Қазақстанның ТМД елдерімен сауда қатынастары (Украина елімен)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 06:22, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынастар динамикалық түрде дамуда, сыртқы саяси мекемелері арасындағы және халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара іс–қимылдар сындарлы болып келеді, екі тараптың көптеген халықаралық мәселелердегі ұстанымдары өзара сәйкес келеді. Сондықтан бұл курстық жұмыс өзекті болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан мен Украина арасындағы сауда экономикалық қатынастарды анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

Тақырып бойынша әдебиеттерге талдау жасау және оны меңгеру;

Тақырыптың негізгі сұрақтарын және мақсатын анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………..3

І. ТМД ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚ
1.1. ТМД-ның құрылуы, мақсаты, міндеті................................................................4
1.2. ТМД органдарының құрылымы..........................................................................5
1.3. Мемлекетаралық және парламентаралық кеңестер..........................................6


ІІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН САУДА ҚАТЫНАСТАРЫ (УКРАИНА ЕЛІМЕН)
2.1. Қазақстан Республикасы мен Украина елдерінің арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың қалыптасуы....................................8
2.2. Қазақстан Республикасы мен Украина елдерінің арасындағы сауда - саттық және көлік салаларындағы байланыстар мен қарым-қатынастар……………….12
2.3. Отын өнеркәсібі саласындағы 1997-2010 жылдар аралығындағы Украина мен Қазақстан арасындағы туындаған күрделі мәселелер………………………19


ІІІ . Курстық жұмысты практикада қолдану.............................25


ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………....…30

Прикрепленные файлы: 1 файл

қазақстанның ТМД елдерімен сауда қатынастары (Мысалы Украина).doc

— 515.00 Кб (Скачать документ)

 

  Соңғы жылдары  Қазақстан мен Украина арасындағы  инвестициялық қатынастар да  белсенді түрде дамыды. Атап айтсақ, 1993 жылдан бастап 2010 ж. 1 тоқсанына дейінгі кезеңде Украинадан Қазақстанға келіп түскен тікелей инвестициялардың жалпы ағымы 25,3 млн. АҚШ долларын құрады. Өз кезегінде 2004 жылдан бастап 2010 жылдың 1 тоқсанына дейінгі кезеңде Қазақстаннан Украинаға тікелей инвестициялардың жалпы жылыстауы 170 млн. АҚШ долларын құрады.

Қазақстан iске асыра  бастаған инвестициялық жобалардың iшiнде, Украина экономикасына қатыстылары  да бар. Қазақстан Ұлттық банкiнiң  мәлiметтерiне қарағанда, 2006 жылдың алғашқы 6 айында бiздiң елiмiздiң Украина  экономикасына салған инвестициясы 70,4 миллион долларды құрапты. Оның 3,9 миллион доллары тiкелей инвестиция.

2006 жылдың қаңтар-қараша  айларында Қазақстан мен Украина  арасындағы тауар айналымы 1441,4 миллион  долларды құрады.

 

Украинадан  Қазақстанға экспортталған тауардың жалпы құрамдық көрсеткіштері (2009) [24]

 

Тауардың атауы

Ақшалай көрсеткіші(АҚШ  долларымен)

Барлық тауарлар ішіндегі пайыздық көрсеткіші (%)

Темір өнеркәсібі өнімдері

$641,8 млн. доллар

30,5%

Машина жасау өнеркәсібі өнімдері

$531,6 млн. доллар

25,3%

Мұнай-химия өнеркәсібі өнімдері

$52,1 млн. доллар

2,5%

Ағаш өңдеу өнеркәсібі өнімдері

$75,8 млн. доллар

3,6%

Ауыл шаруашылық өнімдері

$200,3 млн. доллар

9,5%

Әр-түрлі

$21,5 млн. доллар

1,0%


 

 

2006 жылдың алғашқы  6 айында бiздiң елiмiздiң Украина  экономикасына салған инвестициясы 70,4 миллион долларды құрапты. Оның 3,9 миллион доллары тiкелей инвестиция.

 

Қазақстан-Украина  елдерінің арасындағы тауар айналымының  сандық көрсеткіштері  [25]

 

Жыл

Тауар айналымының сандық көрсеткіші

2005 жыл

1045 миллион доллар

2006 жыл

1441,4 миллион доллар

2007 жыл

1440 миллион доллар

2008 жыл

1,7 млрд. доллар

2009 жыл

2,6 млрд. доллар

1991-2010 жылдар аралалығында

9,7 млрд. доллар


 

  Бүгінгі күні Қазақстанда  украин капиталының қатысуымен 40-қа  жуық кәсіпорын жұмыс істейді, олар негізінен сауда және құрылыс салаларында орын тепкен.

Әзірге тауар айналымға елеулі әсер етіп отырған 3 сала бар: көлік, энергетика және азық-түлік. Мысалы, былтыр елдегі егін өнімділігі төмен болған кезде, Украина көршілес мемлекеттерден 3 млн. тонна астық сатып алған болатын. Оның жартысына жуығы Қазақстаннан алынған. Есесіне, Украиндықтар Қазақстанға күнбағыс майын сатуды жоспарлап отыр. Бұл елде осы дақылдардың өнімі жоғары болған екен[2-диаграмма].

2001 жылы Қырымда, 2002 жылы  Украинаның батысындағы 8 облысты қамту үшін Львовта Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды. Екі ел арасында экономикалық ынтымақтастықтың жаңа перспективасы ашылды, енді саяси деңгейдегі әріптестікті одан әрі жетілдіріп, оны уақыт талабына сай жаңа белеске көтеру қажеттігі міндеті пайда болды.

Украина мен Қазақстан  экономикалық тұрғыдан ұзақ уақытты  мызғымас ынтымақтастықта, келешекте  де екі елдің әріптестік қатынастары  халықаралық шеңберде жалғаса бермек. Сондықтан, экономикалары да жаңа бағытта,  жаңа қарқынмен дамып келеді Украинаның байырғы маманданған саласының бірі[3 - диаграмма].

Украина экономикасының дүниежүзінде беделі артып келеді. Украина дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі. Бүгінде еркін сауда рыногын  ұйымдастыру мақсатында Еуроодақпен  қауымдастық әріптестікті орнатуда. Украина Қазақстан арқылы Еуропаға шықса, керісінше Қазақстан үшін Украина Орта Азияға жол ашпақ. Бүгінде екі елдің арасындағы транзит дәлізін салу мега-жобасы жүзеге асырылуда. Транзиттік-көліктік әлеуетті барынша пайдалану екі елдің ішкі, сыртқы мүдделеріне сәйкес экономикалық дамуына серпін бермек. Бұл турасында Украина президенті  В.Янукович инаугурацияда сөйлеген сөзінде атап өтті. Және осы екі мемлекеттің экономикасының дамуына көрші Ресей мемлекетінің де ықпалы ерекше. Жалпы өнімнің көп пайызы осы Ресейден келгендіктен, Украина – Қазақстан – Ресей болып, үштік одақ құру арқылы сауда-экономикасын өркендете алады. Дүниежүзілік қаржы дағдарысын еңсеру үшін еркін сауда-экономикалық қатынасқа қол жеткізу қажет. Украинаның өндіріс орындарының технологиясы озық үлгіде дамыған. Мәселен, ғарыш кемелері мен зымырандарды жасайды, су астында жүзетін сүңгуір қайықтар, мұхиттарда жүретін ірі кемелерді шығарады. Атом және энергетика саласы жақсы дамыған. Шикізат өндірісі, теміржол, автокөлік жолы саласы көп ілгері басқан.

