Оңтүстік Американың табиғат қалыптасуының негізгі кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июля 2014 в 08:31, реферат

Краткое описание

Осы заманғы дүниежүзілік ғылымның асыл мұрасы, алтын қоры, географиялық материалдар бірте – бірте жиналды. Оларды адам баласы зор қиыншылықтарды жеңе отырып жинап терді: талай – талай саяхатшылар, ғалымдар бұл жолға бүкіл өмірін сарп етті,құрбан болды. Бірақ жеңімпаз адам алған бетінен қайтпады. Көздеген мақсатына жетті. Ақыры жерді, оның формасын дұрыс түсінді. Адам жер шарының орасан үлкен екеніне, ал бүкіл әлеммен салыстырғанда соншалық кіші екендігіне көзі жетті.
География – ғылымдардың ішіндегі ең көнелерінің бірі.

Содержание

Негізгі бөлім
І тарау
Оңтүстік Американың ашылуына үлес қосқан ұлы зерттеушілер.
1.1. Колумбтың І, ІІ, ІІІ, ІV саяхаттары.
1.2. Америго Веспучи және Фернандо Магелан саяхаттары.
ІІ тарау.
2.1. Оңтүстік Американың табиғат қалыптасуының негізгі кезеңдері.
2.2. Тектоникалық құрылымы мен жер бедері.
2.3. Оңтүстік Американы физикалық географиялық аудандастыру.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Америка курлыгының зерттелуи.docx

— 47.73 Кб (Скачать документ)

Солтүстік Америкамен орографиялық ұқсастық екі материктің дамуы мен құрылымындағы кейбір ортақ белгілермен байланысты: олардың батыс шеттері Тынық мұхит белдеуінің қатпарлы ғимараттарына, ал үлкен шығыс бөліктері платформалық құрылымға жатады. Бірақ платформалық бөлігі құрылымының ерекшеліктері және дамуы жөнінен оңтүстік Америкадан гөрі Африкаға ұқсастау келеді.

Жоғарыда айтылғандай, Оңтүстік Америка платформасы орасан зор Гвиана – Бразилия мегақалқанынан (оны оңтүстік Африка қалқанының аналогы деп қарауға болады) және Африканың Сахара плитасына ұқсас Пампа – Патагония плитасынан тұрады.

Мегақалқан алабында фундаменттің үш ірі дөңі: Гвиана, Батыс Бразилия және Шығыс Бразилия дөңдері  бар. Оларды Амазонка, Парана, Сан – Франсиску, Мараньяо (Паранаиба) кейінен түскен ірі ойыстар (синеклизалар) бөліп жатады. Соңғы үшеуі Батыс және Шығыс Бразилия дөңдерінің аралығындағы төмен түскен бір зонаға бірігіп кетеді деуге болады.

Қалқандардың Анд қатпарлы зонасына қараған беткейлері Андының алдыңғы майысуларына қосылып кететін перикратондық ойыстарға ұласады. Оңтүстікте субмеридиандық перикратондық майысу Чако – Пампа синеклизасына жалғасады. Ол Парана синеклизасына ұласады. Чако – Пампа синеклизасын енді Патагония плитасына жатқызуға болады. Бұл плитада беті шөгінді және жанартаулық жыныстармен жабылған және енсіз майысумен бөлінген екі массив оқшау тұрады.

Платформа алабында әр түрлі пайдалы қазбалар бар. Олардың Оңтүстік Амрика картасындағы қазіргі таралуы, бір жағынан платформаның геологиялық құрылысының айырмашылықтарын көрсетсе, екінші жағынан, оның геологиялық зерттелу дәрежесінің әр қилылығын көрсетеді.

Металдың ірі кендері архей – протерозой фундаментінің жыныстарымен юайланысты. Гвиана, әсіресе Бразилия таулы қыратының протерозой метаморфтық жыныстарында (итабириттерде), темір рудаларының магнит пен геманиттердің қоры мол. Интрузиялар енген жерлерде алатын кен орындары бар.

