерін қоса көметін скифтерден қабылдаған тағылық әдет-ғұрпын қолданғанын да атап өткен жөн сияқты.
Ежелгі Русь мәдениеті — шекарасы Тамань түбегіне, сондай- ақ Солтүстік Двинаның жоғарғы аңғарына дейін, ал батысында Висланның жоғарғы арнасына дейін созылған Киев державасының мәдениеті ғана емес, сонымен қатар қуатты Владимир Суздаль княздігінің, Новгород боярлар республикасының, одан қалды сындарлы кезеңнің қатал сынағынан мүдірмей өтіп, елді біріктіру күресіне басшылық жасап, сол күрестің бел ортасында болған Мәскеу князьдігінің өнері.
XV ғасырда Новгородтық өнердің
тарихы аяқталды деуге болады,
өйткені бұл құбылыс өнердің
үздік табыстарының
Ұлы Петрдің Ресейде мерзімдік басылымдарды жолға қоюы — халықты ағартудағы басты қадамдардың бірі болды. Халық ара- сына кеңінен тарай бастаған «Ведомости» ғазеті — Ресейдің ең бірінші ресми газеті болды. Кітап басып шығару ісінің қолға алынуына байланысты кітап саудасы да жолға қойылды. 1714 жылы кейіннен Ғылым Академиясының кітапханасының қорына негіз болған, түңғыш мемлекеттік Кітапхана ашылды. Ал 1719 жылы орыстың бірінші музейі өз жүмысын бастады, кейіннен бүл музей, I Петрдің кезінде-ақ Ресей империясының тарихын жазуға алғашқы талпыныстар жасалды. Үлы Петрдің ғылым жөне ағартушылық саласындағы жемісті еңбегінің заңды қорытындысы Петербургте Ғылым Академиясының ашылуы болды. Бірақ, өкінішке орай, Академия ресми түрде 1725 ж., яғни Петр қайтыс болғаннан кейін ғана ашылды.Ұлы Петр жүргізген реформалар Ресейдің қоғамдық саяси, мәдени өнерінің сан-саласын қамтыды, бұл шаралар Ресейдің мәдени даму қарқынын тездетіп, мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасады. Киев Русінен бастап императорлық Ресейге дейінгі орыс мөдениетінің тарихында XIX ғасырдың алатын орны ерекше. Біріншіден, бұл кезең мәдени өрлеу кезеңі болғандықтан рухани биіктіктен көрінген бүл дәуірді ұлы орыс Ренессансы деп атауға толық хақымыз бар. Басқаны былай қойғанда, орыстың қырық жазушысы адамзаттың екі бірдей ғасырына рухани азық берді. XIX ғасыр адамзат баласының ынтымақтастығы мен тендігі, бақыты мен еркіндігіне байланысты философиялық — адамгершілік ізденістерге толы болды. XIX ғасыр — XX ғасыр табалдырығында туындап келе жатқан жаңашылдық пен мөдени өзгерістердің дамуындағы шешуші кезең, орыс мәдениетінің «алтын ғасыры». «Алтын ғасыр» ұлы орыс ақыны Пушкиннің өмірге келуінен басталып, ақылдылығы, ғүламалығы жөнінен ешкімнен де кем түспейтін метафизик-философ В. Совольевтің өлімімен аяқталды. Ресей тарихындағы бірде-бір ғасыр дөл «Алтын ғасырдай» Ресейді «құтқаруға», жаңғыртуға бағытталған теориялар мен ілімдерді өмірге келтірген жоқ.Дәл XIX ғасырдағыдай еш уақытта да сансыз қоғамдық қозғалыстар (анархистер, атеистер, халықшылдар, марксистер, нигилистер және т.б.) белең алған емес. XIX ғасыр — Ұлылар ғасыры болды. Олар: Пушкин мен Чаадаев, Гоголь мен Герцен, Хомяков пен Аксаков, Сперанский мен Уваров, Ушинский мен Михайловский, Чернышевский мен Лавров, Достоевский мен Толстой, Леонтьев пен Соловьев. Н. Бердяевтің пайымдауынша, «Ресей XIX ғасырда өзінің ерекше даму жолын ой елегінен өткізді», Батыс-Шығыс дилемасындағы өзінің тарихи рөлін анықтай білді. Олай болса, XIX ғасыр мәдениеті дүниежүзілік мәдениет тарихындағы асқарлы белестердің бірі болды, өйткені дәл осы бір тарихи кезеңде орыстың ұлттық мәдениетінің нақты қалыптасуы жүзеге асырылады
Халқының саны бойынша Ресей қалалары шағын (халық саны 50 мың адамға дейін), орта (50—100 мың адам), ірі (100—500 мың адам), аса ірі (500 мыңнан 1 млн адамға дейін) және миллионер қалаларға бөлінеді. Үлкен қалалардың атқаратын қызметі көптеген саланы қамтиды. Ел экономикасы мен әлеуметтік өмірінде, әсіресе миллионер қалалардың маңызы зор. Миллионер қалаларда елдегі барлық қала халқының 1/4 бөлігі шоғырланған.
Ресейдегі миллионер қалалар,
2008 ж.
(Ресей статистикалық анықтамалығының
деректері бойынша)
Қала |
Халық саны, млн адам |
Қала |
Халық саны, млн адам |
Мәскеу |
10,4 |
Самара |
1,13 |
Санкт-Петербург |
4,6 |
Омбы |
1,13 |
Новосибирск |
1,4 |
Қазан |
1,1 |
Төменгі Новгород |
1,3 |
Үфі |
1,1 |
Екатеринбург |
1,3 |
Челябинск |
1,1 |
Елдегі ең ірі агломерациялар Мәскеу (13 млн тұрғыны бар) және Санкт- Петербург (6,5 млн адам) маңында қалыптасқан. Мәскеу халық саны жөнінен Еуропадағы ең ірі қала болып табылады. Қала шамамен 1000 км² аумақты қамтып жатыр. Қала туралы алғашқы мәліметтер жылнамаларда 1147 жылы жарық көрген. XV ғасырдан бастап біртұтас Ресей мемлекетінің астанасы болып жарияланған. 1922—1991 жылдардың аралығында КСРО астанасы қызметін атқарған Мәскеу елдегі аса ірі әкімшілік, экономикалық және мәдени орталыққа айналды. Қалада 4 ірі әуежай, аса ірі метрополитен, жүздеген кәсіпорындар, 80-нен астам жоғары оқу орны шоғырланған. Қалада 1000- нан астам ғылыми мекемелер жұмыс істейді. Мәскеу — әлемдегі ірі мәдениет орталықтарының бірі. Мұнда сәулет өнерінің інжу-маржандары болып саналатын діни ғимараттар, Мәскеу Кремлі мен Қызыл алаң, патша иеліктерінің әсем сәулет ансамбльдері, Үлкен театр мен Мәскеу университетінің ескі ғимараты сақталып қалған. Қалада 60 кәсіби театр, 74 мұражай жұмыс істейді. 1980 жылы қалада XXII Олимпиадалық ойындар өткізілді. Орал мен Поволжьеде басқа аудандармен салыстырғанда миллионер қалалар саны көп. Ал солтүстіктегі ең ірі қала болып саналатын Мурманскіде халық саны 400 мың адамға да жетпейді. Ірі қалалардың көпшілігі әкімшілік бірліктердің орталығы болып табылады.
|
Реті |
Қала |
Орысша атауы |
Облысы |
Халқы |
|
1 |
Мәскеу |
Москва |
Мәскеу |
11,800,992 | ||
2 |
Санкт-Петербург |
Санкт-Петербург |
Санкт-Петербург |
4,900,520 | ||
3 |
Новосибирск |
Новосибирск |
Новосибирск облысы |
1,397,191 | ||
4 |
Екатеринбург |
Екатеринбург |
Свердлов облысы |
1,332,264 | ||
5 |
Төменгі Новгород |
Нижний Новгород |
Төменгі Новгород облысы |
1,272,527 | ||
6 |
Самара |
Самара |
Самара облысы |
1 164 900 | ||
7 |
Қазан (қала) |
Казань |
Татарстан |
1 143 600 | ||
8 |
Омбы |
Омск |
Омбы облысы |
1,129,120 | ||
9 |
Челябi |
Челябинск |
Челябi |
1,093,699 | ||
10 |
Дондағы Ростов |
Ростов-на-Дону |
Ростов облысы |
1,048,991 | ||
11 |
Үфі |
Уфа |
Башқұртстан |
1,024,842 | ||
12 |
Волгоград |
Волгоград |
Волгоград облысы |
1,021,200 | ||
13 |
Пермь |
Пермь |
Пермь облысы |
985,794 | ||
14 |
Красноярск |
Красноярск |
Красноярск |
947,801 | ||
15 |
Воронеж |
Воронеж |
Воронеж облысы |
843,496 | ||
16 |
Саратов |
Саратов |
Саратов облысы |
830,953 | ||
17 |
Тольятти |
Тольятти |
Самара облысы |
720,346 | ||
18 |
Краснодар |
Краснодар |
Краснодар |
710,686 | ||
19 |
Ижевск |
Ижевск |
Udmurtia |
611,043 | ||
20 |
Ярославль |
Ярославль |
Ярославль |
606,336 |