Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 20:09, курсовая работа
Краткое описание
Зерттеудің мақсаты: Бағдарламалау тілдерінде электрондық оқулықтарды жасау және география пәнінде оны қолдану тиімділігін теориялық-практикалық тұрғыда негіздеу. Зерттеу нысаны: Әртүрлі бағдарламалау тілдерінің мүмкіндіктерімен танысу және олармен жұмыс жасау.
Содержание
Кіріспе.....................................................................................................................3 І Электронды оқу құралдарын дайындау әдістері............................................5 1.1 Оқытудың компьютерлік құралдарын жасау әдістемесі............................9 1.2 Электронды оқулық және оның тиімділігі..................................................10 1.3 Электронды оқулықтың құрылымы.............................................................13 1.4. Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар.......................................15 1.5 Оқытудың компьютерлік кұралдарының бір түрі тестілеу......................17 ІІ Электронды оқулық жасауда қолданылған программалау тілдері мен технологиялар..................................................................................21 2.1 HTML тілінің шығу тарихы..........................................................................21 2.2 HTML құжатының құрылымы.....................................................................22 2.3 HTML тілінің тэгтері мен элементтері.....................................................23 2.4.JavaScript сценарийлер тілі...........................................................................41 2.5. JavаScript тілінің ерекшеліктері..................................................................42 2.6. Java Script айнымалылары мен функциялары..........................................43 ІІІ География пәнінен электронды оқулық......................................................46 3.1.Электронды оқулықтың құрылымы............................................................46 4.Экономикалық бөлім.......................................................................................49 Қорытынды..........................................................................................................53 Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................57 Қосымша..............................................................................................................59
Тізімнің үшінші түрі терминдердің
тізімі болып табылады. Ол барлық мүмкіндіктерді
көркемдеу үшін өте қолайлы. Мұндай тізімді
келесі блоктың көмегімен жазуға болады:
<DL>
<DT> 1-термин <DD>1-сипаттамасы
<DT> 2-термин <DD>2-сипаттамасы
</DL>
Алынатын тізімнің түрі келесі
түрде болады:
1-термин
1-сипаттамасы
2-термин
2-сипаттамасы
...
Тексттің екі жағының шеттерін
құру үшін <BLACKQUOTE>…</BLACKQUOTE>
тегін қолдануға болады.
Текстті түстермен кескіндеу
"Сolor" (%Color;) типті атрибуттың
мәні түсті анықтайды. Түстің мәні он алтылық
саннан (диез белгісімен басталатын) немесе
түстің келесі он алты атынан тұруы мүмкін.
Түстердің атын регистр ескеріп отырады.
Түстердің аттары және RGB мәндері
Black = "#000000" Green = "#008000"
Silver = "#C0C0C0"
Lime = #00FF00"
Gray = "#808080"
Olive = "#808000"
White = "#FFFFFF"
Yellow = "#FFFF00"
Maroon = "#800000"
Navy = #000080"
Red = "#FF0000"
Blue = "#0000FF"
Purple = "#800080"
Teal = "#008080"
Fuchsia = "#FF00FF"
Aqua = "#00FFFF"
Яғни, "#FF0000" мәні және "Red"
екеуі қызыл түсті береді.
<BODY BGCOLOR> – құжат фонының
түсін анықтайды.
<BODY TEXT> – текст түсін
анықтайды.
<FONT COLOR> – шрифтің түсін
анықтайды.
HTML-құжатында графиканы қолдану
HTML-де бейнелерді қолдау – графика
әлеміне жол. Құжатқа суретті қою үшін
Сіз IMG элементін қолданасыз. Қойылған
бейне сіздің құжатыңыздың бір бөлігі
болып табылады; егер қолданушы сіздің
құжатыңызды қолданатын болса, онда бейне
де онымен бірге жүктеледі және оның бөлігі
тәрізді шығарылады.
Егер броузер тек арнайы форматты
қолдайтын болса, онда қолданушы кескінді
көре алады. Ең қолайлы форматтар – GIF
және JPEG.
