Қазақстанның ТМД елдерімен сауда қатынастары (Украина елімен)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 06:22, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынастар динамикалық түрде дамуда, сыртқы саяси мекемелері арасындағы және халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара іс–қимылдар сындарлы болып келеді, екі тараптың көптеген халықаралық мәселелердегі ұстанымдары өзара сәйкес келеді. Сондықтан бұл курстық жұмыс өзекті болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан мен Украина арасындағы сауда экономикалық қатынастарды анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

Тақырып бойынша әдебиеттерге талдау жасау және оны меңгеру;

Тақырыптың негізгі сұрақтарын және мақсатын анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………..3

І. ТМД ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚ
1.1. ТМД-ның құрылуы, мақсаты, міндеті................................................................4
1.2. ТМД органдарының құрылымы..........................................................................5
1.3. Мемлекетаралық және парламентаралық кеңестер..........................................6


ІІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН САУДА ҚАТЫНАСТАРЫ (УКРАИНА ЕЛІМЕН)
2.1. Қазақстан Республикасы мен Украина елдерінің арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың қалыптасуы....................................8
2.2. Қазақстан Республикасы мен Украина елдерінің арасындағы сауда - саттық және көлік салаларындағы байланыстар мен қарым-қатынастар……………….12
2.3. Отын өнеркәсібі саласындағы 1997-2010 жылдар аралығындағы Украина мен Қазақстан арасындағы туындаған күрделі мәселелер………………………19


ІІІ . Курстық жұмысты практикада қолдану.............................25


ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………....…30

Прикрепленные файлы: 1 файл

қазақстанның ТМД елдерімен сауда қатынастары (Мысалы Украина).doc

— 515.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстанның ТМД елдерімен  сауда қатынастары (Украина елімен)

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………..3

 

І. ТМД ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚ

1.1. ТМД-ның құрылуы, мақсаты,  міндеті................................................................4

1.2. ТМД органдарының құрылымы..........................................................................5

1.3. Мемлекетаралық және парламентаралық кеңестер..........................................6

 

 

ІІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН САУДА ҚАТЫНАСТАРЫ (УКРАИНА ЕЛІМЕН)

2.1. Қазақстан Республикасы мен  Украина елдерінің арасындағы  саяси, экономикалық және мәдени  байланыстардың қалыптасуы....................................8

2.2. Қазақстан Республикасы мен Украина елдерінің арасындағы сауда - саттық және көлік салаларындағы байланыстар мен қарым-қатынастар……………….12

2.3. Отын өнеркәсібі саласындағы 1997-2010 жылдар аралығындағы Украина мен Қазақстан арасындағы туындаған күрделі мәселелер………………………19

 

 

ІІІ . Курстық жұмысты практикада қолдану.............................25

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………28

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………....…30

 

ҚОСЫМША.............................................................................................................32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынастар динамикалық түрде дамуда, сыртқы саяси мекемелері арасындағы және халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара іс–қимылдар сындарлы болып келеді, екі тараптың көптеген халықаралық мәселелердегі ұстанымдары өзара сәйкес келеді. Сондықтан бұл курстық жұмыс өзекті болып табылады.

 

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан мен Украина арасындағы сауда экономикалық қатынастарды анықтау.

 

       Курстық жұмыстың міндеттері:

 

  •  Тақырып бойынша әдебиеттерге талдау жасау және оны меңгеру;

 

  • Тақырыптың негізгі сұрақтарын және мақсатын анықтау;

 

  • Қазақстан мене Украина арасындағы сауда саттық және көлік салаларындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды, екі елдің арасындағы туындаған күрделі мәселелерді анықтау.

 

Курстық жұмыстың тәжірибелік мақсаты: Бұл тақырыпты орта білім беретін мекемелерде 10 сыныпта оқылатын «Дүние жүзінің әлеуметтік экономикалық географиясы» курсында қолдануға болады.

