Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 06:22, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынастар динамикалық түрде дамуда, сыртқы саяси мекемелері арасындағы және халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара іс–қимылдар сындарлы болып келеді, екі тараптың көптеген халықаралық мәселелердегі ұстанымдары өзара сәйкес келеді. Сондықтан бұл курстық жұмыс өзекті болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан мен Украина арасындағы сауда экономикалық қатынастарды анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Тақырып бойынша әдебиеттерге талдау жасау және оны меңгеру;
Тақырыптың негізгі сұрақтарын және мақсатын анықтау;
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………..3
І. ТМД ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚ
1.1. ТМД-ның құрылуы, мақсаты, міндеті................................................................4
1.2. ТМД органдарының құрылымы..........................................................................5
1.3. Мемлекетаралық және парламентаралық кеңестер..........................................6
ІІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН САУДА ҚАТЫНАСТАРЫ (УКРАИНА ЕЛІМЕН)
2.1. Қазақстан Республикасы мен Украина елдерінің арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың қалыптасуы....................................8
2.2. Қазақстан Республикасы мен Украина елдерінің арасындағы сауда - саттық және көлік салаларындағы байланыстар мен қарым-қатынастар……………….12
2.3. Отын өнеркәсібі саласындағы 1997-2010 жылдар аралығындағы Украина мен Қазақстан арасындағы туындаған күрделі мәселелер………………………19
ІІІ . Курстық жұмысты практикада қолдану.............................25
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………....…30
Украина өз территориясының транзиттігі бойынша әлемде ең жоғары коэффициентке ие. Территориясы арқылы қолайлы трансконтиненталды жүк ағымдары өтеді. Украинаның Батыспен, әсіресе энергетикалық жүйелерді біріктіруі Қазақстан үшін еуропалық аймақта экономикалық мүдделерін ілгерілету үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады.
Теңіздік көлік саласында украиндық порттарды пайдалану тұрғысынан ынтымақтастық қызығушылық тудырып отыр. «Пивденный» теңіздік мұнай терминалы аумағында және Одесса облысының Южный қаласындағы мұнай өңдеу зауыттарына мұнайды жолдау жобаларын бірге іске асыру мүмкіндігі қарастырылуда.
Қазақстан мен Украинада мұнай–газ жабдықтарын бірігіп шығару перспективалары зерттелуде, көліктік инфрақұрылымды салу мәселелері пысықталуда.
Тараптардың мүдделерінің қиылысуы – машина жасау. Украина КСРО кезеңінен бері қажетті базаны сақтап қалды, Қазақстан ауыл–шаруашылық техникасын, электростанция техникаларын жеткізу, вагондарды импорттауға мүдделі. Бір мезгілде бұл техникаларды Қазақстанның территориясында жинау және қызмет көрсету зауыттарын құру мүмкіндіктері қарастырылып отыр[16].
2.3. Отын өнеркәсібі саласындағы 1997-2010 жылдар аралығындағы Украина мен Қазақстан арасындағы туындаған күрделі мәселелер
Қазақстан Президентінің
жаңа Жолдауын оқи отырып, Нұрсұлтан
Назарбаевтың: “Біз не, қашан, қалай
жасалатынын және құрылатынын іс
жүзінде айлар бойынша білеміз”
Украинанның Қазақстандағы елшісі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуінде мұнай саласындағы екі жақты қарым-қатынастың ілгерілей түскенін мәлімдеді. Бірінші кезде, “Одесса-Броды” мұнай құбыры Қазақстаннан 9 млн тонна мұнай қабылдауға шамасы жеткілікті.
Кейіннен Каспий мұнайының көлемі ұлғайған соң, құбыр арқылы тасымалданатын Қазақстан мұнайының үлесі 40 млн. тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған. Әзірге, Қазақстан мұнайы Ресей құбырлары арқылы танкерлермен және темір жол көлігімен тасымалданып жатыр. Түркияның Босфор бұғазында танкерлер теңіз дауылдарының кесірінен бірнеше күн тоқтап тұратын жағдайлары болады. Түркия басшылығы бұл орайда, экологияға қатысты талаптарын жылдан жылға күшейтуде. “Болашақта, сұраныс болған жағдайда, ұзындығы 700 шақырымық “Одесса-Броды” мұнай құбырына қосымша 300 шақырымдай құбыр салынып, Ресейдің Новосибирск бағытына қосылуы көзделуде[15].
