Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2014 в 09:08, курсовая работа
География сабақтарының типтері, олардың құрылысы. Сабақтарды жоспарлау және өткізу (география сабақтары мысалында). Оқушылардың тұлғалық құрылымын қалыптастырудағы ойын технологиясының ережелері. Сабақ және ойын технологиясын сәйкестендіру. География сабағын ойын көмегімен оқыту.
Кіріспе
Cабақтағы топтық жұмыс және оның әр түрлілігі (география сабақтары негізінде)
1.1 География сабақтарының типтері, олардың құрылысы..................................
1.2 Сабақтарды жоспарлау және өткізу (география сабақтары
мысалында)................................................................................................................
1.3 Оқушылардың тұлғалық құрылымын қалыптастырудағы ойын технологиясының ережелері.....................................................................................................
1.4 Сабақ және ойын технологиясын сәйкестендіру............................................
1.5 География сабағын ойын көмегімен оқыту....................................................
2 ГЕОГРАФИЯДАҒЫ ОЙЫНДАР СИПАТЫ
2.1 Географиялық ойындар түрлері және географиялық ойындарға қойылатын дидактикалық талаптар.....................................................................
2.2 Географиядағы картографиялық ойындар....................................................
2.3 Географиядағы ойын түріндегі сабақтар........................................................
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жеке тұлға ұстанымына және оның құрылымының қоғамдық түсініктер жүйесіне қатысты жайттарды пайымдау, біздің пікірімізше:
1. Тіршілік ұстанымы деп субьектінің дүниетанымына сәйкес жауапты, мақсатты тіршілік әрекетін шарттастыратын жеке тұлғаның алдында тұрған тіршілік мақсаттарының, жасампаз еңбегінің таңдап алынған қатынастарының, бағдарларының жүйесін түсіну қажет;
2. Тіршілік ұстанымының негізгі психологиялық механизмі өзінің өмірлік мақсатына қатысты жеке тұлғаның өз қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін, жағдайларын, шешім қабылдауға қоғамның талаптарын түсіну және ара салмағы болып табылады. Қалыптасу көрсеткіштері-жеке тұлғаның тіршілік әрекетінің барлық салаларындағы әрекеттерінің дербестігі, жауапкершілігі және мақсаттылығы;
3. Тіршілік ұстанымын қалыптастыруда олардың арасындағы күрделі байланыстар мен өзара компенсацияны ескере отырып, оның барлық құрылымдарына кешенді ықпал етуді басқаруға болады;
4. Тіршілік ұстанымын қалыптастыруда тәрбиеленушілерді олардың бұйымдарды, заттарды қалыптастыратын,танымның қарым-қатынастардың жаңа тәсілдерін ашатын және өздерін қалыптастыртын оқушылардың тірішілік ұстанымын ұстанымын қалыптастырудың маңызды мақсаттарының бірі ретінде оларды біліммен, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі қалыптастыру икемдерімен және дағдыларымен қамтамасыз ету олардың белсенділігін дамыту деген ұғымға әкеледі.
Енді жалпы даму деген ұғымға қысқаша тоқталып өтсек, ғылымда даму дегеніміз-бұл тоқтауға мүмкін емес, мақсатты бағытталған, материалдық және идеалдық обьектілердің заңды өзгерісі. Дамушылық төменнен жоғары қарай өсу қозғалысы негізінде, жаңа нәрсенің өмірге келуі мен ескі нәрсенің өлуі формасында іске асады. Даму нәтижесінде белгілі бір нәрсенің жаңа және сапалы болмысы дүниеге келеді, оның құрылымы өзгеріске түседі, яғни басқа сөзбен айтқанда, пайда болу .
Педагогикада даму дегеніміз – бұл ішкі субьектінің дамуының әлеуметтік құрылымы мен психикалық жағдайының даму заңдылықтары әсерінен тұлғаның өзгеруі болып табылады.
Бізден бұрын ойындық технологияны зерттеген ғалымдар өз зерттеулері бойынша ойынды мәдени және білім беру жаңалығы ретінде қабылдап, оны нақтылайтын белгілерге біріктірген. Оларға:
География сабақтарында ойын технологиясы арқылы оқытудағы, оның мәнін зерттеу үшін жасалған ойындар тұжырымы адам әрекеттерінің барынша жетілдірілген және ең жоғары түрі ретінде аса құнды. Ол ойынды адамға ғана тән екі бірдей: қарама-қарсы бағытталған ұмтылыстарды-тақырыпқа әуестік немесе түрге (бейнеге) құштарлықтың бірегейлігін үйлестіретін жетістікке жетудің қажеттігінен бастау алады.