Әсіресе, ғылыми-зерттеу  орталықтары дамыған. Қазақстанға  Украина жағынан атом, энергетика, мұнай-газ саласынан, ауылшаруашылыққа қажетті құрал-жабдықтар, техника  түрлері қажет. Қазақстанда өндірілмейтін  тауардың көбі Украинада шығарылады. Біртұтас экономикалық аймақ жөніндегі келісімге қол қойылса, Украина, Ресей, Қазақстан мемлекеттерінің аумағында еркін тауар айналымы жүргізілер еді. Украинаның ауыл шаруашылығы саласын алсақ, бидай егіп, астық өндіреді, мал өсіреді. Ірі қара, құс өсіру саласында озық технологияларды пайдаланады. Жалпы ет, сүт өнімімен өздерін толық қамтамасыз етумен қатар, шетелдерге де өз өнімдерін шығарып отыр. Олар тұрмысқа қажетті тауарларды өте көп өндіреді және оны да экспортқа шығарады. Жаңа технологияны игеруде ғылыми патенциалы жоғары. Ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнінде де әріптестікті одан әрі жетілдіріп, оны уақыт талабына сай жаңа белеске шығару қажет. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Байқоңырды кешенді игеріп, бірге жер серігін ұшырып,  ғарыш  саласында кәсіби мамандар даярлауда бірлескен жұмыстар атқару мәселесі шешілуде. «ТРАСЕКА», ЕАНТК жобалары негізінде Оңтүстік Шығыс, Азия – Қазақстан – Украина – Батыс Еуропа  авто және теміржол транзиттік дәлізін салу қолға алынды. Көлік тасымалы арқылы баға тарифын тұрақтандыруда. Қазақстан да осы көрші елдермен Кедендік Одақ орнатуды жоспарлап отыр[27].

  Украинаның Экономика  министрлігінің өкілдерімен екіжақты  кездесу барысында Сауда комитеті  Қазақстанда украин сауда миссиясын  ұйымдастыру туралы келісімге  қол жеткізді, оның мақсаты екі ел арасында өзара пайдалы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту. Делегация құрамына Украинаның іскерлік ортасының өкілдері енеді, оларды ынтымақтастық мәселелерімен қатар Қазақстанның экспортты қолдаудағы іс-тәжірибесі де қызықтырады.

  Әсіресе «Қазақстан  Республикасы кәсіпорындарының  экспортық өнімдерін украиндық  рынокқа жылжыту» тақырыбында  даму институттарының, Қазақстан Республикасы сауда-өнеркәсіп палатасының, «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің және Қазақстан Республикасының қызығушылық танытқан экспорттаушы компанияларының қатысуымен 2009 жылғы Астана қаласында өткен бизнес-семинар нәтижелі болды. Украин тарапынан мұнда Украина Экономика министрлігі, сонымен қатар іскерлік қарым-қатынас орнатуға және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан 50-ге жуық украиндық компания қатысты.

  Бизнес-семинардың  өтуі барысында Қазақстан мен  Украина арасындағы сауда-экономикалық  қатынастар және олардың даму  жолдары талқыланды, даму институттары  мен «Тобыл» СПК ҰК» АҚ ұсынылымдары өткізілді.

  Осы кездесудің  қорытындысы бойынша тараптар  бірқатар келісімдерге қол жеткізді. Соның ішінде «Экспортты дамыту  және жылжыту жөніндегі корпорация»  АҚ мен Украина сауда-инвестициялық  үйі арасындағы өзара түсінушілік  пен ынтымақтастық туралы  меморандумға қол қойылды, оның мақсаты қазақстандық экспорттаушылардың мүдделерін украиндық рынокта білдіру.

  «Қазфосфат» АҚ  және «Днепр минералдық тыңайтқыштар  зауыты» ЖАҚ жылдық көлемі 24 млн.  АҚШ доллары қазақстандық фосфор  ұнын жеткізуді іске қосуды жоспарлап отыр.