«Қазақстан Украинаға
қажетті көлемде мұнай-газ
Бақылаушылардың пікірінше, Каспий мұнайын өткізу мүмкіншілігі ең жоғары құбыр Ресейдің меншігі болғандықтан, Ресей жағы мұнайдың едәуір көлемін өз территориясы арқылы өткізіп, транзиттен түсетін табысын ұлғайта беруге мүдделі екенін жасырмайды. Әзірге, Каспий мұнайының едәуір бөлігі Теңіз-Новороссийск бағытындағы құбырлармен тасымалдануда.
1992 жылы Ресей, Қазақстан
және Оман сұлтандығының
Каспийдің құбырлық консорциумы, қысқаша «КТК» аталатын ұзындығы мың жарым шақырымнан асатын құбыр. Ол Батыс Қазақстандағы әлемдегі ең ірі кеніштерге жататын «Теңіз» мұнай кеніші мен Новороссийск қаласындағы айлақты жалғастырып жатыр. Осы құбыр арқылы Қазақстан мұнайы әлемдік базарға жөнелтіледі.
Қазақстандағы оппозициялық
сарапшылардың айтуынша, ресейліктерге
бәсекелес болғалы отырған
Тек экономистер мен
мұнайшылардың ғана емес, саясатшылардың
да сүйікті тақырыбына айналған «Одесса
– Броды» мұнай құбыры «өлі туған
жоба» деген атағына
Украина президенті Виктор Ющенко «Одесса – Броды» құбыры жобасын дамыту жөніндегі келісім-шарттардың толықтай сақталып, жүзеге асып жатқандығына қанағаттанады.
Екі ел энергетика
саласында ынтымақтастықтың
Алайда, «Үйдегі көңілді
базардағы нарық бұзады» дегенд
2010 жылы мамыр айында Киевте энергетикалық саммитте «Одессы-Броды-Гданьск» жобасының техникалық экономикалық негіздемесі қаралады.
Бұл жобаға түрлі бағытта Каспийдің шикі мұнайын тасымалдайтын тағы бірнеше жобалар қосылады. Оларды әзірге атамаймын. Бірақ, тәжірибелік мұнай құю шаралары жуық арада жүргізіледі деген пікір айтылуда.
Өз кезегінде Қазақстан Украинаны транзиттік территория ретінде пайдалану мәселесін қарастыруы мүмкін екендігін жеткізді. Сарапшылардың айтуынша, Украина транзиттік территория ретінде өте тиімді. Мысалы, Ресей осы Украина арқылы газын Еуропаға шығарып отыр.
«Достық» құбырына жіберілмеген Қазақстан мұнайы Ресей территориясы арқылы Балтық теңізі жағалауында орналасқан Польшаның Гданьск қаласына жөнелтіледі. «Достық» құбырының оңтүстік тармағы арқылы 1,3 миллион тонна мұнай тасымалдау көзделген болатын (бұл — транзиттік тасымал көлемі жылына 5,2 миллион тонна мұнайды құрайды деген сөз). Ел бюджеті мұнайдың әр баррелінің бағасы 60 доллар тұрады деген баға есебімен жасалғандығын ескерсек, әңгіме айына 640 миллион, ал, жылына 2,04 миллиард доллар қаржыны құрайтын келісім жөнінде болып отыр. Қазіргі уақытта әлемдік рыноктағы мұнай бағасы 1 баррельге 70 доллар деңгейінде тұр. Қаңтар айында Словакияға жөнелтілген Қазақстан мұнайының көлемі 340 мың тоннаны құраса, Польша мен Венгрияға мұнай экспортталған жоқ. Соңғы екеуіне мұнай ақпан айында да жіберілмейді. Ресейдің “Лукойл” компаниясы жіберген 300 мың тонна шикізат Польшаның Гданьск портынан жіберілгенді. Қазақстан мен Украина арасында 2010 жылға үкіметаралық және мемлекеттік компаниялар арасындағы келісімдерге қол қойылды [18].
