География электронды оқулық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 20:09, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: Бағдарламалау тілдерінде электрондық оқулықтарды жасау және география пәнінде оны қолдану тиімділігін теориялық-практикалық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу нысаны: Әртүрлі бағдарламалау тілдерінің мүмкіндіктерімен танысу және олармен жұмыс жасау.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
І Электронды оқу құралдарын дайындау әдістері............................................5
1.1 Оқытудың компьютерлік құралдарын жасау әдістемесі............................9
1.2 Электронды оқулық және оның тиімділігі..................................................10
1.3 Электронды оқулықтың құрылымы.............................................................13
1.4. Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар.......................................15
1.5 Оқытудың компьютерлік кұралдарының бір түрі тестілеу......................17
ІІ Электронды оқулық жасауда қолданылған программалау
тілдері мен технологиялар..................................................................................21
2.1 HTML тілінің шығу тарихы..........................................................................21
2.2 HTML құжатының құрылымы.....................................................................22
2.3 HTML тілінің тэгтері мен элементтері.....................................................23
2.4.JavaScript сценарийлер тілі...........................................................................41
2.5. JavаScript тілінің ерекшеліктері..................................................................42
2.6. Java Script айнымалылары мен функциялары..........................................43
ІІІ География пәнінен электронды оқулық......................................................46
3.1.Электронды оқулықтың құрылымы............................................................46
4.Экономикалық бөлім.......................................................................................49
Қорытынды..........................................................................................................53
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................57
Қосымша..............................................................................................................59

Прикрепленные файлы: 1 файл

География электронды окулык.docx

— 1.14 Мб (Скачать документ)

Өздеріңізге белгілі педогокикалық тәжрибеде білімдерді тексерудің алуан түрлі өдістері мен түрлері бар. Дегенмен казіргі қолданылып жүрген дәстүрлі әдістері оқу материалдарын меңгерудің сапалық жағынан анықгайды.

Дәстүрлі бақылау жұмыстары есепті шығарудың әдістерін игеруге, есептерді шығару кезінде қиыншылыктарды көруге, жұмысты орындағанда, әдетте жіберілген кателерді айыра білуге септігін тигізеді. Бірақ олардың көмегімен оқушы игеруге тиіс оқу материадцарының тек 30-50 пайыз! ғана тексерілуі мүмкін. Ал тестік тапсырмалар оқыту тиімділігінің сапалық жағымен қатар сандық жағын бағалауга мүмкіндік береді. Демек тестік тапсырмаларды қолдану оқушы білімін обьективті бағалуға мүмкіндік береді.

"Сонымен, тест сандық  бағалауға, статистикалық өндеуге  және салыстырмалы талдауға икемді  обьективті стандартталған өлшеуі болып табылады" .

Бүгінгі танда компьютердің пайда болуымен тест тапсырмасын қолдану ауқымы да кеңейді. Себебі компьютерді пайдаланып студенттер мен оқушыларды семестр, тоқсан ішінде бірнеше рет сынақтау (тестілеу) — олардың ағымдық білімін тексерудің негізгілерінің бірі. Тест тапсырманың нәтижесі арқылы өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және қосыміпа тапсырмалар беру арқылы олардың білім деңгейлерін көтеруге әсер етуге болады. Компьютер арқылы өткізілген тест нәтижесі жылдам, кағаз кажет етпейді, басқаша айтқанда арзан.

Жалпы тест күрделілігі жағынан кәдімгі бақылау жұмысынан төмен болғанымен, берілген материалды камту алқымы кең. Ал енді ауызша сұраумен салыстырсақ, онда оның ең негізгі артықшылығы, мұғалімнің әр оқушының (студенттің) үлгерімі туралы ақпаратты дер кезінде алу мүмкіндігінде.

Тестке әр әдебиетте әр түрлі анықгама беріледі. Мысал ретінде бірнешеуіне тоқталып өтейік:

>  Тест - жауап үлгісі берілген тапсырма;

>  Тест - белгілі бір уақыт аралығында орандауға тиісті әр түрлі тапсырмалар жиынтығы;

>  Тест - сыналушының ой-өрісін анықтау мақсатымен құрылған ықшам түрдегі тапсырмалар;

Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электронды оқу құралдарының атқаратын рөлі зор. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер,сұлба тәсілдер арқылы толықгырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады .

Білім берудің саласында " Электрондық оқулықтарды" пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мүғалімнің айтқандарын немесе оқулықгы пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Кіріспеде көрсетілген дипломдық жұмыстың мақсатына сай электрондық оқулық жасау құрал ретінде HTML тілі таңдап алынды. Себебі, электрондық оқулықгың теориялық материалдары гиперсілтеме арқылы ұйымдастырылуы тиіс, ал HTML тілінде гиперсілтеме оңай жасалынады. Дипломдық жұмысты орындау барысында гиперсілтеме жасауды, gif-файлдарды кірістіруді, терезелерді безендірудің барлық мүмкіндіктерін пайдалануды үйрендім. Безендіру үшін арнайы суреттер мен фондар интернет желісінен алынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ  Электронды оқулық жасауда қолданылған программалау тілдері мен технологиялар

2.1 HTML тілінің шығу  тарихы

 

XX ғасырдың 60 жылдарында IBM компаниясы  құжаттарды әр түрлі платформалар  мен операциялық жүйелер арасында  тасымалдаумен айналыса бастады. Олардың жұмысының нәтижесі GML (GENERAL MARKUP LANGUAGE)- жалпы белгілеу тілі  болып табылды. Бұл тіл 1980 жылы  кеңейтіліп халықаралық ұйым  стандартынан өтіп, SGML (Стандартты  жалпы белгілеу) тіліне айналды. Көптеген құжаттарға қатынауды  жеңілдету үшін тәуелсіз түрде  жұмыс істей алатын әрі қарапайым, әрі  әмбебап жүйе қажет болды. 1980 жылдың басында бұл іспен  Тим Бернерс-Ли айналысты. Барлық  компьютерлерде барлық құжаттар  бірдей орындалатындай белгілеу  тілдерін өңдей бастады. Жаңа  тілдің аты гипермәтінмен жұмыстың  тәсілдерін қарастыратын HTML (Гипермәтінді  белгілеу ) тілі деп аталды.

Гипермәтін – мәтінді, графиканы және басқа да мәліметтерді ұйымдастырудың тәсілі. Бұл термин Ваневар Бум, Тед Нельсондармен ойластырып табылған. 1989 жылы Бернерс-Ли құжаттардың өрмегі тәрізді сілтемелермен байланысқан ақпараттық жүйені өңдеуді ұсынған. Бірақ бұл өте баяу дамыды. Сондықтан Бернерс-Ли HTTP ( Гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) деп аталатын хаттама ойлап тапты. Мұнда серверлер әртүрлі құжаттармен алмаса алатын болды және web серверлер мен браузерлердің алғашқы бағдарламасын жазды. 1991 жылдан бастап алғашқы web тораптар құрыла бастады.

WWW немесе WEB - бұл интернетте  тасымалдау каналдары ретінде  қолданылатын гипермәтіндік ақпараттарды  тарататын ауқымды жүйе. Сонымен HTML гипермәтіндік тілін (Hypertext Markup Language) 1989 жылы World Wide Web гипермәтіндік жүйесін  бөлуді өңдеу технологиясының  компоненттерінің бірі ретінде  Тим Бернер-Ли ұсынғаны белгілі.

Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web – парақтарының бір ортақ қасиеті – олардың барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML тілінде web – парақтар жасау программалауға ұқсас болғанмен, ол қарапайым бағдарламалау тілі емес. HTML – гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web – парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.

HTML тілі World Wide  Web қызмет  бабымен бірге дами отырып, Web – парақтарының ең жақсы деген  мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны  кең пайдалану жолдарымен толықтырылып  отырылды. Ол  World Wide  Web жүйесінің  негізі болып отырып, оның өте  кең тарауына себепші болды. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын  қызметін оның атынан анықтауға  болады.

2.2 HTML құжатының құрылымы

 

Барлық HTML құжаттары белгіленген құрылымдық тегтер жиынмен анықталатын  құрылымға ие. HTML құжаты әрқашан <HTML> ашылу тегінен басталып, соған сәйкес </HTML> жабылу тегімен аяқталады. Құжаттың ішінде  екі негізгі бөлім орналасады: құжаттың тақырыптық бөлігі және құжаттың денесі. <HEAD> және  </HEAD> тегтерінің ортасында құжаттың тақырыптық бөлігі тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Сонымен қатар, бұл бөлікте <TITLE> ... </TITLE>  тегтерімен шектелетін құжаттың ресми атауы орналасады. Көптеген  браузерлер оны терезе тақырыбында тұратын файл  аты ретінде қолданады.