Текстке текстік емес ақпараттар
обьектісін қою үшін қолданылатын флагтар-командалар
<IMG SRC="file.gif"> немесе
<IMG SRC="file.jpg"> – графиктік бейнелерді
қоюға арналған команда;
<IMG SRC ="file.wav"> – дыбыстық
фрагментті қоюға арналған команда;
<IMG SRC ="file.avi"> – видео
фрагментті қоюға арналған команда.
Графиктік бейнелердің параметрлері
WIDHT – пиксельмен өлшенетін
суреттің ұзындығы;
HEIGHT– пиксельмен өлшенетін
суреттің биіктігі;
ALIGN – тегістеу (ALIGN=LEFT – сол
жақ өріс бойынша тегістеу, ALIGN=RIGHT – оң
жақ өріс бойынша, ALIGN=TOP – жоғарғы шекара
бойынша, ALIGN=BOTTOM – төменгі шекара бойынша,
ALIGN=MIDDLE немесе CENTER – ортасы бойынша);
HSPACE – графиктік бейнеден горизонталь
бойынша алшақтығы;
VSPACE – вертикаль бойынша алшақтық;
ALT – бейнелерді белгілеу үшін
қолданылатын альтернативті текст;
<BODY BACKGROUND> – құжаттың фоны
ретінде суретті қолдануға мүмкіндік
береді.
Мысал :
<IMG SRC="http://www.hut.fi/~lsarakon/sae.gif"
ALT="[Picture of Siamese algae eater]">
HTML-құжатында
сілтемелерді қолдану
WWW ең күшті мүмкіндіктерінің
бірі құжаттар арасындағы гипертекстік
байланысты ұйымдастыру мүмкіндігі
болып табылады. HTML тілінің жабдықтарын
сипаттамастан бұрын мұндай байланыстарды
ұйымдастыру үшін Internet-те ресурстардың
ұқсастығы туралы әңгімелеу қажет.
Internet-те ақпараттардың көлемі
өте үлкен және оларға енудің
көп әдістері бар. Бөлек ресурстардың
орналасқан жерін көрсету үшін
URL (Uniform Resource Locator) атымен аталатын
жазба қолданылады. Ол ресурсқа ену
әдісін және оның орналасқан жерін сипаттайды.
URL түрі мынадай:
әдіс://[қолданушы аты@][хост][:порты][ресурс аты], мұндағы
әдіс – ресурсқа қарайтын әдісті
теңестіреді,
қолданушы аты – жүйеде қолданушының
атын көрсетеді, әдетте анонимдік ену
ұсынылады;
хост – ресурс орналасқан хосттың
желідегі атын (немесе желілік адрес) көрсетеді;
порты – сервиске енетін порттың
нөмері;
ресурс аты – хостағы ресурсты
теңестіреді және ену әдісінен тәуелді.
Көптеген Internet сервистері үшін
ресурстарға ену әдістерінің идентификаторлары
бар және белгіленулері төмендегідей:
http – WWW-да қолданылатын HTTP протоколы
бойынша ену;
ftp – FTP протоколы бойынша ену;
telnet – telnet протоколы бойынша
ену, эмуляция терминалы;
gopher – Gopher-серверіне ену;
wais – WAIS-ке (Wide Area Information System)
ену;
news – Usenet жаңалықтарына ену;
file – жергілікті файлдарға
ену.
Құжаттағы қандай да бір элементті
текстік сілтеме ретінде жазу үшін оны
<A> тегінің ішіне кіргізсе жеткілікті
(anchor иои якорь). Мұндай тегтердің толық
систаксисі:
<A параметрлер>
</A>,
мұндағы параметрлер келесі
түрде болуы мүмкін:
HREF – міндетті параметр,
біздің сілтеме жасайтынымыз URL немесе
файл екенін анықтайды. Егер біз
файлға сілтеме жасайтын болсақ,
онда HREF өрісі Web-сервер файлдық жүйесіндегі
файл атынан тұрады.
