Оңтүстік Американың табиғат қалыптасуының негізгі кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июля 2014 в 08:31, реферат

Краткое описание

Осы заманғы дүниежүзілік ғылымның асыл мұрасы, алтын қоры, географиялық материалдар бірте – бірте жиналды. Оларды адам баласы зор қиыншылықтарды жеңе отырып жинап терді: талай – талай саяхатшылар, ғалымдар бұл жолға бүкіл өмірін сарп етті,құрбан болды. Бірақ жеңімпаз адам алған бетінен қайтпады. Көздеген мақсатына жетті. Ақыры жерді, оның формасын дұрыс түсінді. Адам жер шарының орасан үлкен екеніне, ал бүкіл әлеммен салыстырғанда соншалық кіші екендігіне көзі жетті.
География – ғылымдардың ішіндегі ең көнелерінің бірі.

Содержание

Негізгі бөлім
І тарау
Оңтүстік Американың ашылуына үлес қосқан ұлы зерттеушілер.
1.1. Колумбтың І, ІІ, ІІІ, ІV саяхаттары.
1.2. Америго Веспучи және Фернандо Магелан саяхаттары.
ІІ тарау.
2.1. Оңтүстік Американың табиғат қалыптасуының негізгі кезеңдері.
2.2. Тектоникалық құрылымы мен жер бедері.
2.3. Оңтүстік Американы физикалық географиялық аудандастыру.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Америка курлыгының зерттелуи.docx

— 47.73 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

І тарау

Оңтүстік Американың ашылуына үлес қосқан ұлы зерттеушілер.

1.1. Колумбтың І, ІІ, ІІІ, ІV саяхаттары.

1.2. Америго Веспучи және Фернандо Магелан саяхаттары.

ІІ тарау.

2.1. Оңтүстік Американың табиғат қалыптасуының негізгі кезеңдері.

2.2. Тектоникалық   құрылымы мен жер бедері.

2.3. Оңтүстік  Американы физикалық географиялық аудандастыру. 

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі

Осы заманғы дүниежүзілік ғылымның асыл мұрасы, алтын қоры, географиялық материалдар бірте – бірте жиналды. Оларды адам баласы зор қиыншылықтарды жеңе отырып жинап терді: талай – талай саяхатшылар, ғалымдар бұл жолға бүкіл өмірін сарп етті,құрбан болды. Бірақ жеңімпаз адам алған бетінен қайтпады. Көздеген мақсатына жетті. Ақыры жерді, оның формасын дұрыс түсінді. Адам жер шарының орасан үлкен екеніне, ал бүкіл әлеммен салыстырғанда соншалық кіші екендігіне көзі жетті.

География – ғылымдардың ішіндегі ең көнелерінің бірі. Сондықтан да, бұл ғылымды терең зерттеп, дұрыс түсінуді, бүкіл жастар өзіне зор міндет деп санауға тиіс. Мұны білмей табиғатты, оның ұшан – теңіз құпия сырларын танып-біліп, оны қоғам пайдасына жарату мүмкін емес. География ғылымынынң тарихы бізді адам баласының жер шарын бірте – бірте қалай ашып білуімен таныстырады. Бұл ұзақ, әрі тамаша тарихи оқиға. Біздің жыл санауымызға дейінгі ерте заманда алғашқы географиялық түсінік Нил өзені бойында – Египетте, жалпы Жерорта теңізі жағалауын мекендеген елдерде пайда болды. Бірақ олар сол өзендері тұрған жерлерімен, әрі кеткенде көршілес елдердің жерлерімен ғана танысты. Платон мен Аристотель әлем, адам баласы дегенде, олар тек қана Жерорта теңізі жағалауын мекендеген эллиндер мен кейбір жауынгер тайпаларды айтады. Біздің заманымызға дейінгі жыл санаудың V – IV ғасырында Геродот, Пифогор, Аристотельдер ғана жерді шар тәрізді деп дұрыс түсінді. Бұған орта ғасырлардағы Араб, Орта Азия, тағы басқа елдер ғалымдарды да үлесін қосты.

XV – XVI ғасырларда жер  шарының  ұлы географиялық ашулары  басталды. Бұған дейін белгісіз  болып келген жаңа жерлер ашылды. Кемелер алысқа сапар шекті. Испания, Португалия елдерінің Колумб, Магелан  сияқты саяхатшылары ұлы географиялық  ашуларға аттанды. Кейінірек Англия, Франция, Голландия, Россия, т.б. елдер  саяхатшылары да жер шарын  зерттеуге жұмыла кірісті. Енді  белгісіз болып келген мұхиттар, теңіздер мен аралдар адамға  аялы есігін аша бастады.

