Cабақтағы топтық жұмыс және оның әр түрлілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2014 в 09:08, курсовая работа

Краткое описание

География сабақтарының типтері, олардың құрылысы. Сабақтарды жоспарлау және өткізу (география сабақтары мысалында). Оқушылардың тұлғалық құрылымын қалыптастырудағы ойын технологиясының ережелері. Сабақ және ойын технологиясын сәйкестендіру. География сабағын ойын көмегімен оқыту.

Содержание

Кіріспе
Cабақтағы топтық жұмыс және оның әр түрлілігі (география сабақтары негізінде)
1.1 География сабақтарының типтері, олардың құрылысы..................................
1.2 Сабақтарды жоспарлау және өткізу (география сабақтары
мысалында)................................................................................................................
1.3 Оқушылардың тұлғалық құрылымын қалыптастырудағы ойын технологиясының ережелері.....................................................................................................
1.4 Сабақ және ойын технологиясын сәйкестендіру............................................
1.5 География сабағын ойын көмегімен оқыту....................................................

2 ГЕОГРАФИЯДАҒЫ ОЙЫНДАР СИПАТЫ
2.1 Географиялық ойындар түрлері және географиялық ойындарға қойылатын дидактикалық талаптар.....................................................................
2.2 Географиядағы картографиялық ойындар....................................................
2.3 Географиядағы ойын түріндегі сабақтар........................................................
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

геогр.ойын.doc

— 287.50 Кб (Скачать документ)

І кедергі – «Алтын сақа» ойыны .

Екі топтан екі оқушы шығып, асық үйіреді, кім аз асық жинаса, сол жақ сұрақтарға жауап береді.

ІІ кедергі – «Алтын сандық» ойыны.

«Ақ сандығым  ашылды, ішінен жібек шашылды» деп мұғалімнің көмекшісі сандықтың ішіне дасырған жұмбақтарды оқиды, ал оқушылар оны шешеді.

Қара таудың басында  Бар ма, жоқ па

Киік кетіп барады.  Оны анық білмейсің

Қол аяғы бауырына  Ол жоқ жерде

Тиіп кетіп барады  Өмір сүріп жүрмейсің

(тұман)    (ауа)

Мақалдар:

Бидай қырда,  Өз өлкеңді

Күріш сырда  білмесең

Жемістердің ғажабы Өзгені біліп не пайда?

Жетісуда.

ІІІ – кедергі – «Десанттық көмек» ойыны.

Оқушыларға карточка таратылады. Жақсы оқитын екі оқушы «десанттық көмек кімге керек» деп, оқушылардың  дайындығын тексереді.

І – топ. 1 карточка. Жел дегеніміз не?

ІІ-топ  2 карточка. Абсолюттік ылғалдылық дегеніміз не?

ІІІ топ.3 карточка. Салыстырмалы ылғалдылық дегеніміз не?

І топ. 1 карточка. Мына прибордың аты не? /Флюгер/.

ІІ топ. 2 карточка. Мынау қандай прибор? /Гигрометр

ІІІтоп. 3 карточка. Мына прибормен нені өлшейді? /Термометр/

І топ. 4 карточка. Жауын-шашынды климаттық картадан қалай білуге болады?

ІІ топ. 5 карточка. Құрлық үстінде қысым 758 мм, теңіз үстінде  760, жел қай бағыттан соғады?

 

ІҮ кедергі - «Адасқан нысандар» ойыны.

Муссон – құрал   Барометр – жел

Гигрометр – жел   Желбағдар – құрал

Флюгер – ауа   Муссон - өзен

Бриз – аспап   Термометр – ауа

Бұл ойында дұрыс емес нысанды сызып, дұрыс атын жазу керек.