NAME – егер бұр параметр
көрсетілсе, онда сілтеме ешқайда
сілтемейді. Бірақ та бұл жағдайда
<A> тегі құжаттағы HREF параметріндегі
# символын қолдана отырып сілтеме
жасауға болатын таңбаның атын
көрсетеді;
target – құжаттың бейнеленетін
терезесінің немесе рамкасының
атын көрсететін параметр. Егер
мұндай атпен терезе немесе
рамка жоқ болатын болса, онда
жаңа терезе ашылатын болады.
<BODY> тегінің көмегімен
гиперсілтемелердің түстерін беру
<BODY LINK> – гипертекстік
байланыс түсі (сілтемелер);
<A HREF=mailto:person@firm.ru> person@firm.ru</A>
– электрондық почта адресімен берілген
гипербайланыс.
Олай болса, мысалға автор элементтері
H2, H3 және т.б. осы құжаттағы тақырыптардың
элементтеріне сілтеме болатындай мазмұнды
құруы мүмкін. Бүтін anchors құру үшін
А элементін қолданып, келесі түрде жазуға
болады:
JavaScript – бұл қолданушылардың
өзара байланыс мүмкіндіктерін және функционалдықты
үлкейтуге арналған HTML құжаттарының
құрамында қолданылатын программалау
тілі. Ол Sun's Java тілдік базасындағы
Sun Microsystems пен Netscape фирмасының бірлестігінің
негізінде жасалған. JavaScript тілінің көмегімен
Web–парақтарда HTML стандартты тегтері
жасай алмайтын нәрселерді орындай
алады.
JavaScript тілін қолданатын
негізгі обылыстар мынадай:
Динамикалық парақтарды, яғни
құжат жүктелгеннен кейін мазмұнын өзгертуге
болатын парақтарды құру;
Серверге жіберілгенге дейін
қолданушының форманы дұрыс толтырылғандығын
тексеру;
Сценарийлер көмегімен жергілікті»
(локальді) және басқа да сферадағы мәселелерді
шешу;
JavaScript клиент және сервер
ортасында да орындалатын қосымшалар
құруға мүмкіндік береді.Екі түрлі
қосымшаларды құру кезінде де,
стандартты объектілерді анықтаулардан
тұратын ядро қолданылады. Қолданушы
компьютерінде клиенттік қосымшаларды
браузер орындайды.
Жалпыланған гипермәтіндік
ақпараттық жүйе ақпаратты тізім контексінен,
осы тізімде анықталған гипермәтін байланысынан
және байланыспен тізімдерді манипуляциялау
құрал саймандарынан тұрады. World Wide Web –
технологиясы Internt-те гипермәтіні желіде
жіктелген жүйенің ену технологиясы
сәйкесінше ол мұндай жүйелердің ортақ
анықталуын қанағаттандырады.
Жоғарыда айтылған барлық гипермәтін
жүйесінің мүшелері Web-теде болу
керек екендігін білдіреді.Осылайша JavaScript
клиенттегі тек бағдарламалау тілі ғана
емес Liveware, Java script, Netscape серверлеріндегі
ауыстыру құралы болып табылады. Бірақ
ең үлкен танымдылықты JavaScript клиентте
бағдарламалауды қамтамасыз етеді.
JavaScript программасының көмегімен
Web–құжатты құру, мәтіндік редактор
мен сәйкес келетін браузерді талап етеді.
Кейбір қолданушылар өздерінің құрылған
редакторлерін қосады, сондықтан да сыртқы
редактордің қажеттілігі талап етілмейді.
Java тілімен тікелей байланысының жоқтығына
қарамастан, JavaScript тілі HTML–дың құжатына
құрылған, Java-апплеттердің әдістеріне
және ішкі қасиеттеріне хабарласуы мүмкін.
Айырмашылығы JavaScript программалары
браузердің ішінде жұмыс істей алады,
ал апплеттер браузердің сыртында орналасады.