XVIII ғасырда Батыс Еуропа  елдерінде капитализмнің дамып, өріс алуына байланысты оған  жаңа жер отар қажет болғаны  белгілі. Осыған орай енді сол  бұрын ашылған   жаңа мекендерді  түбегейлі мұқият зерттеу ісі  нақтылы жүзеге асырыла бастады. XIX ғасырда дүние жүзілік географиялық  зерттеулердің құлаш жайғаны  сонша, жер шарында елеулі белгісіз  мекен – жай қалмады, Арктика, Антарктида ашылды. Солтүстік Мұзды  мұхиттың, Арктика мен Антрактиданың  жаратылыс байлығын дүние жүзі  елдерінің географтары өз үлесін  қосты.

Оңтүстік Американың ашылу және зерттелу тарихы Солтүстік Америка материгімен тығыз байланысты. Материктің жағалауын алғашқы болып өздігіне белгілі Христофор Колумб келген. Христофор Колумб Американы төрт рет саяхат жасады. Колумб алғашқы екі саяхатында орталық Американың аралдарын саргасс теңізінен ашса, үшінші саяхатында 1498 жылы тамыз айында тұңғыш рет Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзенінің сағасына келіп жетті. Колумб өзінің жаңа материк ашқанын білместен, ғұмырының соңына дейін Үндістанға баратын бат жолды таптым деген. Соның нәтижесінде Американың байырғы халқы үндістер деп аталып кетті.

Христафор Колумбтан кеййін материкке қадам басқан саяхатшы Америго Веспуччи болды. Ол 1499 ж бірінші саяхатында Гвиана және Венесуэла жағалауымен жүзіп отырып, Амазонканың   сағасына дейін барып кері қайтқан қайтар жолында үлкен шығанақтың жағалауын Венецияға ұқсатып оған «кіші Венеция» деген ат берген. Веспуччи өзінің ІІ саяхатында 1501 ж Бразилия жағалауына жеткен. Жағалау бойымен жүзіп, өздері қаңтар айында сағасына жеткен өзенге саяхатшылар қаңтар өзені (испанша Рио-де –Жанейро) деген ат берген.

XVI ғасырдың басында жер  шарын айнала жүзген саяхатшы  кезінде Фернан Магеллан. Оңтүстік  Американың шығыс жағалауын бойлай  жүзіп оңтүстік бұғаз арқылы материктің оңтүстік – батыс жағынан айналып өткен . осы ғасырдың алғашқыға дәл осы жолмен өткен атақты теңіз қарақшысы Фрэнсис Дрейк Отты жер аралдарының батысымен оңтүстікке қарай жүзіп, тынық және Атлант мұхиттан жалғасып жатқан жаңа бұғазды ашқан. Одан әрі материктің батыс жағалауын бойлай солтүстік Америкадағы Ванкувер аралына жетіп, Азияға бет алды.

XVIII ғасырдың аяғы мен  ХІХ ғасырдың басында неміс  географ ғалымы Александр Гумбольт  француз ботанигі Бонпланмен  бірге Оңтүстік Америка табиғатын  зерттеп, алғашқы геологиялық картасын  жасаған. Батыс жағалауындағы мұхит  ағысын сипаттап олардың материк  табанына тигізетін әсерін түсіндірген. А. Гумбольдт Анд тауларын зерттеу  нәтижесінде биіктік белдік заңдарын  негіздеген. Ғалым оңтүстік Америка  табиғатын зерттеу нәтижесінде 30 томнан аса еңбек жазып қолданған. Атақты орыс климат зерттеушісі  А.И.Воейков 1874 ж Оңтүстік Америка  климатының өзіндік ерекшеліктерін  зерттеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау. Оңтүстік Американың ашылуына үлес қосқан ұлы зерттеушілер.