Ежелгі үгілуден және гранит – гнейстердің бұзылуымен пайда болған заттарда марганец рудаларының   мол қоры түзілген, оның құрамындағы металл 50% - тен асады.

Осымен қатар Гвиана таулы қыраты мен Гвиана ойпатындағы   кристалл жыныстарының ежелгі үгілу қыртысымен капиталистік дүниедегі аса ірі боксит кендері байланысты.

Әр қилы жастағы пегматит желілерінде сирек кездесетін және радиоактивті элементтер түзілген.

Ориноко, Амазонка бассейінің  перикратондық майысуларында, Гран – Чакода және Патагония плитасында, біршама жақын арада мұнай кен орындары ашылып әрі өндіріліп жатыр.

Оңтүстік Америка платформасы алабындағы жер бедерінің  Африканың жер бедерімен көптеген ұқсас жері көп. Олардың айырмашылықтары негізінен алғанда белгілі бір жер бедері типтерінің өзара арасалмағында. Мысалы, Оңтүстік Америкадағы синеклизалардың кеңірек таралуына байланысты ойпатты аккумуляциялық жазықтар едәуір үлкен кеңістіктерді қамтиды: жанар тау тектес үстірттер таралған территориялар да ұлан-ғайыр және т.б.

Акумуляциялық жазықтар Африкадағы сияқты барлық синеклизалардың дерлік орталық бөліктерін алып жатады және перикратондық майысу зонасына сәйкес келеді. Синеклизалардың қалқандармен іргелес шеткі бөліктері, сондай-ақ Патагония плитасы аймағы биік қабатты жазықтар мен үстірттер түзеді. Шөгінді комплексі көршілес қалқандармен бірге көтерілуге ұшыраған Мараньяо және Сан-Франсиску ойыстары үшін беткейлері тік жарлы моноклинальды және сатылы биік үстірттердің (шападас) таралуы тән.

Батыс (Орталық) Бразилия қалқанының солтүстік  және батыс бөліктеріне, Шығыс Бразилия мен Гвиана қалқандарының солтүстік беткейлеріне жер бедерінің типтік формалары – кең немесе тар шатқал тәріздес өзен аңғарлары кесіп өтетін тұғыр жазықтар мен таулы үстірттер тән болады.

Бразилия таулы қыратының оңтүстік – батысында, Парана бассейінінде  көп шерді сатылы жанар таулық үстірттер алып жатыр.

Шығыс Бразилия қалқанының шетінде жатқан Бразилия таулы қыраттарының шығысы мен Гвиана таулы қыраттарының едәуір бөлігі мезозойдың аяғы мен неоген антропоген кезінде қалқандардың орогендік күшейе түсуі нәтижесінде Шығыс Африка сияқты эпивплатформалық таулар жүйесіне айналған (Бразилия серралары және Гвиана таулы қыраттарының ең биік бөліктері).

Анд қатпарлы белдеуі бүкіл өң бойында дерлік антиклинорийлерге сәйкес келетін параллель немесе параллельге жақын жоталар жүйесінен және синклинорийлер мен опырықтарға сәйкес келетін тауаралық аңғарлардан тұрады.

Андының қазіргі қатпарлы ғимараты құрамында кейініректегі орогендік процестермен қайта құрылған палеозой қатпарлы құрылымдары кіреді. Оларға тау жүйесінің орта және шығыс бөліктері жатады. Батыста бүкіл палеозой мен мезозой бойында шөгіп жатқан, кайназой эрасында қатпарлануға және көтерілуге ұшыраған зона созылып кетеді.

Жалғыз Анды белдеуі солтүстікте негізгі бөлігі Солтүстік Американың құрамына кіретін Антиль – Кариб аймағына жалғасады. Оңтүстікте материкте бұл аймаққа Кариб Андысының ендік жүйесі ған жатады.