Алдымен JavaScript бойынша ақпаратты табу
оңай көрінеді. Басында оны барлық
жерлерде: Natscape серверінде, электронды
құжаттар мен мысалдар түрінде және тағы
басқа да жерлерде көруге болатындығы
туралы көзқарас қалыптасады. Обьектілер,
операторлар, түстер және тағы басқалар
туралы барлығы бір жерде болатын мәліметтерді
іздеу қиын.
2.5. JavаScript тілінің
ерекшеліктері
Жаңа обьектілері:
area обьектісі суреттің көрінісін анықтайды;
function обьектісі функция тәрізді тексеруге қажет JavaScript кодтарының қатарын анықтайды;
image обьектісі суретті бейнелейді;
Жаңа қасиеттері:
opener қасиеті шақыратын құжаттың терезесін анықтайды;
type қасиеті форманың элементінің типін анықтайды;
Жаңа әдістері:
blur мен focus әдісі енді терезелер үшін жұмыс жасайды;
close әдісі қауіпсіздіктің жаңа кеңеймелері болады;
javaEnabled әдісі Java ашық па, соны анықтайды;
reload әдісі ағымдағы құжаттың терезесінің жүктелуіне әкеліп соғады;
replace әдісі ағымдағы кіріс хронологиясы бойынша көрсетілген URL–ді жүктейді;
reset әдісі қалпына келтіретін тышқанды модельдейді;
scroll әдісі терезені айналдырады;
split әдісі кесте қатарындағы String обьектісі қозғалады.
JavaScript обьектілері HTML атрибуты
үшін өте маңызды. Егер сіз HTML
символының обьектілерімен таныс
болсаңыз, арнаулы сандық кодтарының
немесе амперсант символының
аттарының символдарын ажырата
аласыз. JavaScript обьектілері сонымен
қатар амперсант символынан басталып,
соңында нүктелі үтірмен аяқталады.
Аты мен нөмірдің орнына фигуралық
жақшаға алынған JavaScript көрінісін
қолдануға болады. JavaScript обьектісін
тек HTML атрибуты қарапайым жүргенде
ғана қолданылады. Мысалы, айталық,
сіз barWidth–ті анықтадыңыз. Сіз белгілі
бір ендегі горизонталды жолды
пайыздық қатынаста төмендегідей
үлгіде құра аласыз:
<HR WIDTH = “&{barWidth}:%”>
JavaScript–те қасиеттер тобымен
берілген обьектілерден және
де осы обьектіге қатысты әр
түрлі операцияларды орындайтын
әдістерден тұрады. Сол сияқты
JavaScript–те оқиғалар программаның
үзілістердің аналогі бар. Сонымен
қатар оқиғалар Word Wide Web–те жұмыс
жасауға бағытталған, мысалы, парақты
Navigator жұмыс аймағына жүктеу немесе
гиперсілтеме арқылы көшу. Оқиғалардың
көмегімен Web–парақтардың және
де Web–браузерлердің өңдеушісі динамикалық
обьектілерді ұйымдастыра алады.
Мысалы, (жүгірмелі жол түрінде) немесе
көп терезелі интерфейсті басқаруды
ұйымдастыра алады.
2.6. Java Script айнымалылары
мен функциялары
Біз document обьектісінің әдістерінің
бірі – writeln әдісі. Әдістердің бірнеше
мысалдары:
document.write – ағымдағы Web–парағындағы мәліметтерді жазу;
document.writeln – ағымдағы Web–парағындағы мәліметтерді жазу және қатардың көшу символымен текстті аяқтау;
history.go – браузердің журналындағы сәйкес жазбаға көшуі (Web–сайттағы). Мұнда бұған дейін кірген Web–сайттар туралы мәліметтерден тұрады;
Мәліметтерді өңдеу JavaScript–тің
кез–келген сценарийінде орындалады,
сонымен бірге бар мәліметтердің типтері
жеткілікті түрде көп: сандар, бульдік
мәндер және тағы басқа. JavaScript тілінде
сол сияқты басқа да кез–келген программалау
тілдеріндегі сияқты мәліметтер айнымалыларда
сақталады.