Ойындарды зерттеушілердің бірі К.Левин ойынды ауыстыру динамикасымен байланыстыруда мынадай ережелерді сақтау қажеттігіне аса мән берген:
К.Левин бір жағынан ол шынайылыққа жататын құбылыстармен істес болудан тұратындықтан ойындардың динамикалық ерекшеліктері оларды бөтендердің бақылауына жол ашады деп сипаттады. Екінші жағынан, ойыннан тыс мінез-құлықтар сияқты, ойын да шынайылық заңдармен соншалықты шектелмейді. Солай бола тұрса да, бірқатар ойындардың барынша қатаң шеңберлерде болуы, ойынды шындыққа жақындата түседі.
Біз жүргізген талдау барысында, отандық және шетелдік психологияда да, педагогикада да, ойын әрекеттері тұлғалық дамумен байланысты деген қорытындыға келдік. Енді бізге ойынды қазіргі жекелік-бейімдік оқытуға сәйкестендіру қажеттігі туып отыр. География сабақтарында жүргізілетін ойын түрлерінің барлығында дерлік оқушылар ізденушілік және зерттеу қабілеттерін жетілдіріп отырады.
1.4 Сабақ және ойын технологиясын сәйкестендіру
Ойын технологиясының кейбір сақталатын ережелері мен ерекшеліктерін сақтай отырып, енді дидактикалық ойынның осы заманғы жекелік-бейімдік оқытуын сәйкестендіруді қарастырайық. Оны жүзеге асыруда ол сәйкес келетін белгілерге сүйену қажет. Біз оны төмендегіше бөлеміз:
1. Оқу материалы оқушыларды субьектілік тәжірибемен ашуға әсер етуге тиісті;
2. Мұғалімнің материалды мазмұндауы оның көлемін кеңейтуге ғана емес, өткен сабақты жинақтауға, кіріктіруге бағыттауы тиіс;
3. Табысқа жетуге жағдай жасау, өзін-өзі дамыту мүмкіндігін қамтамасыз ету, оқушыны белсенді түрде ынталандыру;
4. Оқу материалы оқушыға таңдау жасауға мүмкіндік беруге, оқушыларды таңдауға ынталандыруға міндетті;
5. Тұлғалық дамудағы олардың функцияларын есепке ала отырып, оқыту жұмыстарының жалпы қисындық және арнайы тәсілдерін анықтау;
6. Нәтижелерді
бағалауды бақылап қана қоймай,
оқу материалын игеру
7. Оқыту бірліктерін бөліп алып, оларды суреттеу, түзетудің түрлі формалары үшін пайдалану қажет.
Оқыту ойындары ойынға қатысушыларды мақсатқа сай сол ортаға бейімдейді. Оқыту ойындарының мақсатты бейімділігіне келер болсақ, оны былай сипаттауға болады:
Жалпы ойындардың бірқатар жіктеу түрлерін қарастыра отырып, біз олардың оқытудағы, тәрбиелеудегі, дамытудағы артықшылықтарын көрдік және өзіміздің тұжырымымыз бойынша оқушы тұлғасын барынша дамытатындығына көз жеткізе отыра ойындарды:
1. Ойын-жаттығулар (кроссвордтар мен олардың түрлері, тарихи карталармен, даталармен ойын, сан-алуан викториналар мен тағысын тағылар);
2. Ойын-зерттеу,
ғылыми ізденіске ұқсайтын
3. Ойындар
мен құрылымдық
4. Ұқсата-үлгілеу ойыны.
Жоғарды айтылған ойындардың әрқайсысының тұлғаны дамытуда «ойнау» түріндегі нақты болжамдары барлығын түсіне отырып, біз сол ойындардың кез-келгенінің оқушылардың тұлғасын дамыту жоспарындағы нақты кемшіліктерін де сараладық. Сондықтан ойындарды кешенді түрде пайдалану қажеттігі туралы қорытындыға келдік. Сонда ғана оқушылардың тұтастай дамуына жол ашатын ойындық әрекеттердің жүйесі жасалады.
Тұлғалық құрылымның барлық көлемін түсіне отырып, біз мониторинг жасау қиындығына қарамастан, өлшеуге қолайлы салалардың ырғағын зерттеуге тырыстық. Бұл өзгерістер танымдық қажеттілікте, себептерде, жоғары техникалық қызметтерде (оқушылардың қабылдау, назар аудару, есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттері) олардың эмоционалдық ерікті түрлерінде, коммуникативтілік әдістері мен деңгейлерінде, білім, білік және дағды динамикасы арқылы зерделенетін басқа да әртүрлі қызмет түрлерінде, танымдық әдіс және тәсілдерге ие болу, олардың репродуктивті және шығармашылық өнімдерін пайдалануда кездеседі.
