Қазақстан Республикасының жер ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 06:36, реферат

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігінің негізін – Елбасының сөздерінен ойыма салған сындарлы ақиқатынан туындап, құрады.
Жалпы, қарастырып отырған мәселе, қазіргі күні кімді болсын алаңдататыны рас. Себебі, бұл мәселенің шегінде біздің – кешегіміз бен бүгінгіміз, ал одан кете еретеңіміз етек алған. Экологиялық жағдайдың орын алуын айтумен қатар, оны шешудің де көптеген жолдары мен нұсқауларын атап көрсеттік. Ғылыми жұмыстың арықарай жалғасын табатынына сеніммен қараймыз, сол себепті әлі де ізденіс үстіндеміз. Сонымен қатар, болашақ мамандығымыз мен өмірлік серттілігіміз осы мәселелерге тікелей тәуелді екенін мойындаймыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

нег.бөл.docx

— 78.26 Кб (Скачать документ)

Маңғыстау облысында мұнай  кен орындарының «тарихи ластануы»  проблемасы, соның ішінде, Каспий теңізінің  суларымен жайылу және басу зонасында  бұрғыланған ұңғымаларды жою  проблемасы бар. Каратурун (4 дана) және Комсомольская (10 дана) аудандарында консервацияның өткен мерзімдерімен жағалаудағы  ұңғымалардың жағдайы ерекше қауіп  төндіреді. Осы ұңғымаларды жою  бойынша шұғыл шаралар қолданбау  Каспий теңізінің акваториясы үшін үлкен салдарларға әкелуі мүмкін. Каспийге жақын зоналарда, БАҚ деректері  бойынша, қазіргі таңда, Каспий теңізінің  топырағы мен суын ластайтын 200 қараусыз қалған мұнай ұңғымалары бар. Тек  Маңғыстау облысында ғана мұндай ластау объектілері – 23.

Каспийге басқа теңіздер мен көлдерден басқа организмдердің енуі басталды. Мысалы, Каспий теңізінің  нақты зардабы мнемиопсис гребневигінің  көбеюі болды. Оны, мүмкіндігінше, Солтүстік  Америка жағаларынан кемелерде  балласт суларымен бірге әкелінген  болуы керек; Каспийге одан әрі енуі қиындық туғызған жоқ. Гребневик  көбінесе зоопланктонмен қоректенеді, тәулік сайын шамамен 40% тұтынады, сонымен, каспий балықтарының азықтық базасын  жояды. Нақты жаулардың көбеюі мен  жоқ болуы оны планктонның  басқа тұтынушыларымен бәсекелестіктен  тыс ұстайды және осетр сияқты құнды балықтар үшін қауіп төндіреді.

Құнды балықтар түрлерінің әсері жанама ғана емес, сонымен  қатар азық базасын азайту арқылы, және де тікелей оларды жоюда пайда  болады. Егер Каспийдегі жағдай Азов және Қара теңіздерде сияқты дамитын болса, онда 2012-2015 жж. аралығында теңіздің балық  шаруашылығы мәнін толық жоғалтады. Теңіздің және оған құйылатын өзендердің жоғары деңгейі бұрыннан Каспийде оттексіз зоналарын, әсіресе оңтүстік Түрікмен аудандары үшін қалыптастыру қаупін әкелді. Сонда да бұл проблема өзекті болып саналмайды. Сонымен қатар, органикалық заттың синтезі мен  құлдырауы балансының бұзылуы үлкен және тіпті апаттық өзгерістерге әкелуі мүмкін.