 

Ү кедергі – Тесті

«Альпинист» тобына берілген тапсырмалар

  1. Ауа қысымын өлшейтін аспап:

А) термометр ә) барометр б)гигрометр

    2. Қатты жауын-шашын:

А) жаңбыр  ә) шық  б) қырау

   3. Белгілі бір жердегі  белгілі бір уақыттағы тропосфераның  күйі:

А) ауа райы ә) климат  б) бұлттылық

  4. Жер бетінің ауа қабаты:

А) атмосфера ә) стратосфера б) тропосфера

   5. Атмосяераның төменгі  қабаты:

А) стратосфера ә) ионосфера б) тропосфера

   6. Ауа құрамында ең көп  кездесетін газ:

А) оттегі  ә) азот  б) көміртегі

«Туристер» тобына берілген тапсырмалар:

  1. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең төмен ауа температурасы арасындағы айырмашылық:

А) тәуліктік амплитуда ә) климат  б) ауа

    2. Құрлықтан теңізге қарай соғатын жел:

А) боран ә) күндізгі  б) түнгі бриз

    3. Желдің дылдамдығын  өлшейтін құрал:

А) желбағар ә) аномометр б) термометр

    4. Белгілі бір жерге  тән және жыл сайын қайталанып  отыратын ауа райының жиынтығы:

А) климат  ә) аномометр б) термометр

  5. 1м³ ауа құрамындағы су  буының мөлшері:

А) салыстырмалы ылғалдылық ә) абсолюттік ылғалдылық

Б) жауын-шашын

6. Атмосферадан жер бетіне түсетін  ылғалдық:

А) атмоқысым  ә) бұлт б) жауын-шашын

ҮІ кедергі – «Кім тез ойыны»

Қай топ оқушылары атмосфераға байланысты терминдерді тез теріп жазады?

Муссон – жел  Бриз – жел

Флюгер – аспап  Гигрометр – аспап

Атмосфера – ауа қабаты Тропосфера-ауаныңтөменгі қабаты.

ҮІІ кедергі – «Ұста, ұстама ойыны» 

 

«Антарктида» тақырыбына көңілді тапқыштар ойыны

түріндегі сабақ

Командаларға берілетін сұрақтар:

1. Антарктида мен о.е. 50-60 градус  аралығындағы аралдар тобы қалай  аталады? (Антарктика)

2. Антарктиданың көлемі қандай? (14 млн. км2)

3. Мұз жамылғысының қалыңдығы (2000м)

4.Антарктиданы Оңтүстік Америкадан  бөліп жатқан бұғаз (Дрейк)

5. Антарктиданы ашқан кім? Қашан? (Беллинсгаузен, Лазарев, 1819-21)

6.Оңтүстік полюске кім, қашан  бірінші болып жетті? (Р.Амундсен, 14.12.1911 ж)

7. Кім екінші болып жетті? (Р.Скотт, 18.01.1912ж.)

8. Антрактида қай мемлекетке  қарайды? (ешбір)

9.Антарктиданы ашқан орыс саяхатшыларының  кемелері қалай деп аталады? (Восток, Мирный)

10. Антарктидадағы Эребус вулканына 1908ж. көтерілген кім? (Шеклтонның  серіктері)

11. Антарктиданың мұз жабынының  ең жоғары қалыңдығы қанша? (4744 м)

12. Антарктида мұздарында Жерлегі тұщы судың қанша % бар? (80%)

13.Қалқып жүрген мұз таулар қалай деп аталады? (айсбергтер)

14.Антарктиданың мұздары қай  бағытта қозғалады? (орталықтан шетке  қарай)

15.Антарктидада мұз астындағы  көлдердің пайда болуы неліктен? (мұздың төменнен еруінен)

16. Уэддел теңізінен Росс теңізіне  дейін созылып жатқан таулардың  аты қандай?(трансатлантикалық)

17. Құрлықтың мұз жабылғысын  қоспағандағы биіктігі (2040м)

18. Антарктидада көп таралған  пингвиннің түрі (адели)

19. Биіктігі 1м, салмағы 50 кг пингвиннің түрі (императорлық)

20. Антарктидадағы  ең биік тау жотасының биіктігі қанша? (Вилсон, 5140м)

21.Антарктида қай ежелгі құрлықтың құрамына кірді? (Гондвана)

22.Антарктидадағы ауаның ең төменгі температурасы қанша? (-89,2 градус, ст.Восток)

23. Бұл құрлықтан неге үнемі жел соғып тұрады? (ауа қысымының айырмашылығы)

24. Антарктидада тіршілік ететін  біздің планетаның ең ірі жануары (көгілдір кит)