Дамуындағы және құрылымындағы өзгешеліктеріне сәйкес Анд тауын мынадай ұзына бойғы құрылымдық – геоморфологиялық зоналарға бөлуге болады: Батыс Кардильер – альпі циклінің орта кезінде немесе аяғында түзілген биік және орта биіктіктегі қатпарлы – жақпарлы жоталар. Батысынан бұл зонаға жарыса ұзына бойғы аңғарлар мен ойыстар өңірі өтеді. Ол өз кезегінде Тынық мұхиттан барлық жерінде дерлік кайназойдың қатпарлы шөгінділерінен тұратын Жағалық Кардильердің үзік – үзік зонасымен бөлінген. Келесі зона – палезойдың қатпарлы құрылымдары негізінде кайназойдың аяғындағы жақпарлы қрзғалыстардың нәтижесінде түзілген Шығыс Кордильер. Андының орталық бөлігінде, Батыс және Шығыс Кордильердің аралығында Боливия таулы қыраттарының  Пуналары жатыр. Олар альпі орогенезі процесінде айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған палеозой жақпары болып табылады. 26 және 37° о.е. аралығында Прекордильер мен Пампа серраларының орташа биіктегі және биік жақпарлы массивтері мен жоталарының жүйесі көтеріліп жатады. Бұл тау ғимараттары платформасының палеозой, ал одан кейін кайназой тау түзілуіне іліккен шеткі бөлігі болып табылады. Олар кәдімгі Андыдан және бір – бірінен тектоникалық ойпандармен бөлінген, сонымен бірге оларды платформа мен Андының аралығындағы өтпелі аймақ деп қарауға болады.

Пайдалы қазбалардан Анд белдеуінде мыстың, қалайының, қорғасынның, мырыштың пневматолиттық және гидротермалық рудалары таралған. Сонымен бірге  күміс, алтын, асыл тастар да таралған.

Андының тауаралығы және тау бөктері майысулары, әсіресе Венесуэла мен Колумбия аймағында  мұнайға бай.

 

2.3. Жердің формасына  қарай бөліну ерекшеліктері және  физикалық-гшеографиялық аудандастыру.

Солтүстік Америка сияқты Оңтүстік Американың да шығыстағы ежелгі платформалық бөлігі мен материктің солтүстігіндегі және батысындағы күрделі құрылған жас Анд тауы жүйесінің табиғат жағдайларында үлкен айырмашылық бар.

Шығу тегі мен геотектоникалық құрылысының әр түрлі болуына байланысты осы бөліктердің әрқайсысының ендік бойынша климат жағдайлары өзгеше болады,  таулы өңірдегі биіктік белдеулері әр түрлі қалыптасады және органикалық дүниесінің құрамы мен бейнесі де әр қилы келеді.

Материктің екі ірі бөлікке (субконтиненттерге) – Шығыс пен Андыға бөлінуі осыған байланысты.

Шығыс

Оңтүстік Американың құрылымы платформалық және жер бедері көбіне жазық болып келетін шығыс бөлігі солтүстік субэкваторлық және оңтүстік қоңыржай климаттық белдеулердің араолығында жатыр.

Оның шегіндері жердің формасына қарай бөлінуінің басты факторларына, бір жағынан, платформаның құрылымы мен жер бедеріндей айырмашылықтар (кең – байтақ қалқандар мен платформалық синеклизалардың алмасып келуі), екінші жағынан, зоналық құрылымы жатады. Бұған қоса материктің пішінінің – экваторлық бөлігінде барынша кеңіп, оңтүстікте тарылуының, Тынық мұхит жағынан тау тосқауылы болып, Атлантика жағынан анағұрлым ашық болуының мәні зор.

Жер бедеріне қарай бөлінуінде (олай болса, территориялық табиғат комплекстерінің жекеленуінде) платформаның мұхит маңы және геосинклиналь маңы шеттерінің орогендік күшеюінің, сонымен бірге Бразилия таулы қыраты мен Прекордильераның эпиплатформалық таулары түзілуінің үлкен маңызы бар.