Ендеше, жоғарыда айтылғандардың бәрін қарастыра келе, Каспий ауданның жалпы экологиялық объектісі  Каспий болып табылатынын көре аламыз және оның бір бөлігінде болған дағдарыс ортақ, бөлінбейтін экологиялық апатқа ұшырайды. Ал бұл, соңында әр мемлекеттің жеке жоспарына және оның даму перспективаларына әсер етеді. Каспий маңындағы мемлекеттердің арасында мұнай ресурстарының бөлінуі туралы сұрақтың қалай шешілетіндігіне тәуелсіз, мұнай операцияларына және Каспийдегі жалпы жағдайға тиімді экологиялық бақылау жүргізу осы мемлекеттердің бірлесіп бақылау кезінде ғана мүмкін екені айдан анық. Мұндай бақылау Каспий маңындағы мемлекеттермен құрылған және сәйкес өкілеттіктермен басқарылатын мемлекетаралық экологиялық орган, соның ішінде мұнай жобаларын алдын ала экологиялық сараптау, жоғары тәуекелге баратын экологиялық қауіпті болған жағдайда осы жобаларды тоқтата тұру немесе тоқтату, сондай-ақ, экологиялық сипаттағы бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру құқығы арқылы іске асырыла алады.

Сонымен, Каспийдің және оның жағалауының экологиялық проблемалары аймақтың елдерде қарқынды экономикалық дамуының салдары болып табылады. Бұған ұзақ мерзімді табиғи өзгерістермен (теңіз деңгейінің ғасырлық тербелісі, климаттың өзгеруі) қатар, бүгінгі  күннің терең әлеуметтік-экономикалық проблемаларының да (ауыспалы кезең, экономикалық дағдарыс, қақтығыстар, трансұлттық  корпорациялар және т.с.с) негізі бар.

Мұнаймен ластану қауіпі және теңіз деңгейінің қарқынды көтерілуі  мен Каспийдің Қазақстандық бөлігінде  мұнай және газ кен орындарын  өнеркәсіптік әзірлеуді бастаумен  байланысты да ұлғаяды. Каспий теңізі қайраңының мұнай-газ кен орындарын  игерудің технологиясын таңдау және әзірлеу кезінде қажет экологиялық  қауіпсіздігін қамтамасыз ету –  ҚР мұнай-газ саласының маңызды  міндеттерінің бірі.

Каспийдің жағдайы мен  ластануы бойынша туындаған мәселелер  аумақта қоршаған ортаны қорғау бойынша  шұғыл шаралар қолдануды талап  етеді. Каспий теңізінің экологиялық  жағдайын жақсарту және қалпына келтіру  үшін 1998 жылдан бастап жағалауындағы  бес мемлекет үкіметінің шешімімен  Каспий Экологиялық Бағдарламасы (Тасис, ЮНДП, Бүкіләлемдік банк) жұмыс істей  бастады, оның шеңберінде аумақтағы  экологиялық жағдайды жақсарту бойынша  Стратегиялық Іс-әрекеттер Жоспары  әзірленетін болады. Каспий теңізінің  бассейнінде көмірсутектілер ресурстарын  игеру және іске қосылғандарын пайдалану  кезінде табиғатты қорғау шараларын  жүргізу қажет. Каспий теңізі аумағы дағдарыс шегінде тұрған экологиялық  зоналардың категориясына кіреді. Аймақтың нақты экологиялық сыйымдылығын ескерумен мұнай өндірудің теңгерілген  көлемі кезінде, Каспийдің балық  шаруашылық мәні бірнеше онжылдықтар  барысында тұрақтандырылады, және тұру ортасы болашақ ұрпақ үшін қанағаттанарлық күйде толық сақталады.

Демек, барлық каспий маңындағы  мемлекеттерге көмірсутекті шикі затты  игеру кезінде бірыңғай нормативті, әдістемелік және құқықтық құжаттарды әзірлеу және енгізу қажет, олар Каспийдің  экожүйесіне техногенді әсерін жояды  немесе төмендетеді. Егер бұл елдер  бірлесіп, дұрыс табиғи ресурстарды  пайдаланып, өсімдіктер мен жануарлардың санын көбейту бойынша жұмыстар,табиғатты қорғау шараларын, жүргізетін болса, Каспий өмір сүретін болады. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экологиялық мониторингті дамыту әрбір мемлекеттің басым мәселесі болып табылады. 