Жер шарында ұлы географиялық зерттеулер XV ғасырдан басталды. Бұл жерде Европа саяхатшыларының мақсаты аңызға айналған Үндістан жерін ашып, онымен сауда, қарым – қатынас жасау болды. Бірақ саяхатшылар Үндістанның қай жерде екенін білмеді, оған европалықтар Африканы айналып жүзіп бармақ болды. Бұл ғасырда теңізде жүзу әр елде етек ала бастады. Алысқа жүзе алатын, мүхит толқынына төзе алатын кемелер жасалды. Кеме шаруашылығын өркендетуге Португалия мен Испания бәсекелесіп, Атлант мүхиты арқылы жүзіп, бірқатар жерлерді, белгісіз аралдар мен түбектерді ашып, оларды өздерінің отарына айналдырды. Міне, осы кезде  Үндістанды, Шығыс Азияны Батыс теңіз жолы арқылы ашу деген жаңа жоспарды Христофор Колумб ұсынды. Жер шар тәрізді болғандықтан біз батысқа қарай жүзе берсек Азияның шығысына шығамыз деді. Бірақ оның бұл ұсынысын батыс елдерді  бірден қабылдамады. Сонда да атақты теңізші – географ алған бетінен қайтпай, көптеген кедергі мен қиыншылыққа төзіп, ақыры өз дегенін орындап шықты. Колумб Европада бірінші болып шығыстан батысқа қарай Атлант мұхитын жүзіп өтіп, белгісіз жерді, көптеген  аралдарды ашты. Ол ашқан жерлерін Шығыс Азия, Үндістан жері, Жапония аралдары деп  ойлады, Американы ашқанын өзі білмей кетті.

Христофор Колумб 1436 жылы Генуя қаласына жақын жердегі тоқыма өнеркәсібінде істейтін Доминико Колумб семьясында туған. Колумб жас кезінде қайда оқығаны белгісіз, әйтеуір итальян, испан, португал және латын тілдерін жақсы білгені анық. Он төрт жасында Колумб теңіз қызметіне кетеді. Жасында Жерорта теңізінде, Европа жағалауларын кезеген сауда кемелерінде болып, теңіз жағдайын жақсы біліп алды. Жас кезінде Колумб Генуяда тұрғанда географиялық карта сызумен шұғылданған. Ол бұл мамандықты меңгеріп алған соң, інісі Бартоломей Колумбпен бірге Португалияның Лиссабон қаласына келеді. Ол кезде португалияның Лиссабон қаласы теңіз шаруашылығының орталығы болды, оған барлық жерден ғалымдар, теңізшілер, географтар жиылатын. Мұнда келгеннен кейін де ағайынды Колумбтар карта жасаумен айналысты және бірқатар теңізде жүзу жұмыстарына қатысқан.

Колумб Лиссабонда тұрған кезінде Феници Мони де Палестерелло дейтін теңізшінің қызымен танысып, соған үйленеді. Қыздың әкесі Генрих Португалияны билеген. Кейін Порто – Санто аралында губернатор болған. Колумб оның қызына үйленген соң Порто – Санто аралына келіп, атасынынң үйінде тұрады. Мұнда ол Палестероллоның қалдырған географиялық карталары, теңіз жұмысы туралы жазуларын тауып алып, сол материалды мұқият зерттейді. Міне, осы кезден бастап Колумб Батыс жолымен Үндістанды ашу мәселесіне кірісті.

 

 

 

                1.1. Колумбтың бірінші экспедициясы.

Испания королі Колумбтың алыс сапарына арнап екі кеме жабдықтайды, үшіншісін Колумб өз қаражатымен жасатады. Кемелер алысқа аттануға дайын болады. 1492 жылы 3 августта Колумб үш кемеге отырған 90 адаммен бірге батыс жолымен тұңғыш рет Атлант мұхиты арқылы белгісіз Үндістанды, Қытай жерлерін, Жапония аралдарын, Азияның шығысын ашуға аттанады.

Ашық теңіз айдынына түскен соң Колумб флоты оңтүстік - батысқа қарай жүзіп, канар аралдарына жетіп, одан тіке батысқа қарай ұдайы, 19 күн жүзіп, Гомера аралына келеді. Мұнан олар азық – түлік, су, отын алып, 9 сентябрьде Канар аралдарының ақырғысы – Ферро аралынан шығып, белгісіз мұхит суымен жүзе береді.