Оңтүстік Америка Шығысының осы ерекшеліктерінің бәрі оның табиғатының жер формасының бөлінуіне қарайғы күрделі бейнесін қалыптастырады және айқын жекелеген табиғат аймақтары жүйесін ажыратуға мүмкіндік береді.

Амазония

Амазония табиғатының негізгі ерекшелігі оның жер бедерінің жазық болуына, континенттің ұзақ уақыт дамуы мен экватор маңындағы орнына байланысты. Ол – Жер бетіндегі ыстық ылғалды климат пен ылғалды тропиктік ормандардың, сондай – ақ суы мол өзен жүйесінің ең зор  аймағы.

Амазонияда қисапсыз табиғат ресурстары – азық – түліктің, техниалық және дәрі – дәрмек шикізатының, құрылыстық және әшекейлік материалдардың орасавн зор қоры бар орман шоғырланған. Қойнауында пайдалы қазбалар бар, олардың ішіндегі ең құндысы – мұнай. Бүкіл осы байлық әлі жеткілікті зерттелмеген және шамалы мөлшерде ғана пайдаланылады.

Амазонияның шекарасын Бразилия мен Гвиана таулы қыраттарының беткейлері және Анд тауының шығыс етегі айқын белгілеп тұрады. Солтүстікте табиғат жағдайына қарай оған Ориноко ойпатының оңтүстік шеті мен Пардаос аласа тау сілемдерін жатқызуға болады.

Амазонка о йпаты ұзақ уақыт бойы шөккен алап, соған орай оның бүкіл территориясында дерлік биіктік шамалы және жер бедері бірыңғай тегіс болып келеді. Тіпті, Анд тауының етегі маңында да оның жер бетінің биіктігі теңіз деңгейінен 100м-ден аспайды. Аңды жағынан терең өзен аңғарларымен тілімденген құм тасты үстіртттер, ал солтүстік-батыста тектоника жағынан Гвиана таулы қыратына ұқсастау Пардаос таулы сілемі (900м) бой түзеп тұрады.

Ойпаттың батыс бөлігінде, щамамен Мадейраның Амазонкаға құйылысына дейін, өзен аңғарлары жер бетін тілімдемеген және олардың аралықтарындағы суайрықтар жер бедерінде нашар байқалады. Өзен бойындағы аллювий үйінділердің қалың қабаттары жыл сайынғы су жайылу кезінде үнемі өсіп отырады. Су басатын өңірдің ені кейбір жерлерде жүздеген километрге жетеді. Осы алапта өзендер көптеген меандра мен қара су жасай отырып, ирелеңдеп ағады. Су жайылған кезде көптеген және шым-шытырақ жатқан ағыс аралары бір-біріне қосылып кетіп, орасан зор су айдынына айналады.

Шығыста платформаның ежелгі негізі көтеріңкі және жер бетіне біршама таяу жатыр. Бұл жергілікті жердің теңіз деңгейінен жаппай 200-250 м дейін көтерілуіне және  өзен аңғарларының тереңірек тілімденуіне әкеліп соғады. Ең терең аңғарларда кристалды тау жыныстары ашылып жатады. Су жайылған кезде террасалардың айқын кемерлерімен және негізгі жағалармен шектелген өзендердің біршама енсіз жайылмаларын ғана су басады.

Амазонканың сағалық бөлігінде оның аңғары қайтадан кеңейеді, ішінара су басқан кең-байтақ атырауға айналады. Атырауында өзен жан-жаққа тарамдалып кетеді де, салалардың, тармақтардың және көлдердің барып тұрған шытырманына айналады.

Амазонияның орта және батыс бөліктеріне экваторлық климат тән. Онда февральдан июньге және октябрьден январьға дейінгі жаңбыр өте мол жауатын екі кезең болады.

Амазонияның солтүстік және оңтүстік шет аймақтарында мол жауын-щащын кезеңдері әрбір жарты шардың жазына сәйкес келетін бір кезеңге бірігіп кетеді. Онда жылдың ылғалды кезеңі өте ұзаққа созылады, құрғақ маусым кезінде де жауын-шашын жауады, бірақ оның мөлшері елеулі азаяды.