25. Антарктидада қандай өсімдіктер  өседі? (мүк, қына, балдырлар)

26.Қай мақұлықты Антарктиданың символы деп атауға болады? (пингвиндер).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Бірақ мектептегі географиялық білім берудің қазіргі құрылысы жетік емес, ал қоғамдық дамудың маңызды географиялық мәселелерін толық түрде қамтып аша алмауда. Географиялық сауаттылықты қамтамасыз ету үшін география курстарын оқу барысында оқушылар Қазақстан Республикасының білім беру заңының талап-тілектері және мемлекеттік стандартқа сай белгілі бір білім мен білікті меңгеруі тиісті. Осыдан келіп, географияны оқытудың қазіргі жүйесі-оның құрылымы мен мазмұнын түбірлі қайта қарау, жаңарту, өзгерістер енгізуді қажет етеді.

Қазақстан географиясы ішкі құрылымы үш топтан: физикалық-географиялық, қоғамдық географиялық, кешендіе-географиялық топтардан тұрады. Мұның арасынан саяси-географиялық, экономикалық-географиялық, әлеуметтік-географиялық, этногеографиялық, медициналық географиялық сияқты топшалар бөлініп шығады.

Ойындарды іздестіру және өткізу барысында оқушылардың ақпаратты өз беттерімен іздестірулеріне және оны ойын аспектісінде шығармашылық өңдеуге ынталандыруға баса назар аударылды. Мәселен, ойындар үрдісі кезінде біз оның оқушылардың тұлғалық дамуына әсерін бақыладық. Қатысушылар өз кейіпкерлерін - «бетпердені» жасауды анкеталар толтырудан бастады. Сол арқылы әр бейне өзінің аңызын иеленді. Анкетада кейіпкердің аты, оның шығу тегі, ауызша мәртебесі, сыртқы бейнесі, оның «жорыққа» қатысудағы мақсаты, сонымен бірге ол өзімен бірге «саяхатқа» алып шыққан құрал-жабдықтары мен азық-түлік қорлары көрсетіледі. Әрбір ойыншы өзі таңдаған кейіпкерге немесе бетпердеге сәйкес, желілік мазмұнның өзгеруіне байланысты өзінің жүріс-тұрысын өзгертуге міндетті болды. Ойнаушылар нақты тарихи кейіпкерлердің алдынан шығуы мүмкін қауіп-қатерлермен жолығатын.

Бұл ойынның ерекшелігі - мұнда әркім өзінің кейіпкерінің қалай әрекет ететінін өзі шешеді. Сондықтан аталған технология диплом жұмысы үшін айрықшы тартымды болды. Мұнда сценарий, қатаң мінез-құлықты талап етпейтін ойындық технология бар.

Ойын технологияларын пайдалануға байланысты тағы бір аспектіге тоқталамыз. Біздің болжамымызға сәйкес, ойын технологиялары өзінің дамуы бойынша нақты қиындықтары бар балаларды қоса алғанда, барлық оқушылардьң тұлғалық дамуына оң әсер етеді. Олар балалардың зияткерлік дамуына қатысты. Ауытқушылығы бар, үндемес балалар, үлкен коммуниактивтік қиындықтары, өзіне-өзі көңілі толмайтын, өзіне сенбейтін, ызақор, бейберекет балалар болды. Біз барлық балалармен жұмыс жасадық және біздің тәжірибелік-экспериментальдық жұмысымыз ойынның психотерапиялық күшіне, оның түзету мүмкіндігіне жасаған жорамалымыз дұрысқа шықты.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Середа. Система внеклассной работы по географии.
  2. Пивоварова. Занимательная география.
  3. С.Орынбаева. География ғажайыптары.
  4. Щемев. Внеклассная работа по географии.
  5. Ердавлетов. Рутковский. Занимательная география Казахстана.
  6. Мурашев. Сборник задач и упражнений по географии.
  7. Журнал. Қазақстан мектебі  93/8
  8. Журнал. География в школе 95/2, 97/3, 98/4,6,7; 99/8, 2000/2,6,7.
  9. Журнал. Биология, география, химия 98/5, 2000/3,5,6, 2001/1,3; 2002/1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Cабақтағы топтық жұмыс және оның әр түрлілігі