 

 

  1. 5 Трансшекаралық өзендер мен оған қарасты жерлер экологиясы

 

Ел азаматтарының басын  бәлеге салып жүрген трансшекаралық өзендер проблемасы тағы да өзекті мәселеге айналып отыр.

Қазақстан өзендерін қоректендіретін  негізгі көздер мұздықтар болып  табылады, олардың ауданы 2 мың км2, ал көлемі - 98 км3 артық немесе Балқаш көліндегі судың көлеміне тең. Абляция  мерзімінде (маусымнан қыркүйек айының ортасына дейін) мұздықтар қалыңдығы  орташа алғанда 3 м-ге азаяды, жаз өте  ыстық болғанда - 6 м-ге азаяды.

Көптеген өзендердің суы  таяз, тек көктемгі тасқын мерзімінде жағадан асып кетеді. Қазақстан өзендерінің  орташа алғандағы көп жылғы ағыстары шамамен 101 км3 құрайды, олардың ішінде тек 56,5 км ғана республика аумағында  қалыптасады. Қалған көлемі - 44,0 км3 шекаралас мемлекеттерден келіп түседі.

Республикада 48 мың көлдің ауданы 1 га астам жерді алып жатыр.

Бұдан басқа республикада шамамен 4,0 мың тоған мен 204 су қоймасы  бар. Жер үсті су ресурстары республика бойынша біркелкі таралмаған. Шығыс Қазақстанда – 200-290 мың м3/км2 барынша қамтылған, ең аз қамтылған – Батыс Қазақстан, соның ішінде әсіресе Маңғыстау облысы – 0,36 мыңға дейін м3/км2.

Қазақстанның жер асты суларының қоры 61 км3деп бағаланады, соның ішінде тұщысы – шамамен 58 км3. Жер асты суларының ресурстары жылына 15,1 км3 балансталған пайдалану  қорлары бар жер асты суларының 623 кен орнына шоғырланған, соның  ішінде: шаруашылықты - ауыз сумен қамтамасыз ету үшін – жылына 6,1 км3; өндірістік-техникалық – жылына 0,95 км3; суармалы жерді суару  – жылына 8,0 км3; бальнеологиялық (минералды) сулар – жылына 0,01 км3.

Қазақстанның ішкі-жер  үсті сулары экологиялық апат жағдайында. Бұл аталған өзендердің негізгі  проблемасы көктемгі-жазғы су тасқындары тудыратын тасқындар мен ластанудың жоғары деңгейімен сипатталады.

2002 жылы республикада  үстіңгі сулардың улы заттармен  (мұнай өнімдері, фенолдар, мыс, мырыш,  бор және т.б.) жоғары 396 жағдайы  тіркелген. Ішкі-жер үсті суларды  негізгі ластаушылар өнеркәсіптік  және ауыл шаруашылығы кешендері  болып табылады.

Трансшекаралық су ресурстарын  ұтымды пайдалану тек экономикалық және экологиялық маңызымен қатар, саяси және халықаралық маңызы да бар. Трансшекаралық су объектілерінің жағдайы айрықша қатер төндіріп тұр. Соңғы жылдары бұл өзендердің ластануы шекті рауалы концентрация деңгейінен бірнеше есе асып кетті (1-5 ПДК).

Трансшекаралық сулардың нашарлаған жағдайына байланысты өңірлер  бойынша өзендердің қазіргі заманғы  жағдайын талдауды жүргізу қажет.