Тұлғалық динамиканың маңызды өлшемі ретінде оқушылардың рефлексивті мәдениетін айтуға болады, сондықтан біз «ойнаушыларға» өздеріне өздері сұрақ қоюға мүмкіндік беретін, ойын қызметіне жеке қарым қатынасы туралы, ойын барысындағы өзгелермен араласу барысы туралы жазуға мүмкіндік беретін тапсырмалар жүйесін ойлап таптық.
Ойын технологияларын Қазақстанның физикалық географиясы сабағын оқытуда пайдалану бойынша географиялық ойындардың әр түрлі түрлерін эксперимент тұрғысында пайдалануға құрылған - ойын-жаттығулар, ізденіс ойындары, құрылымдық пікірталасқа негізделген ойындар, иммитациялық-моделдеуші, т.б. болып бөлінеді. Бұл ойындар нақты ережелері және оларды өткізудің еркін шарттары бар ойындар. Ойын-жаттығулар неғұрлым нақты және қатаң ережелермен беріледі. Біздің тәжірибелік-эксперименталдьщ жұмысымызда «Жібек жолы бойымен саяхат» ойыны ойластырылып, өткізілді.
Көптеген ойындарда ойын ережесін қатаң сақтап отыру қажет болғандықтан (оның үлкен тәрбиелік мәні бар), біз ойын ережелеріне ерекше мән бере отырып, балалардың алдына мынадай мақсат қойдық. Ережелердің қажеттілігін түсіне білулері, оларды міндетті түрде орындау қажеттігін түсінуге үйренулері, оның ойын барысы мен нәтижесіне тигізетін әсерін ұғынулары.
География пәнінен берілетін ойындарды модельдеу, жобалау және конструкциялаудың басты ерекшелігі географиялық жұмыстармен байланысты идеяларды іздестіру болып табылады, географиялық ойын технологияларында нақты және ойдан шығарылған логикалық сұрақтар берілуі мүмкін, мысалы, ойын дискуссияларды, имитациялауды, моделдеу, жобалау және конструкциялау әр түрлі географиялық сипаттармен біріге жүргізіледі. Бұл географиялық ойындардың ерекшелігі ойын барысында жүзеге асатын дидактикалық, дамытушы және тәрбиелеуші мәні зор.
Философиялық, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерге жүргізілген талдау біздерге оқыту ойыны дәстүрлі білім берудің кемшіліктерінен арылуға жол ашады деген қорытынды шығаруға мүмкіндік берді. Оның еркін әрекет болуы оқушылар үшін барынша тартымдылығымен түсіндіріледі. Ол жекелей тәжірибе мен алынған тәжірибе арасында ғылыми түсініктерді қалыптастыру кезінде (ғылыми түсініктер арасында) делдалдық жасай алады.
Оқушылардың тұлға ретінде теориялық даму моделін тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс барысында жасап көру үш кезеңде жүзеге асырылды -диагностикалық, жобалық және қалыптастырушы (1 кесте).
1 кесте - Ойын технологиялары негізінде окушыларды тұлғалық
дамыту процесінің теориялық үлгісі
Компонеттері |
Критерийлері |
Көрсеткіштері |
Мотивация- |
- ойын |
- ойын технологиялары |
мақсаттылық |
технологияларын |
арқылы білімдену, дамуға |
қабылдаулары; |
талпыныстары; | |
- өздерін дамытуға |
- қарым-қатынас | |
байланысты мотивтерді |
мәдениттілігі және | |
түсінулері; |
ережелерді сақтаулары; | |
- ойын |
- өзіндік тұрғыдан ойын | |
технологияларының |
технологиялары негізінде | |
тұлғалық дамуға |
тұлғалық даму процестерін | |
қажеттілігін іштей |
үнемі жетілдірулері; | |
қабылдаулары. |
- ойын шарттарын | |
сақтаудың қажеттілін | ||
түсінулері. | ||
Ақпарттық- |
- ойындар туралы |
- мектептерде ойынды |
мазмұндық |
жалпы |
өткізуге байланысты |
мағлұматтарының |
әлеуметтік, материалдық | |
болуы; |
мүмкіндіктер жасау | |
- ақпараттар |
қажеттіліктерін дұрыс | |
негізінде ойын түрлерін және пән бойынша сұрыптай білулері; - ақпараттар
негізінде ойынның жас |
түсінулері; - тұлға құндылықтарын түсінулері және бағалаулары; - ойын мен шынайы өмірді салыстыра отырып, талдау жасай білулері. | |
Технологиялық |