ТМД жұрты Ресей мен Украина арасындағы көгiлдiр отынға қатысты орын алып отырған дағдарысқа назар аударып келедi. Өйткенi, Ресей мемлекетiнiң сыртқы газ тасымалында құбылмалы саясат ұстануы аймақтағы елдердi ғана емес, тұтас Еуропаны да алаңдататыны анық. Ал Ресей мен Украина тұтынатын газдың құны жайында әлi бiр тоқтамға келген жоқ. Себебi, «Газпром» келер жылғы көгiлдiр отын тасымалы үшiн алынатын төлемдi арттырып жiберген. Мәселен, Украина 2007 жылы тұтынатын газдың бағасы биылғымен салыстырғанда 40 пайызға көбейген.
Яғни, Мәсекеу Киевтi сатып
алынатын газдың әр мың кубаметрiне
130 АҚШ долларын төлеуге мәжбүрлеп
отыр деген сөз. Ал Украина үкiметiнiң
тiзгiнiн ұстаған ресейшiл
Мысалға, мемлекет билiгiне келген Виктор Ющенко әсiре батысшылдығына басып, Еуропаның көмегiне иек арта бастаған. Осы қадам ғана Ресейдiң газ тасымалдауында ұстанатын саясатын сәл жiбiткендей болған.
«Газпром» Киевке тасымалдайтын
газдың едәуiр бөлiгiн Қазақстанда
өндiрiлген көгiлдiр отын құрайды. Демек,
алыс-жақын елдерге газ
Жақында екi ел арасында мұнай-газ саласына қатысты келiсiм жасалды. Орал қаласында келiсiмге келген мемлекеттер арасындағы мүдделер қайшылығы Қазақстанда салынуға тиiстi «Қарашығанақ» газ өңдеу зауытының жобасын жоққа шығаруға тура келді. 2004 жылы осындай жобаны жүзеге асыру қолға алынған болатын. Ендi елiмiздiң батысында өндiрiлген мұнай мен газ шикiзатын өңдеу үшiн Ресейге тәуелдi болдық және де Орал келiсiмiнде «Қарашығанақ» кенiшiнен алынған газды өңдеу құқығына Орынбордағы зауыт ие болды[22].
Бұл жағдайдың елiмiз үшiн екi жағынан тиiмсiз болатындығын айтушылардың дәлелi мынадай: бiрiншiден, Батыс Қазақстан облысының аумағында газ өңдеу зауытының салынуы елiмiздiң мұнай-газ химиясы саласындағы игiлiктердi игеруiне жол ашатын едi. Екiншiден «Қарашығанақтағы» зауыттың iске қосылуы мыңдаған адам үшiн тұрақты жұмыс орны болатын. Бұған жергiлiктi бюджетке түсетiн табысты қосыңыз. Осыдан кейiн Қазақстан «Қарашығанақ» кенiшiнiң тиiмдiлiгiн ерте бастан бағамдай алмағандықтан мүмкiндiктi қолдан жiберiп алды деген пайым туады. Және бұл мәселенiң жергiлiктi жағы ғана. Екiншi тиiмсiздiк әрi ең үлкен ұтылыс - экономикалық тұрғыда.
«Қарашығанақтың» газын
Орынбор газ өңдеу зауытына тасымалдайтын
ресейлiк «Газпром» көгiлдiр
Бәлкiм, газды өзiмiзде өңдеудiң мүмкiндiгi болмаған жағдайда бұл баға тиiмдi де болар ма едi, бiрақ Қазақстан ол мүмкiндiктi біз қолдан шығарып алғанымыз анық. Сондықтан, Ресей Қазақстанның газын арзанға сатып алып, қайыра қымбатқа сатып отыр деген болжамның тууы заңды. Әрi, әзiрге 45-50 доллар болып белгiленген бағаның күн аунай келе қымбаттауы мәлім. Украинаның басындағы жағдайдың бiзде де орын алмайтындығына кепiлдiк болғанымен, саясаттың құбыла салуы аяқ астында.