Су ресурстарының экологиялық  жүйесі жеткілікті байланысқан, біртіндеп  құлдырау үстінде және су ресурстарының  биожүйесін сақтау мен қолдау бойынша  келісілген бірлескен әрекет ету  үшін барлық трансшекаралық мемлекеттердің күшін біріктіруді қажет етеді Тиісті ведомствалармен көршілес елдермен трансшекаралық өзендер ресурстары мен су қоймаларының суды пайдалану проблемасын реттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанның бұл мәселедегі іс-әрекеті халықаралық құқықтық актілер негізінде, көбінесе, 2000 жылы 23 қазанда республикада ратификацияланған трансшекаралық су ағыстары және халықаралық өзендерді қорғау мен пайдалану туралы Конвенция негізінде жасалады. Көршілес мемлекеттер – ҚХР, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Өзбекстан – осы конвенцияға қатыспаған елдер болып табылады, сондықтан трансшекаралық су проблемаларын реттеу бойынша жұмыс күрделілігін тудырады.

Республиканың барлық су объектілерінің сапалы жағдайы өндірістің құлдырауы  мен ағынды сулар көлемінің азайғанына қарамастан әлі күнге дейін қанағаттанарлық  жағдайда қалып отыр.

Ірі өнеркәсіптік қалалардың әсер ету аймағындағы жер үсті суларға ластану деңгейі нормадан 40 есеге дейін артып кетеді. Қазақстан  Республикасының СЭС деректері  бойынша, химиялық ластанған ашық су қоймаларының меншікті үлесі артуда және 11,1 % құрайды (Қарағанды облысында  бұл көрсеткіш 29,2, Қызылордада - 18,9, Ақтөбеде - 17,6, Астанада - 16,0 %). Микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейтін су сынамасының меншікті салмағы республика бойынша тұтастай алғанда 8% құрады (Қызылорда облысында - 18,7, Алматы қаласында - 41,0 % құрайды). Қазақстан бойынша  ағынды сулардың жылысып түсуі 4,0 млрд. м3 құрайды (соның ішінде Қарағанды  облысы - 1036, Павлодар облысы - 921,1, Маңғыстау  облысы - 667 млн. м3 құрайды).

Өнеркәсіптің (32,6-41,7 %), тұрғын-коммуналдық  шаруашылықтың (58,3-67 %) жер үсті су объектілеріне  ластанған ағынды сулардың жылыстап келуіне қосқан үлесі жоғары.

Орал мен Ертіс өзен бассейндері барынша ластанған  болып табылады, ол өзендерге өнеркәсіп  пен түсті металлургия салаларының  химия, мұнайды қайта өңдеу, машина жасау кәсіпорындары қалдықтарын  төгеді.

 

2.6 Ертіс өзенінің және жағалау жерлерінің экологиясы

 

Су жүйесінде және олардың  құрамдас бөлігінде химиялық элементтердің  жинақталуының негізгі көздері  – түпкі түзілімдер – Ертіс  бассейні аумағында тау қазбаларында табылған үстіңгі беттері, олардың  үйінділері, байыту фабрикаларының қоймасы  және өнімдер қоймасы, үйінді өнімдері, металлургия, химия-металлургия, химия, машина жасау, жылу-энергетика кәсіпорындары  және құрылыс индустриясы кәсіпорындарының өнеркәсіптік пайдаланылған суларын  өзенге ағызу, сондай-ақ олардың өнеркәсіптік шығарындыларын атмосфераға шығару болып табылады, ол шығарындылар кейін  жер бетіне шөгеді.

Топырақтан ластану көздерінің келуі, мысалы, Ертіс өзені бассейніндегі  жер үсті су ағыстарындағы қорғасын 70 т/жыл деңгейде бағаланады. Алаң көздерінен келетін ТМ келу көлемін Ертіс  өзені бассейніндегі жер үсті су ағыстарын ластанудың балансын есептеу кезінде ескеру қажет.

ТМ ластаушылары өңірдегі ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылатын химияландыру құралдары болып табылады.

Ертіс өзеніндегі суды және оның ағыстарын өнеркәсіптік ластанудың әмбебап индикатор элементтері  мыс, мырыш, қорғасын, хром болып табылады. Көрсетілген ТМ мазмұны Ертіс  өзені бойында және оның оң жақ  саласында ШРК мүлдем асып кетеді. ШРК артуының қайталануы санитарлық-тұрмыстық  және балық шаруашылығы пайдалану  есебінен, мыс үшін - 100 %, мырыш үшін - 66 %, қорғасын үшін - 27 %, хром үшін - 82 % құрайды.