 

Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Курстық жұмыс 34 беттен тұрады. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, атаулардан тұратын пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚ

 

1.1. ТМД-ның құрылуы, мақсаты, міндеті

Әлемнің қазіргі кездегі саяси және экономикалық картасында Тәуелсіз мемлекеттер достастығын ерекше аймақ ретінде қарастыруға болады. Бұрынғы КСРО-ның кеңістігінде 15 егеменді ел қалыптасып, олардың 12-нің өзара келісімнің нәтижесінде халықаралық ұйым - Тәуелсіз мемлекеттер достастығына бірікті. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы – бұл мемлекетаралық қарым – қатынастарды қалыптастыруды өзіне міндеттеген, құрамындағы барлық және әрбір мемлекеттің мүдделерін ескеретін халықаралық ұйым. Олар: Азербайжан Республикасы, Армения Республикасы,  Беларусь Республиксы, Грузия Республикасы, Казақстан Республикасы, Кырғызстан Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркменстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Украина Республикасы.

ТМД – тәуелсіз мемлекеттердің дамуы мен территориялық біртұтастығының,  егемендіктің, экономикалық реформалар дамуының кепілі.

ТМД-да мемлекеттердің интеграцияға дайындықтарының түрлі деңгейлерін  ескеріп, ұлттық мүдделеріне сай  келетін бағытта интеграциялық  процестерге қатысуға мүкіндік беретін мемлекетаралық және парламентаралық байланыстар ұйымының механизмі жұмыс істейді[1].

ТМД елдері планета халқының 4,5%, территориясының 16,4%,  әлемдік  өнеркәсіп потенциалының 10%, табиғи ресурстардың негізгі түрлері қорының 25% ие.

Өзара тығыз қарым – қатынас орнату арқылы Достастық елдері қысқа уақыт аралығында динамикалық прогресс жолына түсіп, әлемде алдыңғы қатарлы орынды иелене алады.

ТМД заңды түрде екі  актінің қабылдануының нәтижесінде  құрылды: 8- желтоқсан, 1991 ж. ТМД-ның құрылуы  туралы Келісім  (Беларусь, Ресей және Украина) және 21-желтоқсан 1991 ж. 11 егеменді ел қол қойған (Грузия ТМД-ға 1993 ж. мүше болды) Хаттама, сонымен қатар 1993 ж. қабылданып, 3-тамыз 1994 ж. БҰҰ Хатшылығына тіркелген ТМД Жарғысы[2].

ТМД құрылуының басты  мақсаттары келесідей:

- саяси, экономикалық, экологиялық, гуманитарлық, мәдени  және басқа да салаларда өзара  әріптестік;

- мүше - мемлекеттердің  ортақ экономикалық кеңістік  негізінде  жан-жақты экономикалық, әлеуметтік дамуы, мемлекетаралық  кооперация және  интеграция;

- халықаралық құқықтық  нормалар мен принциптер және  ОБСЕ құжаттарына сәйкес адамның  негізгі бостандығы мен құқығын  қамтамасыз ету;

- халықаралық бейбітшілік  пен қауіпсіздікті қамтамасыз  ету, қарулы және әскери шығындарды  азайтуда арнайы шараларды іске асыру, ядролық және жаппай жою қаруларының басқа да түрлерін шектеуде өзара әрекеттестік;

-  достастық ішінде  мүше – елдер азаматтарының  еркін жүріп - тұруы мен қарым-қатынасына  жағдайлар жасау;

- құқықтық көмек және  құқықтық қарым-қатынастың басқа  да салаларында өзара әріптестік;

-  ТМД елдері арасындағы  даулы мәселелерді бейбіт жолмен  шешу.

Қазіргі таңда Достастық  елдері келесідей маңызды стратегиялық міндеттерді шешуге ден қоюда:

- Еркін сауда зонасын қалыптастыру арқылы экономика саласында тең құқылы және өзара тиімді әріптестікті дамыту.

- Экономика саласында өзара әрекеттестікті дамыту.

- Ұйымдасқан қылмыс, халықаралық терроризм және экстремизмнің басқа да түрлерімен күресте күш пен құралды біріктіру.