Ал екi ел арасындағы жаңа
келiсiмге сәйкес Орынбор мен Қарашығанақтың
арасына қосымша екi газ құбыры
тартылатын болды. Бұл құбыр iске
қосылғаннан кейiн
Орталық Азиямен тiзе қоса әрекет етуге талпынған Еуропарламент кәрi құрлықты «көгiлдiр отынмен» тұрақсыз қамтамасыз етуге жағдай жасайтын бiрқатар жаңа заңға қол қойды. Бұл Украина мен Ресей арасында тағы да газ дауы туындай қалса, келеңсiздiктердiң алдын алуды көздейдi. Яғни, аталған құжат еуропалық тұтынушыларға қалаған кезiнде энергетикалық қорларды тасымалдаушыларды оңай әрi тез ауыстыруға және олардың құқықтық талаптарын күшейтуге негiз. Аталған құжатқа сәйкес, газ тасымалдаушы концерндер ЕО-ның нарықты реттеуге қатысты заңдарын бұзған жағдайда жылдық айналым көлемiнде айыппұл төлеуге дейiн мәжбүр болады. Бұған себеп – Ресей мен Украина арасында бiр емес, бiрнеше рет туындаған газ дауы. Еуропаның көпшiлiкке орындалмас армандай көрiнген Nabucco жобасын жүзеге асыруға құлшына кiрiсуiне де энергетикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету түрткi болды. Жаңа заң жобасындағы бiр бапта Еуропалық Одаққа тиесiлi энергетикалық жүйелердi ЕО-ға мүше емес елдердiң сатып алуына тыйым салатын талаптар да қарастырылған. Ал ұлттық органдар келiсiм-шартта көрсетiлген талаптарды сақтамаған концерндермен арадағы келiсiмдi мерзiмiнен бұрын бұзуға құқылы болады[7].
Ресей өз газын украиндарға 230 долларға сатады, ал Украина оны 95 долларға сатып алады. Бұл қалай мүмкін болмақ? Өте қымбат Ресей газына (230 доллар) өте арзан Түрікменстан мен Қазақстан газы (50 доллар) қосылады. Нәтижесінде араласқан газ украиндарға 95 долларға түседі.
1980-2005 ж.ж. аралығындағы 25 жылдың ішінде Ресейден Батыс Еуропаға барып жатқан газ ағысы бір рет те шектелмеген және тоқтамаған. Бұндай жағдай жаңа басталған 2006 жылдың алғашқы үш күні барысында орын алып, еш ақаусыз қалыпты жағдайға еті әбден үйренген еуропалықтардың зәресін ұшырған. Украина басшылығы да, Ресей басшылығы да Еуропалық Одақпен мейлінше санасуға дағдыланған. Бірақ бұл жолы бұлардың екеуі де өз дегенінде тұрып алды. Сондықтан бұл даудың тіпті шешімі жоқ сияқты көрінген. Бірақ шешім табылды. Ол үшін, қалай дегенде де, Астана мен Ашхабадты Украинаның шикізаттық колониясы статусын қабылдауға көндіру қажет болған.
Бұл жердегі Түрікменстанның орны бөлек. Ол украиндарға газды бұрыннан сатып келеді. Ресми Киев пен ресми Ашхабад біресе шатасады, біресе келіседі. Түрікменбашының Украинадан теріс айналып кеткісі-ақ келеді, бірақ оның өзінің негізгі байлығы болып табылатын газын экспортқа шығарарлық Орта Азия – Орталық (Средняя Азия - Центр) құбырынан басқа мүмкіндігі жоқ. Ал бұл құбырдың басында Ресей отыр. Сондықтан Ашхабад қана бұлқынғанмен, Мәскеудің айтқанынан асып кете алмайды. Түрікменстан талай жылдан бері Ауғанстан арқылы Пәкістанның Карачи портына дейін өз құбырын салып алуға талпынып жүр. Ол бір күні жүзеге асса, Украина ғана емес, оны шикізаттық колониясына айналдыруға талпынатын ТМД-ның басқа да елдері де түрікпен газынан міндетті түрде қағылады. Бұған ешбір күмән жоқ. Бірақ әзірге Ашхабадтың қолы байлаулы.
Информация о работе Қазақстанның ТМД елдерімен сауда қатынастары (Украина елімен)