Жоғарыда көрсетілген  металдар бойынша ШРК қайталануы Қазақстан бойынша алғанда 55-65 %-ға жоғары. Қазақстанда табылған осы  ингредиенттер бойынша қауіпті  құбылыстардың негізгі бөлігі (85-90 %) Ертіс бассейнінің үлесіне келеді. Әсіресе ТМ ластануымен байланысты қауіпті құбылыстар тек осы бассейнде  ғана байқалады.

Ертіс үшін маңызды экологиялық  проблема оның суын Қытай жағы өнеркәсіптік мақсаттар және иррагациялық жүйелер  үшін жинауы болып табылады. 1999 жылы басында ҚХР ауыз су және өнеркәсіпті  сумен қамтамасыз ету үшін Синьцзян-Ұйғыр  автономиялық ауданында Қара Ертіс  суын Қарамай мұнай кәсіпшілігіне  бұрып әкелу үшін канал құрылысы басталды, соңғы кезде жаңа су қоймасының құрылысы туралы белгілі болды.

Алдын ала есептеулер бойынша  Қытай каналында суды максимум жинау  өзен суының жалпы көлемінен 10-11 % құрайды, Хельсинки келісімінде қарастырылған  шамаға қарағанда 12 %-ға аз. Қара Ертістің орташа жылдық ағысы - 9 км3, бірақ жылдық ағыстың шамасы маңызды тербелістерге ұшыраған. Егер суы көп жылдары судың көлемі 20 % құрайтын болса, онда су таяз жылдары Қара Ертіс ағысының 50 % құрауы мүмкін, ал бұл күрделі экологиялық және экономикалық проблемаларға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Қазақстан ғалымдары биоөнімдерді қайта жаңартудың бірегей орындарына қатер төніп тұр деп санайды, Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасының өзін-өзі тазартатын қабілеті маңызды  түрде нашарлауда, себебі Қытайдан Ертіс өзеніне нитраттармен және мұнай өнімдерімен ластанған  су келіп түседі. Өскемен ауданындағы  өнеркәсіптік кәсіпорындардың лақтырындысының  қолданыстағы көлемін сақтау кезінде  Ертіс өзені ағысының азаюы өзен суының ластану деңгейінің ұлғаюына әкелуі мүмкін. Әрине, бұл ауыз судың  сапасын нашарлатады (Ертіс өзені  – Семей мен Павлодар қалаларын  сумен қамтамасыз етіп отырған жалғыз көз, ал Ертіс-Қарағанды каналы –  Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз етіп отырған негізгі көз, Қарағанды  қаласын - 90 % және облысты - 50 % сумен  қамтамасыз етіп отыр). Өз кезегінде, бұл  халықтың денсаулығына келеңсіз әсерін тигізеді.

 

2.7 Сырдария өзенінің және оның құрама жағалауының экологиясы

 

Сырдария өзенінің су ресурстары негізінен Қырғызстан аумағында  қалыптасады, Тәжікстан мен Өзбекстан  аумақтары арқылы өте отырып, Қазақстанға  келеді. Тау аумағынан келетін  өзен суларының сапасы төмен қарай  аққан кезде күрт нашарлайды, сондықтан  таулардан өзендер аққан кезде  орташа және төменгі ағыста оларға жоғары минералдау тән. Бұл ретте ластаушылардың негізгі көздері гербицидтер, пестицидтер, минералды тыңайтқыштар, судың, суармалы жердің және ауыл шаруашылығының жалпы минералдануын қалыптастыратын иондар қосылысы болып табылады. Өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық объектілер негізінен ауыр металдармен, фенолдармен, мұнай өнімдерімен және т.б. ластайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының жер ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы