Оңтүстік Американың табиғат қалыптасуының негізгі кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июля 2014 в 08:31, реферат

Краткое описание

Осы заманғы дүниежүзілік ғылымның асыл мұрасы, алтын қоры, географиялық материалдар бірте – бірте жиналды. Оларды адам баласы зор қиыншылықтарды жеңе отырып жинап терді: талай – талай саяхатшылар, ғалымдар бұл жолға бүкіл өмірін сарп етті,құрбан болды. Бірақ жеңімпаз адам алған бетінен қайтпады. Көздеген мақсатына жетті. Ақыры жерді, оның формасын дұрыс түсінді. Адам жер шарының орасан үлкен екеніне, ал бүкіл әлеммен салыстырғанда соншалық кіші екендігіне көзі жетті.
География – ғылымдардың ішіндегі ең көнелерінің бірі.

Содержание

Негізгі бөлім
І тарау
Оңтүстік Американың ашылуына үлес қосқан ұлы зерттеушілер.
1.1. Колумбтың І, ІІ, ІІІ, ІV саяхаттары.
1.2. Америго Веспучи және Фернандо Магелан саяхаттары.
ІІ тарау.
2.1. Оңтүстік Американың табиғат қалыптасуының негізгі кезеңдері.
2.2. Тектоникалық құрылымы мен жер бедері.
2.3. Оңтүстік Американы физикалық географиялық аудандастыру.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Америка курлыгының зерттелуи.docx

— 47.73 Кб (Скачать документ)

Халықтың әдәір бөлігі сонымен бірге балық аулаумен айналысады. Амазонка және оның салалары балыққа өте бай.

Шығыс Амазонияда пайдалы қазбалар – мұнаймен марганец рудасы табылып, өндірілуде. Мұнайдың мол қоры сонымен қатар облыстың батысында – Перуде бар. Мұнда алғашқы скважина салына бастады.

Трансамазонка автомобиль магистралының салынуы Амазония дамуының қуатты факторы болып табылады. Бірақ оның салынуы табиғат ортасын қатты бұзғаны соншалық, бұл бірегей амазонка ландшафтыларын қалпына келмейтін және өте ұнамсыз өзгерістерге ұшырауы мүмкін.

Гвиана таулы қыраты мен гвиана ойпаты

Атлант мұхиты жағалауына Ориноко ойпатына дейін жер беті берте – бірте кең саты түрінде көтеріле  береді. Теңіз маңы өңірін батпақты ойпат алып жатады, ол әрі қарай кристалды жыныстардан  түзілген баяу көтеріле беретін тегіс үстіртке  өтеді. Оңтүстік – батысқа қарай жер беті берік тау жыныстарынан түзілген шоқы – шоқы болып көрінетін кәдуілгі  кристалды мүжілген тауға айналады.

Гвиана таулы қыраты орталық бөлігінде өте – мөте биік және тілімденген болады. Беті кристалды жыныстарының үстінде жатқан протерозой жамылғысындағы түрлі түсті құмтас және кварцитпен жабылған жеке массивтер 2000м – ден асып кетеді, ал тау қыратының ең биік массивтері 2772 және 2950 м – ге жетеді. Кей жерлерде жер бедері опырықтармен күшті кескінделген, биіктігі 2000 м – ге дейін баратын және одан да асатын қырқалар кездеседі.

Ең биік массивтердің төрткүл бастарында орман өспейді және оларды түзетін жыныстар әр түрлі – сұр, ақ, қызыл түстерге боялған. Олар, әсіресе, беткейлерін жауып жатқан көктің арасында көз тартарлықтай оқшауланып тұрады. Рорайма қызыл массивін жергілікті үндіс тайпалары қасиетті деп есептейді және оған байланысты әр түрлі аныздар бар. Қазіргі кезге дейін адамдар оның маңына бара алмайды десе де болады.

Тау қыратының қия, сатылы беткейлерінен ағатын өзендер биік кемелерді басып өтеді де, көптеген сарқырама жасайды. Әсіресе тау қыратының орталық бөлігін басып өтетін өзендерде – тау қыратының аса биік массивтерінен түсетін және құмтас пен кварциттердің қия жарларын жарып өтетін Карони мен оның оң жақ салаларында орасан зор сарқырамалар көп.