  «МұнайАспап» АҚ, Украина ағаш  өңдеу өнеркәсібі ассоциациясы  және «УкрРезервуарСервис» арасында  Автоматтау, механикаландыру құралдары,  жабдықтар, экологиялық және өрттен  сақтандыру құралдары мен аспаптарын  енгізу бойынша ниет протоколына қол қойылды.

Қазақстанның Украина және Ресеймен ғарыштық зерттеулер саласындағы өзара iс-қимылы да көңiл қуантады.

Қазақстан Республикасы мен Украина еуропа рыноктарына  Қазақстан мұнайын тасымалдау саласындағы  ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Одесса-Броды-Плоцк мұнай құбыры жүйесінің жобасын дамытудың  ұзақ мерзімді перспективаларын қарастыру  жөніндегі жұмысты жалғастыруға ниетті.

Қазақстанда машина-технологиялық стансаларын құру үшiн украиналық ауыл шаруашылық техникалары мен жабдықтарын бiздiң елiмiзде құрастыру туралы да әңгiмелер бар. Бұл үшiн бiрлескен өндiрiстер ашуға бағытталған бiрқатар жобалар дайындалып жатқаны Елбасымыздың осы сапары барысында белгiлi болды. Мұнан тыс, украиналықтардың Қазақстанның қатты сортты бидайына қызығушылығы аса жоғары екенi байқалады. Қазақстан бидайын Украина рыногына жеткiзудiң болашағы аса зор.

Екi жақты қарым-қатынаста  Қазақстан мен Украина өз мүмкiндiктерiн  әлi де толық пайдаланып отырған  жоқ. Соңғы 2-3 жылда ғана екi елдiң  экономикалық байланыстарында едәуiр iлгерi басушылық бар. Нақты мәлiметтер былай дейдi.

Қазақстан мұнайы мен  газы Достық және Адрия мұнай құбырлары  арқылы Еуропа рыногына тасымалдануда, Одесса порты арқылы экспортқа шығарылуда. Қазақстандық «қара алтынды» Украинаның мұнай өңдеу зауыттары да өңдеуге  кiрiсiп кеттi. Екi ел алдында ендi осы салалардағы байланыстарды кеңейту мiндетi тұр. Осы мақсатта 2005 жылдың 30 мамырында «ҚазМұнайГаз» бен «Нафтогаз Украины» және осы жылғы қарашада «Қаз-МұнайГаз» бен «Укртранснафта» компаниялары арасында арнайы келiсiмдерге қол қойылған болатын [28].

Қазақстан мен Украинаның бiрқатар қалаларына қатынайтын авиарейстер  қайта қалпына келтiрiлдi. «Қазақстан темiр жолы» мен «Укрзализницы» (Украина темiр жолы) компаниялары Ақтау теңiз порты терминалын пайдалана отырып, Трасека халықаралық  көлiк дәлiзiмен жүк тасымалдауда.

Қазақстан өз мұнайын  Украина аумағы арқылы тасымалдап жатқаны  белгiлi. Украинаға жанар-жағармай, газ  керек. Ал бізге Украина жағынан  атом, энергетика, мұнай-газ саласынан, ауыл шаруашылыққа қажетті құрал-жабдықтар, техника түрлері қажет. Бізде өндірілмейтін тауардың көбі Украинада шығарылады. Оларда жоқ нәрсе біздерде бар. Сондықтан Біртұтас экономикалық аймақ жөніндегі келісімге қол қойылса, Ресей, Украина, Қазақстан, Беларусия мемлекеттерінің аумағында осы елдердің шығарған тауарының тасымал тарифының бағасы бірдей болуы мүмкін. Мысалы, темір жолмен Атырау облысының Теңіз кенішінен Қара теңіздің жағасындағы Одесса портына дейін жеткізу үшін мұнайдың бір тоннасының бағасы 33-45 долларға дейін қымбаттайды. Мәселен, 1 тонна мұнайдың тасымалына Қазақстан жерінде 7-8 доллар, Ресейде 17-25 доллар, Украинада 9-12 доллар қосылады [29].