- ТМД елдерінің мемлекеттік жанжалдарды реттеуде БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдармен неғұрлым тығыз карым – қатынасқа қол жеткізуі.

ТМД – ашық ұйым. Оған ТМД-ның арнайы құжатында жазылған міндеттерді өзіне қабылдаған кез- келген ел мүше бола алады [1].

 

 

1.2. ТМД органдарының құрылымы

Достастық деңгейіндегі өзара қарым-қатынас оның уставты органдары арқылы іске асырылады: елбасылар Кеңесі, үкіметбасылар кеңесі, Сыртқы істер министрлер Кеңесі, Экономикалық Кеңес, қорғаныс министрлер Кеңесі, Шекара әскерлерін Басқарушылар Кеңесі, Парламентаралық ассамблея, Экономикалық сот және ТМД-ның Атқарушы комитеті.

Елбасылар Кеңесі Достастықтың ең жоғарғы органы ретінде мүше – мемлекеттердің ортақ мүдделеріне байланысты саяси және экономикалық бағыттағы негізгі мәселелерді талқылап, шешім шығарады.

Үкіметбасылар Кеңесі атқарушы билік органдарының экономикалық, әлеуметтік және ортақ мүдделердің басқа да салаларында өзара қарым- қатынасын басқарады.

Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі елбасылар Кеңесі мен Үкіметбасылар Кеңесі шешімінің негізінде мүше - елдердің сыртқы саяси іс- әрекетін және олардың халықаралық ұйымдардағы қызметін координациялауды іске асырады, әлемдік саясат мәселелрі бойынша ақыл- кеңес беруді ұйымдастырады[2].

Экономикалық Кеңес – ТМД деңгейінде қабылданған келісімдердің, елбасылар мен үкіметбасылар Кеңесінің еркін сауда зонасын қалыптастыру және әлеуметтік - экономикалық әріптестіктің басқа да мәселелері туралы шешімдерінің орындалуын қадағалайтын негізгі атқарушы орган.

 Қорғаныс министрлерінің Кеңесі Достастыққа мүше елдер арасындағы әскери әріптестік пен әскери саясат мәселелерін шешетін орган болып табылады.

Парламентаралық ассамблея ТМД елдеріндегі заң актілерін бір- біріне сәйкестендіру мен үйлестіру төңірегінде ортақ ұсыныстарды қарастырып, парламентаралық қарым- қатынастың сұрақтарын шешеді.

Экономикалық сот экономикалық қарым - қатынастар процесінде  қалыптасқан дауларды мемлекеттер арасындағы арнайы келісім мен одан шығатын экономикалық міндеттерді қолдану арқылы шешетін орган.

ТМД-ның атқарушы комитеті – үнемі әрекет етуші атқарушы, әкімшілік, координациялық орган.

 

 

1.3. Мемлекетаралық және парламентаралық кеңестер.

ТМД-ның Жарғы шығару және басқа органдары өзінің жұмысында  мемлекетаралық және Үкіметаралық кеңес  түрінде тарамдалған инфрақұрылымға арқа сүйейді. Достастық деңгейінде бұндай 70-ке жуық органдар бар, атап айтсақ теміржол транспорты бойынша Кеңес, кедендік қызметті басқарушылар Кеңесі, Мемлекетаралық валюта комитеті, салық қызметі жетекшілерінің Координациялық кеңесі, Электроэнергетикалық кеңес,  Антитеррористік орталық және т.б.

Олардың қызметі –  экономика мен саясат, әлеуметтік даму, әскери әріптестік және бейбітшілік  іс-шараларын жүргізудің аса маңызды  салаларында ТМД елдерінің бірге  атқратын іс- әрекеттерін координациялау, Достастықтағы интнграциялық процестердің құқықтық негізін қалыптастыру болып табылады. Бұл органдардың ұсыныстары бойынша мемлекетаралық, парламентаралық көптеген келісімдер дайындалады.

