География электронды оқулық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 20:09, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: Бағдарламалау тілдерінде электрондық оқулықтарды жасау және география пәнінде оны қолдану тиімділігін теориялық-практикалық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу нысаны: Әртүрлі бағдарламалау тілдерінің мүмкіндіктерімен танысу және олармен жұмыс жасау.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
І Электронды оқу құралдарын дайындау әдістері............................................5
1.1 Оқытудың компьютерлік құралдарын жасау әдістемесі............................9
1.2 Электронды оқулық және оның тиімділігі..................................................10
1.3 Электронды оқулықтың құрылымы.............................................................13
1.4. Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар.......................................15
1.5 Оқытудың компьютерлік кұралдарының бір түрі тестілеу......................17
ІІ Электронды оқулық жасауда қолданылған программалау
тілдері мен технологиялар..................................................................................21
2.1 HTML тілінің шығу тарихы..........................................................................21
2.2 HTML құжатының құрылымы.....................................................................22
2.3 HTML тілінің тэгтері мен элементтері.....................................................23
2.4.JavaScript сценарийлер тілі...........................................................................41
2.5. JavаScript тілінің ерекшеліктері..................................................................42
2.6. Java Script айнымалылары мен функциялары..........................................43
ІІІ География пәнінен электронды оқулық......................................................46
3.1.Электронды оқулықтың құрылымы............................................................46
4.Экономикалық бөлім.......................................................................................49
Қорытынды..........................................................................................................53
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................57
Қосымша..............................................................................................................59

Прикрепленные файлы: 1 файл

География электронды окулык.docx

— 1.14 Мб (Скачать документ)

География электронды оқулық

Мазмұны

 

 

Кіріспе.....................................................................................................................3

І  Электронды оқу құралдарын дайындау әдістері............................................5

1.1 Оқытудың компьютерлік құралдарын  жасау әдістемесі............................9

1.2 Электронды оқулық және  оның тиімділігі..................................................10

1.3 Электронды оқулықтың  құрылымы.............................................................13

1.4. Электрондық оқулықтарға қойылатын  талаптар.......................................15

1.5 Оқытудың компьютерлік кұралдарының  бір түрі тестілеу......................17

ІІ   Электронды оқулық жасауда қолданылған программалау

тілдері мен технологиялар..................................................................................21

2.1 HTML тілінің шығу тарихы..........................................................................21

2.2 HTML құжатының құрылымы.....................................................................22

2.3   HTML тілінің тэгтері мен элементтері.....................................................23

2.4.JavaScript сценарийлер тілі...........................................................................41

2.5. JavаScript тілінің ерекшеліктері..................................................................42

2.6. Java Script  айнымалылары  мен функциялары..........................................43

ІІІ  География пәнінен электронды оқулық......................................................46

3.1.Электронды оқулықтың  құрылымы............................................................46

4.Экономикалық бөлім.......................................................................................49

Қорытынды..........................................................................................................53

Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................57

Қосымша..............................................................................................................59

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі заманғы есептеу машиналары болмаған кезде  адамдар барлық есептеу, іс-жұмыстарын  қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты  көптеген  қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады.Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де бар. Компьютер арқылы  ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де қабылдауға болады.Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, біз өзімізге  тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді. Дами келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады

Соңғы жылдары компьютерлік техниканың жедел дамуына байланысты web парақ  және мәліметтер қорын құруға арналған бірнеше программалау тілдері пайда болды. Атап айтар болсақ:

  • HTML тілі (Hyper Text Markup Language);

  • PHP1-PHP5;

  • CSS(Cascading Style Sheets )технологиясы;

  • JavaScript;

HTML-тілі құжаттардың құрылымын  суреттеу үшін берілетін командалық  қарапайым тегтерден тұрады. Жұмысы - құжат тақырыптарын белгілеу, гипермәтінге  белгілер орнату. Ал PHP тілі сол HTML-тілі  жасай алмайтын мүмкіндіктерді  жасай алады, яғни сайт бетіне  процедуралық бағдарламалау жолын  ұсына алады. Алғашында PHP тілі онша  таныс болмаған мен қазір оның  құдыреті кез келген сайт құру  тілдерінен асып түседі. PHP тілі  жылда дамып отыр оның алғашқы  нұсқалары 1994 жылдары PHP болса қазір  оның PHP5 нұсқасы шығып үлгерді.

 Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы:«География» пәнінен электронды оқулық құру.

 Зерттеудің мақсаты: Бағдарламалау тілдерінде электрондық оқулықтарды жасау және география пәнінде оны қолдану тиімділігін теориялық-практикалық тұрғыда негіздеу.

Зерттеу нысаны: Әртүрлі бағдарламалау тілдерінің мүмкіндіктерімен танысу және олармен  жұмыс жасау.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Дипломдық жұмыс кiрiспеден,3-тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен қосымшалардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Электронды оқу құралдарын дайындау әдістері

 

 

 Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу процесін электронды оқулық немесе оқытудың компьютерлік құралдарын (ОКҚ) жасау және пайдалану. Оқу процессінде компьютерлік оқулықтар, есептер жинақгары, энциклопедиялар, тестілеу мен бақылау, анықтамалық жүйелер және басқа да ОКҚ-лар кеңінен қолданыс табуда. ОКҚ-ны білім берудің ақпараттық технологияларының негізгі бір түрі ретінде қарастыруға болады. Жалпы білім берудің ақпаратгық технологиялары дәстүрлі оқыту әдістері мен тәсілдерінде кейбір педагогикалық мәселелерді шешудің жаңа құралдары ретінде пайданылады.

Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді пайдаланылуы оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған құралы қызметін атқаруымен қатар, дидактика мен әдістеменің дамуына әсер етіп, оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді. Мысалы, Internet технологияларының кеңінен таралуы қашықтықтан оқыту әдісінің жедел дамуына мүмкіндік туғызуда. Мультимедиялық технологияның, компьютерлік графика мен машықтану жүйелерінің дамуы, кәсіби ортадағы іс-әрекетті бейнелейтін виртуал жағдайға "ену" жолымен оқыту әдістемесінің кұрылуына түрткі болды. Ал, компьютерлік желілік машықтандырушы класстардың пайда болуы, іскерлік ойындар мен сайыстар түрінде көп рольді машықтандыру әдістеменің дамуына ықпал жасады (кәсиби сайыстар мен іскерлік ойындар бұрынан бері кәсіби дайындық пен іскерлікті арттыру барысында қолданылып келген. Ал ақпараттық технология оларды жаңа деңгейде ұйымдастыру мен өткізуге мүмкіндік туғызуда).

Сонымен ОКҚ-ның дидактика мен әдістеменің жаңа қырынан дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Яғни, ОКҚ-ны оқу процессінде пайдалану негізінде

• окытудың сапасы артады;

• оқыту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге кететін шығындар азаяды;

• оқытушылардың оқыту барысында сабақ түсіндіру, бақылау алу, тапсырманың орындалуын қадағалау, бағалау, білім мен іскерлікті игеру деңгейлерін анықтау сияқты басқару жұмыстарының  шығармашылық іс-әрекетке (ғылыми-ізденіс және әдістемелік мәселелерді шешу, оқу-әдістемелік құралдарды дайындау т.с.с.) көшуіне алып келеді;

оқытудың мазмұны мен құрылымдарының  өзгерістеріне қарай  оқу процесін оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыруды жеделдетеді.

Осы айтылғандардан қазіргі уақытта білім беру жүйесінде дәстүрлі құралдарға қарагаңца ОКҚ қоддану кажеттігі артып келе жатқандығын көруге болады. Сондай-ақ, ОКҚ-ны дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдармен үйлестіре қолданудың тиімділігін практика көрсетіп отыр. Дегенмен, ОКҚ компьютерсіз оқыту құралдарын толығымен алмастыра алмайды. Шындығында ОКҚ дәстүрлі құралдардың тиімді тұстарын ала отырып, оқытудың жаңа сапалық деңгейіне алып келеді.

<Html>

<body>

<p align=”center”>Hello World!</p>

</body>

</html>

ОКҚ-ның сапасы оны оқу процесінде пайдалану барысында ғана анықталады. Оның кемшіліктерінің көп болуы пайдаланушыларға ОКҚ туралы теріс пікір қалыптасуына алып келеді .

Қазіргі кезде көптеген ОКҚ-лардың түрлі нұсқалары дайындалып, ұсынылуда. Дегенмен, оларға жүйелі түрде талдау жүргізіліп, тиімділіктері мен кемшіліктері анықталып, олардың сапасына талаптар қойылуы, болашақ жасалатын ОКҚ-ларға ұсыныстар берілуі жеткіліксіз. Ал, шет елдерде бұл бағытта зерттеулер жүргізіліп, даярланған ОКҚ-ларға талдаулар жасалынып, олардың кемшілікгері айқындалуда. Талдаулар нәтижесінде ОКҚ-ны жобалауда жіберілетін басты кемшілігі -оны дәстүрлі оқу-әдістемелік құралдың электронды көшірмесі ретінде ғана кұрылатындығы анықталды.

Мысалы, дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдарды даярлауда оның авторлары мен техникалық жағын орындайтын (безендіру, көбейт, т.с.с.) мамандардың арасында айқын шекара бар. Ал ОКҚ даярлауда оны баспа оқулық ретінде қағазға шығарып, көбейтудің қажеттілігі болмағандықтан, оны жетілдіріп, жаңартып отырудың мүмкіндігі жоғарылайды. Бұл жерде ОКҚ дайындау технологиясынан хабары аз мұғалімдер дидактикалық материалды дәстүрлі құралдар шығару сияқты даярлау жеткілікті деп есептейді. ОКҚ-да дидактика оқу материалымен қоса, программалық өнімнің негізі болып есептелетін алгоритм мен модельдерде де ескерілуі тиіс. Дидактикалық есепті шешуді ақпараттық технология мамандарына жүктеу барысында (программалаушы, безендіруші, мультимедиялық компоненттер жасаушылар) тиімділігі төмен әдістемелік және дидактикалық сауатсыз ОКҚ пайда болады.