Колумбтың үш кемесі Атлант мұхитында ұзақ жүзеді, толқын шайқап, матростар арасында қорқыныш туады, тіпті Колумбқа қайтадан Испанияға қайтамыз дейшілер де болған. Бірақ Колумб мұның бәрін жуып, шайып алдағы ашылатын жерді, оның байлығын бейнелеп айтып, оларды қызықтырады. Дегенмен 10 октябрьде матростар бұдан әрі бармаймыз деп тағы да Колумбқа қарсы тұрады. Жағдай қиындай түседі, енді Колумбтың жер жақын дегеніне ешқайсысы сенбейді. Осындай қиын жағдайда 1492 жылы 11 октябрьде теңізшілерге  қалқып жүрген ағаш бұтағы, ұшып жүрген құстар көрінеді. Теңізшілер түнімен ұйықтамай батыс жаққа қараумен болды. Колумб бірте жылт еткен от көреді. Түн ортасында жағалау белгі бергендей болады. Кешікпей түнгі сағат 2 – де алда жатқан «Пинта» кемесі зеңбіректен салют береді. Теңізшілер таң атуын асыға күтеді. Колумб 12 октябрьде көптен арман еткен «Жаңа жер» жағасын көреді, қуаныштың ұшы – қиыры болмайды. Шыққан күннің сәулесімен «жаңа жер» жағасы нұрлана береді. Колумб он жолдасымен қайыққа отырып, аралға аттанады. Колумб ту ұстап жағаға шығып, жаңадан ашқан осы аралды Сан – Сальвадор (құтқарушы) деп атайды.

Колумб ашқан жерінің оңтүстігіндегі алтынды аралды «Жапония» аралы болар, - деп соған аттанды. Ол 15 октябрьде екінші аралды ашып, оны «Девы Марии» деп атайды. Одан әрі жүзіп, 19 октябрьде үшінші аралды ашып, оны Испания королевасының есімімен «Изабелла» деп атайды. Колумб қайтадан батысқа қарай жүзіп, тағы да жеті аралды ашып, ақыры ең үлкен арал Кубаға келіп тоқтайды. Колумб бұл аралдың табиғатына, әдемілігіне, байлығына таң қалады. Ол аралды аралап жүріп, жергілікті адамдардың аулына кез болады, олармен ыммен сөйлескенде, алтынды арал оңтүстікте, - дейді. Енді Колумб Азия материгін аштым  деп ойлайды да, Қытай ханына өз елшісін жібереді, әрине ол ештеңе таппай оралады. Колумбты арал жағдайын жақсы білетін екі адам ертіп жүреді, солар арқылы ол аралдағы адамдарды шақырып, өзінің Испания королынан келгендігін айтып, олардан өз ықтиярымен христиан дінін қабылдауды сұрайды. Мұнда европалықтардың бір таң қалғаны, жергілікті адамдар бір шөпті домбалдап  орайды да, оған от қойып, екіншісі оның жалынын ішіне тартып, түтінін танауынан шығарып жатады. Оны өздері «табак» деп айғайласады. Бұл кереметке испандар таңырқай қарайды, кейіннен табакты өздері Европаға әкеліп, дүние жүзіне таратады. Колумбқа көптеген жергілікті адамдар келді. Олардың абызы Кацик та Колумбқа келіп алтынды аралды көрсетеді.

Сөйтіп, Колумб Атлант мұхитының Америка жағалауының аралдарын бірінен соң бірін ашты, сап алтын жер бетіне шығып жатқан аралды да тапты. Сөйтіп жүргенде оның бір кемесі жағалауға тасқа соғылды, мұны естіп үндістердің абызы Кацик өзі келіп көмектесіп, суға кеткен тамаған, бұйымдарын жағаға шығарысады. Бұл жадай Колумбқа үлкен ой салды.

Колумбтың екінші экспедициясы. Генуя теңізшісінің бұл ашқан жаңалығына бүкіл Европа құлақтанып, осы хабар халыққа кең тарады. Бұған әсіресе Колумбтың алғашқы жоспарын қабылдамаған Португалия королы қатты өкінді, енді Испанияның үстемдігі өктем бола беретініне оның көзі жетті. 13 мартта Португалия королы Иоанн ІІ эскадро ұйымдастырып, Атлант мұхитының батысынан Испания кемесін Колумб ашқан жерге өткізбесін деген жарлық шығарды. Бұл кезде Испания королы да қарап жатпады, бүкіл жаңадан ашылған жер Испанияға қарайды деген жарлық шашты. Сөйтіп көршілес отырған Испания мен Португалия арасында бәсеке туып, жаңа жерлерді  отарлау жарысы басталды. Бұлар енді жер шарын екіге бөліп, жанталаса отарлау саясатына кірісті.