- ойындардың
ішкі жан-дүниелеріне әсер - ойын ойнау барысында қарым-қатынас этикаларын сақтаулары; - ойын технологияларын меңгерулері. |
- педагогикалық технологияларды білулері; - ойындарға
қатысты жаңа ақпараттық - қарым-қатынастың ізгіліктілігінің сақталуы. |
Нәтижелік-бағалаушылық |
-ойынды
шынайы қабылдаулары арқылы өз
бойларындағы қалыптасқан - ойын соңында өзіндік талдау жасай отырып, 8\¥ОТ талдауға көшуі арқылы бағалауы; - өзіндік тұрғыдан қалыптасқан тұлғалық қасиеттерді анықтауы. |
- тұлғалық қасиеттерді дамытуға арналған ойын түрлерін іріктеулері; - сіңірілген тұлғалық қасиеттерді анықтаулары мен бағалаулары; - іс-әрекеттерінде, тұлға ретінде дамытуға қолдана білулері. |
Практик-мұғалімдер мен зерттеушілер бақылаулары ойынның берік әрі терең білімдерді қалыптастыруға, танымдық қызығушылықты дамытуға жол ашатынын анықтаған. Ойын даралық өзін өзі тануға және өзін өзі анықтауға жол ашады, оқушылардың сезімдік-адамгершілік саласын дамытады. Ойын әрекеті тұлғаның комуникативтік және әрекеттік саласын дамытады жэне сол арқылы оқушылардың таныммен байланыстағы қызығушылықтар мен қажеттіліктерін, себептерін бекітеді.
1.5 География сабағын ойын көмегімен оқыту
Орта мектептің негізінде оқу жылында құрамында негізінен екі кезеңнің 6-7 сыныптарда болған географиялық ойындар клубы жұмыс істеді. Сабақта да, клуб жұмыстарында да географиялық ойындардың барлық спектріне (имитациялық-моделдеуші, кұрылымдық дискуссиямен бірге ізденіс ойындары, т.б.) көңіл бөлінді.
Жасалған теориялық зерттеу және эксперименталдық бақылау нәтижесінде орта мектептің 6-7 сыныптарында география сабағын оқытуда ойын технологиясын пайдаланудың мақсаттылығы туралы қорытынды жасалынды. Географияны оқытуда ойын технологиясын пайдаланудың тиімділігін анықтау мақсатында 6-7 сыныптарда эксперимент жүргізілді. Зерттеу арнайы әзірленген және эксперимент жасау барысында орындалған арнайы әдістердің көмегімен жасалынды. Тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс үш кезеңнен тұрды: диагностикалық, жобалық, білім беруші. Соларға толығымен тоқталып өтейік.
Диагностикалық кезең өзіне мынадай міндеттерді шешумен айналысады:
1. Диагностика субъектілерін анықтау;
2. Балалардың тұлғалық даму
3. Диагностикалық материалдарды алу әдістерін таңдау;
4. Алынған диагностикалық
Жалпы жұмыс аталған мектептердің екі кезеңінде жүргізілді, сондай-ақ аталған мектептердің География ойындары Клубына қатысушылар арасында жүргізілді. Әрбір топтағы оқушылардың саны алтыншы сыныптағы тәжірибе жұмысы бастауының көрсеткіштері бойынша алынды. Одан арғы жұмыс сол балалармен жүргізілді, эксперименталдық сыныптарда (барлығы 217 бала болды, бірінші кезеңде 113 адам, ал екінші кезеңде 104 адам болды. Тәжірибелік-эксперименталдық жұмысты жүргізу үшін біз негізі талапты анықтадық - сыныптардың бастапқы ұқсастығы: оқу ғимараттарының бір типтілігі, бірыңғай оқу бағдарламасы. Аталған шарттар әсер етуші факторлардың санын анықтады. Біздің жұмысымыздың аясында білім беру бағдарламасы географияны 6-сыныпта оқытуды көздеді (материктер мен мұхиттар).
Болжамға сәйкес, ойын технологияларын пайдалану оқушылардың тұлға ретінде дамуына жақсы әсер ететінін байқадық. Сондықтан, дайындық кезеңіндегі біздің міндетіміз диагностикалық материалды алу болды. Ең алдымен бізді оқушылардың алғашқы деңгейі қызықтырды. Диагностика үшін алтыншы сыныптықтардың көбісінің негізгі өлшемдері оқу үлгерім өлшемдері және педагогикалық қадағалаулар нәтижесі болды. пайдаланылды.
Информация о работе Cабақтағы топтық жұмыс және оның әр түрлілігі