Қазақстанның ТМД елдерімен сауда қатынастары (Украина елімен)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 06:22, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынастар динамикалық түрде дамуда, сыртқы саяси мекемелері арасындағы және халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара іс–қимылдар сындарлы болып келеді, екі тараптың көптеген халықаралық мәселелердегі ұстанымдары өзара сәйкес келеді. Сондықтан бұл курстық жұмыс өзекті болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан мен Украина арасындағы сауда экономикалық қатынастарды анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

Тақырып бойынша әдебиеттерге талдау жасау және оны меңгеру;

Тақырыптың негізгі сұрақтарын және мақсатын анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………..3

І. ТМД ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚ
1.1. ТМД-ның құрылуы, мақсаты, міндеті................................................................4
1.2. ТМД органдарының құрылымы..........................................................................5
1.3. Мемлекетаралық және парламентаралық кеңестер..........................................6


ІІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН САУДА ҚАТЫНАСТАРЫ (УКРАИНА ЕЛІМЕН)
2.1. Қазақстан Республикасы мен Украина елдерінің арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың қалыптасуы....................................8
2.2. Қазақстан Республикасы мен Украина елдерінің арасындағы сауда - саттық және көлік салаларындағы байланыстар мен қарым-қатынастар……………….12
2.3. Отын өнеркәсібі саласындағы 1997-2010 жылдар аралығындағы Украина мен Қазақстан арасындағы туындаған күрделі мәселелер………………………19


ІІІ . Курстық жұмысты практикада қолдану.............................25


ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………....…30

Прикрепленные файлы: 1 файл

қазақстанның ТМД елдерімен сауда қатынастары (Мысалы Украина).doc

— 515.00 Кб (Скачать документ)

Ал Қазақстан үшін негізгі экспорттық тауар газ  емес, мұнай. Ол мұнайды Украинаға (Грузияға және т.б.с.с. бұрынғы кеңестік немесе социалистік, бүгінгі неоколониалдық республикаларға) су тегін дерлік арзан беру жағынан біздің еліміз онсыз да Ресейден кейінгі екінші орында. Ал газ экспорттау мәселесіне келетін болсақ, бұл жағынан алғанда Қазақстанның мүмкіндігі де, жетістігі де осы күнге де онша үлкен болмаған. Еліміз осы шикізат қорына бай алғашқы 15 мемлекеттің қатарына кіргенмен, оны сыртқа сатушы ретінде емес, сырттан сатып алушы ретінде көбірек белгілі болған. Енді, міне, газ өнімі аз-маз ұлғайды дегенге келтірмей-ақ, оны Украинаға қатты төмендетілген бағаға көптеп сатуға міндеттеніп отыр[19].

Қазақстан Украинаға  мұнай-газ экспорттық жолдары жағынан  ешбір тәуелді емес, оның үстіне өз шикізатын кімге де болса арзанға  сататындай газды көптеп өндіріп, апаратын жер таба алмай отырған жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ . Курстық жұмысты практикада қолдану

Тақырыбы: §53. Украина. Шаруашылығы. Ішкі айырмашылықтары.

Сабақтың мақсаты: Украина мемлекеті жайлы алған білімдерін шыңдау

Сабақтың міндеті:

Білімділік –Украинаның шаруашылық құрылымының қалыптасуы,       ауыл шаруашылығын зоналық мамандану сипаты және Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарында Украинаның орны жөнінде жетік білім беру.

Тәрбиелік – оқушыларды өзге ұлт өкілдерімен достық қарым – қатынасына баулу.

Дамытушылық – картамен жұмыс жасау қабілетіне дағдыландыру.

Көрнекілік  құралдар:

  1. Е. Ахметов, Т. Увалиев, Қ. Ахметов Дүние жүзінің әлеуметтік экономикалық географиясы:  жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық. - Алматы: Мектеп баспасы, 2006. - 232б.
  2. Дүние жүзінің саяси картасы (қабырға картасы)
  3. Таратпа материалдар: карточка - 5 (жаңа сабақты бекіту)

 

Сабақтың барысы:

 

Р/с

Мұғалімнің  әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Ұйымдастыру кезеңі(4мин)

Амандасу. Сәлеметсіздер  ме?

 

 

 

 

 

Кезекшіні тұрғызып, сыныпты  түгендейді.

 

 

 

 

Мұғалім оқушылардың  назарын аудартып, сабақтың өткізілу барысымен таныстырады.

Оқушылар орнынан тұрып  амандасады. Оқулықтарын ретке келтіріп, сабаққа дайындалады.

Кезекші орнынан тұрып, сабақта кім бар, кім жоқ екенін айтады.

 

Оқушылар мұғалімді  мұқият тыңдайды.