Әрине, ОКҚ үшін материалдарды дайындауда ақпараттық кұрылымдық принциптер, пайдаланушы интерфейсінің схемасы, білім мен іскерлікті бағалау критерийлері мен бақылау тәсілдері, интерактивті құралдармен жабдықталу сияқты аспектілерді ескерумен қатар, дидактикалық тәсілдер, компьютер мамандарына нұсқаулар болуы тиіс. Бұл шарттарды орындау, автордан жаңа компьютерлік дидактиканы игеруді талап етеді.

Демек, ОКҚ даярлау түрлі саладағы мамандардың бірігіп жұмыс істеуімен қатар, көп зерттеулерді, талдауларды қажет ететін өте күрделі іс, яғни, ОКҚ-ны даярлайтын мамандардың әрқайсысы өз саласында жан-жақты терең білім мен іскерлікті көрсетуі тиіс.

Қазіргі кезде, ОКҚ даярлау үшін кем дегенде төрт түрлі базалық категориялы маман керек:

- оқу материалының авторлары;

- компьютерлік әдіскерлер;

- ОКҚ жүйелік программалаушы;

- ОКҚ пайдаланушылар.

Мұндағы бірінші және төртінші категориялы мамандардың қызметі түсінікті. Қалған екі категориядағы мамандарға тоқталайық.

Компъютерлік әдіскер - ОКҚ-на арналған пәндік ауқымға бағдарланған, компьютерлік дидактиканы меңгерген маман. Оның атқаратын міндеттері:

- ОКҚ кұрылымын анықтау;

- психологиялық-педагогикалық стратегияны тандау;

- пайдаланылатын дидактикалық  тәсілдерді нақтылау;

- бақылау формалары мен  түрлерін анықтау;

- білім мен іскерлікті бағалау критерийлерін анықтау;

- оқу материалын кұрылымдауда  авторға жәрдем беру, оны жеткізу  формасы мен стиліне нүскаулар беру т.с.с.

Жүйелік программалаушы — компьютерлік дидактиканы меңгерген, білім берудің ақпараттық технологиясының маманы. Ол оқу материалының ақпараттық-логикалық моделі мен ОКҚ-ның арихитектурасын құрастырады, дидактикалық тәсілдерді формальдандырады, қолданылатын модельдер мен алгоритмдер класстарын анықтап, пайдаланушы интерфейсінің схемасын жасауға қатысады. Сондай-ақ, негізгі программалық-техникалық мәселелерді шешеді (инструментальды құралдарды, берілгендер форматын, программа интерфейсін тандау). Сонымен қатар, ОКҚ-ны даярлайтын мамандардың іс-әрекеттерін ұйымдастырып, басқарады. Жүйелік программалаушының ОКҚ-ны жобалауға қатысуының кажеттілігі, ОКҚ-ның пайдаланушыларға бағдарланған сыртқы сипаттамалары мен таңдалған программалық-техникалық ерекшеліктерді үйлестіру қажеттілігінен де туындайды.

Компьютерлік әдіскер мен жүйелік программалаушының ОКҚ-ны жобалауға катысуы оның сапасының артуына ықпал етеді. Сонымен, компьютерлік әдіскер мен жүйелік программалаушы мамандар ОКҚ-ны жобалауда маңызды ролге ие. 

 

 

 

1.1 Оқытудың компьютерлік  құралдарын жасау әдістемесі

 

 

Компьютерлік оқу кұралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қазіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақгарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мүғалімдер де жиі айтып келеді. Соңғы кездегі компьютерлердің көптеп қолданысқа енуі бұл проблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр.

Компьютермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру тәсіддерімен бірге сонымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. мұнда бірнеше мәселені қатар шешуге тура келеді, олар:

  • компьютерді оқыту ісінің қай жақтарын жетілдіру үшін баса пайдалануға болатынын анықтау;

- оқу процеcі компьютерлендірудің қажетті деңгейін анықтау;

- компьютерге жүктелетін  функциялар  (іс-әрекеттер) тізбегін анықтау;

- әр пән мұғалімдері мен әдіскерлерінің талап-тілектеріне сәйкес келетін компьютерлік оқу кұралын жасау.

Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалының негізгі көлемі мүғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту процесін жүргізіп отырған мүғалім көбінесе компьютерлік оқу құралын жасауға қатыспайды. Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуда арналған ақпараттық-оқу материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту процесінің "алшақтығы" білім берудің негізігі принципі деп айтуға болады. Бүл принциптің негізінде берілген материадцарды оқып-үйрену процесі оның авторының кеңесі қажет етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу кұралы жаңа материал беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеде жасалуы тиіс. Оқу кұралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағына баса көңіл аудару ісі алдын - ала анықталады.

Сонымен компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық-оқыту және әдістемелік құралдар құрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:

- таратылып берілетін оқу материалдары;

- бақылау жөне тестен  өткізу материалдары;

- жаттығулар;

- сыныппен (топпен) немесе  жекелеп оқытуға және өздігінен  оқып-үйренуге арналтан әдістемелер;

  • әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін катарластыра пайдалану тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір-бірімен алмастыру жолдары;

Информация о работе География электронды оқулық