Ең ұзақ құрғақшылық кезең Манаустан шығысқа таман, оңтүстік жарты шардың пассаты соғатын жерде болады. Онда декабрьден майға дейін жаңбыр мол жауады және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 95% -ке жетеді, июньнен декабрьге дейін жауын-шашын мөлшері мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы анағұрлым аз болады.

Бүкіл Амазонияға маусымдық айырмашылығы шамалы, жоғары және бір қалыпты температура тән. Температураның тәуліктік ауытқуы температура жылдың ауытқуынан көп асып кетеді. Өте қатты ыстық болмайды, бірақ +24, +27°С температураның өзін адам ауаның ылғалдылығы жоғары болуына және түнде салқын түспеуіне байланысты ауырсынады. Жаңбыр әдетте түстен кейін күшті әрі ұзақ нөсер болып жауады, ал кеште және  түнде ашық ауа райы орнайды. Климат жағдайларының бұл ерекшеліктері сан алуан түрлі өсімдігі ну болып өсетін, ылғал сүйгіш тропиктік ормандардың дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Амазонияның жануарлдар дүниесі былайша алғанда өте бай болғанымен, адам аяғы баспаған орманда бұл байлық бірден көзге түсе қоймайды. Амазонияныңқалың тропиктік ормандарында ірі жануар көп емес. Олардың көпшілігі ормандардың шет аймақтары мен өзен бойларында кездеседі. Құстар мен насекомдар, бауырымен жорғалаушылар мен қос мекенділер басым.

Әсіресе, Амазонка м ен оның салалары жануралар дүниесіне бай. Онда балықтардың 2000-ға тарта түрі, солардың ішінде жыртқыш пираньялар, ірі сүт қоректілер (ламантиндер, тұщы су дельфиндері, кішкене су шошқалары), бауырымен жорғалаушылар (өзен тасбақалары, қаймандар) өседі. Өзендер мен көлдердің жағалауларында уақытының көбін суда өткізетін алып аждаһар анаконда тіршілік етеді.

Амазонияның халық өте сирек тұрады. Бұл жерде қазіргі кезге дейін қатынастың маңызды құралы өзенде болып қалып отыр. Сондықтан да ең маңызды елді мекендер өзен маңында жайласқан. Олардың көпшілігі ірі салалардың Амазонкаға құйылысында, немесе қандай да болсын өзеннің кеме жүретін алқабының басталар жерінде тұр. Соңғы жылдары әуе транспорттының маңызы барған сайын күшеюде.

Аймақта өңделген жер аз. Амазония флорасының көптеген бағалы өсімдіктері (гевея, какао ағашы, бразилия жаңғағы т.б.) ертеден бері Оңтүстік Американың көптеген аймақтарында және басқа материктерде көптен өсіріліп келеді. Бірақ оларды өз отанында қазіргі кезге дейін түгелдей дерлік жабайы өсімдік ретінде пайдаланады: осы уақытқа дейін Амазонияда гевеяның каучук шырының жабайы өсетін ағаштарды керту арқылы жинау орын алып келеді және бұл бағалы өсімдік қолдан өсірілмейді десе де болады; ал Амазонияның халық жабайы өсетін ағаштардың түсін қалған жаңғақтарын ғана жинайды.

Амазонияның үндіс халқының көпшілігі  жеміс немесе әр түрлі жануарларды, мысалға ірі сүт қоректі ламантиндерді, сонымен бірге берік және әдемі терісі, жоғары бағаланатын крокодилдерді аулап, көшіп – қонып жүреді. Жергілікті халықтың табыс көзінің бірі – тасбақаның дәмді де нәрлі жұмыртқасын жинау. Тасбақалар топталып жұмыртқалайтын жерде олардың саны жүздеген мыңға жетеді.

Информация о работе Оңтүстік Американың табиғат қалыптасуының негізгі кезеңдері