2

 

Үй тапсырмасын  сұрау (10 мин)

1. Үйге берілген тақырыпты қайталауға 2 минут уақыт беріледі.

2. Ауызша оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.

3. Сұрақтар:

1. Украинаның  географиялық орны қандай?

2. Халқы. Ұлттық, діни құрамы қандай?

3. Украинаның табиғат ресурстарын ата.

4. Украина аумағының  қалыптасу тарихы?

5. Украинаның рекреациялық ресурстары?

 

Оқушылар ауызша жауап  береді.

 

3

 Жаңа тақырыпты түсіндіру (10мин)

Украина – индустриялық-аграрлық ел. Оның жиынтық ішкі өнімінің салалық құрылымында өнеркәсіп үлесі 38% болса, ауыл шаруашылығы 16%-ды құрайды. Жалпы ішікі өнімнің көлемі 109 млрд АҚШ доллары шамасында, оның көлемі жөнінен ТМД елдері арасында Ресейден кейін 2-орын алады. ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы мөлшері 1040 доллар, бұл көрсеткіш бойынша ТМД арасында Ресей, Беларусь, Қазақстаннан кейін 4-орында алады.

Жалпы, ел шаруашылығына өнеркәсіптің жоғары деңгейде шоғырлануы мен ауыр өнеркәсіп салаларының басымдылығы тән болады. өнеркәсіп өндірісінің 2/3-сі ауыр өнеркәсіп салаларының үлесіне тиетін Украина мұнай мен газды, ағаш сүретін сырттан сатып алуға мәжбүр болып отыр. Мысалы, елдегі мұнай өндірісі мұнайға сұраныстың

12% -ын ғана қамтамасыз етеді.

Украина өнеркәсібінің басты саласы – отын-энергетика кешені, оның үлесіне өнеркәсіп өндірісінің ¼-іне жуығы тиесілі.

ТМД елдерінің аумақтық еңбек бөлінісінде Украина қара металлургия саласымен көзге  түседі. Бұл сала жалпы өнеркәсіп  өнімінің 1/5-нен астамын береді.

Украинаның байырғы  маманданған саласының бірі- машина жасау өнеркәсібі. Машина жасаудың орталықтары: Харьков, Киев, Донецк, Львов, Запорожье (машина жасау), Днепропетровск, Луганск (теміржол және ауыр машиналар жасау), Николаев, Керчь, Херсон (кеме жасау).

Украина өнеркәсібінің  маңызды салаларының бірі химия  өнеркәсібі болып табылады. Мұнда минералды тыңайтқыштар, күкірт қышқылы, сода, пластмасса мен химиялық талшықтар, резеңке бұйымдарын өндіру маңызды орын алады.

Украинаның ТМД елдерімен  саудасында импорт экспорттан артық, ал алыс шетелдермен сауда қатынастарында экспорт импорттан басым. Бұл  елдің сыртқы саудасына тән басты белгі. Жалпы алғанда, республиканың сыртқы сауда балансы теріс мәнге ие. Украина импорттың құрылымында 1-орында мұнай мен газ тұр; ел сырттан түсті металдар, синтетикалық каучук, ағаш сүрегі, жеңіл өнеркәсіпке қажетті шикізатты да сатып алады. Экспортқа – қара металл прокаты, құбырлар, ферроқорытпалар, машина жасау өнімдері, халық тұтынатын тауарлар, химикаттар шығарылады.

Украинаның Қазақстанмен экономикалық байланыстары жедел қарқынмен  дамып кееледі. Қазақстанда 50-ден астам украиналық және бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. 2004 жылы Украинаның Қазақстан экспортындағы үлесі 1,4%-ды, ал импортындағы үлесі 5,7%-ды құрады. Қазақстанның 2004 жылы Украинаға экспортының жалпы көлемі шамамен 278 млн АҚШ долларын құраса, осы жылы Украинадан 722 млн-дай АҚШ долларына әр түрлі тауарлар сатып алды.

 

 

 

 

Оқушылар мұғалімді  мұқият тыңдап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қажетті мәліметтерді дәптерге жазып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қажетті мәліметтерді дәптерге жазып отырады.

4

Жаңа сабақты бекіту (10 мин)

5 карточка таратылады. Сұрақтар:

1. Украина химия өнеркәсібі не өндіреді?

2. Украина өнеркәсібінің басты саласы қандай?

3. Машина жасау  орталықтарын ата.

4. Украинаның байырғы маманданған саласының бірі?

5. Қазақстанның 2004 жылы Украинаға экспортының жалпы көлемі?

 

 

Карточкаға ауызша және жазбаша жауап береді.

5

Үйге тапсырма (3 мин)

Тақтаға үйге тапсырма жазады.

§53. Украина. Шаруашылығы. Ішкі айырмашылықтары.