Чурун өзенінің бас жағында төрткүл тәріздес ауян – Тепуа массивінен дүние жүзіндегі ең биік Анхель сарқырамасы құлай ағады. Тау қыратынан Гвиана ойпатына ағатын өзендер де сарқырамалар көп.

Потаро өзеніндегі Кайетеур сарқырамасы биіктігі жөнінен Анхельден көп кейін тұрады. (225 м), бірақ Ниагар сарқырамасының биіктігінен бірнеше есе асып түседі және дүние жүзіндегі аса ірі сарқырамалардың бірі болып табылады.

Негізгі климат айырмашылықтары жауын – шашынның режиміне байланысты. Солтүстік шығыста, яғни Атлант маңы ойпатында және тау қыратының беткейлерінде бүкіл жыл бойы жауын-шашын түседі. Сәл байқалатын минимум экваторлық  муссон солтүстік – шығыс пассатымен ауысатын күз айларына тура келеді. Оңтүстік –шығыста қысқа мерзімді құрғақ кезең оңтүстік жарты шардың қыс айларымен тұтас келеді. Тау қыратының ішкі бөліктерінде – батыста және оңтүстік – батыста құрғақ кезең солтүстік жаты шардың қысында болады, ал мол жаңбыр апрельден сентябрьге дейін түседі.

Шамалы биіктіктерде температура біркелкі және  жоғары болады. Ол тауға көтерілгенде төмендейді, бірақ оның жылдық ыңғайы бірсыдырғы қалпында қалады. 2000 м шамасындағы биіктікте температура, әдетте, +10, +15°С – ден жоғары көтерілмейді.

Өсімдік жамылғысы жауын – шашын режиміне және жер бетінің теңіз деңгейінен биіктігіне байланысты. Биіктік белдеулік тау қыратының оңтүстік және оңтүстік –батыс бөліктерінде өте – мөте айқын.

Атлант мұхиты жағалауын бойлап мангра тоғайлары  тараған, олар мұхиттан алыстаған сайын ылғалды тропиктік ормандарға айналады. Бұл ормандар батпақтармен немесе әр түрлі тропиктік дақылдар плантацияларымен кезектесіп ауысып отырады.

Ылғалды тропиктік ормандар сонымен қатар өзен аңғарларын бойлап тау қыратының ішкі бөліктеріне енеді. Бұған қоса олар оңтүстікте тау беткейлерінің төменгі бөліктерін жауып жатады. Алайда жер бетінің көп бөлігін саванна алып жатыр, тау қыратының ішкі бөліктерінің тегіс үстіртерінде саванна кең тараған және тау беткейлерін 400-500м биіктікке дейін жауып жатады. Саваннада қалың әрі биік шөптердің арасында әдемі сымбатты пальмалар өседі.

Ылғалды пропиктік ормандар мен саванналар биіктікке көтерілген сайын флоралық құрамы өте алуан түрлі және әдемі, әрі ашық гүлдейтін өсімдіктері көп таулы тропиктік ормандармен ауысады. 2000м –ден биігірек жерде тау орманы бұталарға және ірі, бояуы қанық гүлді шөптерге ауысады. Тау қыратының ең биік басында өсімдік өспейді, ол тастақ болып жатады.

 

 

 

 

 

                                         Қорытынды

Қорытындылай келсек географтар Оңтүстік Американы көптеген табиғат ғажайыптарының материгі деп атап кеткен. Олардың нені меңзеп отырғаны осы курстық жұмыстың барысында айқындалды.

Америка немесе Жаңа Дүниенің тұтас бір бөлігін құрайды. Ескі Дүние халықтарының Жаңа Дүниені ашқан уақыты әзірге нақтылы анықталған жоқ. Ғалымдар Америка жағаларына Европа тұрғындары да, Африка тұрғындары да жүзіп бара алды деп пайымдайды. Мың жыл бұрын викингтер – Скандинавияның  тұрғындары теңізді кезген кездерінде белгісіз жағаларға талай тоқтаған.

