Cабақтағы топтық жұмыс және оның әр түрлілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2014 в 09:08, курсовая работа

Краткое описание

География сабақтарының типтері, олардың құрылысы. Сабақтарды жоспарлау және өткізу (география сабақтары мысалында). Оқушылардың тұлғалық құрылымын қалыптастырудағы ойын технологиясының ережелері. Сабақ және ойын технологиясын сәйкестендіру. География сабағын ойын көмегімен оқыту.

Содержание

Кіріспе
Cабақтағы топтық жұмыс және оның әр түрлілігі (география сабақтары негізінде)
1.1 География сабақтарының типтері, олардың құрылысы..................................
1.2 Сабақтарды жоспарлау және өткізу (география сабақтары
мысалында)................................................................................................................
1.3 Оқушылардың тұлғалық құрылымын қалыптастырудағы ойын технологиясының ережелері.....................................................................................................
1.4 Сабақ және ойын технологиясын сәйкестендіру............................................
1.5 География сабағын ойын көмегімен оқыту....................................................

2 ГЕОГРАФИЯДАҒЫ ОЙЫНДАР СИПАТЫ
2.1 Географиялық ойындар түрлері және географиялық ойындарға қойылатын дидактикалық талаптар.....................................................................
2.2 Географиядағы картографиялық ойындар....................................................
2.3 Географиядағы ойын түріндегі сабақтар........................................................
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

геогр.ойын.doc

— 287.50 Кб (Скачать документ)

«Анаграммалар» ойыны. Жеке сөздердің әріптерін ауыстырып қою арқылы басқа мағыналы сөздерді не басқа географиялық атауларды шығару жолымен орындалатын географиялық ойынның түрі. Мысалы: Дно-Дон; Рука-Кура; Веки-Киев; Муар-Амур; Нева-Вена; Куба-Баку.

«Сөзөрім» ойыны. Қазақстан. Сөздің бастапқы 2, соңғы әрпін пайдаланып, Қазақстан жерінде орналасқан географиялық нысандардың аттарын сызылған торға тігінен орналастыру.

Қ

А

З

А

Қ

С

Т

А

Н

А

Е

Қ

У

А

Н

Л

Ь

А

У

Т

К

А

Р

Т

У

А

М


 

Сөзжұмбақ «Алатау». Қазақстан жерінде орналасқан 5 тау қыраттарының атын көлденеңінен құрастыр.

             
               
           
     
           

                              

Шешуі:

  1. Күнгей          2. Теріскей.       3.Талас         4.!ле       5.Жоңғар

« Географиялық атауларды білесің бе?» ойыны. Тақтаға үлкен қағазға кесте ілінеді. Кестенің үлгісі төмендегіше болуы мүмкін.

1

2

3

4

Географиялық нысанның аттары 10-15 нысанның аты жазылады

Қандай нысан

Қайда орналасқан

Ендігі мен бойлығы

  1. Кипр

....................

арал

Ж.О. теңізінде

С.е; ш.б.


 

Оқушылар бір парақ қағазға берілген тапсырманы  үлгі бойынша орындайды. Жұмысты орындауға 5-7 мин. Уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін жүргізуші оқушылардың жұмыстарын жинап алады да жақсылап араластырады. Содан кейін орындалған жұмыстарды оқушылардың өздеріне емес өзге оқушыларға тексеруге таратып береді. 1-2 мин. Ішінде жұмыстар тексеріліп, тексеруші қол қояды. Жұмыстар қайтадан жиналып мұғалімге беріледі. Мұғалім жұмыстарды тексеріп, ең дұрыс орындаған оқушыны картаға шығарып дұрыс жауаптарын айтқызады. Жұмысты дұрыс орындағандар мен өзге жұмыстарды дұрыс түзеткен оқушылар бағаланады.

 

 

2.2 Географиядағы картографиялық ойындар

 

«Кім картаны жақсы біледі?». Ойынға 6, 10 класс оқушылары қатысады. Алтыншы сынып үшін жарты шарлар картасы, 7-сынып үшін Еуразия, Америка, Африка, Австралия карталары, ал жоғары сынып оқушылары үшін дүние жүзінің саяси картасы қабырғаға ілінеді. Ойынға қатысушылар картаның алдына 2 қатар болып тұрады. Ойынның барысы: бастаушы белгілі бір нысанды атайды.

Мысалы: жүргізуші Карпат тауын атағанда екі қатардың алда тұрған 2 оқушысы дереу сол нысанды картадан көрсету керек. Бірінші көрсеткенге +, ал кешігіп көрсеткенге – жазылады. Егер екі оқушы бір мезгілде көрсетсе  екеуіне + қойылады. Бұдан соң көрсеткіш екі қатардағы келесі 2 оқушыға беріледі. Ойын осы ретпен жалғаса береді. Қосу белгісін көп жинаған топ ұтқан болып есептеледі.