Қазақстан Республикасы мен Украина Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалдауды кеңейту мен  көліктік-коммуникациялық байланыстарды  дамытуды ынтымақтастықтың басымдықты міндеттерінің бірі деп санайды.

Қазақстан Республикасы мен Украина Шығыс-Батыс көліктік дәлізін дамыту мен жұмыс істеуі мәселелерінде белсенді ұстаным  ұстанады және Қазақстан мен Украина  аумағы арқылы жүктердің транзитін  қамтамасыз ететін бірлескен жобаларды іске асыруда өзара іс-қимылдың маңыздылығын мойындайды.

Екі мемлекет арасында жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар бар. Негізгілеріне тоқталатын болсақ, бірінші – АН-148 ұшағы жасалу үстінде. Бұл жобаға Қазақстан тарапынан СКАТ компаниясы қатысуда. Келісім бойынша украиналықтар екі ұшақты Қазақстанға пайдалануға беруі тиіс болатын. Кейбір проблемаларға байланысты ол кешеуілдеп тұр. Екінші ірі жоба – Одесса – Броды мұнай құбыры. Украинаның жаңа энергетикалық саясатында Қазақстан ерекше маңызға ие. Осыған байланысты өткен жылғы кездесулерге екі жақ та Одесса – Броды – Плоцк мұнай құбырын дамытып, басқаруға және оны Гданск теңіз портына дейін созу жөніндегі көпжақты консорциум құруға мүдделілік танытқан болатын. Бұл жоба әлі де жан-жақты қарастыруды қажет етеді [30].

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан  Назарбаевтың өткен жылғы ақпандағы  Киевке сапары кезінде мемлекеттер  басшылары “Жол картасы-3” деп  аталатын Қазақстан мен Украинаның 2010-2011 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына қол қойған еді. Сол жоспарда ұзындығы 52 шақырым болатын Қара теңіз жағалауындағы Южный терминалына дейін мұнай құбырын салу көзделген. Сонымен қатар, қазақстандықтардың қатысуымен Керчте жылдық қуаты 1 миллион тоннаны құрайтын сығымдалған газ өндіретін зауыт салу да жоспарланған. Өкінішке қарай, Қазақстан аумағында украиналықтардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан аса ірі жобалар қазірге жоқ.

Қазақстан Республикасының  Президенті мен Украина Президенті мұнай-газ секторы, машина жасау, ғарышты  бейбіт игеру, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, ғылыми-техникалық және әскери-техникалық ынтымақтастықты қоса алғанда, энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың қажеттігін мойындайды.

Екі ел Президенттері  Қазақстан Республикасының аумағында  атом электр стансаларын, электр энергетикасы нысандары мен көліктік инфрақұрылым салу жөніндегі жобаларды бірлесіп іске асыруға мүдделілік білдірді.

Украина арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысы  бойынша Нұрсұлтан Назарбаев  пен Виктор Янукович бірлескен мәлімдемеге, сондай-ақ Қазақстан мен Украина арасындағы 2010-2011 жылдарға арналған «Жол картасы - 3» іс-қимыл жоспарына қол қойды[3-сурет].

Сондай-ақ Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер  министрі Қанат Саудабаев пен  Украинаның  Сыртқы істер министрі Константин Гришенко 2010 жылғы мамырдың 19-ындағы Қазақстан Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинеті арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойды.

Екі жақты қатынастардың  нығаюына және сауда айналымының  өсуіне себепші болатын фактор институционалдық жасаушы, өкілдіктердің және біріккен кәсіпорындардың құрылуы болып табылады. Маңызды орынды алып отырған аймақаралық байланыстар.

Информация о работе Қазақстанның ТМД елдерімен сауда қатынастары (Украина елімен)