 

Оқушылар үйге берілген тапсырманы күнделікке жазады.

6

Бағалау (3 мин)

Белсенді қатысқан, әрі  дұрыс жауап берген оқушыларды бағалайды.

 

Оқушылар күнделіктеріне бағаларын қойдырады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Екі ел тәуелсіздік алған  жылдардан бастап жүргізілген келіссөздер  барысында Мемлекет басшылары Қазақстан-Украина  қарым-қатынастары дамуының үдемелі және қарқынды сипатын атап өтілді. Бүгінде екі елдің арасында салиқалы келісімдік-құқықтық база құрылған. Екіжақты деңгейде және халықаралық ұйымдар шеңберінде белсенді саяси диалог орнап отыр. Парламентаралық байланыстар да тығыз даму үстінде, парламенттерде депутаттық «достық топтары» жұмыс істейді.

Украина Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығын, сонымен қатар Мемлекет басшысының Азиядағы өзара ықпалдастық  және сенім шаралары Кеңесін (АӨЫСШ), Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін шақыру жөніндегі және ядролық қарусыздандыру мен әлемдік қаржы дағдарысының салдарларын еңсеру тарапындағы бастамаларын қолдады. Киев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін және ел басшылығының Қазақстанда тұратын 350 мыңдық украин қауымына қолдау көрсету бағытындағы іс-шараларын жоғары бағалайды.

Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – отын-энергетикалық кешен, соның ішінде Қазақстан мұнайын украиналық мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу және оны Украина аумағы арқылы еуропалық нарыққа шығару. Ағымдағы жылы Украина бағытында және оның аумағы арқылы транзитпен 6 миллион тонна қазақстандық мұнайды тасымалдау жоспарлануда.

Президент Қазақстанда  қазіргі уақытта Қазақстанның үдемелі  индустриалдық-инновациялық дамуының  мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев украиналық компанияларды ауылшаруашылық машиналарын құрастыру, металл өңдеу, минералды тыңайтқыштар өндіру, ғарыш салаларын дамыту бағытындағы жобаларға қатысуға шақырды.

Келіссөздерде мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға, білім беру тәжірибелермен алмасуға үлкен көңіл аударылды. Бүгінде 100-ден астам қазақстандық студент Украиның ЖОО-ларында инженерлік және техникалық мамандықтар бойынша білім алуда.

Мемлекет басшылары екі елдің Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге дайындығына ерекше көңіл аударды.

Қазақстан тарапы Украинаға  ЕҚЫҰ-дағы Қазақстанның төрағалығын  және ЕҚЫҰ мемлекет басшыларының Саммитін Астанада өткізу ұсынысын қолдағаны  үшін алғыс білдірді.

Келіссөздер бойынша  Президенттер кең ауқымдағы екіжақты өзара ықпалдастықты нығайтуға  деген ортақ ұмтылысты білдіретін Бірлескен мәлімдемеге және 2010-2011 жылдарға арналған Қазақстан мен  Украина арасындағы «Жол картасы-3» ынтымақтастық жоспарына қол қойды. Бұл құжаттар сауда-экономика, отын-энергетика, көлік салаларындағы, машинажасау және агроөнеркәсіптік кешендеріндегі, сондай-ақ ғарыш және гуманитарлық салалардағы өзара ықпалдастықты жандандыруға септігін тигізбек. Сонымен қатар үкіметаралық деңгейде азаматтардың өзара барыс-келісі жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды.

Қорыта келе, қос мемлекеттің  заң шығарушы органдары да бір-бірімен  қоян-қолтық қарым-қатынаста. Мәселен  ОБСЕ-ге мүше елдердің ішінде тек Қазақстан мен Украинаның өкілдері ғана ОБСЕ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті қызметін атқарады. Жалпы соңғы кездері Украинада саяси басшымен бірге саяси бағыт-бағдар да өзгеріп барады. Бұрынғы Президент пен бүгінгі Президентің арасы жер мен көктей. Янукович Ющенконың ісін жоққа шығара бастады. Қарапайым мысал. 2-ші сәуір күні Степан Бандераға Виктор Ющенконың тұсында берілген Батыр атағы күшін жойды. Алайда мұның бәрі Украинаның ішкі шаруасы. Ең бастысы ресми Киевтің Қазақ еліне қатысты ұстанған достық саясаты қаз-қалпында қалды. Тіпті өзара қырық пышақ боп жататын Рада депутаттарының да бізге қатысты ұстанымдары бір арнаға тоғысып жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Кенжебаева Р.Ж. Қазақстанның әлеуметтік экономикалық географиясы - дәріс курсы, Ақтөбе 2010, 172 б.
  2. Қожахмет М. Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы: Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2006.-480 бет.
  3. НазарбаевН.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. - Алматы: Дәуір, 1992. - 56 б
  4. Абдулпаттаев С.И. «Халықаралық қатынастар және Қазақстаның сыртқы саясаты». Алматы 2006.
  5. Абдулпаттаев С.И. «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты»

     Алматы 2005.