Қазіргі уақытта ТМД  деңгейінде 20 астам мемлекетаралық және парламентаралық бағдарламалар  бекітілген. Солардың қатарында табиғи газды автокөлік құралдарына мотор отыны ретінде пайдалану, ортақ аграрлы рыноктың фундаментальды және негізгі ғылыми мәселелері бойынша ғылыми - техникалық әріптестікті нығайту, әуе шабуылынан қорғанудың біріккен жүйесін құру және дамыту, қылмысқа қарсы біріккен шаралар ұйымдастыру т.б. Мемлекетаралық  радионавигациялық бағдарлама, «Сенімді құбыр транспорты» бағдарламасы және т.б.

Бекітілген бағдарламалар  ғылыми-техникалық прогресс, мемлекеттің  қауіпсіздігін қамтамасыз ету, маңызды  әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу, Достастық елдерінің мүдделерін көздейтін жекелеген салаларды дамытуға бағытталған.

Достастық органдарының бюджетін ТМД елдерінің келісімі бойынша Атқарушы комитет дайындайды және ол үкіметбасылар кеңесімен  бекітіледі. ТМД органдарының бюджеті мемлекеттердің үлесі есебінен қалыптасады. Ол келесідей: Ресей – 50%, Украина – 14%, Беларусь, Казақстан, Өзбекстан – 5%, Азербайжан, Армения, Грузия, Кырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркменстан –  3%.

ТМД қызметінің негізгі  басымдылықтарының қатарына келесі бағыттар жатады:

Еркін сауда зонасын  қалыптастыру, экономика саласында  өзара әріптестікті дамыту.

Ұлттық валютаны белсенді пайдалану негізінде төлемдік қатынастарды  қалыпқа келтіру.

Отын - энергетикалық  кешен. Отын – энергетикалық және басқа да маңызды ресурс түрлерін ұтымды пайдалану. 

Транспорт. ТМД елдерінде өндірісті қарқындатудың қуатты факторы болып табылатын транспорт салалары қызметінің өзара тиімді шарттарын қамтмасыз ету, транспорттық кешенді максималды пайдалану және оларды дамыту бойынша арнайы іс-шаралар дайындап, іске асыру.

Аграрлы рынок. ТМД-да ортақ аграрлы рынокты қалыптастыру бойынша жұмыстарды белсендіру, ол ең алдымен азық – түлікпен, ауыл шаруашылық жабдықтарымен және азық – түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өзіндік өнімдегі тыңайтқыштармен өзара сауда – саттық сияқты мақсаттарды көздейді.

Еңбек бөлінісі және кооперация неізінде өндірістің негізгі салаларын  техникалық қайта жарақтандыруды іске асыру.

Ұлттық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, рынокта отандық тауарлардың өтуінің басым бағыттарын анықтау.

Әсіресе ғылыми – техника  саласында басты ортақ бағдарламаларды  анықтап, олардың іске асырылуына жағдай жасау.

Криминалды және көлеңке  экономиканы ығыстыру бойынша арнайы шаралар ұйымдастырып, жүзеге асыру.

ТМД-ның экономикалық дамуының іскер орталығы коммуникация мен коммерциялық қызметтің ең жаңа глобалдық жүйелерін пайдалану  мен ашық рынокты дамыту мақсатында Елбасылар Кеңесінің қолдауымен құрылған.

Іскер орталық – ТМД  елдерінің субъектілері мен шаруашылықтары арасында неғұрлым жылдам, әрі екіжақты тиімді келісім орнататын, сонымен қатар  өнімді ұсынушылар мен тұтынушылардың мүдделерін өзара сәйкестендіріп, түрлі несие- қаржылық схемаларды іске асыратын арнайы құрылым.

Іскер орталық өзінің жұмысын келесідей бағытта жүргізеді:

-    өнеркәсіп орындарына кешенді ақпараттық қызмет көрсету

- Достастық елдеріндегі  сауда – экономикалық потенциал, инвестициялық климат, салық және кеденді заңдар, қаржылық рыноктар,  жеке және шетелдік меншікті қорғау механизмдері бойынша ақыл- кеңес беру

Информация о работе Қазақстанның ТМД елдерімен сауда қатынастары (Украина елімен)