«Білгіш телеграф» ойыны. Мұғалім үлкен қатырма қағазға Қазақстанның  немесе басқа құрлықтың кескінін сызып, ішіне тау, өзен, көл, жазық не ойпаттарды санмен көрсетіп қояды. Тақтаға шыққан екі оқушының қайсысы тез әрі көп тапса, сол жақсы баға алады.

«Кім бұрын» ойыны. Ойынды 7-8 сыныптарда  өткізуге болады. Мысалы: Еуразиядан «К» деген әріпке  кім бұрын. әрі көп өзен, көл, мемлекет астаналарын тапса, сол жақсы баға алады.

«Жер шарына саяхат» ойыны. Дөңгелек сызықты бойлап (яғни жер шары градустарымен белгіленген), әрбір градусқа бір-бір баладан  тұрады. Балалар араларынан саяхатшы белгілейді. Саяхатшы болған оқушы артымен жүреді. Егер сол кезде бір ойыншыны иығымен қағып кетсе, ол саяхатшыға бетпе-бет бұрылады да қатардан шығып, тұрған  жерінің географиялық координатын атайды. Егер координатты дұрыс атай алмаса, саяхатшы  орнына ауысады.

«Картаны жина» ойыны. Африканың, Австралияның бөлшектелген кескін картасынан екі оқушы тез арада осы құрлықтарды құрастыру керек.

«географиялық орнын тап» ойыны. Жүргізуші бір нысанды атайды. Оқушы географиялық орнын айтады.

Бурабай – Көкшетауда

Қарағанды – Орталық Қазақстанда

Атырау – Каспий жағалауында

Мұғаджар – Ақтөбе

Терек – Кавказда, т.б.

«Өзендер» ойыны. Ойынға сыныптағы оқушылар түгел қатысады. Дәптерге өзендердің аттары жазылады. Мысалы:

1. Аму-Дария  4. Печора

2. Дон   5.Свирь

3. Нева   6.Сыр-Дарич

Оқушылар төмендегі үлгіде кесте сызады. Кестеге көлденеңінен өзендердің құяр жері (сағасы) жазылады. Тігінен бастау алған жерлері жазылады. Кестенің өзеннің бастауы мен сағасы сай келген тор көзіне өзеннің сандық реті (1,2,3,т.б.) қойылады.

 

Тянь-Шань

Памир

Орал

Орта Орыс қыраты

Ладога көлі

Онега көлі

Арал теңізі

Азов теңізі

Балтық теңізі

Баренц теңізі

Ладога

6

1

  4

2

3

5


 

«Мұхиттарға саяхат» ойыны. Клеткаларға бөлінген кестеге тігінен және көлденеңінен мұхиттары жазылған. Бір мұхиттан екінші мұхитқа тікелей өту мүмкін болса (үшінші мұхитқа соқпай) тордың сәйкес көзіне (+) белгісі, тікелей өту мүмкін болмаса (-) белгісі қойылады.

Кемемен жүзіп өтуге бола ма?

Тынық мұхитқа

Атлант мұхитына

Үнді мұхитына

Солтүстік мұзды мұхитқа

Тынық мұхиттан

Атлант мұхитынан

Үнді мұхитынан

Солтүстік мұзды мұхиттан

 

 

 

+

 

+

 

 

+

 

+

 

 

 

+

 

 

+

 

+

 

+

 

 

 

 

-

 

+

 

+

 

-


 

 

2.3 Географиядағы ойын түріндегі сабақтар

 

Іскерлік  пен дағды қалыптастыруға арналған ойын сабағы. Сынып

оқушылары 2 топқа бөлініп алдын-ала тапсырмалар алады. Тапсырма бойынша географиялық материал дайындап команданың атын, эмблемасын, девизін, сәлемін дайындайды.

Ойынның ашылуы: командалардың сап түзеп тұруы, капитанның мектеп басшысына сәлемі (рапорт), жол бетшелерін алуы.

Ойынның шартын түсіндіру. Ойын 4 бекет арқылы өтеді: «Сен географияны білесің бе?»; «Карта бойынша саяхат», «Өз республикаңды білесің бе?», «Кескін картамен жұмыс». Әр команда кезекпен 4 бекеттен өтеді. Қолдарында жолбетшесі. Бетшенің сыртқы бетіне сынып номері, команда құрамы, девтзі жазылған. Ішкі беті 5 бағанаға бөлінген (рет саны, бекеттің аты, алған ұрай саны (5 балдық), тексерушінің қолы, ескертулер жазылған).