  1. Мамыров Н.Қ, Мадиярова Д.М., Қалдыбаева А.Е. «Халықаралық экономикалық қатынастар»  Алматы 1998.
  2. Абдулпаттаев С. И «Халықаралық қатынастар териясы» Аматы 2008.
  3.   Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы

    Алматы 2002 ж

  1. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. Алматы 1996.
  2.   Назарбаев Н. Тәуелсіздігімізге бес жыл.- Алматы, 1996.
  3.   Назарбаев Н. Тарих толқынында . – Алматы,1999.
  4. Назарбаев Н.Еліміздің сыртқы саясаты Қазақстан мемлекеттілігінің маңызды бөлігіне айналды.// Егемен Қазақстан, 2000, 3 қазан
  5. Назарбаев Н. Еуразиялық одақ – тығыз қарым - қатынас орнатудың   онтайлы жолы\\ Егемен Қазақстан 2004 3 сәуір.
  6. Назарбаев Н. Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қаблетті халық үшін// Егемен Қазақстан. 2004 жыл 20 наурыз.
  7. Назарбаев Н. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік  саяси жедел  жаңару жолында//Егемен Қазақстан, 2005 жыл 19 ақпан.
  8. Жусипов Б.С. Республика Казахстан: проблемы политики безопасности.  Алматы 2001 жыл.
  9. Қазақстанның 2030  жылға дейінгі даму стратегиясы: проблемалар және оларды шешудің жолдары. Алматы, 1998, -136- бет.
  10. Ануар Омар. Двусторонние отношения между Украиной и Республикой Казахстан. Газета “Вечерняя Астана”, 25.12.2008, №155
  11. Н. Селивон. Казахстан – Украина: дороги и перекрестки. - Алматы: Білім, 2009., 85-102 с.
  12. Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ. Қазақстан мен Украина: Қарым қытынастардың жаңаша серпіні., Алматы.-2001., 87 бб
  13. Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ. Қазақстанның Украинадағы жылы – түрлі салалардағы  қарым-қатынастардың қозғаушысы. Астана., 2007-2008 жж., 75-85 бб.
  14. Қожахметұлы К. Үлкен қанжар // Егемен Қазақстан. -1992. - 8 ақпан, -4б.
  15. Қожахметұлы К. Қазақстан жол торабында тұр, қалай жүреді? // Ақиқат. - 1993.- №3.-3-6 бб.
  16. Мадиярова А Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауіпсіздік: Оқу құралы.-Алматы: Экономика-2000,  5-бет
  17. Салиқалы саясатқа салмақ салған сапар. Н. Назарбаевтің Украинаға сапары// Егемен Қазақстан 2006-22 қараша 1-бет
  18. Қазақстанға Еуропаның құшағы ашық// Дала мен қала 2007-23 қараша 2 бет
  19. Қазақстан Дипломатиясы және жаһандану кезеңі// Егемен Қазақстан 2009 -19 наурыз - 4б.
  20. Дипломатия жаршысы  2007 3(14) 59б.
  21. Назарбаев Н. Қазақстаның егеменді мемлекет ретіндеқалыптасуы мен дамуының стратегиясы// Егемен Қазақстан, 1992,16 мамыр
  22. 44 Назарбаев Н. Қазақстан жаңа ғасырда әлемдік дамудың үрдістерінен кенже қалмауы керек// Егемен Қазақстан, 2000, 3 қазан
  23. Егемен Қазақстан, «Қазақстан өз дамудағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты 2006 жылға арналған халыққа жолдауы// Егемен Қазақстан, 2006, 2-наурыз
  24. Сагадиев К.Н. Арынбаев М.У. Жаксыбекова Ш.Е. Интеграция экономики Казахстана в мировое хозяйство. Алматы, Ғалым 1996
  25.   Хан.Г.Б.Суворов Л.С.Рахманова Г.Б. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Алматы, 2005- 17б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША

1–диаграмма. Қазақстан-Украина арасындағы экспорт-импорт сандық көрсеткіштері (млрд АҚШ доллар)

2–диаграмма. Украинадан Қазақстанға экспортталған тауардың жалпы құрамдық көрсеткіштері (2009)      

 

 

 

3 – диаграмма. Қазақстаннан Украинаға экспортталған тауардың жалпы құрамдық көрсеткіштері (2009ж)

                                                                                                          

 

1- сурет. Украина

2–сурет. Қазақстан

 

       

   3 - сурет. Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев және Украина президенті Виктор Янукович




Информация о работе Қазақстанның ТМД елдерімен сауда қатынастары (Украина елімен)