Викингтердің жорықтарынан кейін 500 жылдан соң европалық теңізде жүзушілер мұхиттың ар жағындағы материкті қайтадан ашты. Бұл кезде викингтердің ұлы ашулары мүлдем ұмыт болған, өйткені викингтер өз жаңалықтарын тіпті сезбеген еді.

XV ғасырдың аяғында - XVI ғасырдың  басында ғылым мен теңізде  жүзудің дамуы Ұлы географиялық  ашуларға жеткізді. Сауда мүдделері  европалықтардың шығысқа, Азияға  баратын теңіз жолын іздеуге  мәжбүр етті.

Саяхатшылардан кейін Америкаға испан және португал шапқыншылары ағылды. Оларды жаңа жерлердің ғажайып байлығы туралы аңыздар қызықтырды. От пен семсердің күшімен бүтіндей мемлекеттер құртылып, талан – таражға түсті. Материктегі көптеген географиялық  ашулар отар басып алудың осы кезеңімен байланысты.

Алайда географиялық ғылым үшін материктің табиғаты үш ғасырдай белгісіз болып қала берді. Испан және португал отаршылары өз иеліктеріне ғылыми экспедицияларды жібермеуге тырысты.

Оңтүстік Американы зерттеуші алғашқы ғалымдардың ішінде неміс географы әрі саяхатшысы Александр Гумбольдт болды.

XVIII – XIX ғасырлардың аралығында  ол француз ботанигі Э. Бонпланмен  бірге Оңтүстік Америка табиғатын  зерттеу жөнінде экспедицияны  қолға алды. Гумбольдт материктің  алғашқы геологиялық картасын  жасады, батыс жағалары тұсындағы  ағыстарды сипаттады, жағалауға  таяу аудандардың климаты үшін  оның маңызын түсіндірді, Анд  табиғатын зерттей келе, ол биіктік  белдеу идеясын негіздеп берді.

Оңтүстік Американы зерттеуге орыс саяхатшылары да үлес қосты. XIX ғасырдың басында Бразилияда Н.Г.Рубцов пен Г.И. Лангсдорф басқарған орыстың комплексті экспедициясы жұмыс істеді, ол Бразилия таулы үстіртінің ішкі аудандарының табиғаты мен байырғы халқын зерттеді.

Совет ботанигі Н.И.Вавилов 1932 – 1933 жж. өзінің материкке экспедициялары кезінде егіншіліктің ежелгі ошақтарының орталықтарын және өзінің отаны Оңтүстік Америка болып табылатын кейбір екпе өсімдіктердің шығу тегін айқындады.

 

 

 

                  Пайдаланған әдебиеттер

 

1. Белосельская Г.А. Анды. М., 1958

2. Гожев А.Д., Южная Америка. М., 1948

3. Джемс П. Латинская Америка. М., 1958

4. Забродская М.П. Южная  Америка. М., 1949

5. Лукашева Е.Н. Южная Америка. М., 1958

6. Лундквист Э. Вулканический  континент. М., 1960

7. Народы Америки. Т.2 М., Изд-во  АН СССР, 1959

8. Родин Л. Пять недель  в Южной Америке. М., 1955

9. Атлас Латинской Америки  М., 1968

10. Алексеев В.П. География  человеческих рас. М., 1974

11. Алисов Б.П., Берлин И.Л., Михель В.М. Курс климатологии. Ч.ІІІ., 1954

12. Бобринский Н.А., Гладков  Н.А. География животных. М., 1961

13. Витвинский Г.Н.Циркуляция  атмосферы в тропиках Л., 1971

14. Воронов А.Г. Биогеография. Изд-во МГУ, 1963

15. Жинью М. Стратиграфическая  геология. М., 1952

16. Марков К.К., Величко  А.А. Четвертичный период. Т.З.  Материки  и океаны М.,1967

17. Махачек Ф. Рельеф Земли. Т.1 и 2. М., 1959-1961

18. Нейл У. География жизни. М., 1973

19. Павлов Н.В. Ботаническая  география зарубежных стран. М., 1965

20. Рябчиков А.М. и др. Физическая  география  частей света. М., 1963

21. Хаин В.Е. Региональная  геология. М., 1952

22. Физико-географический  атлас мира. М., 1964

 

 

 


Информация о работе Оңтүстік Американың табиғат қалыптасуының негізгі кезеңдері