Құжаттың денесі деп аталатын <BODY> ... </BODY>   тегтерінің ортасында негізгі мәтін жазылады.  Құрылымдық тегтердің күйін, егер олар ұмытылып қалса да анықтау қиын емес. Сондықтан HTML  тілінің стандарты тек қана <TITLE> тегінің (және сәйкес </TITLE> тегінің)  бар болуын талап етеді. Әйткенмен, HTML құжатын құру кезінде құрылымдық тегтерді жіберу ұсынылмайды .

Қарапайым HTML  құжаты келесі түрде көрсетілген арнайы анықталған құрылымнан тұрады:

<HTML>

<НЕАD>

<TITLE> Құжат тақырыбы </TITLE>

</НЕАD>

<BODY> Құжат мәтіні </BODY>

</HTML>

 

2.3   HTML тілінің тэгтері мен элементтері

 

HTML тілінің бастапқы мәтінді  белгілейтін командалары белгі  немесе тэг (tag)  деп аталады. Тэг  символдар тізбігінен тұрады. Барлық  тэг «кіші» (<) символынан басталады  да, «үлкен» (>) символымен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі  бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң  команда аты болып табылатын  түйінді сөз – тэг орналасады. Тегтің бірі – ашады, екіншісі  – жабады. Ашатын тэг белгілі  бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тэг – сол әсерді  аяқтайды. Жабу тэгтері қиғаш  сызық символымен (/) басталуы тиіс.

HTML тіліндегі әрбір тэг  бір арнаулы қызмет атқарады. Олардың жазылуында әріптер регистрі  ешбір рөл атқармайды, бас әріпті  де, кіші әріпті де қатар қолдана  беруге рұқсат етілген. Бірақ  тэг атауларын жай мәтіннен  ажырату мақсатында оларды бас  әріппен жазу қалыптасқан.

HTML құжатында абзацты, тақырып, сілтеме, кесте, тізім, суреттерді және  тағы басқа бейнелейтін элементтері  болады.

Кесте құру

Кесте құру  үшін  TABLE контейнері қолданылады және оның ішінде қосымша элементтер орындалады.  Әрбір кесте <Table>   тэгінен басталып </Table>   тэгінен аяқталуы керек.

                <Table>  тегінің атрибуттары:                

тэгі

атрибут

анықтамасы

<Table> 

 

Кесте құру тэгі

 

Align

Кестенің құжат ішінде орналасуын білдіреді:

ALIGN=LEFT(сол жақ)

ALIGN=CENTER(ортасы)

ALIGN=RIGHT(оң жақ)

 

Width

Кестенің ені.Оның мәні пиксельмен(WIDTH=400) немесе пайызбен((WIDTH=50%) беріледі.

 

Border

Кесте мен ұяшықтардың сыртқы шекараларының енін пиксельде бекітеді. 0(ноль) параметрі шекарасыз көрсетеді.

 

Cellpadding

Кесте ұяшығының мазмұны мен шекарасы арасындағы арақашықтықты береді

 

Cellspacing

Кестенің ұяшықтары арасындағы арақашықтықты береді

 

Bordercolor=”#FFFFFF”

Кесте шекарасының түсін анықтайды.

 

Bgcolor=”#FFFFFF”

Кесте фонының түсін анықтайды.

 

Background=”image.gif”

Кесте фоны ретінде суретті алады

<TR>

 

Кестенің жолын анықтайды.