Бекеттер бойынша қойылатын сұрақтар:

  1. «Сен географияны білесің бе?» бекеті бойынша сұрақтар: қай өзеннің бір жағалауы Еуропада, бір жағалауда Азияда орналасқан. Еуропада қай өзеннің сағасы теңіз деңгейінен төмен жатыр. ТМД-да дата өзгеру сызығы қайда орналасқан? ТМД-ның қай түбегі екі мұхиттың суымен жуылады? ТМД-да қай көлге 336 өзен құйып, бір ғана өзен ағып шығады?, т.б.
  2. «Карта бойынша саяхат» бекеті бойынша сұрақтар: ТМД-дағы ең...ең деген сөзден басталатын географиялық нысандарды атап картадан көрсету. Ең үлкен көл, ең терең көл, ең суық жер, ең ылғал жер, ең биік шың, т.б.
  3. «Өз республикаңды білесің бе?» бекеті бойынша сұрақтар: Қазақстанда қандай жердің аты өзінің  рельефінің түрін көрсетеді? (Қазақтың ұсақ шоқылары, Торғай жазығы).

Қазақстанда қандай географиялық нысан көл деп те арал деп те аталады? Неліктен? (Арал)

Қазақстанның жерінде жабылмайтын «екі қақпа» бар. Оның қайсысы енді? (торғай, жоңғар).

Қазақстанның қай қаласының тұрғындары бір күннің ішінде жылдың үш мезгілін көре алады? Аттарында өздерінің түрлері көрсетілген Қазақстандағы таулардың аттарын атаңыздар.

  1. Кескін картамен жұмыс. Кескін карта қиындыларын 2 мин. Уақыт ішінде дұрыс құрастырып, пайдалы қазбалардың шартты белгілері салынған географиялық нысандардың аттарын атап, қандай пайдалы қазбаға бай екендігін айту, картадан көрсету.

Аталған 4 бекеттен өткеннен кейін сарапшылар жол бетшелерін жинап

ұпай сандарын шығарады. Жеңімпаздарды анықтайда, марапаттайды.

«Таңғажайып алаң» түріндегі сабақ.

Тақырыбы: Еуразияның таулары. (қайталау сабағы).

Теледидар арқылы көрсетілген «Таңғажайып алаң»  ойынының үлгісімен класс бөлмесі безендіріледі. (ортасына қозғалып тұратын көрсеткіш тіл орнатылған, шетіне жағалай сандық көрсеткіштер жазылған айналмалы дөңгелек қондырғы үстелдің үстіне орнатылады). Тақтаға жұмбақ нысанның атын құрайтын әріптер теріс қаратып салынған қалташалар ұясы ілінеді.

Ойынның тәртібін жүргізуші түсіндіргеннен кейін алаңға ойыншылардың бірінші «үштігі» шақырылады. (өз қалаулары бойынша алдын-ала анықталады).

І кезеңнің тапсырмасы. Еуразияның қай тауын пайдалы «қазбалардың қоймасы» деп атайды?

       



               (Орал)

 

Ойынға қатысушылардың өздерін таныстыруы. 1-оқушы

Еуразия тауларының геологиялық кезеңдері.     2-оқушы

Еуразия тауларын биіктіктеріне қарай топтастыру. 3-оқушы.

Еуразия тауларының сейсмикалық тұрақтылығы.

Тапсырма: әріптер арқылы немесе сөзді тұтас айту арқылы орындалады, жеңімпаздар марапатталады (кітап, картинка, конвертке салынған суреттер, т.б.). Ойын осы ретпен жалғаса береді. Алаңға ойыншылардың екінші «үштігі» шақырылады.

ІІ кезеңнің тапсырмасы. Еуразияның қай тауының атын ақын-жыршы, әншілердің жырларынан естуге болады?

         

                                                                (Алтай)

 

ІІІ кезеңнің тапсырмасы. Еуразияның қай тауы егіншілікті қоректендіреді?

             



 

 

                                                                                     (Қаратау)

Көрермендермен ойын. Еуразияның қай тауында «үш жүздің» басын біріктіруге арналған ұлы жиын өтті?

           

                                                                                      (Ұлытау)

Супер ойынның сұрағы. Ұлы қолбасшы Суворов бір жорығының кезінде солдаттарымен бірге биік таудың асуындағы «шайтан көпір» деп аталатын қылдай жіңішке көпірден өткен. Бұл асу қай тауда болатын?

         

                                                                                  (Альпі)

Ойынды мұғалім қорытындылайды. Оқушылар бағаланады.

«Атмосфера» тақырыбына қайталау сабағы. 6-сыныптағы «Атмосфера» тарауын қорытындылау сабағы. Оқушыларды екі топқа бөледі: І топ – «Альпинист»; ІІ-топ – «Турист». Бұл ойында екі топтың оқушылары түрлі кедергілерден өіп жарысады. Таудың басына бірінші шыққан топ оқушылары жеңіске жетеді.

Информация о работе Cабақтағы топтық жұмыс және оның әр түрлілігі