Испания королы жаңа ашылған жерлерді өз корольдығына бекітіп, тағы да Колумбқа екінші рет экспедицияға аттануға әмір етті. Бұған Колумб асқан жігерімен дайындалды. 1493 жылы Испания жағалауында қаншама желкенді кемелер алыс сапарға аттануға дайын тұрды. Колумбқа енді жаңа жер байлығына қызыққан 1200 адам ерді, олардың кейбіреулері семьясымен барған жерінде тұрып қалмақ болды. Колумб өзімен бірге жаңа жерді зерттейтін ғалымдарды, дін таратушы монахтарды, алтын қазатын кеншілерді, ұста, балташыларды ертіп алды, сондай – ақ сиыр, жылқы, қой, оған қоса астық, өсімдік тұқымын ала кетті.

Колумбтың үшінші экспедициясы. Колумб өзінің мұхитын арғы жағынан үшінші саяхатына 1498 жылы майда аттанды. Ол бұл сапарға өте көңілсіз қарады, өйткені сол кездегі жағдай, оның үстіне оның ауруы жанына қатты батты. Ол бұл саяхатқа дайындалмады. Оның жолын торып жүрген француз кемелерінен бұрыла жүріп, солтүстік Америка жағалауынан көптеген арал ашып, 1498 жылы 1 августта екінші рет Америка жағалауын ашты. Бірақ Колумб тағы да ол жердің Америка жағалауы екенін білмеді. Ол 30 августта Испаньола қаласына келеді, оны губернатор інісі Бартоломей алдынан шығып қарсы алды. Колумб тапсырмасымен салынған екінші Санто – Доминго дейтін қалаға губернатор Диэго Изабеллаға да губернатор болды. Сөйтіп, жаңа жер отарлары Колумбтардың қолыеда болды. Бірақ, кешікпей мәселе қиындай берген. Азық – түлік таусылып, жұмысшылар мен матростардың наразылығы күшейді. Бартоломей зерттеу жұмысында жүрген Рольдан  енді Колумбқа қарсы көтеріліс бастайды., бұған индеецтер қосылады.

 

 

Колумбтың төртінші экспедициясы. 1502 жылы 9 майда Колумб өзінің мұхиттың арғы жағындағы төртінші саяхатына аттанады. Оның шағын үш кемесінде 150 адам болды. Колумб саяхатқа ауру халінде амалсыздан, бастаған жұмысты  аяқтау үшін шықты. Ол бұл кезде 66 жаста еді. Бірінші саяхатына 56 жасында аттанған. Оның бұл кезде күші қайтып, көрген қиянаттары оны қалжыратқан еді.

Колумб жолда аралдарды аралай жүзіп, 29 июньде Изабелла қаласына келді. Бірақ ол мұнда көп аялдамады. Өйткені оны қаланың жаңа губернаторы Овандо қабылдамады, сондықтан Колумб кемелері одан әрі оңтүстікке қарай жүзді. Бірақ теңіз толқынына кездесіп, кемелері бүлініп, одан әрі жүруге жарамады. Бұлар амалсыздан  жағадағы аралға шығады. Колумбтың ауруы меңдей түседі. Матростар арасында алауыздық шығады. Екі матрос Изабелла қаласына қайықпен кетеді. Бірақ олар тез оралмайды. Аралда қалғандар сегіз ай кеме тосумен болады. Бірақ ол келмейді, оны әдейі Овандо жібермей отырса керек. Әдбен үміт үзген екі матрос бір кішкене кемені Колумб ақшасына жалдап алып шығады. Осы жерде бір жылға жуық тосқан матростар азып – тозып ашығады, бір тобы Колумбқа қару алып қарсы шығады.

Колумб көздеген мақсатын орындады, ол адам баласына жаңа материк ашып берді. Бірақ өз өмірінің ақырына дейін Колумб жаңа материк – Американы ашқанын білмеді. Ашқан жерін ол «Индия» деп оның халқын «үндістер» деп кетті. Колумб есімі дүние жүзіне әйгілі болды. Жер шарында көптеген жер, су, арал, түбектер, асқар таулар, қала, селолар оның атымен аталды. Бұл – оған арналған, мәңгі өшпейтін ескерткіш. Колумбтың география зерттеуіне қосқан жаңалығы өте мол және әр жақты, сондықтан оны атақты географ, теңізші, саяхатшы әрі ғалым ретінде бүкіл дүние жүзі зор құрметпен жоғары бағалайды.

Информация о работе Оңтүстік Американың табиғат қалыптасуының негізгі кезеңдері