 

Align

Жол ұяшықтарының ішіңдегі мәтіннің орналасуын білдіреді:

ALIGN=CENTER(ортасы)

ALIGN=RIGHT(оң жақ)

 

Valign

Жол ұяшықтарының ішіңдегі мәтіннің орналасуын білдіреді:

ALIGN=CENTER(ортасы)

ALIGN=RIGHT(оң жақ)Кестенің құжат ішінде орналасуын білдіреді:

ALIGN=LEFT(сол жақ)

ALIGN=CENTER(ортасы)

ALIGN=RIGHT(оң жақ)


 

 

Тізімдермен жұмыс жасау

HTML мәтіннің азат жолдары  тізім түрінде ұйымдастыруға  мүмкіндік береді. Тізімнің келесі  түрлері бар:

Маркерленген тізімдер: < UL >…</ UL >

Тізімнің әр элементін белгілі бір маркер ерекшелейді. Мұнда тізімнің әрбір жаңа элементін <LI> дара тегімен бастау қажет.

< UL > тегінің type  атрибуты disc, circle, square мәндерінен тұрады. Тізімнің  әр элементінің сыртқы пішінін  өзгертіп, сәйкесінше дөңгелек, шеңбер, квадрат түрінде көрсете алады.

Нөмерленген тізімдер: <OL>…</OL>

Бұл тізімнің элементтерін ерекшелеуде сандар мен әріптер қолданылады.

<OL> тегінің type  атрибуты A, a, I, i, 1 мәндерінен тұрады. Тізімнің әр элементінің сыртқы пішінін өзгертіп, сәйкесінше үлкен және кіші латын әріптер, үлкен және кіші рим сандар, қарапайым сандар қолданылады. <OL> тегінің start  атрибуты санақ басын бекітуді орындайды.

Кірістірілген тізімдер: тізімнің элементі басқа тізім түрлерінен тұруы мүмкін.Тізімдердің бір-біріне кірістірілу саны шектеусіз. Мұнда й тізім жоспар мен мазмұнды құру кезінде ыңғайлы.

Гиперсілтемелерді құру

HTML cілтемелері мәтінді  немесе бейнені басқа бір гипермәтіндік  құжаттармен байланыстыруға мүмкіндік  береді, яғни мәтіннің бір фрагментінен  басқа фрагментіне жедел көшуді  жүзеге асырады.

Қарапайым гиперсілтеме келесі түрде құрылады:

<A HREF=”[көшу адресі]” >  Сілтеме мәтіні </A>

<A> тегі гиперсілтемені  құру үшін қолданылады. Гипесілтемелерді  құрған кезде HREF=”...”  атрибуты  міндетті түрде болуы тиіс.  Оның мәні сілтеме көрсетіп  тұрған файл атынан немесе  интернеттегі URL -  адресінен тұрады. Сілтеме мәтіні  <A>  мен </A> тегтерінің арасында орналасады.

Құжаттың функционалдық бөліктерін анықтау.

1. HTML тілі құжаттардың  ішкі тақырыптарының көлеміне  қарай 6 түрлі деңгейін жасай алады. Олар: <h1>…</h1>     <h6>…</h6> жалғасады.

2. Жаңа жолдан басталатын  абзацтарды белгілеу үшін <p> тегі қолданылады. Бір абзацты жаппай жаңа абзацты бастап кетсек , алдыңғы абзац автоматты түрде жабылады. Сондықтан <p> тегін жаппаса да болады. HTML тілінде азат жолдан басталмайды, тек абзацтар арасында бір бос жол қалдырылып кетеді. Көбінесе абзацтарды анық етіп бөліп тұру  үшін көлденең горизонталь сызық қойылады. Көлденең сызық қою <hr> тегімен орналастырылады. Оның жабу тегі болмайды.

3. Сөз арасында қойылған  бірнеше бос орынның тек біреуі  ғана көрініп тұрады. Сол сияқты  келесі қатарға көшіретін Enter пернесі  де HTML тілінде ешбір әсер етпейді.

Егер абзац жасап бос жол қалдырмай жаңа жолға көшу қажет болса, онда жалғыз қолданатын <br> тегін пайдаланамыз.

Қаріп (шрифт) стилдерін басқару. Логикалық стильдер.

Сырғымалы жолдарды ұйымдастыру

 

         HTML 4.0 нұсқасынан бастап  кез-келген құжатты әдемілеп әшекейлеу  ісін сол құжаттан бөлек жасау  мүмкіндігі пайда болды. Алайда  бұл концепция тек байқау сипатына  ие болып отыр. Және оны көптеген  броузерлер арқылы жасауға болмайды. Сол себепті HTML тілінде тек ғана  тегтер бар.

Информация о работе География электронды оқулық